Просмотр содержимого документа
««Бізіді қоршаған әлем»»
Ересек «Қуыршақ» тобындағы ұйымдастырылған
оқу қызметінің конспектісі
Өткізу күні:14.09.2018.
Тәрбиеші: Абенова М.К
Өтпелі тақырып: «Мен және қоршаған орта»
Тақырыбы:«Бізіді қоршаған әлем» Мақсаты:
Тәрбиелеу:Табиғатқа өз үйі сияқты қарау керек екенін ұғындыру.Оған көмек көрсету сақтай және аялай білугетәрбиелеу
Дамыту:Табиғаттың әрбір бөлшегі адамзат баласы үшін байлық, қазына екенін, денсаулықты қорғаны екенін ұғындыру
Оқыту:Күн, ауа , су табиғат сыйы және олардың маңызы туралы білімдерін кеңейту.
Методикалық әдіс-тәсілдері: Әңгімелесу, көрсету, түсіндіру, сурет бойынша әңгіме құрастыру, сұрақ –жауап.
Сөздік жұмыс: Табиғат, жер шары, бізді қоршаған орта, өлі, тірі табиғат
Көрнекілік:Суреттер, глобус, өлі, тірі табиғат суреттері
Билингвалды комконент: Табиғат-природа
Адам-человек,
Ағаш-деревея.
Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы:
Шаттық шаңбері: Армысың, шапағатты күніміз,
Армысың, мейірімді жеріміз!
Армысың, табиғат анамыз,
Келді сізге өзіңіздің балаңыз
Балалар сендер отырмас бұрын мен сендерге жұмбақ жасырамын, мұқият тыңдаңдар.Бір жерінде ыстық
Бір жерінде суық
Бір жерінде күн
Бір жерінде түн
Керемет алып неткен
-Иә дұрыс айтасыңдар, міне мынау жер шары, пішіні қандай?
- Дөңгелек
- Дұрыс, , біз өмір сүріп жатқан жердің пішіні дөңгелек.
-/Жердің бейнесін көрсету/Жер туралы әңгіме.
-Балалар, біздер осы Жер шарында өмір сүреміз.
Ендеше дөңгеленіп шеңберге тұра қалайық.
Жерде өмір сүреміз,
Ойнаймыз біз күлеміз.
Әлемдебар көп қызық,
Үйренеміз, білеміз.
Ендеше қазір «Кім шапшаң» ойынын ойнаймыз.
Шарты: Мен сендерге доп лақтырып сұрақтар қоямын сендер жауап бересіңдер? 1.«жер шары-деген не?-
-Біз өмір сүретін жер,
2.Біз өмір сүретін жер басқаша қалай айтамыз?
-Бізді қоршаған орта
3. Бізді қоршаған орта дегеніміз не?
-Табиғат
4. Табиғатқа не жатады? - Жер, су, ауа, өсімдік, т. б. 3) Табиғат нешеге бөлінеді? - Екіге. Өлі және тірі. 4) Өлі табиғат деген не? - тау, тас, су, өзен, көл, құм т. б. 5) Тірі табиғат деген не? - Жәндіктер, жануарлар, құстар, аңдар т. б.
-Өте жақсы, балалар, ойынға жақсы қатыстыңдар.
Балалар, біздер күнде табиғат аясына яғни далаға серуенге шығамыз. Онда біздер ауа райын бақылаймыз, ойнаймыз. Балалар кеше біздер табиғат аясына серуенге шыққанда не тауып алдық? «Сиқырлы қорапша» қараңдаршы. Балалар қандай әдемі қорапша! Кеше біздер бұл сиқырлы қорапшаны бүгін ашып қараймыз деген болатынбыз, олай болса қазір ашып қараймыз. Бізге бұл қорапшаны табиғат патшалығынан жіберіпті. Ішінде не бар екен? Сәлеметсізбе, құрметті балалар! Мен сендерге бұл хатты табиғат патшалығынан жолдап отырмын. Менің бірнеше тапсырмалаларым бар, жақсы орындаған балалрға сыйлықтарым да дайын.
Тапсырмалар: жұмбақтар
Таңмен көзін ашады, Әлемге нұр шашады.
(Күн)
Дәмі де жоқ, түсі жоқ Пайдаланбас кісі жоқ.
(су)
Жұлдыздай жарқырайды, Күндіз бірақ байқалмайды.
(Ай)
Тәтті іздеп жортады,
Аң бар балды қалаған.
Үп-үлкен боп қоркады
Кіп-кішкене арадан.
(Аю)
Ұшқаны қызық жалпылдап,
Өзі сондай қарқылдақ.
(Қарға)
Каланың да сөні,
Даланың да сәні.
Бір-бірінеәркез
Сыйлайды оны бәрі.
(Гүл)
Балалар өлі табиғат пен тірі табиғатты екі топқа бөліп, оларға сипаттама береді.
Сергіту кзеңі: Аспанға қарап ай көрдім,
Төменге қарап жер көрдім
Оңға, солға бұрылып,
Егеменді ел көрдім
Тыныштық сәті: Балалар, денелеріңді түзу ұстап, бастарыңды жоғары көтеріп, ыңғайланып отырыңдар. Ауаны терең жұтып, еркін тыныс алыңдар. Өздеріңнің тыныс алуларыңды бақылап, бақытқа, махаббат пен тыныштыққа толы таза, шипалы ауаны тұла бойларыңа толғанын сезініңдер. Ал енді көздеріңді ашсаңдар да болады. Әңгімелеу. «Табиғат - Ана». Табиғат – Ананың Жер, Су, Ағаш деген үш ұлы болыпты. Олар өте ақылды, мейірімді екен. Табиғат - Ана бір күні ұлдарын шақырып алып: - Адамдарға көп қызмет еткен ұлыма үлкен сый тартамын, - деп уәде береді. Сонда ұлдары анасының айтқанына қуанып келісіп, адамдарға жақсылық жасауға жолға шығыпты. Үшеуі үш жаққа кетіп, адамдарға көп игілікті істер жасапты. Күндердің күнінде үшеуі еліне қайтып оралғанда, аналарының бұрынғыдан да бетер көріктене түскеніне риза болған ұлдары: - Апатай, Сіз қандай керемет күйге түскенсіз, мұның сыры неде?- дегенде Табиғат - Ана: - Аяулы ұлдарым менің, бұның сыры сендердің адамзатқа жасаған қайырымдылықтарыңда,- деп жауап береді. Содан бері Жер, Су, Ағаш аналарының сұлулығын сақтап қалу үшін, адамдарға адал қызмет етумен келеді екен. Балаларға сұрақтар қою. 1. Табиғат әдемілігін сақтау үшін ең бірінші не керек екен? 2. Жер, су, ағаш бір - бірімен байланыста ма? 3. Су болмаса жердің көркі бола ма? «Табиғатты аялайық» ойыны Әр бала тірі табиғат түрлерін плакатқа жапсырып, табиғат көрінісін бейнелей отырып, тиым сөздер айту. Гүлді жұлуға болмайды, гүлді аялау керек. Ағашты кесуге болмайды, ол бізге таза ауа береді. Суды ластауға болмайды, сусыз өмір жоқ. Күнімізді бұл баспасын. Көбелекті өлтірмеңдер, ол - әдемілік белгісі. Құсты атуға болмайды, құс - адамның досы. Жасыл шөпті жұлуға болмайды, ол біздің жерімізге көрік береді. Аңдарды қорғауымыз керек, олар біздің байлығымыз. Асқар тауларымыз биік болсын. Аққуды атуға болмайды, ол сұлулық белгісі.
-Дұрыс, балалар, біз осы айнала қоршаған әлемді бағалап, қадірін білуіміз керек екен.
Сүйейік, табиғатты, аялайық! Біз де онан жақсылықты аямайық! Анадай табиғаттың аясында Жадырап жас балаша дем алайық! -Жарайсыңдар, балалар, рахмет сендерге. Егеменді елімізлің, отанымыздың жарық жұлдыздары болып жарқырай беріңдер.
Сәлем хат!
Сәлеметсізбе, құрметті балалар! Мен сендерге бұл хатты табиғат патшалығынан жолдап отырмын. Менің бірнеше тапсырмалаларым бар, жақсы орындаған балалрға сыйлықтарым да дайын.