Ұйымдастыру-іздестіру | Балалар мен сендерге Т. Благовещенскаяның «Ойыншықтар достығы» ертегісін оқып бергім келіп отыр. Ал сендер тыңдандар. Ертегі оқиды. Балалар сендерге ертегі ұнады ма? Ертегі не туралы? Достық деген ол –байлық. Достарын көп болсын десең айтпа жалған ешқашан, шыншыл болғын әрқашан. Балалар біз бүгін «Әдептілік – әдемілік » автобусына отырып, саяхатқа барамыз. «Сәлем – сөздің анасы» (проектор) Тәрбиеші: Білер қазақ баласы: «Сәлем – сөздің анасы»аялдамаға келдік Алдымыздан кезіккен Көп танысты көреміз Бәріне де ізетпен Біздер сәлем береміз. Сәлеметсіз бе, ағай! – деп, Сәлеметсізбе апай!- деп, Есенсіз бе, әжей! – деп, Амансыз ба, атай! – деп, Үл – қыз сәлем береміз Өнегелі өренбіз! Тәрбиеші: Ұл балалар үйге кіргенде, сәлем беруімен қатар бас киімдерін шешіп, қолына алғаны жөн. Отырса егер қарсы алда Жасы келген қарт адам; ұсынып қос қолын, ұлдар жасар өз жолын Д/ойын «Мақал - мәтелді жалғастыр» Үлкенге құрмет......... Әдепті бала..... Әдепсіз бала..... Үлкенді сыйласаң..... Әдептілік белгісі..... « Жылы киім жылытар, жылы сөз жанды жылытар»(проектор) Тәрбиеші: « Жылы киім жылытар, жылы сөз жанды жылытар»аялдамаға келдікдегендей, егер саған: бірдеме қажет болып, сұрай қалсаң «өтінемін» деген ізгі сөзді айтуды ұмытпа Өтінемін қарындас, бере тұршы қарындаш. «Тәні саудың дені сау» (проектор) Тәрбиеші: «Тәні саудың дені сау»аялдамаға келдік дейді халық, әрқашан таза да, сүйкімді болып жүру үшін не істеу керек? Дос бол сабын, сумен сен, Жиі-жиі жуын сен; Танертен де, кеште де, Жуын күндіз, түсте де, Жуын тамақ алдында, Жуын тамақ соңында. Жуын ұйықтар кезінде, Жуын турған мезгілде, Су мен сабын – бір жолдас, Жоймас олар кір болмас! Бүл бала, қай бала? Бай!бай! Бет –ауыз, кір айғыз, Бес батпан, мойыны – күс қатқан. Аяқ – қол жарылған, батпаққа малынған. Киімі кір, сатпақ, Осы ғой, нақ салақ! Бүл бала, қай бала? Пай!Пай! тап-таза ақ қаздай киімі мұнтаздай. Жарайсың, балақай! Дейміз біз мадақтай Пай!пай! «Көргенді көшеде» (проектор) Тәрбиеші: Көшеде де тазалықты үйдегіндей сақтаңдар. Жасама жат қылықты, былғама су, құдықты. Ісі түлкі оқыс-ты: Шашты жолға қоқысты Салақтықты даттаймыз Тазалықты сақтаймыз. Сергіту сәт. «Айголек» Барлық елдің бөбегі, Бір-бірімен туысқан. Бәрімізге төгеді, Өз шуағын кұміс таң. Бізбен бірге бар әлем, Қуанады балаша. Қуанышқа бөленген, Өмір қандай тамаша. «Көлікте» (проектор) Автокөлік ыңғайлы – автобусқа мінемін,Онда қалай отырып, - тұру мәнін білемін.Кимелемей, итермей, алға қарай өтемін.Билет алып, жайғасып, аялдамамды күтемін.Әдептілік әлібін әр кез сақтап жүремін. Егер кірсе қарт адам, тұрып орын беремін. «Жолдасы көптің – олжасы көп» (проектор) Тәрбиеші:«Жолдасы көптің – олжасы көп» - дейді халық өзің жақсы жолдас болсан досың да көп болады. Балдырған баламыз Досты көп табамыз Қашан да, қайда да, Достар бір-біріне Сенімді боламыз. Тәрбиеші: Балалар достарым көп болсың десең, айтпа жалған ешқашан, шыншыл болғын әрқашан. Балдырған балалар, Достықты бағалар Есіңе смақтағын. Адал бол, шыншыл бол, Өтірік айтпағын Сөзіңнен қайтпағын Әрқашан тілектес Досыңа көмектес. Ойын «Достық бейнесін құрастыр» Балалар қанеки біздің ұранымызды айтайық. Санайық жанаша 1,2,3, желбіре жалауша, Достықта – біздің күш! | Балалар ертегіні тыңдайды. Назарларын аударады. Иә. Қуыршақ туралы. Достық туралы. «Әдептілік – әдемілік» автобусына отырады. Назарларын проекторға аударады. Сценка. Балалардың барлығы айтады: Үл – қыз сәлем береміз Өнегелі өренбіз! Сценка. Мақал - мәтелді жалғастырады Кішіге ізет. Арлы бала. Сорлы бала. Елге сыйлы боласын. Иіліп сәлем бергені Сценка. Өтініп қарындаш сұрайды. Сценка. Сценка. Сергиді,сөздерді қайталайды. Барлық балалар бірге айтады: Әрқашан тілектес Досыңа көмектес. Балалар ойнайды, құрастырады. Ұранды айтады |