kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

"Азық-түлік өнімдері"

Нажмите, чтобы узнать подробности

Занятие было  проведено в центре оказания специальных социальных услуг № 4 города Тараза. Основной целью данного занятия является расширение знаний и представлений детей о продуктах питания, развитие понимания обращенной речи. Была проведена игра "Съедобное-несъедобное", пальчиковая гимнастика, ребята учились готовить фруктовый салат. 

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«"Азық-түлік өнімдері"»

Бөлімі: Тіл дамыту

Сабақтың тақырыбы: Азық-түлік өнімдері.

Мақсаты: Т-б.м.: азық-түлік өнімдері туралы білімдерін кеңейту, жемісті салат жасауды үйрету;

Т-д.м.: балалардың зейін, есте сақтау, логикалық ойлау қабілеттерін дамыту, сөздік қорларын байыту, сөз түсінуін дамыту, тактилды қимылын және ұсақ моторикасын дамыту;

Т-т.м.: Тағамды қадірлеуге, ұқыпты ұстауға тәрбиелеу.

Әдіс-тәсілдері: көрсету, түсіндіру, сұрақ-жауап, ойын, практикалық.


Құрал-жабдықтар: тақырып бойынша суреттер, карточкалар, лото «Жемістер мен көкөністер», резеңке доптар (бала саны бойынша), азық-түлік өнімдері, майлық қағаз, түрлі ыдыстар.

Ұйымдастыру кезеңі. Сәлемдесу.

Сабақ барысы:

-Сәлеметсіздер ме, балалар мен қонақтар!

Балалар шаттық шеңберіне тұрып, қимылмен қайталайды.

Шаттық шеңбер:

Біз ерекше баламыз,

Айтқан тілді аламыз.

Достарымды көргенде,

Қуана қарсы аламыз.

Сәлем бердік, алтын күн,

Сәлем бердік, ашық аспан.

Сәлем бердік, жер-ана,

Сәлем бердік, баршаға!


-Балалар, біз бүгінгі сабақта не жайлы сөйлесетіңімізді білесіңдер ме? (жоқ)

-Олай болса, сендерге жұмбақ жасырайын. (презентациямен жұмыс)


Жұмбақ жасыру (балалар үстелдегі шынайы азық-түлік өнімдерді көрсетеді ).

Үсті тас, асты тас,

Ортасында піскен ас. (Нан)


-Жұмбақтың жауабы не?

-Дұрыс, нан. Нан - өте қасиетті қастерлі тағам.


Есiгi жоқ,
Тесiгi жоқ,
Ақ доптың iшiнде,
Несiбi көп. (Жұмыртқа)

-Кәне, Нұрахмет, жұмыртқаны көрсет. Жарайсың!


Өзі аппақ қардай,
Шайға салсаң балдай. (Қант)

-Кәне, Манас, қантты көрсет. (ым арқылы көрсетеді)


Сұйық еді аппақ,

Бауырдай боп қатыпты,

Ішсең дәмі тәтті-ақ. (Айран)

- Азат, жауабы не?

-Айранның дәмі қандай болады?


Көктемде
Ақ гүлге оранады,
Күзде
Қолға доп боп оралады. (Алма)


Бұйра тұлымы,
Желмен ойнайды.
Қызыл мұрыны,
Жерге бойлайды. (Сәбiз)


Ол тәтті болады,

Әр бала қызығады. (Кәмпит)


-Балалар, қалай ойлайсыңдар, бүгін біз не туралы айтамыз?

-Дұрыс, азық-түлік өнімдері туралы айтатын боламыз.


 Азық – түліктердің түрлері жайында әңгіме.

-Біз азық-түліктерді бірнеше топқа бөле аламыз. Мысалы:

-Сүтті тағамдарға нелер жатады?

-Сүтті тағамдарға сүт, айран, қаймақ, май, ірімшік және т.б жатады.

-Етті тағамдарға ет, шұжық, тұшпара және т.б жатады.

-Ұнды тағамдарға нан, макарон, печенье, бәліш, бауырсақ жатады.

-Балалар, азық-түлік өнімдерді қайдан сатып алуға болады?

-Дұрыс, азық-түлік өнімдерді дүкеннен, базардан сатып алуға болады.

-Ал, азық-түлік өнімдерді сататын адам қалай аталады?

-Дұрыс, «сатушы» деп аталады.


«Жеуге болады-жеуге болмайды» атты дидактикалық ойыны (доппен ойын ойнау).

Педагог әр балаға допты лақтырып, түрлі заттарды атайды. Егер айтылған зат жеуге жарамды болса, балалар «оны жеуге болады» - деп, жауап береді, егер жеуге жарамсыз болса – «оны жеуге болмайды» - деп, жауап береді.


Сүт

Нан

Кітап

Қарбыз

Ірімшік

Орындық

Қияр

Қант

Шаш

Асқабақ

Балық

Ет

Саусақ жаттығуы «Апам бір күні дүкеннен келіпті» (саусақтарды резеңке доппен ұқалау).

Апам бір күні дүкеннен келді,

Апам дүкеннен үйге әкелді

Сәбізді, картопты, пиязды,

Қызылша, қызанақты, қиярды.

Алма мен өрікті,

Қияр мен етті,

Сүтті, ірімшікті,

Шай мен балықты.


Лото «Жемістер мен көкөністер».

-Балалар, қараңдаршы, үстел үстінде түрлі жемістер мен көкөністердің бейнелері бар. Кәне, оларды атап, көрсетейік. (Содан соң педагог балаларға түрлі жемістер мен көкөністерді арнайы карточкаларға жапсыруға ұсыныс береді).

- Нұрахмет, асқабақты көрсет.

-Назлы, мынау не? (Дұрыс, мынау картоп)

-Азат, мынау не? (Дұрыс, мынау банан)

- Манас, маған алмұртты көрсет.

-Жарайсыңдар, балалар!


Балалармен салат жасау (балаларға жемісті салат жасаудын алгоритмі көрсетіледі).

-Балалар, қазір сендермен салат жасауды үйренеміз. Салат жасау үшін бізге түрлі азық-түлік өнімдері қажет болады.

-Салаттың құрамында қандай заттар бар, көрейік.

Құрамы:

  • 2 банан

  • 1 алмұрт

  • 2-3 киви

  • 2 алма

  • 2 мандарин

  • 200 г жұмсақ печенье

  • 1 ас қасық қант

  • йогурт
    -Балалар, тамақ дайындау алдында қолдарымызды антисептикпен өңдеп, үстімізге алжапқыш, арнайы қолғап киеміз.
    Дайындау әдісі:

-Банан, алма, киви, алмұрт, мандарин тілімдерін араластырамыз. Жұмсақ печеньені ұсақ бөліктерге сындырып, жемістерге қосайық. Жемістер мен печеньені йогуртпен және қантпен араластырайық. Енді салаттың дәмін көруге болады! Ас дәмді болсын!

Тақпақ айту.

Назлы:

Нан – өте жақсы ас,
Жеймін оны жасыңнан.
Дастарханнан нан кетсе,
Береке кетер асыңнан.


-Балалар, халқымыз «қоныс көркі – там, дастархан көркі – нан» - дейді.

-Нанды бір қолмен үзуге бола ма?

-Дұрыс, нанды бір қолмен үзуге болмайды.

-Нанды төңкеріп қоюға болмайды.
- Нанды жерге тастауға бола ма?

- Жоқ, нанды аяқ астына тастауға болмайды.

- Нанды сатып алғанда таза дорбаға саламыз.


Қорытындылау.

-Бүгінгі сабақта не істедік? Не туралы айттық? Азық-түлік өнімдерге нелер жатады?

-Жарайсыңдар!

Кәне, кәне тұрайық.

Үлкен шеңбер құрайық.

Тұрсақ егер шеңберге,

Алақанды ұрайық.

Сол жақтағы балаға,

Оң жақтағы балаға.

Шапалақта, шапалақ,

Шапалақта, шапалақ.




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Дошкольное образование

Категория: Уроки

Целевая аудитория: Дошкольникам.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
"Азық-түлік өнімдері"

Автор: Хузиахметова Нурия Абдулбариевна

Дата: 15.04.2022

Номер свидетельства: 604899

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(83) "?аза? хал?ыны? ?лтты? киімдеріні? т?рбиелік м?ні "
    ["seo_title"] => string(54) "k-azak-khalk-ynyn-u-lttyk-kiimdierinin-t-rbiielik-m-ni"
    ["file_id"] => string(6) "198412"
    ["category_seo"] => string(3) "izo"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1428405117"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(70) "Ашы? саба?: ?аза? хал?ыны? ?лтты? киімдері"
    ["seo_title"] => string(39) "ashyksabakkazakkhalkynynulttykkiimdieri"
    ["file_id"] => string(6) "316661"
    ["category_seo"] => string(12) "tehnologiyad"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1460133181"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(53) "?аза?  хал?ыны?  ?лтты? киімдері"
    ["seo_title"] => string(35) "k-azak-khalk-ynyn-u-lttyk-kiimdieri"
    ["file_id"] => string(6) "264283"
    ["category_seo"] => string(3) "izo"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1449679000"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(131) "Конспект урока казахского языка в 7 классе "?аза? хал?ыны? ?лтты? киімдері""
    ["seo_title"] => string(83) "konspiekt-uroka-kazakhskogho-iazyka-v-7-klassie-k-azak-khalk-ynyn-u-lttyk-kiimdieri"
    ["file_id"] => string(6) "290834"
    ["category_seo"] => string(7) "prochee"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1455027250"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(57) "Қазақ халқының ұлттық киімдері"
    ["seo_title"] => string(35) "k_azak_khalk_ynyn_u_lttyk_kiimdieri"
    ["file_id"] => string(6) "350270"
    ["category_seo"] => string(12) "tehnologiyad"
    ["subcategory_seo"] => string(11) "presentacii"
    ["date"] => string(10) "1476804560"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства