I. Шаттық шеңбері "Балауса" атты бақшаның Тәрбиелі балауса Алдыменен қонақпен Амандасып алады Сәлеметсіздер ме қонақтар! Сәлеметсіздер ме балалар! ̶ Балалар бізде бүгін жай сабақ емес, ерекше сабақ. Өйткені, біз сендермен өз қаламыз Екібастұзды аралап, саяхаттап қайтайық. Ал кеттік ендеше. ̶ Балалар, біз бір аялдамаға келдік. Ол қандай аялдама екен. ̶ Дұрыс, мұнда кімдер жұмыс істейді? ̶ Оларды атқаратын міндеттері қандай? Ал енді ары қарай кеттік ̶ Балалар қарандаршы тағы да бір аялдамаға келдік. Бұл қандай аялдама екен? ̶ Ия дұрыс. Мұнда кімдер жұмыс істейді? ̶ Дұрыс. Олар балаларға сабақ үйретеді. ̶ Жаяу жүргіншілер жолына жақындағанда жол сақшысы ( полиция) тоқтатады. ̶ Сәлеметсіңдер ме, балалар! ̶ Сендер қайда бара жатсыңдар ̶ Сендер неге тоқтап тұрсыңдар ̶ Бағдаршамның "жасыл"көзі жанғанын тосып тұрмыз ̶ Дұрыс,"қызыл"көзі жанғанда "тоқтаймыз" ̶ Сары жанғанда "дайындаламыз" ̶ Ой, сендер бәрін біледі екенсіңдер. ̶ Бағдаршамға нелер бағынады? ̶ Қандай көлік түрлерін білесіңдер? ̶ Сендер ақылды екенсіңдер. ̶ Жолдарың болсын! абайлап жүріңдер. ̶ Ал балалар ары қарай кеттік. ̶ Біз балабақша аялдамасына келдік. Өзіміздің балабақшамызға жеттік "Балауса" балабақшасына келдік. ̶ Жаңа балалар біз сендермен не көрдік? ̶ Ия бағдаршам көрдік. Қазір біз сендермен Ә. Табылдиевтің "Бағдаршам" өлеңін жаттаймыз. ̶ Бұл өлеңнің авторы ̶ Ә. Табылдиев портретін көрсету Бағдаршам ( traffic light) Менің атым̶ бағдаршам Кеудем толы жанған шам Қызыл көзім жанғанда Сақ болыңдар тоқтаңдар! Сары көзім жанғанда Сабырлылық сақтаңдар! Жасыл шамды көрсеңіз Бола береді өтсеңіз! Дидактикалық ойын: ̶Үнтаспадан көлік түрлерінің ( пойыздың гудогі, ұшақ дауысы, т.б. көліктердің) дыбыстарын естіп қандай көлік екенін айтады. Дидактикалық ойын: ̶ Кімге не керек? Сызықпен қос. мақсаты: балаларға мамандық түрлерін атап, олардың керекті құралдарын көрсету. Сабақты сұрақ-жауап арқылы қорытындылау. ̶ Біз сендермен саяхаттағанда жолда нелерді кездестірдік ? ̶ Біз бүгін сендермен қандай өлеңді жаттадық , ол не жайлы? Қортындылау ̶ Жолда ойнауға болмайды. ̶ Көліктерге тас лақтыруға болмайды. ̶ Жолда бір-біріңді итеруге болмайды. ̶ Көліктерге жармасуға болмайды. Балалармен бірге: Жол жүрудің тәртібін ережесін білеміз. Сақтанғанда қатерден сау-саламат жүреміз. |