Просмотр содержимого документа
«Әдемі мерекелік жалаушалар»
Тексерген:
№48 «Мұрагер» бөбекжайы
Әдіскер: Тәжібаева Б.Т.
«Ақжелкен» ортаңғы арнайы түзету тобының ұйымдастырылған оқу қызметінің
технологиялық картасы
Күні:
Білім беру саласы: «Шығармашылық»
Бөлімі: Аппликация
Тақырыбы: «Әдемі мерекелік жалаушалар»
Білімділік: қайшымен және желіммен жұмыс істеу дағдыларын меңгерту.
Дамытушылық: эстетикалық қабылдауды дамыту.
Түзетушілік: саусақтың ұсақ бұлшық еттерінің қозғалысын жетілдіру.
Тәрбиелік: Отанға деген сүйіспеншіліктерін тәрбиелеу.
Әдіс – тәсілдері: көрсету, түсіндіру, сұрақ – жауап, триз технологиясы,кубизм әдісі.
Қажетті көрнекі – құралдар: шақыру хат,күн мен бұлт,ағаш немесе суреті,желім,сулық
Билингвальді компонент: мейрам-праздник-holiday, жалауша-флажок-the bok
Іс - әрекет кезеңдері
Тәрбиешінің іс – әрекеті
Балалардың іс - әрекеті
Себепті қызығушы-лығын ояту кезеңі
Балаларға нотбуктан мерекелік кштерді көрсету.
Ойын-жағдаят
-Балалар топқа қонаққа Ақтөс ит келіп тұр, Ақтөстің көңіл күйі жоқ. Өйткені бүгін туған күні. Ол бұл меркеге ұзақ дайындалды. Айналаның бәрін әдемі шарлармен, түрлі жалаушалармен безендірді. Бірақ, жаңбыр жауып, барлық жалаушалардың түсін шайып кетті. Ақтөске кқмек көрсетейік қане?!
Балалар тәрбиешінің көмегімен назар аударып қарайды.
Қонақпен амандасып, қызығушылық білдіреді.
Итке көмектесуге ынта білдіреді.
Тәрбиешінің көмегімен қайталап айтады.
Ұйымдастыру-шылық ізденіс кезеңі
-Бұлт Ақтөстің мерекесін бүлдіргісі келетін сияқты. Итті барлығы жаұясы көреді. Ал бұлтты ешкім жақсы көрмейді. Сондықтан ол жалаушаларды жаңбырымен шайып тастады.
Кубизм әдісін қолдану.
-Сендер қалай ойлайсыңдар, бұлтты неге ешкім жақсы көрмейді?
-Жалаушаларымыз қандай түсті болады?
Жұмыстың жасалу ретін көрсету, түсіндіру.
Саусақ жаттығуы
Бас бармақтың үйіне
Келді бүгін қонақтар
Бес саусағың-бақытың,
Сонда балам бар құтың.
Бес саусағың біріксе,
Барлық саусақ –достар,
Бірін-бірі қостар.
Қауіпсіздік техникасын еске түсіреді. Жұмысқа кірісуге ұсыныс жасайды. Балалармен жеке жұмыстар жүргізіледі.
Балалар сұрақтарға тәрбиешінің көмегімен толық жауап береді.
-Түнеріп тұрады, жаңбыр жауғызады, себебі ол қайғылы.
-Қызыл, сары, көк....
Жұмыстың жасалу ретімен танысады.
Балалар саусақ жаттығуларын жасайды.
Балалар жұмысқа кіріседі, түрлі түсті жалаушалар жасайды.
Іс – әрекетті бағалау кезеңі
Педагог Ақтөс иттің атынан рахметін айтады.
Ақтөс балалармен қоштасады. Қорытындылау.
Балалар қуаныштарын білдіреді.
Күтілетін нәтиже:
Біледі: тіктөртбұрыштан, шаршыдан үшбұрыш қиып, түрлі түсті жалаушалар жасауды
Игереді: мереке жүргізілетін орынды безендіру мерекенің көңілді өтуіне себеп болатынын
Меңгереді: оқу іс-әрекеті барысында алынған дағдыларды