kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Ашық сабақ "Ертегілер елінд"

Нажмите, чтобы узнать подробности

Мектепалды даярлық тобына арналған ашық сабақ "Ертегілер елінде".  Балалардың тіл байлығын дамытып,  актерлік шеберлігін ашу

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Ашық сабақ "Ертегілер елінд"»


(Жаңа жыл мерекесіне арналған әуен қосылып тұрады, залға алдымен Жезтырнақ кіреді.)

Жезтырнақ:

- Ха-ха! Хи-хи! Қараймын, мына кішкентай ақымақ адамдарда мереке екен ғой. Шыршаны безендіріп, мәз мейрам болып жүр ғой. Ха-ха! Ал мен өзім жалғызбын, менде мереке де жоқ, шырша да жоқ. Қап, бәлем! Қоя тұрыңдар, көрсетемін сендерге! Мерекені болдыртпаймын! Аяз атаны күтіп отырған болар.

Келтіртпеймін! Аяз аталарың ертегілер елінде адасып кетеді. Ха-ха-ха!

Жақсылыққа келтіртпеймін,

Жаңа жылға жеткізбеймін.

Мен тұрғанда адамға,

Мереке жоқ жалғанда

Ха-ха-ха! Хи-хи-хи!

(Әуен ойналады, тәрбиеші,2 баламен ортаға шығады.)

  • Жүргізуші: Сәлеметсіздер ме, құрметті қонақтар! Келе жатқан Жаңа жылдарыңыз құтты болсын!

Жаңа жылда жаңа бақыт, тыныштық,

Жаса, жаса, достық, бірлік туыстық! Құттықтаймыз келер жылды алдағы,

Ескі жылмен қоштасайық біз ыстық.

Жүргізуші балалар:

  • Тыңдаңыздар! Тыңдаңыздар!

  • Таңырқалып тұрмаңыздар!

  • Сәнді шырша шақырады,

  • Тезірек мұнда жиналыңдар!

  • Басталады Жаңа жылдық карнавал


  • Маска да бар, би де бар, асығайық,

  • Басталады, басталады, Жаңа жылдық карнавал!

  • Карнавалдың иелерін қарсы алайық!

(Әдемі әуен ойнап тұрады. Балалар билеп, залға кіре бастайды.)


Балалар «Жаңа жыл» көңілді әнінің сүйемелдеуімен залға кіреді, төрт қатарға тұрады, билейді.


1 бала:

Армысыңдар халайық!

Бармысыңдар балалық.

Жаңа жылда жұп жазбай,

Бірге қарсы алайық!

2 бала:

Міне тағы келіп тұр

Жаңа бір жыл балалар,

Жадыратып жер үстін,

Төрімізге ол шыққан.

3 бала:

Жаңа жылмен,жаңа жылмен

Құттықтаймыз әрине,

Әкемізді,анамызды,

Қонақтардың бәрінде!

4 бала:

Жаңа жылым жол болсын,

Басқан қадам оң болсын!

Төрлет, төрлет Жаңа жыл,

Бізге құтты жыл болсын!


Қане барлығымыз бірге қайталайық

Жаңа жыл,жаңа жыл

Жаңа жылда жаңа жыр!


Ән: Жаңа жыл

Жүргізуші:

Ақша, қарға малынып,

Аппақ тонын жамылып.

Сақалы мен мұртына,

Күміс моншақтағынып.

Аяз ата келеді,

Балаларды сағынып!

Балалар Аяз атаны шақырайық. Балалар:

Аяз ата! Аяз ата! Аяз ата!

(Мұңлы әуен естіледі. Ортаға Аққала шығады.)

Педагог:

Ой, мынау Аққала ғой! Аққала, не болып қалды, неге жылайсың? Бүгін мереке емес пе?!


Аққала:

  • Сәлем, достар! Қиын жағдай болды. Аяз ата екеуіміз Жаңа жыл қарсаңында сендерді қуантайық деп, көп сыйлық әзірлеген едік. Кенеттен қатты борансоғып, бізді жан-жақтағы ертегілер әлеміне алып кетті. Енді, Аяз атаның қай жерде, қай ертегіде жүргенін білмеймін.

Педагог

Аққала, қайғырма, мұңайма. Қарашы, біз көппіз. Аяз атаны құтқарамыз! Сен бізбен бірге көңіл көтер. Солай емес пе, балалар?

-Ал, балалар, Аяз атаны құтқару үшін барлығын жеңеміз! Ендеше, Аяз атаны табу үшін ертегілер еліне саяхатқа шығуға дайынсыңдар ма? Балалар жауап береді.

(Әуен ойналады, Жезтырнақ ішке кіріп шыршаны айналып жүгіреді.)

-Жезтырнақ:

Тоқта, тоқта, қайда асығасыңдар? Қайда барасыңдар? Сендер менен рұқсат сұрадыңдар ма? Мен ертегілер елінде жүз мыңдап өмір сүремін, сендерді ол жерге кіргізбеймін. Естідіңдер ме?

Осы мезетте (Жарық өшеді, Жезтырнақ ғайып болады.)

Педагог:

Бұл не сұмдық! Сен бізді қорқыта алмайсың, Жезтырнақ! Біз бәрібір Аяз атаны табамыз. Солай емес пе, балалар? Бірақ шыршамыз жанбай қалды ғой, қараңғыда адасып кетуіміз мүмкін ғой. Енді қайттік?

Осы кезде (Әуен ойналады, қолында жарығы және сиқырлы таяғы бар Ханшайым шығады.)

Педагог:

Сәлеметсіз бе, сұлу қыз! Есіміңіз кім болады?

Ханшайым:

Сәлеметсіздер ме, балалар! Мен ертегілер әлеміндегі Ханшайыммын. Сендер қандай әдемісіңдер, сәнденіп киініпсіңдер. Бірақ, сендер неге көңілсізсіңдер?

Педагог:

Ханшайым, бізде қиын жағдай болып тұр. Жезтырнақ мерекемізді бұзып, шыршамыздың жарығын сөндіріп, бізді ертегілер еліне кіргізбей, қорқытып отыр. Не істейтінімізді білмей тұрмыз. Аяз атаны табуымыз керек, әйтпесе, жаңа жылымыз басталмай қалады.

Ханшайым:

Достар, мен сендерге ертегілер еліне тез жетуге көмектесемін. (Қолындағы таяғын бір сермеп, жарықты жандырады. Жарық жанады.)

Педагог:

Тамаша! Ханшайым, саған көп рақмет! Жолымыз қысқарсын, біз жаңа жылдық ән айтсақ қалай болады? Олай болса, біздің балалардан әсем әнді қабыл алыңыздар!

Ән: Аяз Ата


Ханшайым:

Достарым, біз ертегілер еліндеміз!-дейді.

Педагог:

Ханшайым, орманның іші әлі де қараңғы, біз адасып кетуіміз мүмкін ғой.

Ханшайым:

Олай болса, балалар, шыршадағы жарықты жандырайық. Жұлдызшалар сендерге жол көрсетсін. Ол үшін сиқырлы сөзді айтуымыз керек. Қане, шырша, 1- 2-3. Жарығынды жандыр! (Бәрі бірге қайталайды, Ханшайым сиқырлы шыршаны айналып жүреді.)

Шыршаның жарығы жанады.


Педагог:

Жасыл желек жамылған,

Асыл моншақ тағынған.

Міне, сұлу шыршамыз,

Көптен күтіп сағынған.

Осының құрметіне қыздарымыздың биін қабыл алыңыздар.


Би. Жұлдызшалар биі Педагог:

Балалар, Ханшайым, бәрі жақсы болды. Біздің уақытымыз тығыз, жаңа жыл келіп қалды. Алда көптеген ертегілер елі бар. Не істесек болады?

Ханшайым:

Мен сендерге көмектесемін. Бұл қиын емес. Менде сиқырлы шам бар. Сіздерге қажет болып қалатын шығар.Балалар, есте болсын, шам жақсы адамның қолында ғана болуы тиіс, әйтпесе, жағдайымыз қиын болады. Менің уақытым келді. Кетуім керек. Сау болыңдар, балалар!

(Әуен ойналады. Ханшайым залдан шығып кетеді.)

Педагог:

  • Ой, балалар! Біз сиқырлы шамды қалай қолдану керектігін сұрамадық ғой. Енді не істейміз? Сендер білесіңдер ме? Енді не істейміз? Мына жерде бір

сөздер жазылып тұр ғой. Жазу түсініксіз екен. (шамды сүртеді)

Сахнаға шамның ішіндегі Джин келеді.

Педагог:

  • Сен кімсің?

Мүмкін сиқыршы шығарсың?

Джин:

  • Мен сиқыршыдан да мықтымын. Әрі күштімін. Қалаған тілектеріңді орындаймын.

Педагог:

  • Бізде Жаңа жыл мерекесі келе жатыр. Ал біз Аяз атамыздың қай ертегіде жүргенін білмейміз. Аят атасыз мереке де басталмайды. Аяз атаны табуға көмектесе аласың ба?

Джин:

  • Көмектесейік. Бірақ, бір өтінішім бар. Мен мына шамның ішінде мың жыл отырдым, ішім әбден пысты. Көңілімді бір көтерсем деймін. Сендер менімен ойнайсыңдар ма?

  • Балалар Джиннің дайындаған ойынын ойнайды.

Ойын: «Байпақ» ойыны.

Шарты: 2 ойыншы 2 сыңарды бөліп алады Біреуі оң, біреуі сол аяғыныкін киеді де, әуенмен билеп, шыршаны айналып ортаға бірінші жету керек. Бірінші келген бала жеңіске жетеді.


Джин:

  • Ой, балалар, көңілімді бір көтеріп тастадыңдар ғой. Рақмет сендерге! Енді алғысымды білдіретін уақыт келді. Қанекей, менімен бірге қайталаңдар.

Бірге шапалақтаймыз

Бірге аяқты топылдатамыз. Айналамыз, айналамыз.

Бір-бірімізге қараймыз.

  • Қане, ертегіміз тірілсін!

(Әуен ойналады, Жезтырнақ кіреді.)

Жезтырнақ:

  • Болдыртпаймын! Ертегіге келтіртпеспін. (шамды ұрлап алады) Мен енді сиқырлы шамның иесімін. Мен не қаласам, сол болады! Ха-ха-ха!

-Педагог: Енді не істейміз? Бізде сиқырлы шам да, Жын да, көмектесетін ешкім де жоқ.(Залға Алдар көсе кіреді.)

Педагог:

  • Балалар, кім келе жатыр? Сендер оны танисыңдар ма?

-Балалар: Иә, бұл Алдар көсе ғой.

-Педагог: Мүмкін, ол бізге көмектесе алатын шығар?.

Алдар көсе:

- Охо-хо, мына жерде қонақтар көп екен ғой! Барлығың әп-әдемісіңдер! Ой, мен өзі қайда келдім? Қандай мереке болып жатыр?

Педагог:

  • Сәлеметсіз бе, Алдар көсе! Бізде Жаңа жылдың келуін мерекелеп жатырмыз. Аяз атамыз ғана жоқ. Жағдайымыз қиын болып тұр. Жезтырнақ Аяз атамызды қай ертегіге апарып тастағанын білмейміз. Жын көмектесуге үлгере алмады. Жезтырнақ сиқырлы шамды ұрлап кетті.

Алдар көсе, сен өз ертегіңде Аяз атаны көрмедің бе ?

Алдар көсе:

  • Жоқ, Аяз атаны кездестірмедім, бірақ балалар, сендерге көмектескім келеді. Менің сиқырлы домбырам бар. Жақсы адамға көмектеседі, жамандарды жазалайды. Қазір мұны өздерің көресіңдер. Осы жерде биші балалар бар ма?

-Педагог: Әрине, біздің балаларымыз керемет билейді. Қане балалар билейік!

Би: «Алдар көсе» биі (ұлдар билейді)

Бидің соңында әуенге еріксіз,тоқтай алмай , Жезтырнақ билеп кіреді.

Жезтырнақ:

  • Бұл не сұмдық! Жаныңның барында тоқтат! Менің билегім келмейді. Тоқтат деймін! Әйтпесе, сиқырлы шамдағы Жынға айтамын, көздеріңді жояды.

Алдар көсе ойнағанын бірден тоқтатады, Жезтырнақ орындыққа құлайды.

Алдар көсе: Құрметтім, сен не дедің? Мен шалыс естідім бе? Бұл кімге жаман болады? Қане, Аяз атаны балаларға қайтар.

Жезтырнақ:

Жарайды, мен келістім. Аяз атаны қайтарам, тек әуенді тоқтатыңдар.

Туф, суф, суф, дарадай,

Күйген бақа қапшықай. Қырғи, тырғи,

Ащысыз, тұссыз,

Сыбырлап, сиқырлаймын, Тұздаймын, бұрыштаймын. Айтқанымды орында,

Айға апарып тастаймын.

-Алдаркөсе:

-Не дейсің?-деп, таң қалып сұрайды.

-Жезтырнақ:

  • Жәй, әзілдедім. Аяз атаны залға шақырып жатқаным ғой.

  • (Әуенмен бірге Жезтырнақ ғайып болады, Аяз ата келеді.)

  • Аяз ата:( Керемет әуенмен залға кіріп келеді)

  • Сәлеметсіңдер ме, балалар! Армысыздар, қадірлі қонақтар! Жезтырнақты жеңіп, мені құтқарғандарыңа үлкен рақмет! Ал, балалар, Жаңа жылды қарсы алып, қуаныш пен шатыққа кенелейік.

Ақшақар:

Төрле, төрле, құтты жыл!

Қуаныштан айтылады әсем жыр, Балалардың бақытында шек болмай, Жүректері қуаныштан толқып тұр!

Аяз ата:

  • Ал енді, балалардың көңілін көтеру үшін мерекемізді жалғастырайық!

  • Балалардың өнерлерін тамашалайық.

Балалардың тақпақтары.

Педагог:

  • Балалар, біз сиқырлы шам туралы ұмытып кетіппіз. Аяз ата, Жезтырнақ сиқырлы шамды ұрлап әкетті. Сиқырлы шам жаман адамның қолына түссе өте қиын болады.

Аяз ата:

  • Сиқырлы шамды қайтару керек.

Педагог:

Қайтаруымыз керек.Жезтырнақты қайдан іздейміз?

Аяз ата:

  • Ұмытпаңдар! Мен де сиқыршымын. Ақшақар, маған сиқырлы таяқшамды берші.

Желдетіп, борандатып ойнаңдар,

Иіліңдер ақ қайыңмен шыршалар.

Менің барлық орманымның ішінен, Жезтырнақты маған көрсетіңдер.

( Жезтырнақ боранмен шыр айналып,қолында шамы бар,ортаға келеді)

Аяз ата:

Жезтырнақ мен сені,бүгінгі мерекеге сай етіп сыйқырлаймын, Джынды бостандыққа шығарамын,оған келіспесең мына шамның құлы боласың! Сен егер мейрімді болсаң, саған арнап балалар би билеп береді.

Жезтырнақ: Ия, Аяз ата мен енді жамандық жасамаймын,сіздермен көңіл көтергім келеді,әдемі болғым келеді. (Аяз ата таяғы сермеп қалады.)

(Әуен ойналады. Жезтырнақ шыр айналып жатқанда би басталады.)


Би: «кішкентай жезтырнақтар» биі


Жезтырнақ: мен енді әдемі, мейірімді боламын, орманға барып мерекеге дайындаламын. Жезтырнақ шығып кетеді.

Аяз ата:

  • Жезтырнақты жеңдік! Жынды сиқырлы шамнан босаттық. Зияны басқаға тимес үшін, мен бұл шамды Солтүстікке алып кетемін.

Педагог:

  • Аяз ата, біз жамандықты жеңдік. Ал, Жаңа жылымыз әлі келмеді Қалай болады енді?

Аяз ата: Балалар ,қане Жаңа жылды шақырайық! Бізді естіп келіп қалар.

Әуен ойналады.(Осы кезде ұлу шыршаны айналып келеді.)

Ұлу:

Сәлеметсіздер ме?

Мен тұрмын қуанып, Шатыққа бөленіп,

Бір жыл бойы сіздермен

Дос болайық шаттанып.

Педагог:

Ұлу, төрлет! Біздің қонағымыз бол!

Балалардың жаңа жыл туралы әндерін, тақпақтарын тыңда.Біздің балалар өнерлі. Балаларымыздың әнін тыңдайық!

Ән: «Шырша жыры»

Ұлу:

Тамаша! Менің көңілім көтерілді. Қазір сіздермен ойын ойнағым келіп тұр.

Педагог:

-Олай болса, балалар, қазір ойын ойнайық.

Ойын: «Мергендерді анықтаймыз» ойыны.

Ойын барысы: ойынға қатысушылар екі топқа бөлінеді.

Педагог әр топқа алдынала дайындалған қағаздан жасалған ұлпа қар кескіндерін береді.

Олардың алдына 2,5-3м қашықтықта себет қойылады. Педагогтің белгісінен кейін әр ойыншы себетке ұлпа қарды (кішкентай ақ доптар) кезек-кезек көздеп лақтырулары керек. Ең көп ұлпа қар жинаған топ жеңіске жетеді.

Педагог:

-Аяз ата,Ақшақар, Жаңа жыл балалардың сіздерге арналған биі бар,тамашалаңыздар!

Би: Танго

Педагог:

Мінекей, Жаңа жыл да келді!

Ән тыңдап, би биледік бүгінгі тойда. Қалады бүгінгі күн ойымызда.

Қуанып, Жаңа жылға қадам бастық, Құтты болсын, Жаңа жыл баршамызға!

Аяз ата:

-Міне, Жаңа жылымыз келді! Жаңа жылда бақытты күндерің көп болсын! Ал енді, сендермен қоштасатын уақытым келді.Алыстан арқалап әкелген балаларға сыйлықтарым бар,қабыл алыңдар! Сау болыңдар!

(Аяз ата мен Ақшақар балалармен қошасады, залдан шығып кетеді.)


Педагог: Жаңа жылдық ертегіміз соңына жетті. Жаңа жылда жаңа білім, жаңа өнер үйренейік! Жаңа жыл баршамыз үшін берекелі, мерекелі жыл болсын!

Жаңа жылдық ертеңгілік тақырыбы: «Ертегілер еліне саяхат»


Мақсаты: балалардың музыкалық нөмірді ұжыммен және жеке орындау машықтарын бекіту; музыка іс-әрекетінде алған білімін, машықтары мен дағдыларын бекіту; балалардың тұлғалық қабілеттері мен шығармашылық бастамасын дамыту; таныс би қимылдарын қолдану арқылы импровизациялау машықтарын дамыту, мектеп жасына дейінгі балалардың музыкалық-ойын белсенділігін қалыптастыру; бір-біріне достық қарым-қатынасты және мейірімділікті тәрбиелеу.


Кейіпкерлер:

Жезтырнақ – Кульшарова Райхан

Аққала – Аннамұрат Санжар (бала)

Ханшайым – Жолдасбаева Гүлдана

Джин – Ергазиева Газиза

Алдаркөсе – Талипова Гульжамила

Ұлу – Көңілімқос Әмірхан (бала)

Аяз Ата – Жарылгасова Акбопе

Ақшақар – Каракулова Асылкан



Әндер:

1-ші ән: «Келді міне жаңа жыл»

2-ші ән: «Аяз ата»

3-ші ән: «Жаңа жыл»

4-ші ән: «Шырша жыры»


Ойындар:

1-ші ойын: «Байпақ» ойыны.

Шарты: 2 ойыншы 2 сыңарды бөліп алады Біреуі оң, біреуі сол аяғыныкін киеді де, әуенмен билеп, шыршаны айналып ортаға бірінші жету керек. Бірінші келген бала жеңіске жетеді.

2-ші ойын: «Мергендерді анықтаймыз» ойыны.

Шарты: ойынға қатысушылар екі топқа бөлінеді. Педагог әр топқа алдынала дайындалған қағаздан жасалған ұлпа қар кескіндерін береді. Олардың алдына 2,5-3м қашықтықта себет қойылады. Педагогтің белгісінен кейін әр ойыншы себетке ұлпа қарды (кішкентай ақ доптар) кезек-кезек көздеп лақтырулары керек. Ең көп ұлпа қар жинаған топ жеңіске жетеді.


Би билеу:

1-ші би: «Жұлдызшалар» биі

2-ші би: «Алдар көсе» биі

3-ші би: «Кішкентай жезтырнақтар» биі

4-ші би: «Танго» биі












МОББ Актау қаласы бойынша білім бөлімінің №33 «Әлия» бөбекжайы ЖБҚ МКҚК



Бекітілді

№33 «Әлия» бөбекжайының

директоры: Т.Н. Сарсенбаева

_________________________

«_____» _________2023 жыл























«ЕРТЕГІЛЕР ЕЛІНЕ САЯХАТ»



№8 «Құлпынай» мектепалды тобының

жаңа жылдық ертеңгілікке арналған сценарийі













Өтетін күні: 29.12.2023 ж.

Тәрбиеші: Давлетова. К. Қ Талипова.Г. А









Ақтау қаласы

2023-2024 оқу жылы

1



Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Дошкольное образование

Категория: Уроки

Целевая аудитория: Дошкольникам.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Ашық сабақ "Ертегілер елінд"

Автор: Талипова Гульжамила Абдисалиевна

Дата: 10.09.2024

Номер свидетельства: 656010

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(53) "Ашы? саба?  "Ертегілер елінде" "
    ["seo_title"] => string(34) "ashyk-sabak-iertieghilier-ielindie"
    ["file_id"] => string(6) "157847"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1421661077"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(106) ""Ертегілер еліндегі шалқан" ертегісі бойынша ашық көрініс"
    ["seo_title"] => string(69) "iertieghilier_ielindieghi_shalk_an_iertieghisi_boiynsha_ashyk_korinis"
    ["file_id"] => string(6) "389799"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1486636764"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(43) "Ертегілер еліне саяхат "
    ["seo_title"] => string(32) "iertieghilier-ielinie-saiakhat-1"
    ["file_id"] => string(6) "152943"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(11) "presentacii"
    ["date"] => string(10) "1420921516"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(56) "Сабақ: "Ертегілер еліне саяхат""
    ["seo_title"] => string(36) "sabak_iertieghilier_ielinie_saiakhat"
    ["file_id"] => string(6) "445025"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1513598856"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(75) "Конспекта урока  "Ертегілер еліне саяхат""
    ["seo_title"] => string(47) "konspiekta-uroka-iertieghilier-ielinie-saiakhat"
    ["file_id"] => string(6) "287666"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(11) "presentacii"
    ["date"] => string(10) "1454515022"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства