Мотивациялық қозғаушылық Ұйымдастыру кезең Щаттық шеңбері Көңіл күйді шабыттандыру | Шаттық шеңбері: -Амансыңдар ма,достарым! -Мен сендерді шаттық шеңберге шақырамын.Бір бірлеріңе қолдарыңды созып,шын жүректен мынадай сөздермен сәлемдесейік: | Сәлеметсің бе Айдана?Мен сенің досыңмын,Сәлеметсің бе,Әлихан сенімен достасқым келеді...... |
Ұйымдастыру – іздестіру Мақал-мәтелдер Даналық пікірлер Әңгіме Сергіту сәті Бейне көрсетілім Шығармашылық жұмыс Топтық жұмыс Ойын | Әңгімелесу: -Суреттен не көріп тұрсыңдар? -Дұрыс,бір-біріне қамқор,тату,адал достардың суреттен көріп тұрмыз. -Ал сендер достық дегенді қалай түсінесіңдер? -Дұрыс,достық дегеніміз екі адамның арасындағы сыйластық. -Топтағы барлық бала бір-бірңмен доссыңдар. -Ендеше мен сендерге В.Осеевтің «Үш жолдас»әңгімесін оқып берейін: Педагог В.Осеевтің «Үш жолдас»әңгімесін оқыды: -Қалай ойлайсыңдар,асын жоғалтқан баланың достарының қайсысын шын,нағыз дос деп айта аламыз? -Сендер олардың орнында болсаңдар не істер едіңдер? Дәйек сөз -Педагог «Достық асыл қасиет»деген халық даналығын сабақтың дәйексөз ретінде түсіндіреді. -Достық бір-біріне деген сүйіспеншіліктен,мейірімділіктен, көмектесуден туындайды,сондықтан да достықты адам бойындағы асыл қасиетке теңеген. Ойын: «Менің досым» Педагог балаға доп лақтырып«Сенің досың қандай»дейді.Бала өз досының қандай екенін айтып береді. Дәптермен Жұмыс: Педагог балаларға дәптерге өз досының суретін салып,әңгімелеп беруді ұсынды. Сергіту сәті:№78 картот.қарау к/к Ғажайып сөздер Достар тату,мейірімді болады Достар бір-біріне көмектеседі Қорытынды: -Біз бүгін не туралы айттық? -Досты біз қалай танимыз? -Достар бір-біріне не істейді?..... | Балалар ойларын білдірді -Достардың суретін -Достар бір-бірін жақсы түсінеді,бірге жүруді ұнатады. -Балалардың жауаптары тыңдалды. -Үшінші досы,нанын бөліп берді -Мен де нанымның жартысын бөліп берер едім..... -Балалар дәйек сөзді жатқа айтты -Балалар ойынға белсенді қатысты -Мені ренжітпейді, бірге ойнайды, алдамайды.... -Дәптерге өз досының суретін салды, әңгімеледі. Сергіру сәтін қимылмен орындады. -Ғажайып сөздерді жатқа айтты -Дос,достық туралы айттық -Жақсы істерінен -Көмектеседі.... |
Рефлексивті – түзетушілік Топтық ән Жүректен-жүрекке Соңғы тыныштық сәті | Жүректен жүрекке: Педагог жүрекшені балалар бір-біріне ұсынып,досының қандай болғанын қалайтынын айтып шығуды ұсынды | Балалар өз ойларын айтты -Менің досым батыр болса деймін; -Менің досым әдемі болса деймін; -Менің досым өтірік айтпаса екен деймін..... |