Мотивациялық-қозғаушылық | Шаттық шеңбер. Қайырлы таң ұстазым Қайырлы таң достарым Шеңберге тұрайық Жылулық сыйлайық Доброе утро учитель! Доброе утро друзья! Посмотрите друг на друга Пожелаите добра Good morning, good morning Good morning to you. Good morning, good morning We are glad, to see you! Бір жылда неше мезгіл бар? Қазір жылдың қай мезгілі? Көктем айларын атаңдаршы. Көктем мезгілінің ерекшеліктері бар? | Балалар шаттық шеңберін жасап, бір-біріне жылы лебіздерін білдіреді. Төрт Көктем Наурыз,сәуір,мамыр Ерекшеліктерін айтады. |
Ізденушілік ұйымдастырушылық | Ғажайып сәт Терезе қағылып,терезеден Тоқылдақ деген құс келіп,орманнан хат әкеп береді. Хаттың ішінде тапсырмалар беріліпті. Балабақша тәрбиеленушілеріне арналған тапсырма. 1-тапсырма Сыйқырлы парақтардағы құпия бейнені табу.Орманда мекендейтін ол жануардың бүгін туған күні. Құпия бейнені табу үшін сыйқырлы парақтарды су бояумен бояу керек. Балалар су бояумен жұмыс жасағанда барлық қауіпсіздік ережелерін сақтаймыз. 2-тапсырма Жұмбақ шешу: Тоны- инелер Жиналып қалса қадалар Толған тікенек Ұстауға келмей мазалар Бұл не? Балалар барлығымыз бояп бітсек,айтыңдаршы сендерде қандай құпия бейне шықты? Суреттерден көрме ұйымдастырылады. Кірпі туралы бейнефильм көрсетіліп,кірпі туралы мағлұмат беріледі. Балалар қандай жануарды көріп тұрсыңдар? Дұрыс балалар, бұл кірпі. Балалар қалай ойлайсындар, кірпілер қайда өмір сүреді? Дұрыс балалар, олар орманда тіпті елді мекенде де тіршілік етеді. Кірпі – талғаусыз қоректенетін жануар. Ол әр түрлі жәндіктерді аулап, жеміс - жидектерді жақсы көреді. Жақсы естиді және иісшіл болады. Кірпінің денесі сопақша болады. Ол қорыққан кезде домалана қалып, жауынан қорғанады. Балалар кірпі тікенекті бауырсаққа ұқсайды, тұмсығы ұшты, көздері қара моншақ сияқты. Денесінен кішкентай тұмсығы шығып тұрады.Аяқтары кішкентай. Кірпіде сондай көп,қаптаған инелері болады,үстіне тікенен тон киіп алғандай. Қалың тікентен аяқтары көрінбейді. Орта есеппен 6 жыл тіршілік етеді. Жемін, әдетте іңірде және түнде аулайды. Жәндіктермен, көлбақамен, жыланмен (улысымен де) қоректеніп, орман шаруашылығына пайда келтіреді. - Кірпілер қараша айында ұйқыға кетіп, көктемде оянады. Билингвальды компонент: кірпі - ежик . Тақпақтар: Тұмсығында түймесі Деп тұрғандай тимеші Азулыдан сақтайтын Кірпінің көп инесі , Орыс тіліндегі тақпақ: Был бы, еж, Ты хорош, Только в руки не возьмешь. - Не хорош? Ну и что ж. Без иголок я не еж. «Кірпі қайда барады?» дидактикалық ойыны. Мақсаты: Ойлау қабілетін дамыту. «Кірпі мен қыз» деген мультфильмді тамашалайық. Балалардан көрген мультфильмі туралы алған әсерлерін сұрау. Күтпеген сәт: Есік қағылып,топқа Айгүл деген қыз келеді. -Сәлематсыздар ма балалар? - Балалар қараңдаршы, бізге қонаққа Айгүл келді. Балалар Айгүлдің қолында кірпісі бар екен. Бірақ олар көңілсіз сияқты. Неге көңілсіз екенін өзінен сұрайық. Айгүл: Балалар менің кішкентай кірпім үстіндегі барлық тікендерін қайшымен қиып тастапты. Ол үстіндегі тікенектері екеуіміздің дос болып,бірге ойнауымызға кедергі болады деп ойлаған болу керек.Енді ол қайтадан тікендері өсіп шыққанша қорғансыз, кез келген жыртқыш аң оған тиісуі мүмкін.Егер оның достары,бауырлары болса оны қорғап жүруші еді. Балалар сендер маған көмектесе аласыңдар ма? Олай болса балалар біз кірпіге көмектесейік.Оған қамырдан достарымен бауырларын жасап берейік. Қолымызға сұр түсті қамырды аламыз. Алдымен қамырды алып, оны домалақтаймыз. Домалақ бөлшекті сопақша пішінге келтіреміз.Шымшып созу арқылы тұмсығын шығарамыз. Енді қайшының көмегімен қыйу арқылы тікенек жасаймыз. Балалар қайшыны ұстағанда барлық қауіпсіздік ережелерін сақтаймыз. Ермексаздан кішкентай үзіп алып, тұмсығының үстіне түйме, көзін жасаймыз. Сергіту сәті:Теледидардан көрсетілген кірпі биіне қосылып билеу аркылы орындайды. Балалар жұмысымызды жалғастырамыз. Айгүл барлық кірпілерді алып алғысын айтып балалармен қоштасады. | Парақты бояу арқылы сиқырлы бейнені табады. Балалар жұмбақтың шешуін табады. Жауабы: кірпі. Ол кірпі. Кірпі Орманда Балалар кірпі суреттерін тамашалайды,бейнефильм көреді. Тәрбиешіні тыңдайды, жауап береді. Балалар тақпақты айтады. Ойынды сызып көрсету арқылы шешеді. Балалар мультфильмнен алған ойларын айтады. Балалар амандасады. Иә. Мүсіндеуге ынта білдіреді. Балалар кірпімен бірге іс – қимылды қайталайды. Кірпілерін орналастырады. Балалар Айгүлмен қоштасады . |