kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Дыбыс әлемі

Нажмите, чтобы узнать подробности

Балаларға дыбыс пен әріптің айырмашылығын ажырата білуге үйрету.Дауысты және дауыссыз  дыбыстардың айтылу ерекшеліктерін,буынға бөлінуін,сөз,сөйлем құрай білуін қалыптастыру.  Сөйлеу тілін жетілдіру.                                                                                                         

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Дыбыс әлемі»

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы

Білім беру саласы; Қатынас,таным,шығармашылық Бөлімі; Сауат ашу,музыка Тақырыбы; «Дыбыстар мен әріптер әлеміне саяхат» Мақсаты; 1.Білімділік; Балаларға дыбыс пен әріптің айырмашылығын ажырата білуге үйрету.Дауысты және дауыссыз дыбыстардың айтылу ерекшеліктерін,буынға бөлінуін,сөз,сөйлем құрай білуін қалыптастыру. Сөйлеу тілін жетілдіру. 2.Дамытушылық; Дидактикалық ойындар және сұрақ-жауап тәсілі арқылы балалардың логикалық ойлауын,зейінін,қабылдауын,есте сақтауын,саусақ маторикасын,тілінің қимыл-қозғалысын,дұрыс сөйлеу тілін дамыту. 3.Тәрбиелік;Балаларды белсенділікке,байқағыштыққа,ұйымшылдыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу. Әдіс-тәсілдері;сұрақ-жауап,ой қозғау. Қолданған технологиялар;проблемалық,дамыту,денсаулық сақтау,ақпараттық коммуникативтік технологиялары. Пәнаралық байланыс;тіл дамыту,сауат ашу,құрастыру. Қостілділік компонент;дыбыс-звук,әріп-буква. Қолданылатын көрнекіліктер;айна,теледидар,тыныс алу құралдары,кітап, әріптер,шарлар,электрондық қазақ үй,кілт,қорап,су джок доптары.

Іс-әрекет

бөлімдері

Логопедтің іс-әрекеті

Балалардың іс- әрекеті


Ынталандыру. Сезімді ояту








1.Ұйымдастыру бөлімі. (музыка әуені ойналады).Залға балалар кіреді.

Шеңбер болып тұрайық Алақанды ашайық Күннің нұрын шашайық Таза ауаға қол сермеп Жүрек жылуын жасайық Мейрімділік шоғын біз Қонақтарға шашайық!




-Жаттығуды айтып,қимыл-қозғалыспен көрсетеді.









Ізденістер. Ұйымдастыру кезеңі.




Балалар қараңдаршы,біз әріптер мен дыбыстар әлеміне келіппіз.Қандай керемет! Әуен ойналып,скайп жүйесі арқылы экраннан білім ханшайымы сөйлейді.

Білім ханшайымы:

Сәлеметсіздер ме балалар! Қош келдіңдер! Мен білім ханшайымымын.

Сендерге үлкен сиқырлы кітапты дайындап қойдым,ол кітапта сендердің білімдеріңді тексеру үшін тапсырмалар бар.Тапсырмаларды дұрыс орындасаңдар сендерді бір сиқыр күтіп тұр.

Сол тапсырмаларды орындауға дайынсыңдар ма балалар?

Кездескенше қош болыңдар!


Қараңдаршы балалар,қандай үлкен сиқырлы кітап .Білім ханшайымының тапсырмасын орындап ,бізді қандай сиқыр күтіп тұрғанын көреміз бе?


Әуенмен кітапты ашамыз

1-бет. Артикуляциялық жаттығулар:

Сағат,ат шауып келеді, тәтті тосап ,тарақ.


Жарайсыңдар,келесі бетті ашайық.

Әуенмен кітапты ашамыз

2-бет.Тыныс алу

жаттығуы. Балалар,сендердің алдыларыңда су құйылған ыдыс тұр. Мұрынмен терең тыныс алып,ыдыстағы суды түтікшемен үрлеп дем шығарамыз.Сонда түтікшемен үрлегенде қандай дыбыс шығады?


3-бет.Сұрақ-жауап;

-Әріп пен дыбысты қалай ажыратамыз?

-Әріпті орыс тілінде қалай айтамыз?

-Дыбысты орыс тілінде қалай айтамыз?

-Дыбыстар қалай бөлінеді?

-Дауысты дыбыстар қалай айтылады?

-Дауыссыз дыбыстар қалай айтылады?


4-бет.Жұмбақ.

Ұқсайтын шеңберге

Қабырғасы жиылып,керіледі

Жиһазы мол кең бөлме Төбесінен жұлдыздар көрінеді

-Бұл не?

Сергіту сәті; »Тұлпарым»

Дұрыс айтасыңдар,енді бәріміз шеңберге тұрып, осы электрондық қазақ үймен «Тұлпарым»әніне сергіту жаттығуын жасап,денемізді сергітіп алайық.



-Қандай әнге сергіту жаттығуын жасадық?

-Тұлпарым сөзін буынға бөлейікші.

-Қанша буын бар?


5-бет.Жеке карточкалармен жұмыс;

Балалар әрқайсыңа әр түрлі әріп және суреті бар карточка таратылады.Берілген әріпке байланысты сөйлем құрап берулерін қажет.

А-әріпі;

Алма сөзіне сөйлем құраңдар.



6-бет.Саусақ жаттығуы; «Су-Джок» добымен.

Алақанды ашамыз

Допты қолға аламыз

Достарменен әрқашан Тату-тәтті тұрамыз Доптар-доптар,жұмыр доптар Доппен ылғи ойнар достар Доптар-доптар,жұмыр доптар Кел ойнайық доппен достар.


7-бет.Жұмбақ шешу; Бірі үй күзетіп қалса да, Бірі жүрер қалтада

-Бұл не екен балалар?


Дұрыс айтасыңдар. Енді мына қалташадан кілтті алайық.Бұл кілтпен не ашамыз?


Қонаққа білім ханшайымы келеді. Жарайсыңдар балалар! Сендер өте ақылды, білімді,алғыр,тапқыр балалар екенсіңдер. Менің сиқырлы кітабымның барлық тапсырмаларын дұрыс орындап,кілтті таптыңдар.Енді осы кілтпен үйшіктің есігін ашып үлкен қораптағы сыйлықты алыңдар. Сау болыңдар балалар!


Ал балалар,шеңберге тұрып,үйшіктің есігін кілтпен ашып,ішінен сиқырлы қорапты алайық. Қорапты ашқанда ішінен бір себет жемістерді алып шығамыз. Жарайсыңдар балалар! Бұл жемістер сендердің білімді,ақылды балалар болғандықтарың үшін берілген. Сендерге дыбыстар мен әріптер әлемі ұнады ма?

Балалар,қандай тапсырмаларды орындадық?




Жарайсыңдар,сендер маған да өте ұнадыңдар.Берген жауаптарыңа қанағаттандым.

Енді бәріміз балабақшамызға оралайық


























Сәлеметсіз бе?



Балалар қызығушылықпен білім ханшайымын мұқият тыңдайды.








Ия


Сау болыңыз!



Иә көрейікші.

Біз кітаптағы барлық тапсырмаларды орындаймыз.






Балалар айнаға қарап жаттығуды орындайды.

Орындап болған соң қағаз майлықпен ауыздарын сүртеді.




Балалар терең мұрынмен тыныс алып,ауыздан дем шығарады.

Судың дыбысы естіледі.




Әріпті көреміз және жазамыз

Дыбысты естиміз және айтамыз

Буква

Звук

Дауысты және дауыссыз

Еш кедергісіз айтылады

Тілдің,тістің,еріннің кедергі жасауымен айтылады.






Қазақ үй


Балалар қимыл қозғалыспен жаттығуды орындайды





Тұлпарым әніне

Тұл-па-рым

Үш буын









Алма

Мен алманы жақсы көремін.






Балалар допты алақанына салып массаж жасайды












Кілт



Балалар жан жақтарына қарайды.














Сау болыңыз!


Балалар шеңбер болып тұрады.







Балалар қуанады.




Иә


Тілге,тынысқа,саусаққа арналған жаттығулар жасадық.

Дыбыстарды ажыраттық

Буынға бөлдік

Сөйлем құрадық

Сергіту жаттығуын жасадық.






Балалар әуенмен шығып кетеді.
































Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Дошкольное образование

Категория: Уроки

Целевая аудитория: Дошкольникам.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Дыбыс әлемі

Автор: БАЙСЕЙИТОВА ГҮЛМИРА ЕРУВБАЕВЕНА

Дата: 02.08.2017

Номер свидетельства: 424798

Похожие файлы

object(ArrayObject)#863 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(55) "Саба? жоспары: ? дыбысы мен ?рпі"
    ["seo_title"] => string(32) "sabak-zhospary-g-dybysy-mien-rpi"
    ["file_id"] => string(6) "271995"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1451883898"
  }
}
object(ArrayObject)#885 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(55) "Саба? жоспары: ? дыбысы мен ?рпі"
    ["seo_title"] => string(34) "sabak-zhospary-g-dybysy-mien-rpi-1"
    ["file_id"] => string(6) "271996"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1451883906"
  }
}
object(ArrayObject)#863 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(34) "О о дыбысы мен әрпі"
    ["seo_title"] => string(19) "o_o_dybysy_mien_rpi"
    ["file_id"] => string(6) "390809"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "planirovanie"
    ["date"] => string(10) "1486889542"
  }
}
object(ArrayObject)#885 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(32) "?? дыбысы ж?не ?рпі "
    ["seo_title"] => string(17) "dybysy-zh-nie-rpi"
    ["file_id"] => string(6) "196602"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1428075575"
  }
}
object(ArrayObject)#863 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(17) "Жер ?лемі "
    ["seo_title"] => string(11) "zhier-liemi"
    ["file_id"] => string(6) "243674"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1445784134"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства