Арайлап таң атты Алтын сәуле таратты Жарқырайды қаламыз Жайнай түссін даламыз Қайырлы таң балалар
Ғажайып сәт.
Топқа Дымбілмес келеді. Қолында түрлі түсті қағаздар.
Дымбілмес: -Мен сендердің өнерлеріңді көргім келеді.Қазір не жасайтындарыңды көрсетіңдерші.
Балалар шеңбер құрып, өлең жолдарын айтады.
Балалар қызығушылық танытады.
Ұйымдастыру-іздестіру
Дымбілмес: -Балалар жалаушаларды қай кезде қолға ұстаймыз?
-Мереке кездерінде көшені, бөлмелерді безендіру үшін қағаздан, матадан әртүрлі жалаушалар жасаланады. Жалаушаларды жіпке тізіп, іліп қояды. Ол бөлмелер мен көшелердісәнге бөлейді. Жалаушалады қолға ұстап жүреді.
-Сендер жалауша жасай аласыңдар ма?
-Жалауша туралы қандай тақпақтар білесіңдер?
-Тамаша балалар!
Сергіту сәті. 01 «В»№19»
Он саусақ»
Жалғыз саусақ тіпті де,
Ұстай алмас жіпті де,
Екі саусақ бірікті,
Ине қолға ілікті.
Үш саусағым орамды
Жүгіртеді қаламды.
Өнерлі екен он саусақ,
Қала салсақ жол салсақ
-Желімнің жасалу технологиясы өте оңай.Ұн мен суды араластырып жасаймыз. Бұл желімнің қолымызға тисе, денсаулығымызға ешқандай зияны жоқ.
Жұмыс соңында қолдарын сүлгімен сүртуді ұмытпау керектігін ескертеді.
-Балалар біз көк түсті қағаздан жалаушаны қиып алып, оған қолға ұстайтын сап жасау керек.Желімді жағу арқылы жапсырамыз. Желімнің екі қағазды жапсыратын қасиеті бар.
Желімді қылқаламмен алып, қағаздың артқы жағына жағамыз да, екінші қағазға жапсырамыз. Жалаушаның сабын әдемілеп жапсырамыз.