Тәрбиелік: Құстарға деген сүйіспеншілікке, қамқорлыққа тәрбиелеу
Дамытушылық: Түсінгенін қайта айта білу қабілеттерін дамыту
Оқыту: Құстар туралы түсінік беру. Қатаң «С» дауыссыз дыбысы және әрпімен таныстыру. «Маса»,«Сағат», «Асқабақ» сөздеріне дыбыстық талдау жасату.Ауызекі сөйлеу мәдениетін қалыптастыру негізінде сөйлем құрай білуге машықтандыру
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Как тратить минимум сил на подготовку и
проведение уроков?
Как быстро и объективно проверять
знания учащихся?
Как сделать изучение нового материала
максимально понятным?
Как избавить себя от подбора заданий и
их проверки после уроков?
Как наладить дисциплину на своих
уроках?
Как получить возможность работать
творчески?
Просмотр содержимого документа
««C» дыбысы мен әрпі»
Ересектер тобындағы ұйымдастырылған
оқу қызметінің конспектісі
Білім беру саласы: «Коммуникация»
Пән:Сауат ашу негіздері
Өтпелі тақырып: Көктем жаршысы құстар
Тақырыбы: «C» дыбысы мен әрпі
Мақсаттары:
Тәрбиелік: Құстарға деген сүйіспеншілікке, қамқорлыққа тәрбиелеу
Дамытушылық: Түсінгенін қайта айта білу қабілеттерін дамыту
Оқыту: Құстар туралы түсінік беру. Қатаң «С» дауыссыз дыбысы және әрпімен таныстыру. «Маса»,«Сағат», «Асқабақ» сөздеріне дыбыстық талдау жасату.Ауызекі сөйлеу мәдениетін қалыптастыру негізінде сөйлем құрай білуге машықтандыру
Педагогикалық технологиялар: Түсіндіру, сұрақ-жауап, тақпақ
Ресурстармен қамтамасыз ету: Тақырыпқа байланысты көрнекіліктер
Көптілділік:әріп,буква,latter
Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы:
1.Ұйымдастырушылық кезеңі:
-Дыбыс дегеніміз не?
-Әріп дегеніміз не?
-Дыбыс нешеге бөлінеді?
2.Негізгі бөлімі: Бізге бүгін үкі қонаққа келіпті
-Сиырдың суретін көрсету
-Сиыр туралы не білеміз?
-Сиыр деген сөздің басында қандай дыбысты естіп тұрсыңдар?
«С» дыбысы кездесетін сөздер айту.
«С» дыбысының айтылу ерекшелігін түсіндіру.
Буынұйқас:
Са-са-са
Ызыңдайды маса
Із-із-із
Бақшадағы сәбіз
Ет-ет-ет
Алма,алмұрт салатын себет.
Ойын «Сөз ойла, көп ойла» (Сөздің басында,ортасында,соңында келетіндігін айтады.)
Сергіту сәті:
Тербеледі ағаштар
Алдымнан жел еседі
Кіп-кішкентай ағаштар
Үп - үлкен болып өседі.
«С» әріпінен келетін топтағы балалардың аты-жөнін ататқызу
Түсіп қалған әріпті табыңдар
«Мен бастаймын,сен аяқта»
«Маса»,«Сағат», » сөздеріне дыбыстық талдау жасату. Дыбысты әріптермен белгілеп, сөзлерді буындап оқуға үйрету.
Дәптерге жазу.
Жаңылтпаш үйрену:
Семіз сегіз серке
Сегіз семіз серке
Сегіз де семіз
Семіз де сегіз.
3.Қорытынды:Балалар бүгінгі сауат ашу сабағы сендерге ұнады ма?
-Қандай әріптермен таныстындар.
Сабаққа белсене қатысқан балаларды мақтау – мадақтау.