Білім беру саласы: Коммуникация. Бөлімі: Сөйлеуді дамыту. Тақырыбы: "Су асты жануарлар"
Білім беру саласы: Коммуникация. Бөлімі: Сөйлеуді дамыту. Тақырыбы: "Су асты жануарлар"
Мақсаты:
Тәрбиелік:
Су асты әлемінің тіршілік иелеріне сүйіспеншілік сезімдерін тәрбиелеу.
Дамытушылық:
Тіл байлықтарын молайту, берілген сұраққа толық жауап беру қабілеттерін арттыру.
Оқыту:
Балаларға су асты әлемі туралы түсінік беру. Су асты тұрғындарын дұрыс атауға үйрету, сөздік қорын толықтыру. Су асты әлемінің суретін қарап әңгіме құрастыра білуге үйрету.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«Білім беру саласы: Коммуникация. Бөлімі: Сөйлеуді дамыту. Тақырыбы: "Су асты жануарлар"»
Ересек «Көгершін» тобының ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі.
Өткізу күні:
Тәрбиеші:
Өтпелі тақырып: «Тірі және өлі табиғат»
Білім беру саласы: Коммуникация.
Бөлімі: Сөйлеуді дамыту .
Тақырыбы: "Су асты жануарлар"
Мақсаты:
Тәрбиелік:
Су асты әлемінің тіршілік иелеріне сүйіспеншілік сезімдерін тәрбиелеу.
Дамытушылық:
Тіл байлықтарын молайту, берілген сұраққа толық жауап беру қабілеттерін арттыру.
Оқыту:
Балаларға су асты әлемі туралы түсінік беру. Су асты тұрғындарын дұрыс атауға үйрету, сөздік қорын толықтыру. Су асты әлемінің суретін қарап әңгіме құрастыра білуге үйрету.
Педагогикалық технологиялар: әңгімелесу, түсіндіру, сұрақ-жауап
Ресурстармен қамтамасыз ету: суреттер.
Билингвальный компонент: су асты әлемі- подводный мир, балық-рыба, осминог-сегіз аяқ, теңіз жұлдызы – морская звезда.
Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы:
Ғажайып сәт: Балалар біз бүгін қызықты саяхатқа шығамыз.
Неткен керемет, жан жағымызға зер салып қарайықшы, нені көріп тұрсыңдар?
Балалар біз бүгін су асты әлемімен және оның тұрғындарымен танысатын боламыз.
-Сендерге су асты әлемі қызықтырама?
Су асты тұрғындары туралы слайд көрсете отырып, жаңа сөздердін мағынасын түсіндіру.
Медуза – ол домалақ болып келеді, шар сияқты. Жалпақ келген, олар көбінесе улы, адам сақтану керек. Кей кезде адам денесіне тисе күйдіруі мүмкін.
Теңіз жұлдызы - жыртқыш, бір орында тұратын сияқты, бірақ ол теңіз түбінде әрқашан ақырын жылжып жүреді.
Атбасты балық - орташа балық. Оның басы атқа ұқсайды. Оның денесінде өсіп тұрған талшықтары жауларынан қорғайды.
Сегізаяқ - оның денесі алмұртқа ұқсайды. Ол түсін тез өзгерте алады. Жыртқыш, ұсақ теңіз балықтарымен қоректенеді, оның атына сай сегіз аяғы бар, теңіздің ең түбінде өмір сүреді.
Тасбақа - сауытына қарап бірден тануға болады. Олардың бәрі өсімдіктермен қоректенеді. Тасбақа құмды қазып жұмыртқа салады да оны көміп тастайды.
Кит - теңіздегі ең ірі сүтқоректі.
Қане балалар су асты тұрғындарын екі тілде айтайық.
Билингвалдық компонент: су асты әлемі- подводный мир, балық-рыба, осминог-сегіз аяқ, теңіз жұлдызы – морская звезда
Сергіту жаттығуы:
Балық болып жүземіз,
Шынығамыз суда біз!
Шынықсақ біз бәріміз,
Шымыр болып өсеміз!
Онға , солға жүземіз,
Балықтарша жүземіз.
Дидактикалық ойын:
«Суреттерді ретіне қарай топтастыр»
Ойынның шарты: Суда тіршілік ететін жануарлар мен жерде тіршілік ететін жануарлар суреттері берілген.Осы суреттерді ретіне қарай топтастыру қажет.Ол үшін теңіздің суреті бейнеленген суретке суда тіршілік ететін жануарлар суретін,ал жердің суреті бейнеленген суретке жерде тіршілік ететін жануарлар суретін топтастыру.
3.Қорытынды:
-Балалар айтыңдаршы біз бүгін қайда саяхат жасадық?
-Онда нелерді көрдік?
-Ендеше бүгінгі су асты әлеміне саяхатымыз сендерге ұнады ма?