Балаларды жартылай шеңберге отырғызып, Шаттық шеңбері: Орнымыздан тұрамыз. Қолды белге қоямыз. Бұрылымыз оңға бір, Бұрылымыз солға бір, Біз тәртіпті баламыз, Айтқан тілді аламыз. Педагог:Балалар мынау ненің суреті (педагог мысықтың суретін көрсетеді) - Балалар, мысық ылғи бетiн жуады, тазалықты сақтайды. Ал, сендер тазалықты жақсы көресіңдер ме? - Танертеңжуынасыңдар ма? -Неменжуынасыңдар? - Сосыннемен сүртiнесiңдер? - Тiстерiңдiжуасыңдар ма? - Шаштарыңдытарап, айнаға қарайсыңдар ма? - Таза болғыларынкеледiме? - Дұрыc, таза болуымыз, тазалыкты сүюiмiзкерек. Таза жүрсекауырмаймыз. Педагог: - Мен сендерге жұмбақ жасырайын ,сендер жұмбақты шешуге тырысыңдар. Ертемен күнде сен Қолыңды сүйкесең Кетіп кір ласың, Тап-таза боласың Бұл не? Шомылған баланы Аймалап алады Сүртеді жолыңды Сүртеді қолыңды Бұл не? Басы жоқ,көзі жоқ, Тілі жоқ,сөзі жоқ, Бірақта тісі бар, Басыңмен ісі бар. Бұл не? Иілсең иіліп Түйілсең түйіліп Қарайды кісіге Ұқыптыісіне Бұл не? Педагог: -Жарайсыңдар,балалар! Жұмбақты шешуін дұрыс таптыңдар. | Балаларды жартылай шеңберге тұрып шаттық шеңберін айтады. Өлеңдітүсінуге тырысады. -иә -жуынамыз -сабынмен -сүлгімен - жуынамыз -иә -иә Балалар жұмбақтың шешіуін табуға тырысады. -Сабын -Сүлгі -Тарақ -Айна |
Ұйымдастыру – іздену | Ғажайып сәт:Қолында сөмкесі бар,Маша қонаққа келедi. Маша өзiнтаныстырады. Балалар Машамен амандасады. - Маша сөмке алып келіпсің. Машаның сөмкесiнде не бар екен деп қызықтырады. Тазалық заттары: сабын, сүлгi, тарақ, айна бар екен деп олардың аттарын, түстерін екі тілде айтады;сабын жасыл-зеленый, сүлгі көк-сини, тарақ сары-желтый,айна қызыл-красный.Не үшiн керек екенінсипаттауды тапсырады; Сабынмен жуынамыз, тарақпен шашымызды тараймыз, сүлгiмен сүртiнемiз т.б. айтып түсiндiредi. Педагог:-Маша біздің балалар тазалық туралы тақпақтар біледі. Қайсар:Дос бол сабын,сумен сен, Жиі-жиі жуын сен: Исатай:Таңертең де,кеште де, Жуын күндіз-түсте де. Мансур:Жуын тамақ алдында, Жуын тамақ соңында. Шыңғыс:Жуын ұйықтар кезінде, Жуын тұрған мезгілде. Аян:Сумен сабын- бір жолдас, Жоймас олар кір болмас. Педагог: Жарайсыңдар,балалар!Енді балалар,Машамен бірге бойымызды сергітіп алайық. Сергіту сәті: Таңертең тұрамыз, Бетiміздi жуамыз, Тiсiміздi тазалаймыз, Шашымызды тараймыз, Тап-таза боламыз. Маша: -Жарайсыңда, балалар!Сендер тазалық туралы жақсы біледі екенсіңдер.Қане, балалар енді менімен ойын ойнағыларың келе ме? Ойын: «Не жоқ?» д/ойын. Шарты: тазалық заттарын қатар-қатар қойып, балалардың назарын тазалық заттарына аударады. Осыдан кейін балалар көздерін жұмып отырады. Осы кезде Маша заттардың біреуін алып қояды. Балалар көздерін ашып, қай заттың жоқ екенін табады. «атын атап, не үшін қолданатынын айтады.» Маша: -Жарайсыңда, балалар!ойынға да жақсы қатыстыңдар. Мына беторамалдар мен менң сендерге сыйлығым. Әрдайым осылай таза жүріңдер! Балалар, енді мен аюға баруым керек.Аю мені күтіп отыр. (Балалар машамен қоштасады.) | БалаларМашаның келгеніне қуанып, амандасады. Балалар оның сөмкесіне қызығушылық танытады. Тазалық заттарымен танысады. Оларды сипаттап,түстерін екі тілде айтады. БалаларМашаға тақпақтарын айтып береді. Тәрбиешінің көрсетуімен қимыл-қозғалыстар жасайды Балалар ойнауға қызығушылық танытады. Балалар Машаның сыйлығына рахмет айтып,қоштасады. |
Рефлкесивті түзету | Қортынды:сұрақ-жауап. -балалар, бізге кім қонаққа келді? -маша ,өзімен бірге не әкелді? -сөмксінен нелерді шығарды? -сабынмен не істейміз? -сүлгімен не істейміз? -тарақпен не істейміз? Балаларды мадақтайды. | -Маша -сөмке әкелді. -сабын,тарақ, айна, сүлгі. -жуынамыз. -сүртінеміз. -шашымызды тараймыз. |