Ұйымдас- тыру- шылық-ізденістік | -Балалар казіржылдың қай мезгілі? -табиғатта қандай өзгешеліктер бар? Көктемде күн жылынды. Құстар жылы жаққа оралды. Қар еріді. Көктемнің алғашқы гүлі- бәйшешек гүлі гүлдей бастайды. Ағаштар бүршік жарады. Малдар төлдейді. Көктем мезгілінде жер бусанып, көктемгі егіс даласында қызу жұмыстар жүреді. Егін салу үшін, жерлерді жыртып жерге бидай дәнді-дақылдар себеді. Сонымен қатар бау-бақшаларда көктем мезгілінде, жерді қопсытып көкөністер отырғызады. -Балалар қандай көкөністердің түрлерін білесіңдер?
Миға шабуыл: Балалар, мен сендерге бір ғажайып қорапшаны ала келдім. Бұл қорапшаның ішінде бір зат бар. Сендер осы қорапшаның ішіндегінің атын тапсаңдар, біздің бүгінгі әңгемеміз соған байланысты болады. Ол не екен, кім таба алады? Ол жанды табиғатқа жатады. Оны адамдар көп пайдаланады. Ол көкөністер тобына жатады. Оны шикідей де жеуге болады және тамаққа қосады. Оны тамақтың барлық түріне пайдаланады. Оның адам денсаулығына пайдасы көп,онда көптеген дәрумендер бар. Ол адамдарды тұмаудан сақтайды. Ол өзі бірнеше қабат киім киген. Ол туралы мынандай жұмбақ та бар. Ұрмай-соқпай жылатады, Әркім бірақ ұнатады. Ол не? Әрине, ол-пияз. Ендеше біз бүгін пияз туралы әңгімелесеміз. Жұмбақта не үшін ұрмай-соқпай жылатады делінген? Кәне, пияз туралы кім айтып береді? Тәрбиеші балаларға слайд арқылыпияздың бірнеше түрі бейнеленген суреттерді көрсетіп, қосымша сұрақтар қоя отырып толықтырады. Суретте Пияздың түсі қандай? Ақ, Қызыл,сары түстері болады екен. Пияздың бірнеше түрі болады екен. Мысалы, жыл сайын тамырланып өздігінен өсе беретін көпжылдық түрлері бар, олардың жер бетіндегі бөлігі тамаққа пайдаланылады. Бұндай пияздар тұқым арқылы ( тұқымын көрсету) өседі. Сол сияқты көшеті арқылы өсетін пияздар болады. Олардомалақ пішінде болады, қысқа сабақтан және оған тығыз, біріне-бірі қысыла орналасқан етті қабыршақтан тұрады. Пияз көкөніске жата ма,әлде жеміске жата ма? Ол бақшада өсе ме,әлде бақта өсе ме? Пияздың қалай өсіп-өнетінін көргендерің бар ма? Пияз қалай өседі? Пиязды өсіру үшін не керек? Дұрыс айтасыңдар, кез-келген өсімдіктің өсуіне қажетті топырақ, су, жарық керек екен. Сергіту сәтті: Гүл өсірсең терлеп, Мұның аты- еңбек, Кесте тіксең зерлеп, Оның аты- еңбек. Қырға шықсаң өрлеп, Оның аты- еңбек. Қиындықтың бәрін, Еңбек қана жеңбек. \Н. Жанаев \ Тәрбиеші пиязды қалай отырғызу керектігін көрсетеді. Казір біз пиязды отырғызамыз. Пиязды отырғызбас үшін, бірнеше күн бұрын суға салып тамырландырып аламыз. Пияздың да басқа өсімдіктер сияқты тамыры, жапырағы болады. Сендер бірінші алдарыңда тұрған пиязды алып, қараңдар, пияздың жоғары жағында кішкентай жасыл өскін болады,сол өскінді жоғары қаратамыз
Пияздың да басқа өсімдіктердегі сияқты тамыры, жапырағы болады. Кім айтады, пияздың қай жақ бөлігін топыраққа отырғызамыз, тамыры бар жағын ба, әлде жоғарғы жағын бар?
Міне, балалар, пиязды отырғыздық, енді пияз өсу үшін не істейміз? Жарайсыңдар, балалар, енді бізде тағы бір топырақ салынған жәшік пен пияздың тұқымдары қалды. Мен сендерге тұқымнан өніп шығатын пияздың түрі бар екендігін айтқан болатынмын. Қазір сол тұқымды топыраққа себеміз. Қалай ойлайсыңдар, пияз тұқым арқылы тез өсіп шыға ма, әлде отырғызған пияз тез өсе ме? Тәрбиеші балалардың берген жауабына қарай толықтырулар енгізіп, түсінік береді және екі жәшіктегі пиязды да күтіп-баптап, олардың өсуіне бақылау жасайтындығын айтады. Дидактикалық ойын. «Жемістер мен көкөністерді ажырат» Мақсаты. Балаларға жемістер мен көкөністердің қайда өсетінін, оларды ажырата білуге баулу. Саусақ маторикасын дамыту. Шарты: Жемістер мен көкөністерді атап, олар қайда өсетінін анықтап, ағаштарға жемістерді және әр жүйектерге көкөністерді орналастыру, Топтық жұмыс: «Бақшаға пияз отырғызу» Балалар орындарына отырып, Пияздардың суретін қағаз бетіне жапсырады. -Балалар бүгін қандай көкністерің түрімен таныстық? -Пияздың неше түрі болады? -Түстері қандай? Сортына қарай тәтті,ащы жартылай ащы болады. Ортақ атауы пияз. | Көктем мезгілі. Талдар көктей бастайды
Картоп, сәбіз, қызанақ т.б
Пияз
Өйткені пиязды қабыршағынан аршығанда, турағанда көзіңнен жас шығады.
Ақ, қызыл, сары.
Балалар пияз туралы білетіндерін айтады.
Көніске жатады
Бақшада өседі
Балалар ән ырғағы мен сергіту жаттығу жасайды.
Балалар тәжірибелеріне сүйеніп жауап береді. Топырақ, су, жылу керек.
Тамыры бар жағын.
Су құямыз
Балалар пиязды алып аударыстырып қарап, жасыл өскіні мен топыраққа отырғызатын жағын тауып алады. Тамырынан білеміз.
Балалар тәрбиешінің жасаған әрекетін қайталайды.
Ойын шартын орындайды.
Пиязбен
Екі түрі бар Қызыл,сары, сопақша
|