kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Әдептілік әдемілік

Нажмите, чтобы узнать подробности

Балаларға  әсемдік -әдептілік  дағдыларын қалыптастыру,

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Әдептілік әдемілік»

Сабақ: «Ашық тәрбие сағаты»

Тақырыбы: «Әдептілік әдемілік»

Мақсаты:

1.Балаларды әдептілікке, әдемілікке үйрету,жақсы мен жаман әдет қалыптарын ажырата білуге үйрету.

2.Балалардың бойында адамгершілік тәрбиесін қалыптастыра отырып, әдептілікке үйрету,ойлау,көру,сезу қабілеттерін дамыту.

3.Балалардды өздерінің бой-бастарын күте білуге,ұқыпты жүре білуге үйрету.

Көрнекілігі: сабақ мазмүнына сай жасалған слайд,тазалық құралдары,әшекей бұйымдары т.б

Әдіс-тәсілдер: Әңгімелеу, ой қозғау,сұрақ-жауап,түсіндіру,ойын.

Сабақ барысы: Ұйымдастыру кезеңі:

Біздер ақылды баламыз,

Айтқан тілді аламыз,

Қонақтар бізге келгенде,

Қуана қарсы аламыз.

Тәрбиеші: Балалар «Сәлем-сөздің анасы» әдептілік баспалдағы демекші, біз келген қонақтармен сәлемдесіп алайық.

- Сәлематсыздар ма? Құрметті қонақтар. Біздің «Әдептілік әдемілік» атты ашық сабағымызға қош келдіңіздер! Бізге бүгін алыстан қонақтар келіпті,қонақтарға өзімізді таныстырайық. Енді бір-бірімізге жылы жүзбен қарап қуаныш сыйлайық,жақсы тілектер айтайық.

- Бәріміз дос болайық!

- Бүгінгі күніміз сәттілікке толы болсын!

- Бәріңізге жақсылық тілейміз!

- Осы қуанышты көңіл-күйімізбен сабақты бастаймыз.Қазір қай мезгіл?Көктем мезгілінде қандай өзгерістер болады?(Көктем мезгілі туралы әңгімелеу:күн жылынады,қар ериді,құстар ұшып келеді.)

Тәрбиеші:Балалар бүгін сыйқырлы сөздер туралы әңгімелейтін боламыз.Бұл сөздерді қолдану арқылы адамдар тату,дос болады.

-Балалар жақсы бала деп қандай баланы айтады?(балалардың жауабы)

-Таза жүретін,әдепті сөйлейтін,үлкенді тыңдайтын,кішіге көмектесетін балаларды айтамыз.

- Сендер қандай сыйқырлы сөздерді білесіңдер?(балалардың жауабы)

- Рақмет,өтінемін,рұқсат па?кешіріңіз,сәлематсыз ба?сау болыңыз!Бұл сөздерді неге сыйқырлы сөздер дейді?

- Себебі бұл сөздер адамдарды мейірімді етеді.

- Естеріңе түсіріңдерші біз үлкендермен және қонақтар келген кезде қандай сөзді айтамыз? Қалай сәлемдесеміз? Үлкенге сәлем беру ,кішінің міндеті.Біз қалай сәлемдесеміз?

Кәне бірге айтайық: Сәлеметсіз бе апай деп !

Сәлеметсіз бе ағай деп!

Үлкенге сәлем береміз,

Өнегелі өренбіз!

-Ал,досыңды ренжітіп алған кезде қандай сөзді айтамыз?Досыңды ренжітіп алсаң міндетті түрде кешірім сұрауды ұмытпа.Ешкіммен ұрсуға,төбелесуге болмайды.Мен сендерге мына бір суреттерді көрсетейін.(суреттерді әңгімелеу)

Тәрбиеші:Балалар жақсы бала деп қандай баланы айтады?Таза жүретін,әдепті сөйлейтін,үлкенді тыңдайтын,кішіге көмектесетін баланы айтамыз.Мен сендерге мына өлеңді оқып берейін:

Кім үлкенді тыңдаса,

Кім үлкенді сыйласа,

Үлкен болған кезінде,

Сыйлы болмақ өзі де.

Сергіту сәті: ойын «Жалғастыр»

  • Не істеуге болмайды?

  • Үлкеннің алдынан кесіп өтуге болмайды.

  • Құсты атуға болмайды.

  • Бұзық болуға болмайды.

  • Не істеу керек?

  • Үлкенді тыңдау керек.

  • Тәртіпті болу керек.

  • Таза,ұқыпты жүру керек.

Тәрбиеші:балалар сендер әдемі және ұқыпты болу дегенді қалай түсінесіңдер?

Тәрбиеші: Ал,балалар біз қонаққа барамыз.Қонаққа бару үшін киімізді,үсті –басымызды дұрыстайық.(қыздарды киіндіру,шаштарын сәндеу)

Қонаққа барғанда өзімізді тәртіпті ұстаумыз керек.Тыныш отыру,шуламау,секірмеу,жүгірмеу керек.Қонаққа барғанда есікті қағып кіру,бәрімен сәлемдесуді ұмытпаңдар.Үстел басында дұрыс отыру т.б

  • «Әдептілік» елі қашық біз шаршап қаламыз,онда өзіміздің автобуспен барамыз.

  • Автобуста да тыныш отыру,секірмеу,автобусқа мінгенде және түсерде абайлап,ұқыпты болумыз қажет.Үлкендерге орын беру міндетті.

(балалардың бастарына автобус атрибуттарын кигізу,қатармен жүреді)

(Сахналық көрініс «Әдептілік» елі)

Тәрбиеші: Кешімізді көңілді өткізу үшін ойындар ойнайық.

Ойын: «Өтінемін» (балалар жарты шар болып отырады.)

Ойын шарты: Балалар мен сендерге бірнеше қимылдар көрсетемін.Сендер мен «Өтінемін» деген сөзді айтсам орындайсыңдар. «Өтінемін» деген сөзді айтпасам орындамайсыңдар.

  • Өтінемін қолдарыңды көтеріңдер.

  • Алақандарыңды шапалақтаңдар.

  • Өтінемін аяқтарыңды тарсылдатыңдар.

  • Қолдарыңды созыңдар.

  • Өтінемін қолдарыңды жоғары созыңдар.

- Балалар әдепті бала қандай болады екен? Әдепті бала үлкенді сыйлап,кішіге қамқор болып,көмектесіп жүреді.Үлкендерді тыңдап,кішілерге ізет көрсетіп жүру қажет екенін ұмытпаңдар.Біз өзімізге дос таптық.

-Бүгінгі сабақ сендерге ұнады ма?

-Келген қонақтарға рақмет айтып,қоштасайық.

Қоштасу шеңбері:

Қол ұстасып тұрайық,

Шеңберді біз құрайық,

Көріскенше күн жақсы,

Сау-саламат болайық!

-.Балалар сендерге көп-көп рақмет.Осымен сабағымыз аяқталды. Сау болыңдар!








Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Дошкольное образование

Категория: Уроки

Целевая аудитория: Дошкольникам

Скачать
Әдептілік әдемілік

Автор: Турарова Казына Калбековна

Дата: 21.10.2020

Номер свидетельства: 560806

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(89) ""Әдептілік-әдемілік" ашық сабақ ТДО сыныптарында"
    ["seo_title"] => string(47) "dieptilik_diemilik_ashyk_sabak_tdo_synyptarynda"
    ["file_id"] => string(6) "348184"
    ["category_seo"] => string(6) "corect"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1476157274"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(35) "Әдептілік-әдемілік"
    ["seo_title"] => string(20) "dieptilik_diemilik_2"
    ["file_id"] => string(6) "370982"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1482080642"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(83) "«Әдептілік – әдемілік белгісі»тәрбие сағаты"
    ["seo_title"] => string(44) "dieptilik_diemilik_bielghisi_t_rbiie_sag_aty"
    ["file_id"] => string(6) "439081"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1510810701"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(36) "?дептілік - ?демілік."
    ["seo_title"] => string(17) "dieptilikdiemilik"
    ["file_id"] => string(6) "291907"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1455199111"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(94) "Сабақтың тақырыбы:«Әдептілік -әдемілік» 7 «а» сынып"
    ["seo_title"] => string(48) "sabak_tyn_tak_yryby_dieptilik_diemilik_7_a_synyp"
    ["file_id"] => string(6) "435172"
    ["category_seo"] => string(22) "klassnomuRukovoditeliu"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1509267956"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства