kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Б дыбысы мен әрпі

Нажмите, чтобы узнать подробности

окушыларды б дыбысы мен арпи туралы тусиниктерин калыптастыру Турли созжумбактар шешкизу

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Б дыбысы мен әрпі»

Бекітемін: А.С. Шаиева

Күні:

Пәні: Дүниетану

Cабақтың тақырыбы: Үй жануарларының қысқы тіршілігі.

Сабақтың мақсаты: Оқушыларға үй жануарларының қысқы тіршілігі туралы әңгімелеу. Оларға қамқорлықпен қарауға тәрбиелеу. Оқушылардың ой- өрісін ,сөздік қорын молайту және дамыту.

Күтілетін нәтиже: Үй жануарларының қысқы тіршілігі туралы меңгереді.

Табиғатты сүюге, қорғауға үйренеді

Оқушылардың ой- өрісі ,сөздік қоры дамиды.

Пәнаралық байланыс: сауат ашу

Әдісі: сұрақ-жауап,түсіндіру

Түрі: аралас

Сабақтың көрнекілігі: мазмұнды және жеке суреттер.

Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру бөлімі.

Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.


ІІ.Өткенді қайталау.

Аңдардың қысқы тіршілігі туралы түсініктерін тексеру.

Не қайда қыстайды?Оқушылар жауабын тыңдау.


ІІІ.Жаңа сабақ.

Қыста үй жануарлары ауылдың маңайында жайылады.Адамдар оларды бағып,күтеді.Үй жануарларына арнайы жылы қора-жай дайындайды.Онда жем-шөп салатын ақыр және су құятын науалар қойылады.Оларға жем-шөп береді және суарады.Қора жайды желдетеді, тазалайды.Малдың қиын, жем-шөптің қалдығын сыртқа шығарады, науаны жуады.

Үй жануарларынан алынатын тағамдар мен өнімдер, оның адамға пайдасы туралы әңгімелету.

Сергіту сәті.

Адам үй жануарларын не үшін өсіретіндігі туралы оқушылар пікірін тыңдау.

Ойын «тез тап»

Үй жануарлар төлдерін тапқызу.

Сөздік жұмыс жүргізу:ферма, мал дәрігері.

Дәптермен жұмыс.

Үй жануарларын өзі жейтін азығымен сызық арқылы қосады.


ІV.Қорытынды.Мадақтау.

Мазмұнды сурет бойынша әңгіме құрату.

Оқушыларға ауылдағы тума-туыстарының үй жануарлары тіршілігі туралы әңгімелету.

Үй жануарларының қысқы күтімі туралы әңгімелету.

-Сабақ аяқталды!

Бекітемін: А.С. Шаиева

Күні:

Пәні: Дүниетану

Cабақтың тақырыбы: Адамдардың қысқы еңбегі.

Сабақтың мақсаты: Адамдардың қысқы еңбегінің ауылдағы және қаладағы түрлерімен таныстыру.Оқушыларды еңбекке баулуға жағдай жасау.Адам мен қоғам арасындағы байланысты ұғынуға мүмкіндік туғызу.

Күтілетін нәтиже: Адамдардың қысқы еңбегінің ауылдағы және қаладағы түрлерін меңгереді.

Адам мен қоғам арасындағы байланысты үйренеді

Оқушылардың ой- өрісі ,сөздік қоры дамиды.

Пәнаралық байланыс: сауат ашу

Әдісі: сұрақ-жауап,түсіндіру

Түрі: аралас

Сабақтың көрнекілігі: бейнелі картиналар, бақылау күнделігі.

Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру бөлімі.

Оқушылар назарын сабаққа аудару.


ІІ.Өткенді қайталау.

Үй жануарларының қысқы тіршілігі туралы білімдерін тиянақтау.


ІІІ.Жаңа сабақ.

-Адамдар күзде ауылды жерде қандай жұмыстармен айналысады?

-Күзде егіс аласында қандай жұмыстар жүргізеді?

Оқулықпен жұмыс.

Сурет бойынша қысқы еңбек түрлерін айту.

Қар тоқтату жайында әңгімелесу.

Қыста неге қар тоқтатады?

Қандай жерлерде қар көп болады?

Қарды қандай жерлерге үйеді?

Оқушылар жауабын тыңдап, талдау.

Сергіту сәті.

Қысқы жөндеу жұмыстары туралы әңгімелесу.

Техниканы қыста қайда жөндейді?

Дәптермен жұмыс.

Дәптерге қысқы еңбек туралы сурет салып, оған ат қою., оны дәлелдеу.Салған суретін, өз жеріндегі еңбек түрлерімен салыстыру.

Сөздік жұмысын жүргізу:қар тоқтату, жөндеу, қыс сөздерін пайдаланып, сөйлем құрау.

Сергіту сәті.

ІV.Қорытынды.Мадақтау.

Оқушылар сабақта алған ұғымдары бойынша қысқы еңбек түрлерін саралап айтады.

-Сабақ аяқталды!

Бекітемін: А.С. Шаиева

Күні:

Пәні: Дүниетану

Cабақтың тақырыбы: Сенің отбасың.

Сабақтың мақсаты: Оқушыларға отбасы туралы түсінігін қалыптастыру,отбасы мүшелерінің аттарын дұрыс әрі анық атауға үйрету, әр отбасының өзіндік ерекшелігі болатыны туралы ұғымдарын кеңейту, және отбасы мүшелерінің міндеттері мен өзара қарым қатынасы жайлы әңгімелеу арқылы түсіндіру. Ой-өрістерін, танымдық, шығармашылық, қабілеттерін дамыту.

Күтілетін нәтиже: Оқушылардың отбасы туралы түсінігі кеңейеді.

Отбасы мүшелерінің аттарын дұрыс әрі анық атауға үйренеді

Оқушылардың ой-өрістері, танымдық, шығармашылық, қабілеттері дамиды.

Пәнаралық байланыс: Дүниетану, музыка, ана тілі, бейнелеу өнері.

Әдісі: сұрақ-жауап,түсіндіру

Түрі: аралас

Сабақтың көрнекілігі: Көрнекі, көркем суреттер,үлестірмелі материалдар,бағалау фишкалары,прожектор.

Сабақ барысы.

І.Ұйымдастыру кезеңі.

а) Оқушыларды сабаққа даярлау

ә) Назарларын сабаққа аудару

“Қайырлы күн” деп айтамыз,

Түсте бірге қайтамыз.

Отбасының гүліміз.

Көңілді өтер күніміз. ( Қимылмен орындау.)

ІІ.Жаңа сабақ.

Отбасы.Сенің отбасың.

Топтастыру.

Атасы Анасы


Отбасы Әкесі


Әжесі Балалар

Суретпен жұмыс.

Менің атам

Жүзі жарқын, жаны ізгі

Жан бар ма екен атамдай,

Бірақ бала тәрізді

Тұрады әкем бата алмай

Мәнді және маңызды,

Толған ылғи ой басы,

Ертегі мен аңыздың

Таусылмайтын қоймасы.

Ой толғау.

«Өзіңнің отбасың туралы айтып бер»

Оқушылардың ойын талдау.

1.Сені кешке ұйықтатып, таңертең оятатын кім?

Отбасында сендерді қалай еркелетеді?

Менің әжем

Менің әжем ақ әжем,

Ұл мен қыздың бағы әжем

Ертегі айтып бер десең

Айтып берер тағы әжем.

Менің әжем, гүл әжем.

Алтын әжем, күн әжем

Апам үшін, мен үшін

Нағыз ана тілі- әжем

Менің әжем,нар әжем,

Көп жасаған кәрі әжем

Ауырғанда,

Мен үшін

Әр сүйгені дәрі әжем.

Оқулықпен жұмыс.

Отбасы Сенің Отбасың


Отбасы әр адамның шағын отаны.Отбасынды өсіп-өніп тәрбие алады. Біз жастаймыздан өзгелерге қамқор болуды, ата-ананы үлкендерді сыйлауды, жақсы көруді отбасынан үйренеміз. Бізге ең жақын ең қымбат жандар отбасында яғни бірге жанымызда болады. Отбасы ата –әженің ұрпағынан тарап, шағын мемлекетке айналады.

Менің есімім Маржан 1- сынып оқушысымын. Мен анама үйді жинауға көмектесемін.Менің оқуыма ағам мен ата-анам көмектеседі. Біз тату –тәтті отбасымыз .Менің киімдерім шкафта тұрады. Ал ойыншықтар бәрімізге ортақ.

Әр оқушы Маржанның жазғанына қарап өзін суреттеп айтады.

«Мен қолғабыс етемін» деген тақырыпта әңгімелесу.


Сергіту сәті.


Кел,санайық екеуміз.

Бас бармағым –атам.

Балаң үйрек-апам.

Ортан терек –ағам.

Шылдыр шүмек –мен.

Кішкене бөбек- сен.

Бір үйде біз нешеуміз?

Бір үйде бесеуміз

Дәптермен жұмыс

Дүниетану жұмыс дәптеріне өз отбасым менің туған үйім атты тақырыпта сурет салу.

Салған суреттерін талдау.

Қорытындылау:

1. Отбасы мүшелерін ата.

• 2. Өз үйіңдегі отбасы мүшелерінің міндеттері туралы айтып бер?

• 3. Отбасыңа қандай көмек көрсетесің?

• 4. Ата – анаң қайда жұмыс істейді?

Біз не білдік?

• Ата,әже –отбасы тірегі.Оларды сыйлау керек.

• Ата әже әке ана,ұл қыз –бәрін отбасы дейміз.

• Біздің кішкентай жүрегіміз бәрін жақсы көреді.

ІV.Қорытынды.Мадақтау.

Отбасы -әр адамның шағын отаны.

Отбасы шағын-мемлекет.






























Бекітемін: А.С. Шаиева

Күні:

Пәні: Дүниетану

Cабақтың тақырыбы: Қазақ халқының әдет-ғұрыптары

Сабақтың мақсаты: Қазақ халқының әдет-ғұрпымен таныстыру.Қазақстанда тұратын басқа халықтардың да әдет-ғұрпын сыйлауға тәрбиелеу.Оқушылардың дүниетанымын дамыту.

Күтілетін нәтиже: Оқушылар қазақ халқының әдет-ғұрпы туралы түсінігі кеңейеді.

Басқа халықтардың әдет-ғұрпын сыйлауға үйренеді

Оқушылардың дүниетанымы дамиды.

Пәнаралық байланыс: Дүниетану, музыка, ана тілі, бейнелеу өнері.

Әдісі: сұрақ-жауап,түсіндіру

Түрі: аралас

Сабақтың көрнекілігі: мазмұнды суреттер

Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру бөлімі.

Оқушылар назарын сабаққа аудару.

ІІ.Өткенді қайталау.

Жыл мезгілдерін айтқызу.

Өлі және тірі табиғат

Отбасы туралы не білесің?

Өз міндетің, құқығың қандай?

ІІІ.Жаңа сабақ.

1.Кіріспе: ән тыңдату. «Салт-дәстүр»

2.Күнтізбемен жұмыс.

3.Бейнетаспадан қысқаша әдет-ғұрып көрсету.

4.Слайд.

Әдет-ғұрып


Атқа мінгізу бесік той сүндет той тұсау кесу


5.Оқулықпен жұмыс.

А)Оқу, оқыту.

ә)Сөздікпен жұмыс.

Б)Сұрақ-жауап

6.Дәптермен жұмыс.

/өзбетіндік жұмыс/

*7. «Беске салу» көрініс /Ата-аналар/.

Сергіту сәті.

ІV.Қорытынды.Мадақтау.

  1. Әдет-ғұрып б/ша әңгімелету.

  2. Сұрақ-жауап.

  3. Оқушыларды мадақтау.

-Сабақ аяқталды!

Бекітемін: А.С. Шаиева

Күні:

Пәні: Дүниетану

Cабақтың тақырыбы: Менің үйім

Сабақтың мақсаты: Туған үйлері, бөлмелері, бөлмесінің тазалығы туралы түсінік беру.Тазалыққа , тиянақтылыққа тәрбиелеу.Отанын сүюге, өз үйін құрметтеге тәрбиелей, сөз қорын, ойын дамыту

Күтілетін нәтиже: Оқушылар туған үйлері, бөлмелері, бөлмесінің тазалығы туралы түсінігі кеңейеді.

Тазалыққа , тиянақтылыққа үйренеді

Оқушылардың сөздік қоры, дүниетанымы дамиды.

Пәнаралық байланыс: Дүниетану, музыка, ана тілі, бейнелеу өнері.

Әдісі: сұрақ-жауап,түсіндіру

Түрі: аралас

Сабақтың көрнекілігі: мазмұнды суреттер

Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру бөлімі.

Жақсы көңіл-күймен сабақ бастау.

ІІ.Өткенді қайталау.

Жыл мезгілдері.

Өлі, тірі табиғат.

Отбасы туралы әңгімелеу.

Әдет-ғұрыптар/әңгіме айту/

ІІІ.Жаңа сабақ.

1.Кіріспе

2.Күнтізбелік жұмыс.Ауа райын белгілеу.

Үйлер



Жер үй Көп қабатты үй

/суреті/ /суреті/


4.Мақал-мәтел айту.Мәнін ашу.

5.Мазмұнды сурет.Бөлмелердің суретін көрсету.

*6. «Менің бөлмем» әңгіме айту.

7.Оқулықпен жұмыс.

А)Оқу, оқыту.

ә)Сөздікпен жұмыс.

Б)Талдау- жинақтау.

8.Дәптермен жұмыс./өзбетіндік жұмыс/

9.Дидактикалық ойын: «үй жиһаздары»/жиһаз орналастыру/

Сергіту сәті.

ІV.Қорытынды.Мадақтау.

Сұрақ-жауап.

-Сабақ аяқталды!

Бекітемін: А.С. Шаиева

Күні:

Пәні: Дүниетану

Cабақтың тақырыбы: Үйде қауіпсіздік сақтау тәртібі

Сабақтың мақсаты: Оқушыларға үйдегі қауіпті заттармен, қауіпсіздік жағдайлармен таныстыру және олардан сақтана білуге үйрету. Отбасы қамқорлығымен қатар өз басын дұрыс ұстап жүруге тәрбиелеу. Оқушылардың адамгершілік қасиеттерінің дамуына жағдай жасау, сөздік қорын, ой- өрісін кеңейту.

Күтілетін нәтиже: Оқушылар үйдегі қауіпті заттармен, қауіпсіздік жағдайлар туралы түсінігі кеңейеді.

Тазалыққа , тиянақтылыққа үйренеді

Оқушылардың сөздік қоры, ой- өрісі дамиды.

Пәнаралық байланыс: ана тілі.

Әдісі: сұрақ-жауап,түсіндіру

Түрі: аралас

Сабақтың көрнекілігі: мазмұнды суреттер, жұмбақтар, 101, 102, 103,104 телефондары жазылған карточкалар.

Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру бөлімі.

Қызығушылығын ояту

Жұмбақтар шешу

Жүрген жерін жалмайды,

Тастан басқа қалмайды. (от)

Жай да үнсіз тұрады,

Біреу келсе тез жет деп,

Қоңырауын ұрады,

Дабыл қағып, безектеп. (телефон)

Тоққа тисе мұрты ұзын,

Табанымен жазық.

Киімдердің қыртысын,

Береді тез жазып. (үтік)

ІІ. Өткенді қайталау

Мекен жайларын сұрау

Өз бөлмелері туралы әңгімелеу

Үйде қандай жұмыстарды атқарасыңдар , т. б.?

ІІІ. Негізгі бөлім

Үйдегі қауіпті заттар


Шырпы


Үтік от

Газ ине

су

әйнек

тоқ

IV. Сергіту сәті

V. Оқулықпен жұмыс

- Мәтінді оқу

-Мазмұнын айтқызу

-Талдау жасату

VІ. Сөздік жұмысы

«Мен –біз», «менікі- біздікі» деген сөздерді қалай түсінесіңдер?

VII. Дәптермен жұмыс

Тыйым сөздермен жұмыс

Отпен, сумен ойнама.

Эссе «Қауіпті жағдай» өз ойларын еркін жеткізу

5 жолды өлең құрау

Кім? Не? Су, газ

Қандай? Сұйық, қатты, түссіз, улы

Не істеді? Ағады, ішеді, қатады. Жағады, уланады, жанады.

Сөйлем. Сусыз адамға тіршілік жоқ. Газге тамақ пісіріп жатыр.

Синоним. Сұйық. Отын.

VIII. Сабақты бекіту

ІХ. Қорытынды. Венн диаграммасы


Қауіпті Заттар Қауіпсіз



Х. Мадақтау


Үйге тапсырма: мәтінді түсініп оқу, қауіпті заттарға 2 мақал жазып, жаттап келу.



















Бекітемін: А.С. Шаиева

Күні:

Пәні: Дүниетану

Cабақтың тақырыбы: Көктемгі табиғат.

Сабақтың мақсаты: Оқушылардың көктем табиғаты туралы білімдерін кеңейту.Оларға экологиялық тәрбие беру.Өлі және тірі табиғат байланысы туралы білімдерін дамыту.

Күтілетін нәтиже: Оқушылар көктем табиғаты туралы түсінігі кеңейеді.

Тазалыққа , тиянақтылыққа үйренеді

Оқушылардың сөздік қоры, дүниетанымы дамиды.

Пәнаралық байланыс: Дүниетану, музыка, ана тілі, бейнелеу өнері.

Әдісі: сұрақ-жауап,түсіндіру

Түрі: аралас

Сабақтың көрнекілігі: мазмұнды суреттер

Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру бөлімі.

Амандасу,сыныптың назарын сабаққа аудару.

ІІ.Өткенді қайталау.

-неше жыл мезгілі болады?

-Әр жыл мезгілінің ерекшелігіне тоқталайық.

Жұмбақ шешу, шешуін дәлелдеу.

ІІІ.Жаңа сабақ.

Көктем туралы мазмұнды сурет бойынша жұмыс.Суретті қарап ондағы көріністер бойынша әңгімелеу.

-Бұл жылдың қай мезгілі?

Неге олай ойлайсыздар?

-Көктемде ауа райы қалай өзгереді?

-Қар қандай өзгеріске түсті?

-Қандай жерлердің қары тез ериді?

-Неге?

-Көктемде қандай жауын-шашын түрлері түседі?

Сергіту сәті.

Оқулықпен жұмыс.

Суреттер бойынша жыл мезгілдерін анықтау.Суреттегі бейнеленген көріністі талдау.

Мәтінді оқып, сұрақ-жауап жұмысы.

Ойын. «Кім есте жақсы сақтайды?»

Сыныпты топқа бөліп, бір оқушы көктемге байланысты сөз айтып,келесі оқушы жалғастырып сөз айтады.Мысалы:көктем

Көктемде күн

Көктемде күн жылы т.с.с.

ІV.Қорытынды.Мадақтау.

Оқушыларды алған түсініктері бойынша еркін сөйлету.

«Көктем» өлеңін жаттату.

Бекітемін: А.С. Шаиева

Күні:

Пәні: Дүниетану

Cабақтың тақырыбы: Өсімдіктердің көктемгі тіршілігі.

Сабақтың мақсаты: Көктемгі өсімдіктер тіршілігінің өзгерісімен таныстыру.Оқушыларға экологиялық тәрбие беру.Тірі табиғат пен өлі табиғат арасындағы байланысты түсіндіру арқылы оқушылардың дүниетанымын дамыту.

Күтілетін нәтиже: Оқушылар көктемгі өсімдіктер тіршілігінің өзгерісін меңгереді

Тазалыққа , тиянақтылыққа үйренеді

Оқушылардың сөздік қоры, дүниетанымы дамиды.

Пәнаралық байланыс: Дүниетану, музыка, ана тілі, бейнелеу өнері.

Әдісі: сұрақ-жауап,түсіндіру

Түрі: аралас

Сабақтың көрнекілігі: суреттер, дидактикалық материал.

Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру бөлімі.

Психологиялық тренинг арқылы сабаққа назарларын аудару.

ІІ.Өткенді қайталау.

1.Жыл мезгілдерін атау.Әңгімелеу.

2. «Көктем» өлеңін жатқа айту.

3.Өлі, тір табиғатты әңгімелету.

ІІІ.Жаңа сабақ.

1.Кіріспе.

2.Күнтізбемен жұмыс.

3.Суретпен жұмыс.

А)Ағаштарды атату.

ә)Қылқан жапырақты ағаш.

Б) «Қыстағы ағаш» әңгімелету.

4.Оқулықпен жұмыс.

А)Оқу, оқыту.

ә)Сөздікпен жұмыс

б)Талдау, жинақтау.

Ойын: «Өсімдіктерді топқа бөл»

-Қандай ерте гүлдейтін өсімдіктер бар?

Сергіту сәті.

5.Дәптермен жұмыс.

Бұтаның суретін салу.

ІV.Қорытынды.Мадақтау.

Тірек сөздер арқылы сөздік жұмысы.

Сұрақ-жауап.Оқушыларды мадақтау.

-Сабақ аяқталды!



Бекітемін: А.С. Шаиева

Күні:

Пәні: Дүниетану

Cабақтың тақырыбы: Бунақденелілердің көктемгі тіршілігі.

Сабақтың мақсаты: Оқушыларға бунақденелілердің көктемгі тіршілігінде болған өзгерісті түсіндіру.Табиғатты сүюге, қорғауға,экологиялық тәрбие беру.Оқушыларға табиғат туралы айта отырып, дүниетанымын дамыту.

Күтілетін нәтиже: Оқушылар бунақденелілердің көктемгі тіршілігінде болатын өзгерістері туралы түсінігі кеңейеді.

Табиғатты сүюге, қорғауға үйренеді

Оқушылардың сөздік қоры, дүниетанымы дамиды.

Пәнаралық байланыс: дүниетану, музыка, ана тілі, бейнелеу өнері.

Әдісі: сұрақ-жауап,түсіндіру

Түрі: аралас

Сабақтың көрнекілігі: мазмұнды суреттер

Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру бөлімі.

Оқушылар зейінін сабаққа аудару.

ІІ.Өткенді қайталау.

-Көктем басталғанда ауа райы қалай өзгереді?

-Өлі табиғаттан қандай өзгерісті байқадың?

-Ерте гүлдейтін қандай өсімдікті білесің?

Сергіту сәті.

ІІІ.Жаңа сабақ.

-Қандай бунақденелілерді білесің?

-Суреттен өзің білетін бунақденелілерді көрсет

-Қазір қандай бунақденелілер көзге түседі?

Оларды қай жерден байқадың?

Сергіту сәті.

Мәлімет беру:

-Қар еріп кеткеннен кейін өсімдіктерге ұшып-қонып жүрген көбелектерді көресің.Күн көзі жерді жылыта бастағанда құмырсқалар да илеуінің есігін ашып сыртқа шыға бастайды.Осылардан кейін барып шыбын, маса, ара, бал арасы шыға бастайды.

-Күзде құстар неге жылы жаққа ұшып кетеді?

-Енді олар неге келе бастайды?

Оқулықпен жұмыс

Берілген суреттер, сұрақтар мен тапсырмалар бойынша жұмыс.Суреттегі бунақденелілерді атау.Өздері білетіндері тіршілігі жайында айту.

Дәптермен жұмыс

Бунақденелілердің суретін салу.

Оқушылардың өз жерлерінде кездесетін бунақденелілердің тіршілігінің жыл мезгіліне қарай өзгерісі жайында айтуы.

ІV.Қорытынды.Мадақтау.

Оқушылар көктемгі тіршілігінде болған өзгеріс жайындағы түсініктерін тұжырымдайды.

Бекітемін: А.С. Шаиева

Күні:

Пәні: Дүниетану

Cабақтың тақырыбы: Жабайы аңдардың көктемгі тіршілігі.

Сабақтың мақсаты: Көктемгі жабайы аңдар тіршілігінің өзгерісін түсіндіру.Оқушыларға жабайы аңдарды қорғауға тәрбиелеу.Жабайы аңдартіршілігінде болған өзгерістердің өлі табиғатпен байланысын түсіндіру арқылы оқушылардың дүниетанымын дамыту.

Күтілетін нәтиже: Оқушылар көктемгі жабайы аңдар тіршілігінің өзгерістері туралы түсінігі кеңейеді.

Жабайы аңдарды қорғауға үйренеді

Оқушылардың сөздік қоры, дүниетанымы дамиды.

Пәнаралық байланыс: дүниетану, музыка, ана тілі, бейнелеу өнері.

Әдісі: сұрақ-жауап,түсіндіру

Түрі: аралас

Сабақтың көрнекілігі: «Жабайы аңдар» кестесі,жабайы аңдардың тіршілігін көрсететін бейнетаспа

Сабақтың барысы:


І.Ұйымдастыру бөлімі.

Оқушылар назарын сабаққа аудару.


ІІ.Өткенді қайталау.

Бұрын алған білімдерін қайталау.

-Көктемде қайтып келетін құстарды қалай атайды?

-Құстардың көктемгі тіршілігі туралы не білесің?


ІІІ.Жаңа сабақ.

Сурет бойынша көктемгі жабайы аңдар тіршілігіндегі өзгеріс жайында айту.

Оқулықпен жұмыс.

Оқулықмағы мәтінді оқып, оның мазмұны бойынша әңгімелесу.

-Аю баласын қай кезде туады?

-Қоянның баласы қандай болып туады?

-Қоянның балаларын күтуде басқа аңдардан қандай айырмасы бар?

-Тиіннің балары қандай болып туады?

«Жаутаң қай аңның баласы?»деген сияқты сұрақтарды беру арқылы оқушыларды аңдар балаларының атын еске сақтауға жаттықтыру.Жаутаң-түлкінің баласы.Түлкінің баласын тағы түлкішек, мыршай деп те атайды.

Арыстанның баласы-абдан,барыстың баласы-алан,бұғының баласы-бұғышақ,қасқырдың баласы-бөлтірік,еліктің баласы-еңлік,жолбарыстың баласы-шөнжік,құндыздың баласы-қодыға.

Сергіту сәті.

Дәптермен жмыс

Аңдардың балаларының суретін салу.

Ойын «дұрыс тап»

Үй жануарлары мен жабайы аңдарды топтастыру.


ІV.Қорытынды.Мадақтау.

Оқушылар аңдардың көктемде балалайтыны, олардың ұрпақ өргізіп,балаларын күтумен айналысатыны, оларды жаудан қорғауға әрекет ететіні жайында әңгімелейді.

-Сабақ аяқталды!







































Бекітемін: А.С. Шаиева

Күні:

Пәні: Дүниетану

Cабақтың тақырыбы: Құстардың көктемгі тіршілігі.

Сабақтың мақсаты: Көктемде құстар тіршілігінде болатын өзгерістерді ұғындыру арқылы өлі табиғатта болған өзгерістің тірі табиғатқа тигізетін әсерін ұғындыру. Дүниенің біртұтастығын түсінуге жағдай жасау.Табиғатты аялауға тәрбиелеу.

Күтілетін нәтиже: Оқушылар көктемгі құстар тіршілігінің өзгерістері туралы түсінігі кеңейеді.

Табиғатты аялауға үйренеді

Оқушылардың сөздік қоры, дүниетанымы дамиды.

Пәнаралық байланыс: дүниетану, музыка, ана тілі, бейнелеу өнері.

Әдісі: сұрақ-жауап,түсіндіру

Түрі: аралас

Сабақтың көрнекілігі: «Көктемгі құстар» суреті.


Сабақтың барысы:


І.Ұйымдастыру бөлімі.

Оқушылар зейінін сабаққа аудару.


ІІ.Өткенді қайталау.

Жабайы аңдардың көктемгі тіршілігі туралы түсініктерін қайталау.


ІІІ.Жаңа сабақ.

1.Жағдаят шешу.

-Құстар түгел жойылып кетсе, өсімдіктермен не болады?

-Біздің өлкеден ұшып кеткен құстар қалай аталады?

2.Л.Конның құстар жайлы мәтіні оқылады.

Сергіту сәті

Адамдар көктемде жыл құстары үшін ұялар жасайды.Жылы жақтан ұшып келген құстар кішкентай «үйлерге» орналасып, ұя салып , балапандарын шығарады.

Құстар шалғай жерлерден ұшып келеді.

Құстар ұя салып, балапан шығарып, оларды құрт, қоңыз, көбелектермен қоректендіреді.

3.Оқулықпен жұмыс.

А)Оқулықтағы мәтінді оқыту.

ә)Оқылған мәтін бойынша әңгіме жүргізу.б)Құстардың суреттерін салыстырып, олардың ішінен жыл құстарын тапқызу.

Торғай, ұзынқанат қарлығаш,қарға, қараторғай, аққу, сауысқан, т.б.

-Көктемде құстар ұрпақ қамына кіріседі.Олардың жаулары көп.Әсіресе үлкен қауіп адамдардан келеді.

Құстардың ұясын неге бұзуға болмайды?Адамдар құстарға қандай қамқорлық жасайды?

4. «Ұсқынсыз үйрек» ертегісі еске түсіріледі.

-Ұсқынсыз үйректі құстар қалай қарсы алды?

-Үйректің түрі ұсқынсыз болғандықтан оны ешқандай құс маңдарына жолатпай қуды.

-Ертегі қалай аяқталды?

Үйрек басынан қаншама қиындықтарды өткізіп, соңында керемет құсқа айналды.

5.Дәптермен жұмыс.

Ертегінің мазмұны бойынша сурет салады.


ІV.Қорытынды.Мадақтау.

  • «Құстар біздің досымыз» деп неге айтамыз?

  • Құстардың пайдасын айтыңыз.

  • Құстар қандай зиян келтіреді?

  • Құстарды қорғау не үшін керек?

Оқушылар жауабы тыңдалып, талданады.




























Бекітемін: А.С. Шаиева

Күні:

Пәні: Дүниетану

Cабақтың тақырыбы: Үй құстарының көктемгі тіршілігі

Сабақтың мақсаты: Оқушылардың өмір тәрбиесіне сүйеніп, үй құстарының көктемгі тіршілігі жайында ұғым беру.Құстарды қорғауға, жалпы экологиялық тәрбие беру.Сөздік қорын, ойлау қабілетін, дүниетанымын дамыту.

Күтілетін нәтиже: Оқушылар көктемгі үй құстарының тіршілігінің өзгерістері туралы түсінігі кеңейеді.

Құстарды қорғауға үйренеді

Оқушылардың сөздік қоры, дүниетанымы дамиды.

Пәнаралық байланыс: музыка, ана тілі, бейнелеу өнері.

Әдісі: сұрақ-жауап,түсіндіру

Түрі: аралас

Сабақтың көрнекілігі: үй құстарының суреті.


Сабақтың барысы:


І.Ұйымдастыру бөлімі.

Оқушылар назарын сабаққа аудару.


ІІ.Өткенді қайталау.

Қазір қай мезгілі?

Жылы жақтан ұшып келетін құстарды қалай атаймыз?

Қандай құстарды үй құсы дейміз?

Неге оларды үй құсы дейміз?

Сергіту сәті


ІІІ.Жаңа сабақ.

Жұмбақ шешу,шешуін дәлелдеу.(әтеш)

Адамдар үй құстарын қалай бағады?

Үй құстары не жейді?

Адамға үй құстарының қандай пайдасы бар?

Оқулықпен жұмыс

Суретке қарап, әңгімелеу.

Әңгімені оқу, оқыту.Сұрақ-жауап, түсінгенін айту.

Сергіту сәті.

Жұмбақ

Айналада ақ отау,

Аузы, мұрны жоқ отау.

/жұмыртқа/

Жұмбақ шешуін дәлелдеу.

Құстардың баласын не дейді?

Құстар мен олардың балапанын атап, бояймыз./бояу/

Мына суретте нені шатастырған? Әр құстың балапанына сызықпен байланыстырып қою.

ІV.Қорытынды.Мадақтау.

Оқушылар үй құстарының көктемгі тіршілігі жөнінде, оның балапандары туралы әңгімелейді.

-Сабақ аяқталды!








































Бекітемін: А.С. Шаиева

Күні:

Пәні: Дүниетану

Cабақтың тақырыбы: Үй жануарларының көктемгі тіршілігі.

Сабақтың мақсаты: Көктемгі ауа райының жалпы табиғаттың өзгерісіне байланысты үй жануарларының тіршілігінде болатын өзгерістер жайында түсінік беру.Оқушыларды еңбекқорлыққа,мұқияттылыққа,табиғатты сүюге тәрбиелеу.Өлі,тірі табиғаттың байланысын түсіндіріп, оқушылардың дүниетанымын дамыту.

Күтілетін нәтиже: Оқушылар көктемгі үй жануарларының тіршілігінің өзгерістері туралы түсінігі кеңейеді.

Еңбекқорлыққа,мұқияттылыққа,табиғатты сүюге үйренеді

Оқушылардың сөздік қоры, дүниетанымы дамиды.

Пәнаралық байланыс: дүниетану, музыка, ана тілі, бейнелеу өнері.

Әдісі: сұрақ-жауап,түсіндіру

Түрі: аралас

Сабақтың көрнекілігі: үй жануарларының суреті,мазмұнды сурет.

Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру бөлімі.

Сыныпты түгендеу,сабаққа назар аудару.


ІІ.Өткенді қайталау.

Көктемде жабайы аңдар тіршілігінде қандай өзгерістер болады?

Көктемде үй жануарлары тіршілігінен қандай өзгерістер байқадыңдар?

Сергіту сәті


ІІІ.Жаңа сабақ.

Жұмбақ шешу, шешуін дәлелдеу.

Көктемде күннің жылуына байланысты қар ериді.Жылы жаңбыр жауады.Көк шығады.Ағаштар бүршік жарады.Осының бәрі жануарлар үшін қоректің көбеюіне жағдай жасайды.


Сергіту сәті.


Оқулықпен жұмыс.

Суреттер, сұрақтар мен тапсырмалар бойынша жұмыс.

-Әр үй жануарларының төлдерін ата.


Дәптермен жұмыс.

Өздері білетін төлдердің суретін салу.


Логикалық сәт

Тақтаға жануарлардың аттары жазылады: көгершін, қасқыр, аю, кірпі, т.б.Топқа бөл, әр топты атау тапсырылады.

Суретке қарап, үй жануарларының төлдерін атау.Өздері білетіндерінің күтімі, тіршілігі жайында әңгімелеу.


ІV.Қорытынды.Мадақтау.

Оқушылар осы тақырып бойынша алған түсініктерін айтады.

-Сабақ аяқталды!








































Бекітемін: А.С. Шаиева

Күні:

Пәні: Дүниетану

Cабақтың тақырыбы: Көктемгі адам еңбегі.

Сабақтың мақсаты: Табиғаттың өзгерісіне байланысты көктемде адам еңбегінің өзгерісін түсіндіру. Оқушыларды еңбекқорлыққа тәрбиелеу.Оқушылардың еңбек туралы көзқарасын дамыту.

Күтілетін нәтиже: Оқушылар көктемгі адам еңбегінің өзгерістері туралы түсінігі кеңейеді.

Еңбекқорлыққа,мұқияттылыққа,табиғатты сүюге үйренеді

Оқушылардың еңбек туралы көзқарасы дамиды.

Пәнаралық байланыс: дүниетану, музыка, ана тілі, бейнелеу өнері.

Әдісі: сұрақ-жауап,түсіндіру

Түрі: аралас

Сабақтың көрнекілігі: дидактикалық материал, мазмұнды сурет.

Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру бөлімі.

Сыныпты түгендеу,сабаққа назар аудару.

ІІ.Өткенді қайталау.

Көктемгі табиғат өзгерісін айт.

Өсімдіктердің көктемгі өзгерісі туралы не білесің?

Үй жануарларының көктемгі тіршілігі туралы айт.Өз үйіңде қандай жануарлар бар?

Олардың тіршілігінен не байқадың?

Олардың көктемгі күтімі жөнінде не айтасың?

Сергіту сәті

ІІІ.Жаңа сабақ.

Жұмбақ шешу, шешуін дәләлдеу.

Сурет бойынша жұмыс.Әр партаға топшамалар таратып беріп, сол бойынша оқушыларды сөйлету.

Оқулықпен жұмыс.

Оқу, оқыту.Мазмұнын айтқызу.

Сергіту сәті.

Дәптермен жұмыс.

Суреттер, сұрақтар мен тапсырмалар бойынша жұмыс жасау.

Логикалық сәт.

Мыналардың ұқсас белгілерін ата:шырша-қарағай,қайың-жөке,түймедағы-қалампыр гүлі, т.б.

ІV.Қорытынды.Мадақтау.

Оқушылар адам еңбегінің қалада, ауылда қалай өзгеретінін айтады.Оның себебін дәлелдейді.

-Сабақ аяқталды!





Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Дошкольное образование

Категория: Уроки

Целевая аудитория: Дошкольникам

Скачать
Б дыбысы мен әрпі

Автор: Гайнединова Лариса Гумаровна

Дата: 04.02.2017

Номер свидетельства: 387743

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(55) "Саба? жоспары: ? дыбысы мен ?рпі"
    ["seo_title"] => string(32) "sabak-zhospary-g-dybysy-mien-rpi"
    ["file_id"] => string(6) "271995"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1451883898"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(55) "Саба? жоспары: ? дыбысы мен ?рпі"
    ["seo_title"] => string(34) "sabak-zhospary-g-dybysy-mien-rpi-1"
    ["file_id"] => string(6) "271996"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1451883906"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(34) "О о дыбысы мен әрпі"
    ["seo_title"] => string(19) "o_o_dybysy_mien_rpi"
    ["file_id"] => string(6) "390809"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "planirovanie"
    ["date"] => string(10) "1486889542"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(31) "?? дыбысы мен ?рпі."
    ["seo_title"] => string(15) "oodybysymienrpi"
    ["file_id"] => string(6) "260776"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1449001364"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(32) ""?? дыбысы мен ?рпі""
    ["seo_title"] => string(18) "uu-dybysy-mien-rpi"
    ["file_id"] => string(6) "307134"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1458275934"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства