1.Мотивация Сергіту сәтті Қорытынды | Балапан костюмдерін киген балалар топқа тізбек бойы кіреді. (балаларды орындыққа отырғызу) Балалар бүгін сендер неге айналып кеттіңдер? Ал, сендердің көңіл күйлерің неге жоқ? Сендер аналарыңды тапқыларың келе ме? Уайымдамаңдар балалар, мен сендерге комектесемін. Тауык-аналарыңды табамыз. Ол үшін алдымен ояну жаттығуын жасап алайық. «Қайырлы күн...» ояну жаттығуы Қайрлы күн көздерім. Сендер ояндыңдар ма? Қайрлы күн құлақтарым. Сендер ояндыңдар ма? Қайрлы күн колдарым. Сендер ояндыңдар ма? Қайрлы күн аяқтарым. Сендер ояндыңдар ма? Сәлеметсің бе алтын күн. Біз ояндық! Балалар, біз сендермен ояндық , енді тауық-аналарыңды іздеп табайық. Балалар, сендер менімен бірге мына сиқырлы жіпті ұстаңдар. Біз келеміз, келеміз, өзенге де жеттік біз(өзеннің арғы жағынан тауықтың дауысы естіледі) Менің ойымша сендердің аналарың өзеннің арғы жағында. Ал, өзеннен қалай өтуге болады? Дидактикалық ойын «Көпір құрастыр» Тәрбиеші өзен үстінен көпір етіп ұзын және қысқа ленталарды қояды. Дидактикалық ойын: «Күннің көзін жаса» ұсынады бірақ ол сәулесіз, схема бойынша балаларға қызыл, сары қысқыштарды орналастыруды көрсетеді) Міне қандай тамаша күннің көздері шықты. Менің ойымша сендердің аналарын осы жерде жүр. Балалар күнің көзі өте қатты сәуле шашып тұр, барлығымыз көзімізді жабайық (әуен ойналады, балалар көздерін жауып отырғанда тәрбиеші тауық костюмін киеді) Көздеріңді ашыңдар. Қандай тамаша менің балапандарым мені тауып алды. Қандай тамаша! Енді бір-бірімізден жоғалмайық! (балапандарын көргеніне қуанады). «Балапандар биі» музыка ырғағымен балалар би қимылдарын жасайды. Ко-ко-ко, ко-ко-ко Мен көпірден өткенде, Себеттегі барымды Суға түсіріп алдым. Маған көмек керек жұмыртқаларым суға түсіп кетті соны маған өз ыдыстарына жинауға көмектесіңдерші. Дидактикалық ойын: «Жұмыртқаны өз ыдысына сал» Балалар түстеріне байланысты шарларды өз ыдыстарына салады. «Саусақ» ойыны Балалар алақан арасына шарларды салып оны домалатады. Балалар, мына ыдыста қандай жұмыртқа? (әр ыдысқа талдау жасайды) Жарайсыңдар балалалар, барлық қиындықты жеңдік, енді үйге қайтайық (Балалар қайыққа отырып үйге қайтады). -
«Кубизм» әдісі бойынша Балалар кубты лақтырады, кубтың қалташаларында ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті бойынша суреттер болады. | Балалар топқа келген қонақтармен сәлемдеседі. Сәлеметсіздер ме Балалар орындықтарға отырады Балапанға Балапандар анасын жоғалтып алғанын айтады Оянсақ анамыз жоқ Тапқымыз келеді Балалар көздерінің үстін ақырын уқалайды. Құлақтарын укалайды. Қолдарын укалайды Аяқтарын бір орында топырлатады Күннің көзіне қарай тартылып, қолдарын жаяды. Балалар жылдам әуенмен тәрбиешімен бірге жіпті ұстайды Көпірден, қайықпен, пароходпен т.б. Балалар қарындашты алақан арасына салып әрлі-берлі уқалайды. Балалар қарындашты бірінің-артынан бірін қойып көпір жасайды. Балалар қай жолмен жүру тиімді екенін өз жауаптарын айтады. Балалар қысқыштарды ретімен сары қағазға орналастырады. Балалар күннің көзін жасап шығады. Балалар көздерін жауып отырады. Балалар аналарын көргеніне қуанады Балалар музыка ырғағымен би қимылдарын жасайды. Балалар анасына көмектесетінін айтады Балалар жерге шашылған шарларды тиісті түсіне байланысты салады. Қызыл ыдыста шар көп, ал жасыл ыдысты аз. Шарды алакан арасына салып домалатады Балалар анасымен бірге қайыққа отырып өзеннің арғы бетіне шығады Жаттығу жасадық Көпірден өттін Күннің көзін жасадық Жұмыртқаларды жинадық |