kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Бізді? ??стар

Нажмите, чтобы узнать подробности

Я Токпанова Шолпан Кабиевна работаю в данной школе 18 лет. Наша школа новая при школе открыт мини центр где я работаю воспитателем. наши дети воспитанные хорошие. мы сними разучиваем стишки готовимся к праздника. дети всегда веселые. я всех поздравляю с праздником весны. желаю мирного неба над головой

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Птицы наши друзья»

Солтүстік Қазақстан облысы

Есіл ауданы

«Ақтас негізгі мектебі» КММ

«Балдәурен» шағын орталығы







Тексерген:

ДОІЖО Омарова А.М.

Тәрбиеші: Тоқпанова Шолпан Қабиқызы









2015-2016 оқу жылы

Тақырыбы: Қыстап қалатын құстар және үй құстары.


Мақсаты: Балалардың құстар туралы түсініктерін тақпақ, тиым сөздер,

жұмбақтар арқылы есте сақтауын, ойын арқылы ақыл-ойын арттыру

Құстардың адам өміріндегі пайдасы туралы мағлұмат беру.

Балаларды табиғаттағы құстарды баптап, күтуге үйрету.

Құстардың дене пішіндерін айта білуге үйрету. Құстарға деген

сүйіспеншілікке тәрбиелеу. Құстарға қамқор бола білуге баулу.

Көрнекілігі: Сиқырлы сандық, құстардың суреті, үйдің суреті, орманның суреті т.б

Әдіс-тәсіл: Сұрақ-жауап, әңгімелесу, түсіндіру, ой қозғау

Түрі: Қорытынды

Оқу іс-әрекетінің барысы:

1) Қонақтармен амандасу

2) Балалардың зейінін оқу іс- әрекетіне аудару.

3)Жұмбақтар жасыру

4)Саусақ жаттықтыру

3)Құстар туралы түсінік беру

4)Құстарды топтарға бөлу

5) Кубпен ойын

6) Ойын «сен жалғастыр»

7) Сурет бойынша әңгіме жүргізу.

Балалар, бәріміз шаттық шеңберге тұрып қол ұстасып, қоршаған ортамен, бір-бірімізбен және бізге қонаққа келген апайлармен сәлемдесейік.

Аспанымыз ашық болсын (Екі қолдарын жоғары көтереді)

Бәріміз аман болайық (құшақ ашады)

Деніміз сау болсын (денелерін құшақтайды)

Ата-анамыз аман болсын (қолдарын шапалақтайды)

Сәлеметсіздерме апайлар? (бастарын иіп , қолдарын кеудеге басу)

- Балалар, қазір жылдың қай мезгілі? (қыс мезгілі)

- Қыс мезгілінде неше ай бар? (үш ай бар: желтоқсан,қаңтар, ақпан)

- Далада ұшқан құс көп пе? (жоқ, құстар аз)

- Мен сендерге жұмбақ жасырайын, сендер жауабын табыңдар.

  1. Қара түсті қарқылдақ

Ұшып, қонып жалпылдап

Қоқыстарды шоқиды

Жем іздейді там-тұмдап (ҚАРҒА)

  1. Киімі ала, ісі бар шала

Мекені орман дала (САУЫСҚАН)

  1. Екі айыр құйрығы

Қияқ мұрт қанаты

Еркін самғап ұшсын деп

Мәпелейміз, баптаймыз

Бейбітшілік құсы деп

Қайсы құсты мақтаймыз (КӨГЕРШІН)

  1. Кеудесі қайқаңдап

Жүреді байпағдап (ҚАЗ)

  1. Басында айдары бар

Иегінде сақалы бар (ӘТЕШ)

- Тақтада ненің суреттері ілінді? (Құстардың суреттері)

- Қыста қандай құстарды көп көреміз? (қарға,сауысқан,көгершін,қаз, әтеш)

- Кім маған осы құстар туралы тақпақтар айтып береді?

Ақерке: ҚАРҒА Қарға, қарға, қарғалар

Қар үстінде жорғалар

Боран соқса қор болар

Бұтаға келіп қорғалар

Гүлсара: САУЫСҚАН Ала қанат сауысқан

Құртты көрсе жабысқан

Бір томардан-томарға

Секең –секең ауысқан

Сауысқанның да мамығы қалың, тұмсығы мықты. Сауысқан өте сақ құс

Ілияс: ТОРҒАЙ Торғай, торғай, торғайсың

Жақын келіп қонғайсың

Жем шашайын тере ғой

Сонда суыққа тоңбайсың

Ақат: КӨГЕРШІН Көк көгершін, көгершін

Көгершін келер жем үшін

Балалар жем себейік

Сөйтіп қолға үйренсін

Қуанар: ТОРҒАЙ Торғай, торғай,тоқылдақ

Жерден тары шоқып ап

Бөтегесі бұлтиып

«Шиқ-шиқ» етіп отырмақ

Құстар біздің досымыз, олар құрт-құмырсқаларды, зиянды жәндіктерді жейді. Құстар адам өміріне сән салтанат беріп, әсем сазды үнімен жанды рахатқа бөлейді. Сондықтан біз құстардың ұясын бұзбай, балапандарына тиіспеуіміз керек, себебі олардың да аналары бар Құстарға қамқорлық жасап, ұя жасауымыз керек. Дала құстары далада ұшып жүріп жемтіктерін өздері тауып жейді. Бұл құстардың мамығы қалың, тұмсығы мықты.


Жарайсыңдар, балалар, сендер қыстап қалатын құстарды жақсы білесіңдер, енді айтыңдаршы, сендер үй құстарын білесіңдер ме?

  • Білеміз. Үй құстары: қаз, үйрек, тауық, күке тауық, балапан, шіби

  • Саусақ жаттықтыру арқылы үй құстары туралы тақпақтарды айтайық

Саусақтарымызды дұрыс ұстаймыз

ӘТЕШ Әдемі әтеш

Таң атпай тұрыпты

Ойқастап жүріпті

Жан-жағына қарапты,

Айдарын тарапты

Әтеш қашанда қимыл қозғалыста. Оның қызыл айдары бар. Иегінде сақалы бар. Мықты әдемі түрлі түсті құйрығы бар. Оның аяқтары да күшті, тырнағы мен тепкісі бар. Әтеш дауыстағанда шақырады: ку-ка-ре-ку

-Кәне, бәріміз әтеш дауысын салайықшы. КУ-КА-РЕ-КУ

АҚ ТАУЫҚ Ақ тауық-ау, ақ тауық

Ақ тауық неден қақсауық

Ертеменен қыт-қыттайды

Ауламыздан шықпайды

Тауықтың әтешке қарағанда бойы аласалау. Тауықтың түсі әртүрлі: ақ, қара, сарғыш, қоңыр. Олар балапандарын қорғайды, балапандары артта қалып қойса тауықтар қыт-қыттап іздейді.

  • Кәне, бәріміз тауық болып балапандарды шақырайық ҚЫТ-ҚЫТ-ҚЫТ

ҚАЗ. Қазым, қазым, қаңқылда

Көлде жүзіп салқында

Жем шашайын жейсің бе?

«Кәмпит берші» дейсің бе?

«Жоқ, жоқ, кәмпит тәтті болмайды ас

Арпаменен бидай шаш»

  • Осы құстар қыста немен қоректенеді? Бидай, жем, су

  • Қаз балапандарын қалай қорғайды? С-С-С-С-С деп балаларды қуады

  • Кәне, бәріміз қаз болып балапандарды қорғайық с-с-с-с-с-с-с-

  • Неге біз қаз, үйрек, тауық, әтешті үй құстары дейміз?

  • Себебі оларды үйде бағамыз. Жем, су береміз, қораға қамаймыз


Осы мезгілде музыкамен апай кіреді.

  • Саламатсыздарма қонақтар, саламатсыздарма балалар! Мен балаларға «Сиқырлы

сандық» алып келдім.

Болжау

- Ішінде не бар деп ойлайсындар?

-Ал балалар апай бізге өте әдемі сыйлықпен келіпті, ішінде не бар деп ойлайсыздар? (балалардың қиялы)

-Ал, балалар біз ашып көрелік. Сандықтың ішіде құстың ұясы.

-Балалар, қараңдаршы , бұл не? Ішіндегі құстарды атайықшы

-Тауықтың ұясы. Ішінде тауық, балапан, жұмыртқа, әтеш бар

Сергіту сәті.

1.Торғай сияқты қанаттарымызды тез қағып ұшу.

2. Қарға, сауысқан сияқты самғап ұшу

3. Қаздар сияқты көлде жүзу

4. Қанаттарын көтеріп тұрып көлден су ішу

5. Көгершіндер сияқты ұшу

6. Орындарына барып қону.

  • Құстар табиғатқа, қоршаған ортаға өте қажет. Олар ағаштардың жайқалып өсуіне, түрлі жәндіктерден тазаруына көмектеседі.

Құстарға сол себепті қамқорлық көрсетіп, ұя жасап, жем беруіміз керек.

  • Дала құстары мен үй құстарының ұқсастығы неде?

  • Олар бәрі құстар. Қанаттары бар, басы, екі аяғы


Сен жалғастыру ойыны. Қарға ҚАРҚЫЛДАЙДЫ

Көгершін ГУІЛДЕЙДІ

Торғай ШЫРЫЛДАЙДЫ

Сауысқан ШЫҚЫЛЫҚТАЙДЫ

Кубизм әдісі. Қандай құс?

- Қандай құстарды білесіңдер?(қарға, сауысқан, көгершін, торғай)
- Құстарды біз қандай досымыз дейміз? (қанатты)
- Қыстап қалған құстарға қандай қамқорлық жасауымыз керек? ()
- Құстардың адамға пайдасы бар ма?
Құстардың суреттерімен жұмыс

Тақтаның бір жағына үйдің суретін, екінші жағына даланың суретін іліп қойып, балалардың алдарына құстардың суреттерін беру. Тапсырма: Үй құстарын үйдің суреті бар тақтаға, дала құстарын даланың суреті бар тақтаға ілу

Айырмашылығы. Үй құстары үйде болады. Үй құстары жем, тары т.б нәрселермен қоректенеді. Ал қыстап қалатын құстар далада ұшып жүреді. Олар жемтігін өздері тауып жейді.

Ұқсастығы: Екеуі де құстар

Балалар құстар біздің досымыз екен. өйткені олар құрт-құмырсқаны, зиянды жәндіктерді жейді. Құстар адам өміріне сән салтанат беріп, әсем сазды үнімен жанды рахатқа бөлейді. Сондықтан да біз құстың ұясын бұзбауымыз керек. Балапандарына тиіспеуіміз керек. Себебі олардың да аналары шырылдап балапандарын іздейді. Күзде кеш кеткен құстар көктемде ерте келеді. Күзде ерте кеткендері көктемде кеш келеді. Сондықтан да біздер балалар осы құстарға қамқорлық жасап ұя жасауымыз керек.

  1. Қыста қалатын құстарды ата? (қарға, сауысқан, торғай, көгершін)

  2. Құстар немен қоректенеді? (ағаш бүршіктері,шөп тұқымдары,жәндіктер)

  3. Қай құстармен таныстық? (қарға,сауысқан,

  4. Қандай үй құстарын білесің?

Кубикті лақтырып қандай құс екенін табу.

Қорытынды: Ал балалар біз бүгін қыстап қалатын құстарымен және үй құстарымен таныстық. Құстар аспанда қалықтап қалай ұшса ,сендердің де білімге қарай талпынған қанаттарың талмасын.

Мадақтау.





Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Дошкольное образование

Категория: Уроки

Целевая аудитория: Прочее

Скачать
Бізді? ??стар

Автор: Токпанова Шолпан Кабиевна

Дата: 02.03.2016

Номер свидетельства: 301576

Похожие файлы

object(ArrayObject)#863 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(35) "?з ?лкемізді? ??стары"
    ["seo_title"] => string(20) "ozolkiemizdinkustary"
    ["file_id"] => string(6) "282211"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1453653465"
  }
}
object(ArrayObject)#885 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(25) ""Дала құстары""
    ["seo_title"] => string(14) "dala_k_u_stary"
    ["file_id"] => string(6) "436877"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1509878584"
  }
}
object(ArrayObject)#863 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(42) "ашы? саба? "Дала ??стары" "
    ["seo_title"] => string(26) "ashyk-sabak-dala-k-u-stary"
    ["file_id"] => string(6) "213465"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1432058423"
  }
}
object(ArrayObject)#885 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(55) "Ашы? саба? ??стар бізді? досымыз"
    ["seo_title"] => string(37) "ashyk-sabak-k-u-star-bizdin-dosymyz-1"
    ["file_id"] => string(6) "304628"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1457769592"
  }
}
object(ArrayObject)#863 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(40) "Та?ырыбы: "??стар ?лемі" "
    ["seo_title"] => string(24) "tak-yryby-k-u-star-liemi"
    ["file_id"] => string(6) "170896"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1423592724"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства