kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Ашық сабақ: "Наурыз - шаттық әніміз"

Нажмите, чтобы узнать подробности

Армысыздар ақ жаулықты әжелер,ардақты да аяулы аналар сымбатты қыздар?

Балалар бүгін ұлыстың ұлы күні –Наурыз мерекесі.Жыл басы Наурыз тек жақсылығын ала келсін,төрт түлігіміз төлдеп,ақ мол болсын,егін мол шығып ел тоқ болсын! Наурыз мерекесі құтты болсын!Ендеше Наурыз мерекесіне арналған мерекелік концертімізді бастаймыз.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Ашық сабақ: "Наурыз - шаттық әніміз"»

ШҚО.Үржар ауданы.

«Тұрағұл Қоңыр атындағы орта мектеп-балабақша»КММ

«Балауса» балабақшасы.









Ертеңгілік

Тақырыбы: « Наурыз - шаттық әніміз» « Ортаңғы» топ







Тәрбиеші: Байнашова Н.







2018-2019 оқу жылы



«Наурыз - шаттық әніміз»

Жүргізуші:Армысыздар ақ жаулықты әжелер,ардақты да аяулы аналар сымбатты қыздар?

Балалар бүгін ұлыстың ұлы күні –Наурыз мерекесі.Жыл басы Наурыз тек жақсылығын ала келсін,төрт түлігіміз төлдеп,ақ мол болсын,егін мол шығып ел тоқ болсын! Наурыз мерекесі құтты болсын!Ендеше Наурыз мерекесіне арналған мерекелік концертімізді бастаймыз.

Жүргізуші:Наурыз мерекесіне арналған балалардың көктем мезгілі туралы тақпақтарын қабыл алыңыздар.

Мәди:

Тыңдаңыздар,тыңдаңыздар!

Босқа қарап тұрмаңыздар.

Наурыз тойы басталды,

Көргенде арманда,

Көрмегенде арманда.



Айсәуле:

Құтты болсын Наурыз!

Үйге ат ізін салыңыз,

Ұлы күні ұлыстың,

Дастарханда дәміміз.



Құтты болсын Наурыз!

Жалқаулық қас жауымыз.

Бақша толып жеміске,

Малға толсын өрісте.



Ұлжан:

Мерекені байырғы,

Алды халқым қабылдап.

Ақ дастархан жайылды,

Ошақта от жалындап.



Аяна:

Қар еріді су ақты,

Күндер келіп шуақты.

Байтақ дала келбеті,

Түкті кілем сияқты.



Ерлен:

Көкке бояп өңірді,

Көктем келді көңілді.

Бау бақшада орманда,

Құстар әні төгілді.



Кәусар:

Құтты болсын Наурыз!

Сарқырасын сары уыз.

Кеңелсін көкөніске,

Гүлдеп бақша бауымыз.

Құтты болсын Наурыз!

Бейбітшілік сақтауда,

Болмасын еш дауымыз.



Олжас:

Келді алақай наурыз,

Алма ағаштар гүлдеді.

Қар еріді су болды,

Құстар келді шу болды.



Адина:

Ұлы күні ұлыстың,

Күн мен түнді теңеген.

Тәтті дәмін ырыстың,

Таттық наурыз көжеден.



Вероника:

Наурыз келді алақай,

Кел билейік балақай.

Бізде қарап тұрмайық,

Тойдан шашу жинайық.



Ернұр:

Ата бабам тойлаған,

Наурызым армысың!

Қызығына тоймаған,

Дархан дала қарлы шың!



Бауыржан:

Армысың, Наурыз!

Қуаныш боп кір төрлет!

Ел болып саған,

Көрсетіп жатыр сый құрмет.



Ералы:

Жыл басы –Наурыз мереке,

Ақ нұрға әлем боянды.

Наурыз тойы береке,

Тіршілік таңы оянды.



Бекжан:

Қош келдің Наурызым ардақты,

Халқым саған бар үмітін арнапты.

Жылда осылай келе бергін жасарып,

Гүлге бөлеп нұрға бөлеп аймақты.



Аяжан:

Бидай, күріш, тары бар

Бар сүт ет пен шұжығы.

Ащы құрты тағы бар

Көже елдің ырыздығы.



Жүргізуші:Балалардың орындауында «Дастархан» әні



Еркенұр:

Арпа, бидай ,тары бар

Қатық ,малта, ағы бар

Ішілетін жейтіннің

Бұл көжеде бәрі бар



Санжар:

Наурыз келді тамаша

Ән айтамыз таласа

Атам әжем қуанып

Қуанып жүр балаша



Бекжан:

Қарды ерітіп жылғасы,

Наурыз келді жыл басы

Шуақ төкті жарық күн,

Мейрамында халықтың

Бата беріп атамыз,

Бата беріп апамыз.

Тәтті болып жалған

Наурыз дәмін татамыз



Есен:

Ұлыс күні бар халық,

Бір біріне жақындап.

Ізгі тілек тілейді,

Ниеттерін айқындап.



Жанәділ:

Күн мен түн теңелді,

Жер шуаққа кеңелді,

Соны тойлар ел енді.

Наурыз тойы салтымыз.



Жүргізуші: «Қара жорға биі»

Ойын:Орамал тастамақ

Жүргізуші:

Наурыз шаттық әніміз,

Салтаннаты сәніміз.

Ән салайық бәріміз, дей отырып Айсәуленің орындауында «Тұсауынды кесейін»әні

Жүргізуші:Балалардың орындауында «Флешмоб биі»

Жүргізуші:

Үйлесіп наурыз бен көктем жетсін,

Көңілін үлкен-кіші көкке өрлетсін.

Еңсесі көтеріліп ер азамат,

Ескі жылмен реніш пен өкпе кетсін,- дегендей Наурыз баршаларыңызға тек жақсылық құт береке әкелсін.Отбасыларыңыз аман болсын.Ақ мол болсын халық тоқ болсын деген ниетпен бүгінгі «Наурыз шаттық әніміз»атты мерекелік концертімізді аяқтаймыз.Сау болыңыздар.









































ШҚО.Үржар ауданы.

«Тұрағұл Қоңыр атындағы орта мектеп-балабақша»КММ

«Балауса» балабақшасы.









Ертеңгілік

Тақырыбы: « Ақ анам»

« Ортаңғы» топ







Тәрбиеші: Спрындина Э.Б

Байнашова Н.





2018-2019 жыл



Ақ анам

Жүргізуші:Армысыздар,ақ жаулықты әжелер,ардақты да аяулы аналар,апайлар,сымбатты қыздар!

Армысың,ару қыздар,абзал ана,

Анаға тең келетін барма дана.

Мерекеңіз бүгінгі құтты болсын,

Қуанышпен құшағың, гүлге толсын



Балаға ең жақын сіз-аналар,сіздің ыстық құшағыңыз балаға пана болар-әлемдегі ең ғажап,ең әсем сөз бұл ана,ендеше құрметті аналар,балаларымыздың құттықтау тілектерін қабыл алыңыздар.

Есен: Құтты болсын аналардың мейрамы

Жарқырандар жаз күніндей жайдары.

Мерекесі бұл көктемнің алғашқы

Бақыт берсін әр көктемнің айлары.



Ерлен: Ана-дейміз бәрімізде аңқылдап,

Ана-дейді жас сәби де жарқылдап

Ана-деген бәйтерегі өмірдің

Ана-деген алтын қазық,алтын бақ.



Кәусар: Айналайын анашым,

Ақылы асқан данасың.

Дүниеде жоқ шығар,

Сенен өткен жан асыл.



Ұлжан: Аймалаған баласын

Мейірбанды анасың

Сәл көрмесең сағынып

Құшағыңа аласың.







Ясмина: Дүниеде артық

Жан жоқ мамамнан

Дариядай шалқып

Ән боп таралған

Мерекең ғой бүгін,

Жүрек жарылар

Даланың ақ гүлін,

Сыйға қабыл ал.

Жүргізуші: Айналайын анашым

Аялайсың, бағасың.

Өзің үшін әніміз.

Ән шырқайық бәріміз.

Хор: Анашым әні



Жүргізуші: «Тәтті нан» ертегісінен көрініс тамашалайық.

Тәтті нан: Әже сәлем бердік,мен бәрін естідім.Сіз Көктем аруын күтіп отырсыз.Көңілді мереке болатын болды.Жарайды мен ана жолмен көктемді қарсы алайын.

Мен тәтті нанмын,

Көңілденіп келемін.

Қоян: Сәлем,тәтті нан,мен сені жеймін.(Қорқытып)

Тәтті нан: Жемеші мені,мен саған өлең айтып беремін:

Мен тәтті нанмын,

Әжемнен қаштым.

Жолда жүгіріп келемін.

Көктем аруын күтемін.

Қоян: Сен дәмдісің,мен сені жеп қоямын.

Тәтті нан: Балалар,көмектесіңдерші,қоян неден қорқады?

Балалар: Желден қорқады.

Қане бәріміз жел болып үрлейік.Балалар үрлейді,қоян секіріп-секіріп қашып кетеді.Тәтті нан домалап кете береді,алдынан қасқыр шығады.

Қасқыр: Сәлем,тәтті нан,мен сені жеймін.Бокс-бокс.

Тәтті нан:

Тоқташы сен қорқытпа,

Тезірек қаш орманға.

Керек етсем егерде.

Ұрып тастаймын сені де.

( Қасқыр қорқып кетеді) Саған не болды тәтті нан,неге мені ұрасың?

Тәтті нан: Балалар,қасқыр неден қорқады?

Балалар: Иттен.Ендеше бәріміз итше үрейік.Аф-Аф-Аф

Қасқырдан құтылған тәтті нан әрі қарай домалап кетеді.

Алдынан аю шығады.

Аю: Сәлем,тәтті нан,мен сені жеймін.

Тәтті нан: Жемеші мені,мен саған өлең айтып беремін:

Мен тәтті нанмын,

Әжемнен қаштым.

Жолда жүгіріп келемін.

Көктем аруын күтемін.

Көктемге өнерімді көрсетемін.

Аю: Мен сені бәрібір жеп қоямын.

Тәтті нан: Сені қалай қорқытсам екен?(ойланады) Балалар аю неден қорқады?

Балалар: Аю бал жейді,арадан қорқады.

Тәтті нан: Бәріміз ара болайық.Балалар ара болады.

-Ж-Ж-Ж-Ж-Ж.Аю қашып кетеді.

Тәтті нан: Қой мен шаршадым, әрі қарай Көктем аруын іздей алмаспын деп,томарға отыра кетеді.Осы кезде түлкі келеді.

Түлкі: Мен әдемі түлкішек,ән салуды ұнатқан.Ой,бұл не өзі?

Тәтті нан: Не емес кім? Мен тәтті нанмын,сұлу көктемді күтуге шығып едім,жете алар емеспін.

Түлкі: Қандай дәмді нан,алақаныма отыршы.

Тәтті нан: Иә,балалар,бірінші алақаныма отыр,одан мұрыныма отыр,сосын бауырсақ сияқты мені аф-ф деп жеп қойғың келеді ғой.Ал сонда Көктем аруын кім күтеді? Оданда дос болып көктемді бірге қарсы алайық.Ол қазір жақындап қалған болар.

Жүргізуші: Балалар,біз де Көктем аруын күтеміз бе?

Жүргізуші: Жасыл көктем,сән көктем

Гүлді-гүлмен өрнекпен

Ел бақытты,мейірлі

Балалары әндеткен

Төрлеп көктем жоғары

( Көктем кіреді)

Жүргізуші: Аналар,ақ тілекті сөз көп дейін

Жылытар жүрегіңді көз көп дейін

Аналар ақ жаулықты бұл сіздерге

Қол соғып қарсы алайық «Тамшылар» биін.

Балалардың тілектерін қабыл алыңыздар тақпақтар

Айсауле: Мені күн-түн аялап,

Көрген жоқсың жан аяп.

Жемісіңді жегізген

Сенсің мәңгі сая бақ.

Іңкәр: Шашымды өріп тараған,

Қабағыма қараған.

Үлкен,кіші демейді,

Сыйлайды оны бар адам.

Құрт пен майын жинаған,

Балаларға сыйлаған

Бұл әжемнің өмірі

Таусылмайтын жыр маған

Жүргізуші: Ұлдардың орындауында «Жігіттер биі»

Жүргізуші: Қыздардың орындауында «Қамажай биі»

Жүргізуші: Балалардың орындауында «Флешмоп» биі

Ән: Әже

Ойын:

Балалардың тілектері:

Әмір: Бізді өсіріп баптаған

Жақсы болсаң шаттанған

Алтыным деп мақтанған

Айналайын ақ анам.



Аяжан: Ана-көркі көгімнің

Ана-нұры жерімнің

Ана-бағы баланың

Мақтанышы елімнің

Мәди: Баланың да тірегі

Дананың да тірегі

Шаншымасын ешқашан

Аналардың жүрегі



Жанәділ: Ананың біз гүліміз

Ана-біздің күніміз

Ұландарды қуантып

Ұзақ өмір сүріңіз.



Диара: Айналайын анашым

Көкте күн боп жанасың

Жылытады жанымды

Күлімдей көз қарасың



Вероника: Айналайын анашым

Мыңғымайтын панасың

Қай кезде қайда жүрсемде

Әнім болып қаласың



Адина: Ай нұрынан жаралдың

Шапағат боп таралдың

Сенің сөнбес сәулеңнен

Өміріме нәр алдым.



Еркенұр: Әр сөзіңді жаттағам,

Жүрегімде сақтағам

Анашым деп мақтанам

Айналайын ақ мамам

Бекжан: Айналайын мама,

Мереке күніңмен

Сыйлайыншы саған

Дала гүлін мен

Күлімдеген көзің

Күннің нұрындай

Ұлым деген сөзің

Ақын жырындай.

Жүргізуші: Уа,Жамағат,ал енді

Әнге кезек берейік

Күй нөсерін төгейік,

Жырдан моншақ өрейік.

Айсәуленің орындауында ән «Тұсауынды кесейін»

Жүргізуші: Ал,қане,балалар орнымызға тұрайық

Аяулы да алтын нұрлы анашым.

Жүрегіммен мәңгі бірге боласың,

Сен асқарсың,сен аспансың,биіксің.

Сен дархансың,сен жомартсың сен данасың-деп бүгінгі 8-наурыз аналарымыздың мерекесіне арналған ертеңгілігімізді аяқтаймыз.Отбасыларыңыз аман болсын.Жүздеріңізден күлкі кетпесін.Еліміз аман,заманымыз тыныш болсын.Сау болыңыздар.



















ШҚО.Үржар ауданы.

«Тұрағұл Қоңыр атындағы орта мектеп –балабақша» КММ

«Балауса» балабақшасы













Ашық сабақ

Тақырыбы:Цифр мен заттың арасындағы сәйкестікті табу

Тәрбиеші:Байнашова Н





























Білім беру саласы:Таным денсаулық

Іс-әрекет түрі:Матеметика,дене тәрбиесі

Тақырыбы:Цифр мен заттың саны арасындағы сәйкестікті табу.

Білімділік мақсаты: цифрды заттың санымен сәйкестендіруді үйрету

Дамыту мақсаты: заттың орналасу реттеу қабілетін дамыту.

Тәрбиелеу мақсаты: санау қабілетін дамыту тәртіптілікке алғырлыққа тәрбиелеу.

Жылулық шеңбері

Сылдыр –сылдыр сылдырмақ

Шақырады сылдырлап

Қарайды қуыршақ

Қарайды құлыншақ

Добым кетті домалап

Үйдің ішін аралап

Қарайды ботақан

Қарайды қошақан



Балаларға цифрды көрсету,және оның қандай цифр екендігін сұрау

Қоянның неше сәбізі бар;

Тиіннің неше саңырауқұлағы бар-себетте қандай сан жазылған?

Нақтылайды:

Неліктен тиінмен қостық?Сол жақтан цифр қандай санды көрсетіп тұрса жолақтың ішінен сонша зат саламыз .Балалардан орындалған тапсырманы орындалмағанын тексереді.



Нақтылайды:

Балалар неліктен тиіниен қостындар?Ал енді балалар мен сендерге сол жақтан цифр қандай санды көрсендер жолақтың ішіне сонша зат саламыз.Балалар оң қолымда қоян,сол қолымда тиін тұр.Міне мен тиінмен қоянды қай қолыма ұстап тұрмын






Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Дошкольное образование

Категория: Уроки

Целевая аудитория: Дошкольникам

Скачать
Ашық сабақ: "Наурыз - шаттық әніміз"

Автор: Байнашова Назерке Ертасовна

Дата: 06.03.2021

Номер свидетельства: 574836

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(49) "Ашық сабақ "Наурыз мейрамы""
    ["seo_title"] => string(27) "ashyk_sabak_nauryz_mieiramy"
    ["file_id"] => string(6) "411857"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1493224358"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(48) "Т?рт жыл мезгілі. Ашы? саба?"
    ["seo_title"] => string(27) "tortzhylmiezghiliashyksabak"
    ["file_id"] => string(6) "319557"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1460883590"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(59) "Ашық сабақ: "Наурыз келді далама""
    ["seo_title"] => string(32) "ashyk_sabak_nauryz_kieldi_dalama"
    ["file_id"] => string(6) "463280"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1521960483"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(44) "Ашық сабақ: "Наурыз көже""
    ["seo_title"] => string(25) "ashyk_sabak_nauryz_kozhie"
    ["file_id"] => string(6) "463281"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1521960529"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(69) "Открытый урок на тему "Наурыз мейрамы""
    ["seo_title"] => string(38) "otkrytyi_urok_na_tiemu_nauryz_mieiramy"
    ["file_id"] => string(6) "411878"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1493226687"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства