Білім беру саласы: Таным
Бөлімдері: Қарапайым математика.
Тақырыбы: Ғажайып математика.
Просмотр содержимого документа
«Ашық сабақ: "Ғажайып математика"»
Білім беру саласы: Таным
Бөлімдері: Қарапайым математика.
Тақырыбы: Ғажайып математика.
Мақсаты :Балалармен сандарды тура санап, сандарды дұрыс ажыратып айтуды,қарама-қарсы сөздер айтуды пысықтау.Жыл мезгілдері жайлы ұғымдарын пысықтау.Геометриялық пішіндерді қайталау,түстерді ажырату.Балалардың ойлау,есте сақтау қабілеттерін дамыту.
Керекті құралдар :сандар,суреттер,үлестірмелі құралдар,слайт.
Әдіс-тәсілдері :түсіндіру, теңестіру,сұрақ-жауап,салыстыру,ойын.
Сабақтың барысы:
1.Ұйымдастыру бөлімі.Балалар шаттық шеңберіне тұрып,бір-біріне және қонақтарға жылы тілектерін айтады.
Біздің топта ұл қыздар,
Татту тәтті ойнаймыз
Айналаға бар адамға,
Тек мейірім сыйлаймыз,
Үлкенге де сіз,
Кішіге де сіз,
Баршанызды құрметтеп,
Бас иеміз біз.
Балалар орындықтарға отырады
(Сол кезде есік қағылады ,жылап қоян кіреді.Балалардан түлкіні үйінен қуып шығуға көмек сұрайды,ол үшін балалар берілген тапсырмаларды орындау керек).
1.Жыл мезгілдерін ата.
Бір жылда неше мезгіл бар?
Төрт мезгіл.Кәне, атап шығайық.
(қыс,көктем,жаз,күз)
Кәзір жылдың қай мезгілі?
(көктем)
2.1-ден 5-ке дейін санау.
Балалар тақтаға шығып 1-ден 5-ке дейін санайды.
Себеттен алмұрт алып тәрелкеге санап салады .
Қанша тәрелкеге алмұрт салса, сондай санды көрсетеді.
3.Өлшемдер.
Қарама-қарсы сөздерді айту.
Алыс-жақын,
Ұзын-қысқа,
Биік-аласа,
Жуан-жіңішке,
Ауыр-женіл,
Қалын-жұқа
Сергіту сәті:
Қане бәріміз тұрайық.
Үлкен шеңбер құрайық.
Он жаққа бұрылып,
Сол жаққа бұрылып,
Бір отырып,
Бір тұрып,
Орнымызды табайық.
4.Түстерді айту.
Балалар суреттегі шарлардын түстерін айтады.
(қызыл,көк, сары,жасыл, қызғылт сары)
5.Қандай геометриалық пішінге ұқсайды?
Біз қандай геометриалық пішіндерді білеміз?
(үшбұрыш,шаршы ,шеңбер)
Мынау не ?
Теледидар .
Қандай пішінге ұқсайды?
Шаршыға.
Орамал ше?
Үшбұрышқа
Доп?
Шеңберге.
6.Топпен жұмыс.
Балалар геометриалық пішіндерден қоянның үйін жасайды.
Санамақ:
Бір үйде біз нешеуміз,
Кел санайық екеуміз.
Бас бармағым-анам.
Балан үйрек-әжем.
Ортан терек-әкем.
Шылдыр шүмек-анам,
Кішкене бөбек-мен.
Бір үйде біз нешеуміз?
Бір үйде біз бесеуміз.
Ойын:Кім жылдам.
Қоян балалармен ойын ойнады.
Қоян балаларға түлкіні үйінен шығаруға көмектескендері үшін рахметін айтып ,сыйлық беріп қоштасады.
Қорытынды :Балалар сендерге сабағымыз ұнады ма?
Жарайсындар !
Біз сабақта қандай тапсырмаларды орындадық?
Санадық, геометриялық пішіндерді атадық түстерді ажыраттық ,жыл мезгілдерді айтық т.б.
Сендерге рахмет.
Қонақтармен қоштасайық.
Сау болыңыздар!
№4«Еркемай» балабақшасы
«Ғажайып математика»
№10«Өнер» сәбилер тобы
(математика сабағына арналған ашық сабақ).
Тәрбиеші:Казыкенова Ж.Ж.
Көкшетау қаласы-2015 жыл.