kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

"Аналар - асыл қазынам" ертеңгілік

Нажмите, чтобы узнать подробности

8 наурыз халықаралық аналар мерекесіне арналған ертеңгілік. Оқушылардың тақпақ, өлең, билерімен өткізілген.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«"Аналар - асыл қазынам" ертеңгілік»

Жүргізуші: Құрметті аналар,әжелер,апайлар,балалар! 8- Наурыз аналар мерекесіне арналған «Аналар-асыл қазынам»ертеңгілігіне жиналып отырмыз. Мектепалды даярлық тобының балаларымен өткізілетін мерекемізге қош келдіңіздер! 

Залға балалар кіреді,қолдарында гүлдер,ән айтып 
Әлемнің жарығын силадың сен маған 
Даланың әр гүлін сыйлаймын мен саған- 
Аналарға гүлдерін сыйлайды 

Тәрбиеші: Иә, бәрімізге де осынау әлемнің жарығын сыйлаған ана есімі қашанда биік, әрі қымбат. 
Тәрбиеші:; 
Ана десем алғыс алам халқымнан 
Ана десем теңіз болам шалқыған 
Ана десем ,ашылады қабағым 
Ана десем әділдікті ұғамын 
Біз ғана емес 
Қадір тұтқан бабалар 
Аналардаң туған небір даналар 
Ана деген тіршіліктің тірегі 
Армысыздар,қасиетті аналар! 

-Ардақты аналар,әжелер мерекелеріңіз құтты болсын! Отбасыларыңызға құт-береке ,бірлік.дендеріңізге саулық тілейміз! 
-Балалар,бүгінгі тақырыбымызға байланысты мен сендерге жұмбақ жасырғым келіп тұр.Шешуін таба аламыз ба? 
Бала,бала,бала деп 
Түнде шошып оянған 
Түн ұйқысын төрт бөліп 
Түнде бесік таянған 
Бүл кім? 
Балалар: Ана,ана,ана. 
Тәрбиеші.:Әрине,бұл біздің аналарымыз.Ана перзент тәрбиелеуші.Ендеше осы асыл аналарымызға арналған балаларымыздың тақпақтарына кезек берейік: 
1 бала:Аяулым 
Бүгінгі көктем күнінде, 
Барлық адам қуанар, 
Аналарды мейраммен
Құттықтайды балалар. 

2 бала: Каусар
  «Жаным» дейсің мені, 
Жаратушым – бір сен.
Жалғыз өзің, тегі, 
Жанашырым білсең, 
Айналайын ана! 




3 бала: Мадина

Жамандықтан сақтандырып, 
Жақсы ісімді мақтан қылып
Мәпелеген ақ мамамды 
Жүрсем деймін шаттандырып. 


6 бала:Аяжан О

Ананың біз гүліміз, 
Ана біздің күніміз.
Ұландарды қуантып, 
Ұзақ өмір сүріңіз. 


7 бала:Софионор

Қандай бала болмайық, 
Анамызға балдаймыз, 
Көтерейікші көңілін
Ән салайық бәріміз. 


8 бала:Асылбек

Анам менің асыл жан, 
Құшағы нұр шашылған. 
Күн секілді күледі
Сипап ылғи басымнан
 
Жүргізуші: Бүгін біздер құрметті де ардақты әжелерімізді ерекше атап құттықтаймыз! «Қариясы бар үйдің қазынасы бар» - деп халқымыз текке айтпаған,балаларымыздың әжелеріне арналған тақпақтарына кезек берсек 


9. бала: Мирас

Әжемді мейрамымен құттықтаймын, 
Айтатын ән, беретін гүлім дайын. 
«Әжетай сені жақсы көремін», деп
Ақырын құлағыңа сыбырлаймын. 


10. бала: Аяру

Әжем менің әлі де, 
Ұқсамайды кәріге
Шай қайнатып береді 
Қажет болса бәріне. 




11. бала.:Аруна

Өзің мені өсірген, 
Айналайын, ақ әжем. 
Тентек болсам кешірген
Шөлдедің бе, дана әжем. 


12 бала:Нұрмахан

Шай қайнатып берейін, 
Шекер салып жан әжем
Өзім құйып берейін, 
Балдай тәтті бал әжем! 


13 бала:Бекнұр

Аналарды сүйеміз, 
Сөзін ойға түйеміз. 
Әжені де ардақтап,
Әдеппен бас иеміз. 


14 бала:Аяжан.Х
Өскенде мен ал енді, 
Аралаймын әлемді. 
Сыйлық әкеп әжеме,
Таң қалдырам бар елді. 

15 бала: Нұрбақыт

Шашымды өріп тараған,
Қабағыма қараған
Үлкен кіші демейді,
Сыйлайды оны бар адам.


16 бала: Айзат

Сенен өскен балалар,
Батырлар мен даналар
Құттықтаймыз мейраммен
Құрметті аналар.



18 бала: Аруна Жабатова

Әр сөзімді жаттаған,
Жүрегімде сақтаған,
Анашым деп мақтанам,
Айналайын ақ мамам 
19 бала: Ернұр

Құтты болсын, ардақты анам, 
Асыл анам мерекең! 
Құтты болсын теңдік алған
Қуанышты мерекең! 


20 бала :Мирас

Сегізінші наурыз күнін 
Мейрамдайды аналар. 
Аналардың шаттығын  
Құттықтайды балалар. 

21 бала:Cұңқар

Аналарды сүйеміз, 
Сөзін ойға түйеміз. 
Әжені де ардақтап,
Әдеппен бас иеміз. 


22 бала.Айгерим
: Келді көктем күнің,
Күлімдейді гүлің -
Алтын ойлы Анам,
Мерекеңіз бүгін!
22 бала: 
Би : «Қаражорға» Ұлдар 
Тәрбиеші:: Тамаша, өнерлі екенсіңдер.Ал балалар сендер үйде ата-аналарыңа көмек тесесіңдер ме? Шындарыңды айтыңдар ! Қазір мен аналарыңнан сұраймын. 

1. Күні бойы ойнай беретін,ойнап болған соң ойыншықтарын жинауға ерінетін,дым істемейтін,жалқау бала бар ма сіздерде? 

Аналары: Жоқ,жоқ 

2. Ал,тәңертең ерте тұрып,мектепке өзі киінетін,үйде анасына көмектесетін әдепті бала бар ме екен?

иә
Ата - аналарға құттықтау сөз кезегін беру
Тәрбиеші: Сүйкімді ғой балалар
Өнерлі ғой баршасы
Міне, осындай қойылым
Көрсетті даярлық топтың баласы
Құрметті аналар мен әжелер! Сіздерді мектепалды даярлық III тобының бүлдіршіндері атынан шын жүректен құттықтаймыз. Аяулы аналарымыз, ардақты әжелеріміз, сүйкімді балаларымыз әрқашан аман болсын!

















































































































































































 


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Дошкольное образование

Категория: Уроки

Целевая аудитория: Дошкольникам.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
"Аналар - асыл қазынам" ертеңгілік

Автор: Какенова Алмагуль Сайлауовна

Дата: 03.04.2017

Номер свидетельства: 406090

Похожие файлы

object(ArrayObject)#863 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(37) "Аналар- асыл қазынам"
    ["seo_title"] => string(19) "analar_asyl_kazynam"
    ["file_id"] => string(6) "543585"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1584695111"
  }
}
object(ArrayObject)#885 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(49) "«Халы? ?нері – асыл ?азына» "
    ["seo_title"] => string(26) "khalyk-onieri-asyl-k-azyna"
    ["file_id"] => string(6) "161995"
    ["category_seo"] => string(22) "klassnomuRukovoditeliu"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1422292311"
  }
}
object(ArrayObject)#863 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(21) "Асыл ?азына "
    ["seo_title"] => string(12) "asyl-k-azyna"
    ["file_id"] => string(6) "162003"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1422292655"
  }
}
object(ArrayObject)#885 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(42) "Ұстазым – асыл қазынам"
    ["seo_title"] => string(22) "u_stazym_asyl_k_azynam"
    ["file_id"] => string(6) "351001"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1477038956"
  }
}
object(ArrayObject)#863 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(56) ""Ба?-Н?р-Ел" б?бекжай-балаба?шасы"
    ["seo_title"] => string(37) "bak-nu-r-iel-bobiekzhai-balabak-shasy"
    ["file_id"] => string(6) "323060"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1461751265"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства