Мотивациялық -қозғаушылық | Қонаққа күрек ұстаған қуыршақ келеді.Балалармен амандасады. Тәрбиеші: -Сен мұнда не істеп жүрсің? Қуыршақ: -Мен мына затты тауып алдым, бірақ не үшін керек екенін білмеймін Тәрбиеші: -Бұл зат не үшін керек екенін білу үшін бізбен бірге бол, төрге шық. | Қуыршақпен амандасады. Диалогты тыңдап, қуыршақты төрге шығарады. |
Ұйымдастыру-іздестіру | Қ. Сыдықовтың «Қар» өлеңін оқып беру Өлеңді талдау: Өлең не туралы? Қар қай мезгілде болады? Қар не үшін керек? Адамдар қарды не істейді? Күрекпен ауладағы қарды күреуге болатынын айтады. Үлкендерге көмегін бермекші болғанын түсіндіреді. Тірек сызба арқылы өлеңді жаттау. Мазмұнын түсіндіру арқылы, қуыршақ балаларға не үшін жолдарды тазалау керектігін түсіндіреді. Сол арқылы балаларды еңбек етуге ынталандырады. Балалар қыста жылыну үшін жасалатын әрекеттерді орындайды: құлақтарын, қолдарын ысқалайды, жүгіреді,секіреді. «Қар бізге,ұнайды, ұнамайды» ойынын ұйымдастыру | Өлеңді мұқият тыңдайды. Балалардың жауабы: Өлең қар туралы.Қар қыста жауады.Қар тоғайларды тондырмау үшін керек.Адамдар қарды тазалайды. Үлкендерге көмектеспекші болғанын білгеннен кейін,бәрінің де қар күрегісі келгендерін айтады. Өлеңді қайталай отыра, жаттайды. Әртүрлі қимылдар жасайды Балалар өз ойларын ортаға салады. |