kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Астанаға саяхат

Нажмите, чтобы узнать подробности

Мектепалды даярлық тобы

Білім беру саласы: «Коммуникация», «Шығармашылық»,«Таным»,«Денсаулық», «Әлеуметтік орта»

Ұйымдастырылған оқу қызметінің түрі:Сөйлеуді дамыту,Сурет салу,Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру,Көркем әдебиет,Дене шынықтыру.

Тақырыбы:Астанаға саяхат.

Білімділік мақсаты: Балаларды өз елі- Қазақстан Республикасы,Қазақстан Республикасының президенті туралы мағлұмат беру, Балаларға еліміздің бас қаласы - Астана туралы мәлімет беру әсем ғимараттарымен таныстырып,оны мақтаныш сезімімен көруге,тануға дағдыландыру.Баланың ізгілік қасиетін дамыту, түсініктерін кеңейту,балалардың сөйлеммен сөйлеу дағдыларын арттыру.

Дамытушылық мақсаты: Өз еліне, өз жеріне деген мақтаныш сезімін ояту,ойлау қабілеттерін арттыру. Сурет салудың дәстүрден тыс әдіс - тәсілдері арқылы балалардың бейнелеу өнеріне деген қызығушылығын ояту,балалардың бойында шығармашылық ізденіске деген құштарлықты арттыру.Мүмкіндігінше досқа көмек бере білуге дағдыландыру. Балалардың ойлау,есте сақтау қабілетін арттыру.Пішіндерді,түстерді ажырата білуге дағдыландыру.

Тәрбиелік мақсаты:Өз еліне,жеріне,халқына деген патриоттық сезімге тәрбиелеу.Ұлттық ойынға деген қызығушылыққа,ептілікке, жылдамдыққа, достыққа  тәрбиелеу.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Астанаға саяхат»


Өскемен қаласы әкімдігінің «№100 балабақша – бөбекжайы» КМҚК

Кіріктірілген ұйымдастырылған оқу қызметінің жоспары

Жоғары білімді,1 –ші санатты тәрбиеші:Бекжанова Айгуль Кайрулдиновна

Мектепалды даярлық тобы

Білім беру саласы: «Коммуникация», «Шығармашылық»,«Таным»,«Денсаулық», «Әлеуметтік орта»

Ұйымдастырылған оқу қызметінің түрі:Сөйлеуді дамыту,Сурет салу,Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру,Көркем әдебиет,Дене шынықтыру.

Тақырыбы:Астанаға саяхат.

Білімділік мақсаты: Балаларды өз елі- Қазақстан Республикасы,Қазақстан Республикасының президенті туралы мағлұмат беру, Балаларға еліміздің бас қаласы - Астана туралы мәлімет беру әсем ғимараттарымен таныстырып,оны мақтаныш сезімімен көруге,тануға дағдыландыру.Баланың ізгілік қасиетін дамыту, түсініктерін кеңейту,балалардың сөйлеммен сөйлеу дағдыларын арттыру.

Дамытушылық мақсаты: Өз еліне, өз жеріне деген мақтаныш сезімін ояту,ойлау қабілеттерін арттыру. Сурет салудың дәстүрден тыс әдіс - тәсілдері арқылы балалардың бейнелеу өнеріне деген қызығушылығын ояту,балалардың бойында шығармашылық ізденіске деген құштарлықты арттыру.Мүмкіндігінше досқа көмек бере білуге дағдыландыру. Балалардың ойлау,есте сақтау қабілетін арттыру.Пішіндерді,түстерді ажырата білуге дағдыландыру.

Тәрбиелік мақсаты:Өз еліне,жеріне,халқына деген патриоттық сезімге тәрбиелеу.Ұлттық ойынға деген қызығушылыққа,ептілікке, жылдамдыққа, достыққа тәрбиелеу.

Көрнекі құралдар:Астананың көрікті жерлері бейнеленген суреттер(слайд) , Бояу көк түсті,қылқалам, ақ парақ, май шам,дымқыл және құрғақ майлық, бояу құюға арналған ыдыстар,сиқырлы кілемше,көк,қызыл,сары,жасыл түсті ұшбұрыш,шеңбер шаршы пішіндер қиындылары,қоржын,тақия,теледидар.

Алдын-ала жүргізілетін жұмыс: Астана туралы,Елбасымыз туралы әңгімелеу, тақпақтар жаттату, «Тақия тастамақ»ойынын ойнату,бояу жұмысын жасату, «Біз бақытты балдырған» әнінің сөзін жаттату.

Сөздік жұмыс:елбасы,кешен,бәйтерек.

Әдіс- тәсілі: сұрақ- жауап, көрсету, таныстыру,ойын.

Тілдің үштұғырлығы: ту-флаг- flag,күн-солнышко- sun.

Мотивациялық-қозғаушылық:

Армысың асыл күн,

Армысың асыл жер.

Армысың көк аспан,

Армысың достарым,

Жылуыңа жылу қос,

Міне менің қолым бос!

Тосын сәт:Теледидарға назар аудару

Слайд -1 (Алдардың әндетіп даладан келе жатқан видеосына көңіл аудару)

Өлеңін айтып әндетіп Алдар топқа кіреді.

Алдар көсе:Сәлеметсіңдер ме,балалар.

Балалар:Сәлеметсіз бе!

Алдар көсе:Мен қайда тап болдым?

Бала:Сен балабақшаға тап болдың.

Алдар:Қалайша?(таңданады) Мен көп елдерді,көп қалаларды аралап келемін.

Бірақ, бір ғана қаланы көрмедім.Ол -Астана қаласы.

Ұйымдастыру-іздестіру:

Тәрбиеші:Балалар Астана қаласына барып көргендерің бар ма?

Кім Бәйтеректі көрді?

Балалар:әр бала барғандарын өз көргендерін,ойларын айтады.

Тәрбиеші:Жақсы балалар .Онда біз Алдарға сол әсем қаламызды көрсетіп қайтайық па?

Балалар:Иә! (қуаныш сезімдерін білдіреді) Ой,бірақ Астана алыс қой.Қалай,немен барсақ екен балалар?

Балалар:Ұшақпен барайық,машинамен барайық,таксимен барайық,поездбен барайық.

Алдар көсе:ойланып...Ааа мен ұмытып кетіппін ғой. Сиқырлы кілемшемді ала келгем.Бірақ сендер онда көрсетілген пішіндерді әр түсті пішіндермен сәйкестендіріп кілемшемді сәндеп берсеңдер,кілемшем ұшады.

Тәрбиеші:Алдар сен уайымдама.Біздің балалар ақылды.Сенің кілемшеңді сәндеп береді. Солай ғой, балалар?

(Балалар қолдарындағы пішіндерін,түстерін айтып береді.Атап болған соң әркім кілемшеде белгіленген пішіндерге қолдарындағы әр түсті пішіндерді сәйкестендіріп орналастырады,сосын өз пішіндеріне тұра қалады).

Көңілді «Біз бақытты балдырған»әнімен ұшады.

1.Алыс-алыс елдерге,

Орман тоғай көлдерге

Саяхатқа барамыз

Армандарға жетеміз.

2.Биік-биік таулардан,

Гүл жайнаған баулардан

Теіңздерден өтеміз

Армандарға жетеміз.

3. Біз көңілді баламыз,

Әсем әнге саламыз

Ақпыз қара сарымыз

Бақыттымыз бәріміз.

Тәрбиеші:Ой, балалар, қараңдар біз Астанамызға жеттік! Қандай әсем қала балалар!

Слайд -2 (Астана суреті көрсетіледі ,теледидарға назар аударады,балалар теледидар алдына шарты шеңбер болып отырады.)

Тәрбиеші:Слайд -3 ( Президент суреті көрсетіледі экраннан)

Балалар біздің президентіміз кім білесіңдер ме?

Балалар: Н.Ә.Назарбаев .

Тәрбиеші:Дұрыс айтасыңдар.ҚР тұңғыш президенті - Н.Ә.Назарбаев. Елбасымыз Нұрсұлтан атамыз тәуелсіздік, еркіндік үшін күресіп Отанымыздың болашағы, балаларды қорғауға, білімді азамат етіп өсіруге күш салып, қаншама еңбек етті.

Слайд -4 (экраннан тудың суреті көрсетіледі)

Ал мынау не балалар?

Балалар:Бұл-ту. Ту-флаг-flag.

Тәрбиеші:Тудың –түсі қандай балалар?

Балалар:Тудың түсі-көк.

Тәрбиеші:Туда ненің суреті салынған?

Каусар :Туда күннің, қыран құсының,оюдың суреті салынған. Күн -солнышко- sun.

Тәрбиеші:Балалар ту туралы кім тақпақ біледі ?

Айсана Зэ йеллоу сан

Зэ блу-блу скай

Энд зэ игл

Из флайиң хай

Балалар біз енді Астана қаласының біраз көрікті жерлерін тамашалайық.

5-слайд «Ақорда» Мынау еліміздің басты ғимараты-Ақорда.Бұл Елбасымыздың елімізді,қалаларымызды көркейтіп әдемі болу үшін,халқымызда достық,бірлік,береке болу үшін көптеген еңбек етіп жұмыс жасайтын орыны.

Балалар,Астана туралы тақпақтар білеміз бе?

Дамир Болашаққа бастаған, Айдана Астанама қарашы

Шарықтайды асқақ ән Елімнің жас қаласы

Елордасы Отанның- Неткен сұлу,неткен кең

Мақтанышым-Астанам. Қазағымның даласы.

Айя Как я люблю тебя

Моя стлица –Астана

Цвети всегда,всегда

Ты Астана и вся страна.

6-слайд «Бәйтерек» Астана қаласының тағы бір көрікті жері «Астана - Бәйтерегі». Бәйтерек ғимараты өте биік екен.Бәйтеректің салу идеясын Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев жасаған екен.

Бәйтеректің жоғарғы бөлігі қандай геометриялық пішінге ұқсайды?

Бала:Бәйтеректің жоғарғы бөлігі шеңберге ұқсайды.

Тәрбиеші:дұрыс айтасыңдар Ал, бәйтерек туралы тақпақ кім біледі?

Каусар Ару қалам –Астанам Амина Отанымның тірегі

Бой көтерген жас қалам Астанамның жүрегі.

Бәйтеректің биік шыңы Мақтан етем өзіңді,

Ерекше ғой басқадан Бәйтерегім киелі.

7-слайд «Пирамида» Ал мынау Бейбітшілік пен Келісім сарайы- «Пирамида»-деп аталады. Мұнда көптеген мұражайлар, көрме залдары,кеңселер бар екен.Пирамида сарайы өте биік салынған,балалар.

«Пирамида»- сарайы қандай пішінге ұқсайды?

Балалар: Пирамида сарайының пішіні-ұшбұрышқа ұқсайды.

8-слайд «Думан» Мына кешен-«Думан»-деп аталады.Ойын-сауық кешенінде жәндіктер және балықтардың көптеген түрлері кездеседі екен. Сонымен қатар боулинг залы, шағын дүкендер бар.Ең бастысы бұл кешенде океанариум, «Джунгли» балалар ойнайтын аттракционы бар екен.

Алдар көсе:Ой, қандай тамаша қала.Өте көрікті екен.Балалар менің де сендермен ойын ойнағым келіп тұр.

Балалар:алақайлап қуанады.Шеңберге жинақталып отырады.

Ойын аты: «Тақия тастамақ»

Мақсаты:балалардың ойлау,есте сақтау қабілетін арттыру. Жылдамдыққа, ептілікке,

байқампаздыққа,ойын ережесін сақтап ұлттық ойындарды қызығушылықпен ойнауға тәрбиелеу.

Ойын шарты: балалар шеңбер бойымен жағалай отырып.Ойынды бастаушы болып сайланған бала өлең сөздерін айта жүріп

Аспаймын, саспаймын

Шеңберді айнала бастаймын.

Біріңнің тұсыңа келгенде

Тақияны тастаймын,-деп «тақияны» бір баланың тұсына қояды.Өзі шеңберді айнала қашады.Жанына тақия тасталынған бала шеңберді айналып «тақия» тастаған баланы қуады. Бала жүгіріп келіп өз орнына отырып үлгерсе, бастаушы ойынды қайта жалғастырады.

Релаксация «Бұлттар»

Көзімізді жұмамыз.Көз алдымызға жылы жазғы кешті елестетеміз. Аспандағы үлкен, жұмсақ көгілдір бұлтқа қарап, жасыл шөпте отырмыз. Айналаның барлығы тыныштық, сендерге жылы және ыңғайлы.

Әрбір тыныспен тыныс алу кезінде сендер жайлап жоғарылап, баяу және тегіс ауада сол бұлтқа жақындайсыңдар. Қолдарың жеңіл, аяқтарың жеңіл. Сендердің бүкіл денелерің де бұлт сияқты жеңіл болады.

Мұнда аспандағы ең әдемі,ең үлкен және ұлпа бұлтқа жүзесіңдер. Таяп қалдық,міне жақындадық. Ал қазір сендер дәл сол бұлтта жатырсыңдар,ол сендерді нәзік сипайды ,сендер жұмсақ әрі ұлпа бұлтты сезінесіңдер.

Ол бұлттар сендерді Сипайды,сипайды ... Сендер жақсы және жағымды сезімдесіңдер. Сендер еркін, тынысталасыңдар. Енді міне кішкене бұлт сендерді жазық жерге жіберді. Кішкентай бұлтқа күлеміз. Созыламыз және мен «үш» дегенде көзімізді ашамыз. Сендер бұлтта жақсы демалдыңдар..


Тәрбиеші:-Балалар бүгінгі саяхатымыз сендерге ұнады ма?

Олай болса тобымызға қайтайық. Кілемшелеріне отырып ,әдемі әндерімен топқа оралады.

Міне,балалар тобымызға да келдік.

Алдар:ой балалар, сендерге көп рахмет.Сендермен Астанаға саяхатқа барғаныма қуанып тұрмын.Маған Астана сондай ұнады.Көрікті қала екен ие,балалар.

Менің тағы да баратын жерлерім бар.Мен енді қайтайын.

Ааа, мен ұмытып барады екенмін балалар.Сендер маған көмектесіп ақылды болдыңдар.Менің сендерге де беретін сыйлығым бар(қоржынынан парақтар алып шығады)Ол жай парақша емес сиқырлы парақша.Сендер мына парақшаны боясаңдар не пайда болатынын көресіңдер,.Сау болыңдар,балалар!

Алдар кетеді.

Балалар: -сау болыңыз!

Тәрбиеші:-балалар, міне біз Астана көрікті қаламызға барып қайттық.Енді Алдардың берген парақшасын бояп көрейік.Парақшада не пайда болады екен.

Ол үшін бізге мына заттар қажет: Қағаз астына қоятын арнайы кескін,ақ парақ,арнайы ыдысқа құйылған көк түсті бояу,басына қалыңдап(параллон-көбік резеңке)оралған қылқалам,қол сүрткенге арнайы дымқыл және құрғақ майлық.

Суретті бояу жолын түсіндіру. Үлгі көрсету.

Қылқаламды үш саусақпен ұстап,көк бояуға батырып, артық суды ыдыс ернеуіне сүйкеу арқылы қалдырып, қылқаламды сәл қисайта парақтың сол жақ жоғарғы ұшынан бастап солдан оңға қарай жолақтап бояймыз.Осы қалыпта бояусыз ашық жер қалдырмай бетті соңына дейін толығымен бояп шығамыз.

Сонда көретін боламыз Алдардың бізге қалдырған парақшаларында ненің суреті пайда болатынын.

(Баяу ойнайтын әуен қосылады)

Көрме ұйымдастыру.

Рефлексивті-түзетушілік:Балалар біз кімге көмектестік ?

Біз қай қалаға бардық?

Ойын-сауық кешені қалай аталады екен?

Пішіні ұшбұрышқа ұқсас салынған сарай қалай аталады екен?

Алдардың парақтарын бояп ненің суретін көрдік?

Балалар қазақ халқында ерте заманнан келе жатқан көптеген әдет-ғұрыптар, рәсімдер бар екен.Соның бірі «Ақтық байлау»

Ақтықты –көбінесе киелі деп танылған жерлерге,жеке өскен ағашқа, бұлақ басындағы тал,терек,бұталарға байланған. Ақтық байлау кезінде ақ көңіл, ақ тілек, амандық, адалдық, жолына тілектер тілеген .

Бізде мына «Тілек ағашына» халқымыз,ата-анамыз,елбасымыз аман болсын,қалаларымыз көрікті болсын деп тілеп ақ жіптер байлайық.Кәне кім қандай тілектер тілейді?(Балалар өз тілектерін айтып ағашқа ақ жіптер байлайды.)

Қоштасу шеңбері:

Қол ұстасып тұрайық

Шеңберді біз құрайық

Көріскенше күн жақсы

Сау саламат болайық

Сау болыңыздар!

Күтілетін нәтиже

Білу:Елбасымызды,Астананың көрікті жерлерін,түстерді,пішіндерді ажырата,сұрақтарға толық жауап қайтара.

Түсінуге тиіс:ойынның шартын; мүмкіндігінше көмек бере білу қажет екенін.

Істей білу керек:дәстүрден тыс әдіспен сурет сала; үш тілде тақпақтар айта.







Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Дошкольное образование

Категория: Уроки

Целевая аудитория: Дошкольникам

Скачать
Астанаға саяхат

Автор: Бекжанова Айгуль Кайрулдиновна

Дата: 18.06.2020

Номер свидетельства: 553558

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(141) "4-сынып "Астанаға саяхат" Тақырыбында ашық сабақ.Қазақ тілі орыс сыныптарында"
    ["seo_title"] => string(80) "4_synyp_astanag_a_saiakhat_tak_yrybynda_ashyk_sabak_k_azak_tili_orys_synyptarynd"
    ["file_id"] => string(6) "387936"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1486293242"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(41) "Астана?а саяхат 5 сынып"
    ["seo_title"] => string(22) "astanagasaiakhat5synyp"
    ["file_id"] => string(6) "262243"
    ["category_seo"] => string(13) "vsemUchitelam"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1449303401"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(71) ""Астана?а саяхат" атты кітапхана са?аты "
    ["seo_title"] => string(42) "astanag-a-saiakhat-atty-kitapkhana-sag-aty"
    ["file_id"] => string(6) "174258"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1424103205"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(73) "Урок-коррекция "Астана?а саяхат" (8 класс)"
    ["seo_title"] => string(44) "urok-korriektsiia-astanag-a-saiakhat-8-klass"
    ["file_id"] => string(6) "286443"
    ["category_seo"] => string(7) "prochee"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1454340289"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(94) "?аза? тілінен саба? жоспар та?ырыбы "Астана?а саяхат"."
    ["seo_title"] => string(49) "kazaktiliniensabakzhospartakyrybyastanagasaiakhat"
    ["file_id"] => string(6) "312986"
    ["category_seo"] => string(13) "vsemUchitelam"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1459423257"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства