Оқушыларға білім есігін аттап, жақсы оқып, білімді оқушы болулары туралы түсінік беру. Ойлау қабілеттерін дамыту, білімге деген қызығушылықтарын ояту. Әдепті, ақылды, білімді, мейрімді болуға тәрбиелеу.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«"Білім еліне саяхат" тәрбие сағаты»
Ашық сабақ .
Мектепалды даярлық тобына.
Тәрбиеші: Идьятова Сабира Елтайқызы.
Пәні: Математика
Сабақтың тақырыбы: 1-ден 10-ға дейінгі сандарды санау
Сабақтың мақсаты: 1-ден 10-ға дейінгі тура кері санай білуге және «қанша», «сонша», «тең» деген ұғымдарды меңгертуді мақсат еткен сабақта балалардың зейінін, ой-өрісін дамыту, сөздік қорын молайту, дидактикалық ойындар арқылы балалардың ақыл ой белсенділігін тәрбиелеу.
Балалар, қазір біз «Сиқырлы сандар» ойынын ойнаймыз.
Біз білімді, әрі тәртіпті болсақ, сандардың не жасырып тұрғанын білеміз.
Жылыдың қай мезгілі? Жылдың қыс мезгілі.
Қазір қай ай? Қаңтар айы, 1-ші ай.
Аптаның қай күні? 2-ші күні Сейсенбі.
Аптаның неше күні бар? 7 күні бар.
Жақында қандай мереке болды? «Жаңа-жыл» мерекесі өтті.
-Балалар! Біз сендермен 1-10 ға дейінгі сандарды өткен болатынбыз. Енді бүгінгі тақырыбымыз 1-ден 10-ға дейінгі сандарды санау.
Сендердің білімдеріңді тексеріп мынындай бір ойын ұйымдастырып жіберейікші!
«Жемістерді таңдап, орнын табу » ойыны.
«Ертегілер елінен» үзінді.
Таңертен, жылықы мен сиыр өзеннен өтіп жайлауға барады. Біріқ олар өзеннен өтейін десе, аяқ басқан сайын өзендегі мұз сықырлап, шытынып жарыла бастайды. Қорқып кеткен жылқы кісінеп, сиыр мөңірейді. Олардың дауысын жақын жердегі жүрген ормандағы қасқыр естиді. Сол сәтте қасқыр орманнан шыға келеді. Сол кезде малдарын іздеп, бала келеді. Бірақ, қасқыр жылқы мен сиырды өзеннен өткізу үшін балаға бірнеше тапсырма ұсынады.
№1 тапсырма: 1-ден 10-ға дейін тура сана? 1,2,3,4,5,6,7,8,9,10
№2 тапсырма: 10-нан 1-ге дейін кері сана? 10,9,8,7,6,5,4,3,2,1.
№3 тапсырма: 0-ден 10-ға дейін тақтаға жаз.
№4 тапсырма:
Есеп: Анаң таңертең 5 кәмпит берді. Әкең сонша кәмпит берді. Сонда сенде қанша кәмпит болды? 5+ 5 10
№5 тапсырма: «Көкеністерді сана және өз түстерімен боя».
Қасқыр бұнын бәріне риза болып, сиыр мен жылқыны өзеннен өткізіп жібереді.
«Сергіту сәті»
Ал санайық, санайық,
Санын біліп лайық.
Біреу, екеу, үшеу, төртеу, бесеу,
Қолымда сонда саусағым нешеу?
Оң қолымда бес саусақ,
Сол қолымда бес саусақ.
Қосып едім екеуін
Болып шықты он саусақ.
1 санына байланысты кім тақпақ айтады?
Ай да біреу аспанда,
Күн де біреу аспанда.
Тұратұғын елжіреп,
Бәрімізде бір жүрек.
2 дегенім еңбек- еңбек түбі жеңбек.
Карточкалармен жұмыс.
5+ 4 ?; 1+ 3 ?; 10-5 ?; 7+ 3 ?; 5+5 ?.
Есеп: Асхана
Шаршадық, қарнымыз да ашты, енді асханаға барып, тамақтанамыз.
1 кесе чай 5тг, 1 тілім нан 5тг .
Барлығы қанша тұрады? 5+5 10
7-ге дейін санамақты айт. Буклеттен көрсету.
Заттар көрсетіліп әр бір сөзге түсініктеме беріліді.
1 дегенім –БІЛІМ,
2 дегенім – ЕЛІМ,
3 дегенім- ҮКІ,
4 дегенім-ТАҚИЯ,
5 дегенім- БЕСІК,
6 дегенім- АСЫҚ,
7 дегенім-ЖЕЙДЕ,
Көлек дейді кейде.
Жұмбақ шешу.
Менің үш көзім бар
Бір көзім «кідір» дейді,
Бір көзім «жүр»дейді.
Бір көзім «абайла»дейді. (Бағдаршам)
Қорытынды:
-Балалар бүгінгі сабақ сендерген ұнадыма?
-Қандай ойындар ойнадық?
-1-ден 10-ға дейін тура және кері санап үйрендікпе?