Та?ырыбы: «?й жануарлары» Білім саласыны? мазм?ны: «?атынас», «Таным», «Шы?армашылы?». Білім б?лімдері: «Тіл дамыту», «Экология негіздері», «Жапсыру» Ма?саты: Балалар?а ?й жануарлары туралы т?сінік беру ж?не тере?дету, оларды бір-бірінен ажырату?а, олар?а ?ам?орлы?
Просмотр содержимого документа
«Ашы? саба? "?й жануарлары""»
Тақырыбы: «Үй жануарлары» Білім саласының мазмұны: «Қатынас», «Таным», «Шығармашылық». Білім бөлімдері: «Тіл дамыту», «Экология негіздері», «Жапсыру» Мақсаты: Балаларға үй жануарлары туралы түсінік беру және тереңдету, оларды бір-бірінен ажыратуға , оларға қамқорлық
жасауға, әңгімені мұқият, зейін қойып, тыңдауға. үй жануарларына байланысты тақпақ, мақал-мәтелдерді қайталай
отырып сұрақтары арқылы тіл байлығын дамыту.
Міндеттері: Үй жануарларының қысқы тіршілігі туралы білімдерін кеңейту.
Ой- өрісін,сөздік қорларын молайту және дамыту.
Үй жануарларына қамқорлықпен қарауға, еңбекқорлыққа тәрбиелеу.Үй жануарларының аттарын дұрыс атай
білуге және қалай дыбыстайтынын, қай жануардың дыбысы екенін танып білуге үйрету.
Үй жануарларына қамқорлық жасай білуге тәрбиелеу Сөздік жұмыс: Түйе, жылқы, сиыр, қой, ешкі, бота, құлыншақ, қозы, бұзау, лақ. Көрнекіліктер: Үй жануарларының суреттері, ойыншықтар, слайд, аудиожазба, мнемосызба, ермексаз, кішкентай таяқшалар,
іші сырты әдістемесі.
Алдын ала жүргізілген жұмыс: Балаларға үй жануарлар туралы диафильм көрсету. Әдіс – тәсілдер: Көрсету, түсіндіру, әңгімелеу, сұрақ–жауап, топтық жұмыс, ойын, жеке жұмыс, түсіндіру, жұмбақ жасыру. Ұйымдастыру: Балалар жарты шеңбер болып тұрады. ,
сондықтан да, алдымен қонақтармен амандасып алайық.
Білер қазақ баласы
Сәлем сөздің анасы
Көп танасты көреміз
Алдымыздан кезіккен
Бәріне де ізетпен
Иіліп сәлем береміз
Сабақ барысы: Бүгінгі сабағымыз төрт түлік мал яғни, үйжануарлары туралы болмақ. Сендер мені мұқият тыңдап отырыңдар. Үйде бағылып, еті, сүті, жүні, терісі, күші арқылы адамға пайда келтіретін жануарларды төрт түлік мал деп атаймыз. Біздің еліміздің жері мал өсіруге өте қолайлы. Жерімізді малсыз елестету мүмкін емес. Сиыр, жылқы, түйе, қой, ешкі жануарларының төлдері болады.
Балалар, «Амандасу - адамгершіліктің, әдептіліктің баспалдағы» сондықтан да, алдымен қонақтармен амандасып алайық.
Білер қазақ баласы
Сәлем сөздің анасы
Көп танасты көреміз
Алдымыздан кезіккен
Бәріне де ізетпен
Иіліп сәлем береміз
- Балалар, мен сендердің әрқайсыңа мына суреттерді көрсетемін, әртүрлі үй жануарлардың суреті, солардың аттарын атап қимылын жасайсыңдар немесе дыбысын келтіруге болады.
- Ал енді балалар осы үй жануарлары туралы мен жұмбақты қимылмен көрсетемін, сендер шешуін шешіңдер.
Басында екі таяғы бар.
Төрт аяғы бар.
Адам деуге болмайды,
Сақалы тағы бар.
(Ешкі)
Кішкене ғана бойы бар
Айналдырып киген тоны бар.
(Қой)
Кезекті бір жануар
Үстінде екі тауы бар
(Түйе)
Түйе - бө - бө боздайды
Басында екі таяғы бар
Төрт аяғы бар
Бірақ тағы сақалы бар
(Ешкі)
Ешкі - бе - бе бақырады
Екі айнасы бар
Екі найзасы бар
Төрт жылтырмағы бар
Бір шыпыртқысы бар
(Сиыр)
Сиыр - мө - мө мөңірейді
Екеуі елеңдеп келеді
Төртеуі төбелесіп келеді
(Жылқы)
Жылқы - е - е - е кісінейді
Балалар жауабын айтып суретте көрсетеді.
- Мына жайлаудағы суретке қараңдар. Үй жануарлары төлімен жайылып жүр екен. Осы үй жануарларының төлдерін қалай айтамыз.
Түйенің төлі - ботақан,
Қойдың төлі - қошақан,
Ешкінің төлі - лақ,
Жылқының төлі - құлын,
Сиырдың төлі - бұзау.
Үй жануарларына нелер жатады?/Түйе, сиыр, жылқы, қой, ешкі./
Неге үй жануарлары дейміз?
-Өйткені олар адамның үй маңайында тіршілік етеді. Олар адамға өте көп пайда келтіреді. «Мінсе көлігі, ішсе сусыны, жесе тамағы, кисе киімі, тұтынса бұйымы» деп қанатты сөздерді тауып айтқан. Қазақ халқы ертеден малмен байланысқан. Мал күтуді қасиетті іс деп білген. «Түйе – салтанат, жылқы – мақтан, сиыр – қанағат, қой – қазына» деген.
- Аудиожазбадан «Үй жануарларының қысқы тіршілігі» туралы тыңдау.
Мнемосызба арқылы сиыр туралы айтады.
Төрт түлік туралы көп жырлар, өлеңдер, мақал - мәтелдер шығарған.(Қолдан жасалған слайдтан көрсету)
Сергіту сәті:
Тіктеп титтей құлағың
Ботам былай жүреді
Сыртылдатып тұяғын
Бұзау былай жүреді.
Алға созып мойынын
Ойнақтайды ботақан
Көкке қарай мұрынын
Шүйіреді бұзауқан.
Дидактикалық ойын «Үй жануарлардың құйрығын тап»
Дидактиқалық ойын: «Үй жануарлардың төлдерін тап»
Ішінде – сыртында әдістемесің қоладанып үй жануарлары және жабайы аңдарды ажыратады.
(Осы кезде боран соғып, есік ашылып бақташы кереді)