kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

"Бағдаршам" ұйымдастырылған оқу қызметі

Нажмите, чтобы узнать подробности

Балабақша балаларына арналған ұйымдастырылған оқу қызметі. Тәрбиешілерге арналған көмекші құрал.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«"Бағдаршам" ұйымдастырылған оқу қызметі»

Білім беру салалары: «Қатынас», «Шығармашылық», «Денсаулық», «Таным»,«Әлеуметтік орта»


Тақырыбы: «Бағдаршам»


Мақсаты: Балалардың бағдаршам туралы түсінігін қалыптастыра отырып,жолда жүру ережесімен таныстыру,көшелер туралы ұғымды кеңейту,көшедегі көліктердің қозғалысына көңіл аударту,үлкендердің еңбегімен таныстыру.


Әдіс-тәсілдері: Аралас сабақ, түсіндіру, әңгімелеу, сұрақ-жауап.

Көрнекі-құралдар: Бағдаршам макеті, көлік түрлері бейнеленген суреттер, цифрлар.


Іс-әрекет

кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Баланың іс-әрекеті


Мотивациялық

қозғаушылық


Балалар,қане орнымыздан тұрып шаттық шеңбер құрайық.


Шаттық шеңбері:


-Балалар, мен сендерге жұмбақ жасырайын:

Үш көзі бар қаз-қатар,

Кезек-кезек ашады.

Үшеуінен байқасам,

Үш түсті нұр шашады.


-Дұрыс айтасыңдар.

-Бағдаршам дегеніміз не?

Ол қандай қызмет атқарады?


Балалар орындарынан тұрып шаттық шеңберін құрады.




-Бағдаршам






-Көшедегі көліктерге кедергі жасамау үшін, жаяу жүргіншілер көшеде жүру тәртібін сақтау үшін қызмет етеді.

Ізденуші-

ұйымдастырушы






Мен сендерге «Қоян мен кірпінің» бастан кешкен оқиғасын айтып берейін.

«Қоян мен кірпі орманда өмір сүріпті. Екеуі дос болыпты. Бір күні қоян кірпіге қалаға баруды ұсынады. Сонымен екеуі қалаға келеді».

-Қалада олар биік-биік үйлерді, әдемі ғимараттарды, саябақтарды тамашалап және жолда зулап жүріп жатқан көліктерді көреді. Енді жолдың арғы бетіне өтейін десе, қалай өту керек екенін білмейді. Оларды байқап қалған бір бала жақындап келіп:

- Сәлеметсіңдер ме қоян, кірпі, сендер мүнда не істеп тұрсыңдар - деп, сұрайды.

- Біз жолдың арғы бетіне өте алмай тұрмыз – деп, қоян жауап береді.

- Олай болса мен сендерге көмектесейін – дейді, балақай.

Адамдар жолдан бағдаршамға қарап өтеді. Жол қиылысындағы бағдаршамның жанып, ауысып тұратын үш түсті көзі бар. Бірінші қызыл көзі жанғанда «тоқтап тұр» деген белгі береді. Сары түсі жанғанда «дайындал» деген белгі береді. Ал үшінші жасыл түсі жанғанда өтуге болады. Балақай бағдаршам макетін қолдана отырып, түсіндіреді.

-Сендер енді жол ережесін білетін болдыңдар. Жол ережесін мұқият сақтап жүрсеңдер ешқандай жол апаты болмайды – деп, түсіндірген балаға қоян мен кірпі алғыстарын білдіреді. Қоян мен кірпі балақаймен қоштасып, ормандағы үйлеріне қайтады.

-Балалар, бағдаршам жолдан өту тәртібін реттейді екен.

Сендер қандай жұмбақтар, тақпақтар білесіңдер?

Аруна:

Бір көзім «кідір» - дейді,

Бір көзім «жүгір» - дейді,

Бір көзім «абайла» - дейді,

Қарап ал маңайға - дейді.

Альтаир:

Қызыл көзін ашқанда,

Сынық сүйем баспа алға,

Сары көзін ашқанда,

Қарап қалма аспаға,

Жасыл көзін ашқанда,

Жүре бергін жасқанба!


-Бағдаршамның неше көзі бар?


Ал, енді кері санайық?

-Жарайсыңдар!


Алихан:

Қып-қызыл үш бұрыш,

Ескерту белгісі мен болам.

Мен берген белгіні сақтан


Медина:

Қызылмен боялған шеңбермін,

Тыйымшыл белгімін, қаталмын,

Мен тұрған жерлерде,

Қақың жоқ жүруге.


Сергіту сәті:

Кел, балалар тұрамыз,

Үлкен шеңбер құрамыз.

Қолды алға созамыз,

Отырып бір тұрамыз,

Құстай қанат қағамыз,

Орнымызды табамыз.


Ойын: «Бағдаршам»

Ойынның шарты: Бағдаршамның қызыл көзі жанғанда балалар түп-түзу тұрады, сары көзі жанғанда қол шапалақтайды, жасыл көзі жанғанда билейді.


Санамақ жаттау.

Бір дегенім – білім,

Екі дегенім – елім,

Үш дегенім – үміт

Жүрейік әрқашан күліп.


Топтық жұмыс.

Балалар үш топқа бөлініп бағдаршамды жапсырады. Қай топ жылдам әрі әдемі жапсырса, сол топ жеңіске жетеді.


Шаттық шеңбері:

Қызыл, сары, жасылмыз,

Достармыз біз бәріміз.

- Жарайсыңдар!

- Бүгін бізде достық жеңіске жетті.

Балалар, мен сендердің әрқашан тату дос болып жүрулеріңе тілектеспін.





Балалар оқиғаны көрініс арқылы көрсетеді.














































-Бағдаршам











Балалар хормен айтады.

(1, 2, 3)

(3, 2, 1)





-Ескерту белгісі





-Тыйым салу белгісі






Балалар қимыл-қозғалыс арқылы сергіту жаттығуын орындайды.





Балалар барлығы бірге ойын ойнайды.






Санамақты бірге қайталайды.





Балалар үш топқа бөлініп топтық жұмыс жасайды.






Рефлексивті-

коррекциялау

- Сонымен біз не білдік?


Жол жүрудің тәртібін,

Ережесін білеміз.

Сақтағанда қатерден,

Сау-саламат жүреміз.

Балалар, біз әрқашан жолда жүру тәртібін сақтауымыз керек екен.Сонда ғана әр түрлі қауіп-қатерден аман боламыз.


- Бағдаршам туралы білдік.





Күтілетін нәтиже:


Нені білу керек: Бағдаршамның қызметін, жолда жүру ережесін.


Нені игереді: Санамақ, тақпақтар жаттауды игереді.


Нені меңгереді: Қол моторикасы машықтанады, ойларын айта білуді үйренеді.


































Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Дошкольное образование

Категория: Уроки

Целевая аудитория: Дошкольникам

Скачать
"Бағдаршам" ұйымдастырылған оқу қызметі

Автор: Күндебаева Болғанай Аманқосовна

Дата: 29.11.2017

Номер свидетельства: 441323

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(139) "«Қыстың қызығы» ашық ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы"
    ["seo_title"] => string(80) "k_ystyn_k_yzyg_y_ashyk_u_iymdastyrylg_an_ok_u_k_yzmietinin_tiekhnologhiialyk_kar"
    ["file_id"] => string(6) "404345"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1490723646"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(44) "т?рбие са?аты  "Ба?даршам""
    ["seo_title"] => string(22) "trbiiesagatybagdarsham"
    ["file_id"] => string(6) "288216"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(11) "presentacii"
    ["date"] => string(10) "1454598407"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(155) "Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы.Тақырыбы: Жол торабы және біз."
    ["seo_title"] => string(80) "u_iymdastyrylg_an_ok_u_k_yzmietinin_tiekhnologhiialyk_kartasy_tak_yryby_zhol_tor"
    ["file_id"] => string(6) "469643"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1526363694"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(113) "«Менің досым- бағдаршам» І-сәбилер тобына арналған ашық сабақ"
    ["seo_title"] => string(60) "menin_dosym_bagdarsham_i_s_biler_tobyna_arnalgan_ashyk_sabak"
    ["file_id"] => string(6) "500485"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1550568210"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(50) "«Бағдаршам біздің досымыз»"
    ["seo_title"] => string(25) "bagdarsham_bizdin_dosymyz"
    ["file_id"] => string(6) "498079"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1549037810"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства