kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Білім беру саласы: «Коммуникация» «БАУЫРСАҚ» ЕРТЕГІСІ

Нажмите, чтобы узнать подробности

Ертегі – халқымыздың ертеден бері келе жатқан мәдени мұраларының бірі, ауыз әдебиеті. Ертегіні мазмұнына қарай, әр алуан ерекшеліктеріне қарай бір неше түрге бөлуге болады.   

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Білім беру саласы: «Коммуникация» «БАУЫРСАҚ» ЕРТЕГІСІ»

«БАУЫРСАҚ» ЕРТЕГІСІ

               

Мақсаты. Балаларға ертегілер туралы түсінік беру. Ертегі кейіпкерлерін қонаққа шақыра отырып,қиялы мен қабілетін жетілдіру. Балалардың сөздік қорын, байланыстырып сөйлеуге дағдыландыру. Балаларға жағымды, жағымсыз қасиеттерді айыра білуді үйрету.
Өзара сыйласып, достық қарым-қатынаста болуға, біреуге қызғанып қарамауға,бірін-бірі құрметтеп, үлгі тұтуға тәрбиелеу.
Кейіпкерлері: Ертекші, шал, кемпір, бауырсақ, қоян, қасқыр, аю, түлкі.
Көрнекілігі: тақта, орман, орманды мекендеген аңдар, ағаштар.
Сәлем, балғын балалар!
Бәрін бері қарандар.

Бауырсақ жайлы ертегі
Сіздерге біз шертеміз

Ертегіні ең қызық

Сахнаға еңгіздік

Баяндайық көріңіздер

Өз бағасын беріңіздер.
Ертегі – халқымыздың ертеден бері келе жатқан мәдени мұраларының бірі, ауыз әдебиеті. Ертегіні мазмұнына қарай, әр алуан ерекшеліктеріне қарай бір неше түрге бөлуге болады.   

-жануарлар жайында (суреті, немесе кітабын көрсету)
-қиял-ғажайып ертегілер
-шыншыл ертегілер
Ертегіден халқымыздың тұрмыс-салтын, әдеп-ғұрыпын білеміз.
Онда шындық оқиға мен қиял-ғажайып оқиға аралас келіп отырады.

- Біз бүгінгі оқу қызыметінде ертеден келе жатқан «Бауырсақ» ертегісімен танысамыз.
Әуен естіледі (сол кезде балалар бір жерге жиналып, ертегі кейіпкерлеріне айналып кетеді).

«Бауырсақ» ертегісінің сахналық қойылымы:

Тәрбиеші:

Құрметті балалар! Ертегілер еліне қош келдіңіздер! ІІ-ші сәбилер тобының тәрбиеленушілерінің қиалынан туындаған «Бауырсақ» ертегісін тамашалаңыздар.

Тәрбиеші:

Кемпір мен шал болыпты. Бірде шал жалынып:

Шал:

-Кемпір-ау, маған бауырсақ пісіріп берсеңші.

Кемпір:

-Неден пісірейін? Ұн жоқ қой!

Шал:

-  Әй, кемпірім-ай! Қойманың түбін қырнап көрсең ғой бауырсақтық ұн табылып қалар.

Тәрбиеші:

Кемпірі солай істейді: қойма түбін қырып-қырнап екі уыс ұн табады да, қаймаққа шылап, қамыр илеп, бауырсақты майға пісіріп, терезе алдына суытқалы қояды.
Жата-жата жалыққан бауырсақ терезе алдынан үйдің іргесіне домалап түседі, іргеден көгал үстіне домалайды, көгалдан жылжып жолға жетеді. Одан әрі жолмен зырлай жөнеледі. Бауырсақ жолда зымырап бара жатса, қарсы алдынан қоян шыға келеді.

Қоян:

Бауырсақ! Бауырсақ! Мен сені жеп қоямын!

Бауырсақ:

Жоқ, сен мені жеме, саған қандай өлең айтып берер екем, онан да соны тыңда.

Тәрбиеші:

Қоян құлағын түреді, ал бауырсақ әнге басады:

Бауырсақ:

Әжей қойма қырнаған, екі уыс ұн жинаған.

Балқаймаққа шылаған, пісіріп маймен сылаған.

Суытып та сынаған, бауырсақпын зулаған!

Атайдан да құтылдым, әжейден де құтылдым.

Қоян:

-Қой, бауырсақ сенің өленің жақсы сен одан да менің тапсырмамды орында. Ал балалар қояннан бауырсақты құтқарып сұрағына жауап берейік.
Қоянның тапсырмасы:

-Ұн неден алынады? (Бидайдан)

Бауырсақтың түсі қандай? (Сары.)

Тәрбиеші:

Бауырсақ жалғыз аяқ жолмен келе жатса, оның алдынан қасқыр шыға келіп:

Қасқыр:

Бауырсақ! Бауырсақ! Мен сені жеп қоямын!

Бауырсақ:

- Сен мені жеме, мен саған өлең айтып берейін.

Тәрбиеші:

Бауырсақ әндете жөнеледі

Бауырсақ:

Әжей қойма қырнаған,екі уыс ұн жинаған.

Балқаймаққа шылаған, пісіріп маймен сылаған.

Суытып та сынаған, бауырсақпын зулаған!

Атайдан да құтылдым, әжейден де құтылдым.

Қояннан да құтылдым, қасқыр, сенен құтылу қиын емес бұл маған

Қасқыр:

- Жоқ, бауырсақ, өлеңің керек жоқ сен менің тапсырмамды орында.

Қасқырдың тапсырмасы:

Ал, балалар, қояннан бауырсақты құтқарып алдық,

енді қасқырдың сұрағына жауап берейік.

1.Берілген сөздерді буынға бөл: алмұрт, бала, машина, қалам.

Тәрбиеші:
Бауырсақ орман ішімен домалап келе жатса оған аю қарсы шығады.
Аю:
Әй, бауырсақ! Мен сені жеп қоямын!
Бауырсақ:
Сен мені жеме, мен саған өлең айтып берейін.
Әжей қойма қырнаған, екі уыс ұн жинаған.
Балқаймаққа шылаған, пісіріп маймен сылаған.
Суытып та сынаған, бауырсақпын зулаған!
Атайдан да құтылдым, әжейден де құтылдым.

Қояннан да құтылдым, қасқырдан да құтылдым,
Маймақ, сенен құтылу, қиын емес бұл маған!
Аю:

- Әй, балалар, балалар!
Менде қызық ойын бар,

Ал ықылас қойындар
Кәне, тәртіп сақтайық,
Мен берген тапсырманы,
Бұлжытпай орындайық.
Аюдың тапсырмасы:

-Ұннан жасалатын тағамдарды ата: Бауырсаққ. Нан. Торт. Печенье. Бәліш. Түрлі макарон өнімдері.
Тәрбиеші:
Осылай бауырсақ әрі қарай домалай жөнеледі.
Түлкі:
– Амансың ба, бауырсақ! Көргендерге ұнайды, жүзің қызыл шырайлы!
Тәрбиеші:
Бауырсақ мақтағанға мәз болып, өлеңін айта бастайды. Түлкі болса құмарта тыңдаған боп, қыбырын білдірмей,бауырымен сырғып, жақындай береді.
Бауырсақ:
Әжей қойма қырнаған, екі уыс ұн жинаған.
Балқаймаққа шылаған, пісіріп маймен сылаған.
Суытып та сынаған, бауырсақпын зулаған!
Атайдан да құтылдым, әжейден де құтылдым.
Қояннан да құтылдым, қасқырдан да құтылдым,
Аюдан да құтылдым, түлкі, сенен құтылу қиын емес бұл маған!
Түлкі:
- Оңай құтала алмасың, менің тапсырмамды орында.
Түлкі : (қолында бір бума қағаз). Онда менің жұмбақтарымды шешіп көріңдер.
1.  Қыста ақ,
Жазда сүр.    (қоян)

2 .Қорбаң- қорбаң етеді,
Орманда ол жүреді (аю)
3. Орманда тұрады, өзі бір қу,
Жүрген жері айқай-шу. (түлкі).
Түлкі бауырсақты бас сап жейіндеп жатқанда, балалар айғайлап жібереді.
Балалар:

-Жоқ, қу түлкі олай болмайды біз сенің тапсырмаларынды түгел орындадық. Сен бауырсақты жей алмайсың деп бауырсақты алып кетеді.
Түлкі ештене істей алмай жөніне кете береді.
Ал балалар, бауырсақты жетектеп ата мен әжеге келеді.
Әже: Кәне, балалар, қонақтарға да беріңдер бауырсақтан жеңдер, (отырған қонақтарға бауырсақ ауыз тигізу).
Қорытынды:
- Балалар ертегі сендерге ұнады ма?
Ертегінің мазмұны не жайында екен? Ал, енді балалар, ертегідегі жағымды және жағымсыз кейіпкерлерді айыру үшін мынадай тапсырмалар орындайық.
Неліктен бұл жерде аю, қасқыр, жағымды кейіпкерлерге жатады? (Өйткені олар бауырсақты жеген жоқ.)
-Өте жақсы!
-Ал, түлкі ше?
-Түлкі қу, айлакер.
Жағымды – Жағымсыз
Балалар, бауырсақ неден жасалады? (Ұннан)
-Ұн неден алынады? (Бидайдан)
Тәрбиеші:

- Бауырсақтың түсі қандай?
Бауырсақ:

-Сары.
Тәрбиеші: -

Бауысақтың пішіні қандай?
Бауырсақ домалақ, шеңбер.
Ұннан жасалатын тағамдар: Бауырсақ. Нан. Печенье. Бәліш. Түрлі макарон өнімдері.




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Дошкольное образование

Категория: Уроки

Целевая аудитория: Дошкольникам

Скачать
Білім беру саласы: «Коммуникация» «БАУЫРСАҚ» ЕРТЕГІСІ

Автор: Жалтенова Динара

Дата: 03.10.2018

Номер свидетельства: 479598

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(102) "Тақырыбы:«Бауырсақ ертегісі».Өтпелі тақырып: «Жер ана»."
    ["seo_title"] => string(50) "takyryby_bauyrsak_ertegisi_otpeli_takyryp_zher_ana"
    ["file_id"] => string(6) "544425"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1585234719"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(55) "Тақырыбы:«Бауырсақ ертегісі»."
    ["seo_title"] => string(26) "takyryby_bauyrsak_ertegisi"
    ["file_id"] => string(6) "544428"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1585235147"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(87) "" Бауырсақ" ертегісі (қуыршақ театр), Бейне-сабақ"
    ["seo_title"] => string(51) "bauyrsak_iertieghisi_k_uyrshak_tieatr_bieinie_sabak"
    ["file_id"] => string(6) "407268"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(11) "presentacii"
    ["date"] => string(10) "1491496830"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(52) ""Бауырсақ" ертегісіне саяхат"
    ["seo_title"] => string(32) "bauyrsak_iertieghisinie_saiakhat"
    ["file_id"] => string(6) "417221"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1495310214"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(42) "Ертегілер еліне саяхат"
    ["seo_title"] => string(26) "ertegiler_eline_saiakhat_2"
    ["file_id"] => string(6) "557387"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1599920458"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства