1 мамыр ынтыма?тасты? пен бірлік к?ні. « Бірлігі жо? ел тозады, бірлігі к?шті ел озады» - дейді ?аза? ма?алы. ?аза?стан мемлекеті к?п ?лтты.Бізді? елімізде 130 дан астам ?лт т?рады. Біз олармен татумыз, доспыз. А?айын-ту?ан бар адам, адалды? ?шін жарал?ан
Бар ?ымбат туысты?, баянды болсын тынышты?.
??тты?тау с?з ме?герушіге беріледі.
Ж?ргізуші: Біз тілейміз бар б?бекке, ба?ытты ?мір с?ргенін
Ту?ан елге еркелеп, ба?ытты ?мір с?ргенін
Сусынымыз ?анады, ?нер-білім- н?рімен
?лемдегі баланы? дос боламыз б?рімен.
Балалар, бізді? Республикамыз ?алай аталады?
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«Досты? ?нін шыр?айы?! »
«Достық әнін шырқайық»
1 мамыр мерекесіне арналған кеш
сценарийі
Өткізген: Көшекбаева Ж.Ж.
«Ақбота» балабақшасы
2010 жыл
«Достық әнін шырқайық»
Мақсаты: 1 мамыр мерекесі ынтымақтастық, бірлік, ұлттар достығы мен бірлігі күні екенін балаларға түсіндіру. Балалардың өз елін, өз тілін, әдет-ғұрпын біле отырып, өзге ұлт өкілдерін сыйлауға, құрметтеуге тәрбиелеу.
Кешті ашу. Құрметті қонақтар! Сіздерді 1 мамыр мерекесімен құттықтаймыз! Сіздерге зор қуаныш, еңбекте жеміс, отбасыларыңызға амандық тілейміз. Еліміз тыныш, болашағымыз жарқын болсын.
1 мамыр ынтымақтастық пен бірлік күні. « Бірлігі жоқ ел тозады, бірлігі күшті ел озады» - дейді қазақ мақалы. Қазақстан мемлекеті көп ұлтты.Біздің елімізде 130 дан астам ұлт тұрады. Біз олармен татумыз, доспыз. Ағайын-туған бар адам, адалдық үшін жаралған
Бар қымбат туыстық, баянды болсын тыныштық.
Құттықтау сөз меңгерушіге беріледі.
Жүргізуші: Біз тілейміз бар бөбекке, бақытты өмір сүргенін
Туған елге еркелеп, бақытты өмір сүргенін
Сусынымыз қанады, өнер-білім- нәрімен
Әлемдегі баланың дос боламыз бәрімен.
Балалар, біздің Республикамыз қалай аталады?
Қазақстан Республикасы.
Елбасымыз кім ?
Н.Ә.Назарбаев.
Астанамыз қай қала ?
Астана қаласы.
Ұлтымыз кім ?
Қазақ.
Біздің республикамыздың рәміздері ?
Елтаңба, Ту, Әнұран.
Әнұранды орындау.
Жүргізуші: Мамыр айы табиғаттың жайма шуақ берекелі кезеңі. Айналаның бәрі жасыл желек жамылып, ерекше бір реңге енеді. Бұл керемет мамыражай май айын ақындар да жырлап өткен.
Ғафу Қайырбековтың «Жақсы май» өлеңін Арыстан айтып береді:
Көктем келді, май келді, шақырады тойға елді
Бізбенен қол ұстасып, кел, бірге жүр жақсы май.
«Достық» биі . Барлық бала билейді.
«Май жыры» - Мадина
Шаттық үнді май жыры, аралайды жер шарын
Көкте балқып май күні аралайды ел таңын
Аспан асты құлпырып,жасыл желек жамыла
Таудан бұлақ бұлқынып, сырласады майыма.
Ән «Балақан» - «Балапан» тобының балалары.
«Май гүлі» - Ғ.Жұмабаев.
Нұрхан: Көгілдір аспан да, көк сеңгір тастар да
Құлпырып жайнайды, май гүлін ашқанда.
Айдана: Көп гүлдер теремін, көп қызық көремін
Апама гүлдерден сәукеле өремін.
Орыс биі: Дәурен-Мадина, Арыстан-Зарина, Сұлтанби-Диана,
Қыран құстар даласына еркелеп, аспанымда қалықтаудан талмасын.
«Дос туралы ән» - Зарина
«Тату бол» М.Әлімбеков
Зарина: Достар болса достық атын ақтаған, алыс жолда жақын жол
Қара бала, сары бала, ақ бала, туыстардай тату бол.
«Чебурашка» әні – Мадина
«Гүл теру» ойыны
Тілегі бір, жүрегі бір, достармен біз біргеміз,
Туыс барда құрыштан да, берік біздің іргеміз.
Хормен: Достық – ұлттық туымыз, дос болайық бәріміз.
Ән «Достық»
Жүргізуші: Еліміздің іргесі берік болып Тәуелсіз еліміздің көк аспанында бейбітшілік күні жарқырасын! Ырысымыз тасып, несібеміз мол болсын! Егемендігіміз баянды болсын ,- деп мерекелік кешімізді аяқтаймыз!