-Балалар ертегілер елі қандай әдемі, мұнда бәрі бар екен, бізде күн салқын болғанымен бұл жерде жылырақ екен, бірақ мұндада жапырақтар сарғайып түсіп қалыпты, жапырақтар сарғайса , күн салқындаса қандай мезгіл болғаны? -Дұрыс айтасыңдар ертегілер елінде де күз мезгілі екен қане олай болса біз тоңбау үшін бір-бірімізбен жүрек жылуын бөлісейік. Жүрек жылуы: Күндей жадырап Айдай арайлап Жұлдыздай жарқырап Судай таза көңілмен Ертегілер елінде Татумыз, доспыз бәріміз Жылынсыншы жанымыз. (дыбыс) Сиқырлы қорап табылады. -Балалар қараңдаршы мына әдемі қорапты, ішінде не бар екенін білгілерің келеме? -Ой балалар мына қорап ашылмай жатыр кім маған күз туралы тақпақ айтып береді мүмкін сол кезде ашылар. -Жарайсыңдар. Мұнда ертекші атайдың сендерге арнаған тапсырмалары мен сыйлығы бар екен (ертегілерден үзінді суреттер,түсті суретті фишкалар) Сұрақ-жауап әңгіме. Кім тапсырмаларды жақсы орындап, сұрақтарға жақсы жауап берсе сол балаларға фишка беремін -Мына суретте қай ертегі бейнеленген? -Бұл ертегіде қандай кейіпкерлер бар? Сергіту сәті: Орнымыздан тұрамыз, Қолды белге қоямыз, Бұрыламыз оңға бір, Бұрыламыз солға бір, Біз бақытты баламыз, Гүл-гүл жайнап жанамыз, Жаттығулар жасасақ, Жақсы сергіп қаламыз.
-Қане балалар осы ертегілер ішінен «Шалқан» орыс халқының ертегісін рөлдерге бөліп ойнайық.( Шалқанға сыйпаттама беріп кету.) Алдымен шалқан ертегісін бейне тақта арқылы есімізге түсірейік. Бейне тақта тапсырмаларын орындау. –Ертегідегі шалқанды кім екті? -Немересі көмекке нені шақырды? -Шалқан ертегісіндегі ең соңғы көмекке келген кім? -Шалқан көкөніс пе жеміс пе? (тапсырмалар астынан шалқан суреті шықты) -Балалар, ненің суреті шықты? Дұрыс айтасыңдар бүгінгі біздің ертегіміз орыс халқының ертегісі «Шалқан» деп аталады екен.Олай болса біз шалқанды өзіміздің ертегілер топтамасына қосып қоялық. Бейне таспа жұмбағын шешу. Жұмбақ шешуі шалқан ертегісінің бір кейіпкері екен. Тікірейіп құлағы Менен бұрын тұрады Бойын жазып керіліп Беті қолын жуады. Бұл не, балалар? |