Балалардың қыс мезгілі туралы білімдерін кеңейту. Табиғаттың сұлулығын сезінуді үйрету. Қыс мезгілінің ерекшеліктерін ажыратуға үйрету. Сөйлеу тілдерін жетілдіру, сөздік қорларын дамыту.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Аппақ қыстың бояуы Аппақ қыстың бораны Ақ көрпеге орайды Ақ қар байтақ даланы - осы өлеңде не туралы айтылған? - Қыс мезгілінде неше ай бар?
- Қыста күн қандай болады?
- Енді айналаға, далаға қараңдаршы қандай болып жатыр?
Шеңберге тұрады, бір-біріне жылы сөздер айтады.
- Қыс мезгілі туралы
- 3 ай бар. Желтоқсан, Қаңтар, Ақпан
-Суық, үскірік аяз, боран.
- Дала аппақ қар, ақ мақта сияқты.
Ұйымдастыру-іздестіру
Әңгіме
Ә.Дүйсенбиев өмірі мен шығармашылығы. Мектеп жасына дейінгі бөбектерге арналған «Не деу керек?», «Ақтайлақ-ау», «Сыйлық» жинақтарындағы шығармалардың тілі, көркемдігі, тәрбиелік мәні зор.
Әнуарбек Дүйсенбиев аталарыңның «Қыс» өлеңін айтып орманға барайық.
Аппақ, аппақ жапалақтап, Қар жауады тынбастан.
Қалың орман, қар жамылған,
Маужырайды түнгі аспан.
Кең пейілді, мол мейірлі,
Сағынышпен табысқан.
О, алақай, Аяз ата,
Келе жатыр алыстан!
Кел билейік, үйренейік,
Ол келгенше жаңа жыр.
Құтты болсын, құтты болсын,
Құтты болсын жаңа жыл!
-Қыс мезгіліндегі үлкен мерекені атайықшы?
-Жаңа жыл мерекесіндегі өздеріне ұнаған қызықты жағдайлар айтайықшы?
Мұқият тыңдайды.
Өлеңді мұқият тыңдайды, қайталайды, жаттайды.
Жаңа жыл мерекесі.
Балалар өздеріне ұнаған қызықты жағдайларын айтады.
Сөздік жұмысы:
Аяз, боран, қырау, үскірік, жапалақтап,
маужырайды.
Сергіту сәті:
Аппақ болып таң атты,
Түтін тікке ұшады,
Қарлығаштар қанатын,
Самғап-самғап ұшады.
Қасиетті құс деп санаған.
Дидактикалық ойын: «Артығын тап».
Әрбір балаға карточкалар ұсынады. Карточкадағы суреттен артық суретті тауып, мағынасын түсіндіруін ұсынады.
Сөздік жұмысы:
Үскірік деген сөз орысша лютый, аяз-мороз, бұрқасын-метель, қырау- иней дейді екен.
Саусақ жаттығуы:
«Мұз бұлақ»
Мынау қатқан мұз бұлақ,
Қорықпаймыз біз бірақ.
Секіріп одан өтеміз,
Ары қарай кетеміз.
Өлеңді екінші рет жаттату.
Жекелеме қайталайды.
Өлең жолдарына байланысты қимылдар жасайды.
Карточкада не бейнеленгенін атап, артығын қарандашпен сызады: мысалы, мұнда жапырақ артық, өйткені ол күзде болады.
Жекелеме қайталайды.
Қолдарын үстелге бетіне қойып, мұз бұлақ жасайды.
Екінші қолмен адамның жүрісін келтіреді.
Өлеңді қайталап айтады, жаттайды.
Рефлексивті-
түзетушілік
Қорытынды:
-Біз қай мезгіл туралы айттық?
-Қыс мезгілінің қандай ерекшеліктері бар екен?
-«Қыс» өлеңін қайталайық.
!Жүректен жүрекке» шеңбері
«Табиғат-Ана» 01-«Ж»№6
Табиғат ол – анамыз,
Табиғатқа баламыз.
Құшағында ойнаймыз,
Шаттық әнге саламыз.
Қыс мезгілі туралы.
Ерекшеліктерін атайды.
Балалар өлең жолдарын айтады.
Балалар өз таңдауларын жасайды.
Күтілетін нәтиже:
Білу керек: Қыс мезгілі және оның ерекшеліктерін, оқылған тақпақтың мазмұнын түсінуді.
Болу керек: Қоршаған ортадағы табиғат өзгерістері туралы, Ә. Дүйсенбиев туралы мағлұмат.
Істей білу керек: Тәрбиешінің сұрақтарына жауап беруге, табиғатты аялауға, әсемдікті көре білу, сезінуді, салыстыруды.