kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Баяндама Тақырыбы: «Бейнелеу өнері сабағында танымдық және шығармашылық белсенділіктерін дамыту»

Нажмите, чтобы узнать подробности

Баяндама Бейнелеу өнері сабағында танымдық және шығармашылық белсенділіктерін дамыту

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Баяндама Тақырыбы: «Бейнелеу өнері сабағында танымдық және шығармашылық белсенділіктерін дамыту»»

КМҚК «Дәншік» балабақшасы







Баяндама



Тақырыбы:

«Бейнелеу өнері сабағында танымдық және шығармашылық белсенділіктерін дамыту»

«Қарлығаш» екінші сәбилер тобы







Дайындаған: Корпешова Шынар











Самар ауылы 2016-2017 оқу жылы



Бейнелеу өнері сабағында танымдық және шығармашылық белсенділіктерін дамыту.

Мақсаты:

- Мектеп жасына дейінгі баланың шығармашылығын бейнелеу түрлері арқылы дамытып, сөйлеу қабілеттерін жан - жақты жетілдіру.Ана тіліне деген құрмет сезімдеріне адамгершілікке тәрбиелеу.

Міндеттері:

• Балалардың тілін, сөйлеу мәдениеті мен дүниетанымын дамыту.

• Балаларды адамгершілікке баулу.

• Баланың қиялын есте сақтауын шығармашылық қабілетін дамыту, ұжымда тату,бірлесе сурет салуға дағдыландыру. Сурет арқылы ойын,қабілетін,шығармашылығын дамыту.

• Баланың әлеуметтік және эмоционалдық дамуына жағдай жасап, әр баланың жеке дара шығармашылық қабілеттерін ескере отырып, өзін қоршаған ортаға, адамдарға, құрбыларына, өзіне деген қарым - қатынас мәдениетін қалыптастыру.



Қазіргі күннің талабы – білімді, өнерлі, өнегелі жас ұрпақ тәрбиелеу.Баланың шығармашылық қабілетін дамыту мәселесін талдау ең алдымен «қабілет» ұғымының мәнін түсініп алуды қажет етеді. Философияда «қабілеттерді» тұлғаның белгілі бір әрекетті орындауға жағдай жасайтын жеке ерекшеліктері дей келе, олар қоғамдық – тарихи іс – әрекеттердің нәтижесінде қалыптасып, әрі қарай дамып отыратындығын атап көрсеткен.«Шығармашылық» деген сөздің төркіні, этимологиялық «шығару», «ойлап табу» дегенді білдіреді. Демек жаңа нәрсе ойлап табу, сол арқылы жетістікке жету деп түсіну керек. Философиялық сөздік: «...шығармашылық – қайталанбайтын, тарихи қоғамдық мәні бар, жоғары сападағы жаңалық ашатын іс – әрекет, - деп түсіндіріледі. Көрнекті психолог Л. С. Выготский «шығармашылық» деп жаңадан ашатын әрекетті атаған. Ал осы мәселені терең зерттеген психологтардың бірі Я. А. Пономарев оны «даму» ұғымымен қатар қояды. Өйткені жаңалық, әсіресе интеллектуалдық тұрғыда болса, ол баланың психикасын жаңа сапалық деңгейге көтереді де есептейді. Бұл пікір бүгінгі күні педагогиканың талаптарына сәйкес келуімен көңілге қонымды. Шығармашылықпен жұмыс жасау тәрбиелеу барысында өзін қоршаған ортамен байланыстыра бейнелеуді тапсыру керек. Мысалы: (сен не салдың?) деп баланы ойға салу керек. Осы іс – әрекет барысында қоршаған айналамен танысу ұғыну үшін, салынған бейнені бала шығармашыл қиялмен жетілдіре салу барысында қойылған сұрақ алғашында бұл сұраққа бала үндемей жауап қайтармауы мүмкін. Бұл ұғынысты нәрсе. Бала мақсат қоя алмаған. Бұл уақытта асықпаған дұрыс. Мектеп қабырғасының бастауыш буынына қарағанда балабақша жасындағы балалардың зейіні тұрақсыз. Осыны ескеріп балаға (бұл қандай үй? Үйге ұқсамайды) деп айтуға асықпау тиіс. Бала тез айнып қалуы мүмкін. Осы тұрғыда жұмысты үзбей шығармашылық жұмыс жасау барысында, бала нені және қалай ұнататынын түсіне бастайды. Балабақшадағы балалардың қабілеттері екі түрлі әрекетте дамиды. Біріншіде, кез келген бала оқу әрекетінде адамзат баласының осы кезге дейін жинақталған тәжірибесін меңгерсе, екіншіден, кез келген бала шығармашылық әрекеттер орындау арқылы өзінің ішкі мүмкіндіктерін дамытады. Оқу әрекетінен шығармашылық әрекеттіңайырмашылығы – ол баланың өзін – өзі қалыптастыруына өз идеясын жүзеге асыруына бағытталған жаңа әдіс – тәсілдерді іздейді. Проблеманы өзінше, жаңаша шешуге талпыныс жасайды. Бүгінгі күні балабақша балалары кез келген шығармашылық тапсырмалар шешуді табыспен меңгере алады. Тек ол жұмысқа дұрыс басшылық, шебер ұйымдастырушылық керек.


Шығармашылық – бұл адамның өмір шындығында өзін – өзі тануға ұмтылуға, іздену. Өмірде дұрыс жол табу үшін адам дұрыс ой түйіп, өздігінен сапалы, дәлелді шешімдер қабылдай білуге үйренуі қажет. Адам бойындағы қабілеттерін дамытып, олардың өшуіне жол бермеу, оның рухани күшін нығайтып, өмірден өз орнын табуға көмектеседі. Өйткені адам туынды ғана емес, жаратушы да. Баланың шығармашылық қабілеттерін дамытудың жолдарын, құралдарын анықтау психология мен педагогика ғылымдарына өте ертеден зерттеліп келеді. Шығармашылық әлемдік мәдениеттің барлық дәуіріндегі ойшылардың назарына болғандығын байқауға болады. Бұл әрекеттер өзінің логикалық шегіне жеткен деп айтуға болмайды. Сондықтан, шығармашылық педагогикасының негізгі мақсаты – бүгінгі күнгі талаптарынан туындаған, озық қоғамға лайықты жаңа сана, рухани сапа қалыптастыру және тың жолдар мен соны шешімдер іздестіру болып табылады.Мектепке дейінгі және мектеп жасындағы балалардың мінез-құлқын көптеген ғалымдар зерттеген. Олар: С.Т. Шатский, П.П. Блонский, Л.С. Выготский, В.А. Сухомлинский. Балалардың суреті, сурет салу үрдісі, бұл баланың рухани өмірінің бір бөлігі. Балалар қағаз бетіне қоршаған әлемді түсіріп қана қоймай, өздері де сол әлемде өмір сүреді. Сол өмірінің әдемілігіне тамсанады.

Мектеп жасына дейінгі балаларды сурет салуға үйретуде әр түрлі әдістерді қолдану арқылы бейнелеу өнеріне баулу. 
«Көкіректе сәулесі жоқтың, көңілде сенімі жоқ, өнерсіз өмірден тез суынар.» Абай атамыз айтқандай 
Бала ес біле бастағаннан – ақ өзі жете түсінбес жарқын, тартымды нәрсенің бәріне ұмтыла бастайды, мәселен, жылтыраған ойыншықтарды, әдемі гүлдер мен заттарды көрсе қуанады. Осының бәрі оның рахаттану, қызығу сезімін туғызады. Жиі ән, ертегі тыңдап, суреттерді қараған балалардың өнері қуаныш сезімдерінің қайнар көзіне айналады. Эстетикалық тәрбие алған балалар жарқын, әсем атаулының бәріне жәй ғана ұмтылып қана қоймай, сұлулықты жан дүниесімен қабылдайтын болады. 
Тәрбиеші баланың сұлулықты қабылдауынан бастап, оған эмоциялық жауап қату, оны түсіну, эстетикалық ұғым, эстетикалық пікір, эстетикалық баға беру қасиетін қалыптастыруға дейін жетелеп отыруы тиіс. Бейнелеу өнері – көркемдік талғам қалыптастырудың өзекті құралы ретінде баланы өз халқының эстетикалық мұраларын игеруіне, халық өнерінің айшықты туындыларынан ләззат алуға, рухани дамуына және халық талантын қастерлеуге, сүйе білуге баулиды.Бейнелеу өнерінде балалардың сурет салуға, өнерді қабылдауы тұрғысынан білім деңгейлерінің әр сатылы болуына байланысты, сурет салуға мүмкіншіліктерін анықтай отырып, сапалы білім беру. Тәрбиеші баланың сұлулықты қабылдауынан бастап, оған эмоциялық жауап қату, оны түсіну, эстетикалық ұғым, эстетикалық пікір, эстетикалық баға беру қасиетін қалыптастыруға дейін жетелеп отыруы тиіс. 
Сурет салу іскерлік дағдыларын меңгерту балалардың заттық тақырыпта сурет салу дағдыларын бекітеді. Бірнеше заттарды бейнелеп мазмұнды сурет салуға, композиция құра білуге үйретеді. Бояу қарындаштар, акварель бояу мен қылқаламды пайдаланудын әдіс–тәсілдерін меңгертеді. Жағыс түрлері: сүйкей жағыс, қылкалам ұшын тік бағыттау, жоғарыдан төмен қарай, солдан оңға қарай біртіндеп жүйелі тегіс бояу, сулау (дымқылдау) тәсілі, үрлеу тәсілі, бояуды шашырату арқылы сурет салу, үзіліссіз сызу, тамшы бояудан бейнеге келтіру, таяқшамен, саусақпен, қауырсынмен сурет салу тәсілдерін, қос бүктеп беттестіру арқылы симметриялы заттардың суретін салуға жаттықтырады. 
Балалардың қылқаламды еркін ұстап сызықты жіңішке, жуан, жалпақ түсіруге, бояуды қалыңдау жағу үшін қылқаламды көлбеу ұстап қаттырақ басу, сызықтың түрлеріне қарай бағытын өзгерту, қолдың қимыл қозғалысы мен көз мөлшерінің үйлесімділігін дамытады. 
Суреттің барлық бөлігін біркелкі бояу талабын ұштайды. Бояу түстерін тандап үйлесімді бере білуге дағдыландырады. Бейнелеу өнерінің мәнерлеу құралдарын меңгертіп, сурет салуға деген қызығушылығын арттыру көзделеді. 
Екінші сәбилер тобына арналған сурет салу сабағының үлгілері. 
Баланың жан–жақты дамуына әсер ететін басты тәрбие эстетикалық тәрбие беру. Оған сурет салу, жапсыру, құрастыру, мүсіндеу сабақтары арқылы бала өзін қоршаған туралы өз түсініктерін қалыптастырып, дамиды. Сондықтан да мектеп жасына дейінгі бала үшін бейнелеу өнерінің маңызы зор. Бұл балаға зор қуаныш сыйлап, жағымды көңіл–күй қалыптастыра отырып, шығармашылық қабілетінің дамуына зор ықпал етеді. Бейнелеу өнері сабақтары басқа сабақтармен тығыз қарым – қатынаста болуы керек. Мысалы: сурет сабағында дөңгелекке ұқсас заттарды салған кезде математика сабақтарында шеңбермен таныстыру, тіл дамыту сабақтарында доп туралы тақпақ жаттатқызу, мүсіндеу сабақтарында доптарды мүсіндеу ұсынылса, дөңгелек туралы түсініктері жақсы қалыптасады. Берілетін тақырыптар балаларды қызықтыратындай таныс болуы қажет. Бейнелеу өнері сабақтарының негізгі мақсаты – балалардың шығармашылығын арттыру болғандықтан, сабақта баланың белсенділігін, өз бетімен жұмыс істеуіне жағдай жасалғаны дұрыс. Сонда бала өз ойын сурет арқылы бере білуге, әр түрлі әдіс – тәсілдерді қолдана білу жолдарын игереді.

Кіші топтарда сәбилер суреттердің ашық түсті бояуларына қуанса, үлкен топтарда талап күшейе түседі. Олар «Гүлдің сабақтары мен жапырақтары салынды» – деп айтып қоймай, «Гүлдер ал қызыл, жапырақтары ұзыншақ–жасыл, Сурет салу іскерлік дағдыларын меңгерту балалардың заттық тақырыпта сурет салу дағдыларын бекітеді. Бірнеше заттарды бейнелеп мазмұнды сурет салуға, композиция құра білуге үйретеді. Бояу қарындаштар, акварель бояу мен қылқаламды пайдаланудың әдіс-тәсілдерін меңгертеді. Жағыс түрлері: сүйкей жағыс, қылкалам ұшын тік бағыттау, жоғарыдан төмен қарай, солдан оңға қарай біртіндеп жүйелі тегіс бояу, сулау (дымқылдау) тәсілі, үрлеу тәсілі, бояуды шашырату арқылы сурет салу, үзіліссіз сызу, тамшы бояудан бейнеге келтіру, таяқшамен, саусақпен, қауырсынмен сурет салу тәсілдерін, қос бүктеп беттестіру арқылы симметриялы заттардың суретін салуға жаттықтырады. Балалардың қылқаламды еркін ұстап сызықты жіңішке, жуан, жалпақ түсіруге, бояуды қалыңдау жағу үшін қылқаламды көлбеу ұстап қаттырақ басу, сызықтың түрлеріне қарай бағытын өзгерту, қолдың қимыл қозғалысы мен көз мөлшерінің үйлесімділігін дамытады. Суреттің барлық бөлігін біркелкі бояу талабын ұштайды. Бояу түстерін тандап үйлесімді бере білуге дағдыландырады. Бейнелеу өнерінің мәнерлеу құралдарын меңгертіп, сурет салуға деген қызығушылығын арттыру көзделеді.

Сабақ барысында жаңа технологияларды қолдану - баланың танымдық және шығармашылық қабілетін ұштай түседі. Заманауи технологиялар арқылы жан-жақты дамуына жол ашады. .Дәстүрден тыс сурет салу әдістері балалардың ұсақ қол қимылын дамытады, сондықтан оқу жылының басынан бастап – ақ оларды әр сабақта қолдану өте пайдалы. Баланың саусақтары бірден икемге көніп кетпейді, қылқаламмен дәл, нақты сызықты бірден түсіре алмайды. Ұсақ және дәл қимылды дамыту балаға тек өз ағзасын сенімді басқару үшін ғана керек емес. Қолдың ұсақ қимылы миды және оның бақылағыштық, талдаушылық, бұйырғыштық қабілетін дамытады.
  Мен өз тобымда дәтүрден тыс  жіппен, алақан, саусақ, бастыру тәсілдерін қолдандым. Осының ішінде «Алақанмен сурет салу әдісі» бейнелеудің тағы бір тамаша әдісі. Бұл әдіс гуашь, майлы бояудың қасиетін (қанықтық, жұмсақтық) сезінуге көмектеседі.  Балаларға алақан   әр түсті бояу жағу арқылы заттың суретін салу ұсынылады. Түстерді салатын  суретіміздің тақырыбына  сай алуымыз керек. Балалар  «Алтын күн»  тақырыбына пайдаланып сурет салған кезде, сары, қызғылт сары, қара түстерді пайдаландық. Бұл тәсілді қолданған кезде балалар өздерінің салған суреттеріне таңдана қарап, сурет салуға деген қызығушылықтары артты.

Тақырыбы:«Құммен сурет салу әдісі». Балаларға құммен сурет салу өте қызықты, қатты ұнады, ол көтеріңкі көңіл-күй сыйлайды. Мысалы: сен қандай сурет салдың? Балалар еркін тақырыпта салды. Осындай сабақтар арқылы балалардың іскерлік қабілеті дамып, эстетикалық талғамы артады, шығармашылығы дамиды. Балалардың қоршаған ортаға, табиғатқа зер сала қарап, түрлі құбылыстар мен бейнелерді қиялда елестету арқылы ойлау және сөйлеу әрекетін белсенділендіреді. Сурет сабағы«Тақырыбы: Әдемі көйлек» саусақпен салу. Бұл барлық жастағы балаларға ұнайтын қарапайым да оңай әдіс. Олар үлкен ынтамен салады. Балалар әуелі бір саусақпен, сосын бірнеше саусақпен сурет салып үйренеді. Түстері ажырата салады мысалы: қызыл, көк дегендей

Қорытынды:  Мектепке дейінгі түрлі жастағы  топтарда бейнелеу өнерінің өткізілуі  сабақтарда  балалар  шығармашылығын дамыту үшін  оқып  үйретудің сан- алуан  әдістері және ең  алдымен  балалар дербестігін,  белсенділігін, өмір құбылысын көркемдік тұрғысынан қабылдау әрқашанда дара, әрі таңдамалы. Оның негізіне  әсемдікке  эмоция  білдіру жатады. Бала әрқашанда табиғаттағы, заттық дүниедегі, өнердегі әсемдікке,адамдардың  мейірбан сезіміне   үн қосады.  Мұның   өзіне   сәбидің   басынан кешкен  қуанышының, талпынысының, толғанысының маңызы зор деп білеміз.








Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Дошкольное образование

Категория: Уроки

Целевая аудитория: Дошкольникам

Автор: Корпешова Шынар Тұрарқызы

Дата: 31.03.2017

Номер свидетельства: 405525

Похожие файлы

object(ArrayObject)#863 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(114) "Математика саба?ында о?ушыларды? шы?армашылы? ?абілетін дамыту "
    ["seo_title"] => string(71) "matiematika-sabag-ynda-ok-ushylardyn-shyg-armashylyk-k-abilietin-damytu"
    ["file_id"] => string(6) "185077"
    ["category_seo"] => string(10) "matematika"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1426145772"
  }
}
object(ArrayObject)#885 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(63) ""К?згі натюрморт" разработка урока "
    ["seo_title"] => string(34) "kuzghi-natiurmort-razrabotka-uroka"
    ["file_id"] => string(6) "161596"
    ["category_seo"] => string(3) "izo"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1422255237"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства