Ұйымдастыру кезеңі Тақтамен жұмыс: Сөздік жұмыс: Дидактикалық ойын: Орталықтармен жұмыс: Сергіту сәті: Қорытынды: Мадақтау: | Сәлеметсіңдер ме, балалар! «Шаттық» шеңбері Білер қазақ баласы , Сәлем сөздің анасы. Алдымыздан кезіккен, көп танысты көреміз, Бәріне де ізетпен, Иіліп сәлем береміз. Балалар бүгін біз сендермен үй жануарлары туралы әңгімелесетін боламыз. -Балалар үй жануарларына қандай жануарлар жатады? Неліктен оларды үй жануарлары деп атаймыз? Тақтаға назар аударайықшы нелердің суреттерін көріп тұрсыңдар? Оларды бір сөзбен қалай атаймыз? – Төрт түлік. Үй жануарлары немен қоректенеді? Олар адамға не береді? Балалар үй жануарларының төлдерін қалай атаймыз? Балалар сендер үй жануарлары орыс тілінде, ағылшын тілінде қалай аталатынын білесіңдер ме? Олай болса үйренейік. «Үй жануарларын қалай шақырады?» ойыны. -Қойды пүшайт-пүшайт, -Сиыр аухау-аухау, Жылқы құрау-құрау, Түйені көс-көс деп шақырады. Балалар ерте кезде ата-бабаларымыз төрт түлікті көлік ретінде пайдаланған. Соның ішінде ең төзімді, еңбекқор аштыққа да шыдамды ол- түйе болып табылады. Балалар біздің балабақшамыздың аты қалай аталады? Бота ненің төлі? Биенің сүтін не деп атаймыз? Ал түйенің сүтінен не жасаймыз? Ал сиыр бізге сүт береді , сүттен айран, қаймақ, құрт жасаймыз. «Үй жануарлары қалай дыбыстайды?» Ойынға қатысушылар өздерінің білгендерінше жануарлардың қайсысы қалай дыбыстайтынын айтады. Ал енді балалар, «Енесін тап» деген ойын ойнаймыз, төлдерді өз енелерінің жанына жапсырамыз. Мен сендерге жұмбақ жасырамын , ал сендер жұмбақтың шешімін табасыңдар Кішкентай ғана бойы бар, айналдырып киген тоны бар. Жануарлардың төлдері қалай ойнайды? Арнайы жасалған көрнекіліктер арқылы балалар лупамен үй жануарларын сипаттайды. Көркем әдебиет орталығында – тақпақ жаттау Шығармашылық орталығында Үй жануарларының суреттерін салады. Ал енді балалар орталықтармен ауысамыз. Түрлі –түсті қолғап арқылы сабақ қорытындыланады. Балалар менің қолыма киіп тұрғаным не? Менің бір қолымда неше саусағым бар? Бес саусақты қолғаптың түстерін атап шығамыз. 1. Қандай үй жануарлармен таныстық? 2. Оларды неге үй жануарлары деп атаймыз? 3 .Үй жануарлары немен қоректенеді? 4. Үй жануарлары қалай дыбыстайды? 5. Үй жануарларының төлдерін қалай атаймыз? -Дұрыс айтасыңдар балалар. Балалар, бүгін сендер сабаққа өте жақсы қатыстыңдар. Сендер өте ақылдысыңдар. Жарайсыңдар балалар. | «Шаттық» шеңберіне тұрып, бір –бірлерімен ,қонақтармен амандасады. Балалар үлкен шеңберге тұрады. Қолдың қимыл-қозғалысы арқылы бір-бірлерімен сәлемдеседі Сиыр, қой, жылқы, түйе. Сиыр, қой, жылқы, түйе. үй жануарлары деп атаймыз. Жеммен, шөппен, сумен. Ет, сүт, жүн береді. Сиырдың төлін - бұзау диміз, жылқының төлін - құлын дейміз, қойдың төлін – қозы дейміз, түйенің -төлін бота дейміз. сиыр-корова-телёнок, Жылқы-құлын- лошадь, жеребёнок, Соw- cаIf , қой-қозы, Овца- ягнёнок-Sheep-lamb, Түйе- бота-верблюдица-верблюжонок- cameI-young cameI. Жылқы- horse -Қойды пүшайт-пүшайт, -Сиырды аухау-аухау, Жылқыны құрау-құрау, Түйені көс-көс деп шақырады. Ақбота Түйенің Қымыз Шұбат Жылқы кісінейді, сиыр мөңірейді, қой маңырайды, түйе боздайды. Бұзаудың енесі –сиыр, құлынның енесі-жылқы, ботаның енесі – түйе, қозының енесі-қой Қой Секіреді, жүгіреді.... Сиыр үй жануары , сиырдың басы бар , екі мүйізі бар, денесі бар, төрт аяғы бар, екі мүйізі бар. Балалар жұмыстарына кіріседі Кіп-кішкене момақан, Қошақанды ұнатам. Сүйеді анам «қозым деп» . Ботақаным өзің деп. Балалар суретерді салу жұмыстарына кіріседі. Тіктеп титтейт құлағын, Ботам былай жүреді. Сыртылдатып тұяғын, Бұзау былай жүреді. Алға созып мойынын, Ойнақтайды қошақан Түрлі – түсті қолғап Бес саусақ Түстерін айтады Сиыр, жылқы, түйе, қой. Өйткені біз оларға суын жемін, шөбін беріп күтеміз. Шөппен, жеммен, сумен қоректенеді. Сиырдың төлін – бұзау дейміз, жылқының төлін-құлын дейміз, түйенің төлін- бота дейміз, қойдың төлін-қозы дейміз. |