kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

"Ана - өмірдің гүлі!"

Нажмите, чтобы узнать подробности

"Ана - өмірдің гүлі!" ашық сабақ

Ортаңғы топ (4-5 жас)

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«"Ана - өмірдің гүлі!"»

Ана-өмірдің гүлі!

Ән ырғағымен балалар залға кіреді.

Жүргізуші: -Құрметті қонақтар, ақ жаулықты әжелер, ардақты аналар, сүйкімді де сұлу қыздар.

Біз сіздерді көктемнің алғашқы мейрамы 8-Наурыз мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз!

Жүргізуші: Ананың тілі, ананың махаббаты, ананың тілегі тіл жетпес бір жатқан теңіз емес пе?

-Па, шіркін ананың айналып толғанғаны кімнің есінен кетер дейсіз?!

-Шырылдап дүниеге келгеннен-ақ сенің ең бір жақының, ең бір досың, ең бір ұстазың бар. Ол – ана. (Баубек Бұлқышев)

-деп, Баубек Бұлқышев ағамыз жырлағандай аналар мерекесіне арналған ертеңгілігімізді «құлыншақ» тобының әдемі биімен бастауға рұқсат етіңіздер.

Би: «Асылым - анам»

Жүргізуші: - Балаға ең жақын жан сіздерсіздер – аналар, сіздің ыстық құшағыңыз балаға пана болар, әлемдегі ең ғажап, ең әсем сөз бұл – ана, ендеше құрметті аналар, балаларымыздың құттықтау тілектерін қабыл алыңыздар.

1.Бекнұр

Бәріңіз де анасың

Біз үшін күн болып жанасың

Құтты болсын мейрамың

Құттықтаймын анашым

2.Ақгүлім

Құтты болсын ақ анам

Сегізінші науырызың!

Қасымда бол әрқашан

Жансын жарық жұлдызың,

Тілейді бақыт бір саған

Әлпештеген ұл-қызың.

3.Ахмет

Еркелеттің асырадың

Мойыныңа асыламын

Аман болшы ардақты анам

Мен әрқашан қасыңдамын.

4.Шұғыла

Мен анамды сүйемін,

Сөзін ойға түйемін.

Анашымды ардақтап,

Басымды оған иемін.

5.Бекарыс

Ақ сүт берген балаңа

Күш-жігерін жұмсаған

Бұл өмірде жан ана

Тең келеді кім саған

6.Нұрсая

Аспандағы айымсың

Бақытыма балаған

Құтты болсын мерекең

Айналайын жан анам.

Жүргізуші: -Балалар жарайсыңдар!

Балалар, қар еріп, құстар ән салып, алғашқы гүлдер шығуда, адамдарға қуаныш сыйлайтын сиқырлы көктем мезгілі. Олай болса мерекемізге көктемді шақырайық.

Музыка әуенімен залға көктем кіреді.

Көктем сөзі: Мен көңілді көктеммін,

Былтыр келіп кеткенмін.

Көзін ашып бұлақтың,

Түбіне тал еккенмін.

Гүл боп қырда егілем,

Дән боп жерге себілем

Жаңбыр болып жауам да

Нұр боп көктен төгілем.

Шуағын төгіп әлемге.

Жылуын күннің әкелем

Жүргізуші:- Амансың ба, Ару көктем? Ұлан-байтақ жерімізге қош келдіңіз. Шуағыңды шаттандырып, нұрыңды мол төгебер.

Ән: «Көктем»

Жүргізуші: Ананың әрбәр сөзі жылылыққа толы. Ананың көз нұры, мейірімі тастай мұзды да жібітеді. Сүйікті аналар сіздерге деген балаларымыздың жылы лебіздерін қабыл алыңыздар.

Тақпақтар:

Дильназ

Бесіктерін әнімен

Тербетуде аналар

Жасай берсін сәнімен

Жер бетінде аналар.

Омар

Теңдесі жоқ данасың

Арқа сүйер панасың

Еңбегіңді ақтаймын

Аман болшы анашым.

Кәусар

Мейірімін төккен баршаға

Онымен өмір қаншама?

Анасыз өмір болама,

Айтыңдаршы, баршаң да?

Мейрамбек

Мәпелеп мені өсірген

Ризамын мен өзіңе

Ана деген керемет,

Сыйлап өтем өмірде.

Әділхан

Аялаған анашым,

Мәпелеген анашым.

Менің саған тілегім

Қартаймашы анашым.

Жандәулет

Менің әжем, бұл әжем

Айтқан сөзі дәл әжем

Аман болса көреді

Қызығымды әлі әжем

Жүргізуші: Ару қыздар, әсем қыздар, гүл қыздар деп әсем қыздарымыздың әдемі билерін тамашалайық.

Би: «Әсем гүлдер»

Маша кіреді.

Маша: - Сәлеметсіздер ме? Мен қандай жерге келдім? Мен аюымнан адасып қалдым... Енді не істесем екен?

Жүргізуші: - Маша сәлеметсіз бе? Сіз қорықпаңыз?! Біз сізбен біргеміз! Біз 8-Наурыз Аналар мерекесін тойлап жатырмыз! Бізбен бірге ән айтып, би билеп көңіліңізді көтеріңіз! Содан соң аюыңызды да табарсыз!

Маша: - Ой, рахмет! Қуана, қуана келісемін. Сіздер өте тамаша балалар екенсіздер. Менде ән айтып, би билеп ойнағанды жақсы көремін.

Жүргізуші: - Ендеше балаларымыздың келесі жылы лебіздеріне береміз.

Тақпақтар:

Байбол

Ақ жаулықты әжемді

Ай жүзіне теңедім

Мейірімің таусылмас

Күн нұрына теңедім.

Динара

Менің әжем, гүл әжем

Алтын әжем, күн әжем

Анам үшін мен үшін

Нағыз ана тілі әжем.

Нұрсая

Ана біздің күніміз

Ана біздің гүліміз

Аналардан тарайды

Біздің ана тіліміз.

Жансезім

Ана біздің күніміз

Ананың біз гүліміз

Балаларды қуантып

Ұзақ өмір сүріңіз.

Мұрагер

Алысқа кетсемде,

Сағынамын мен сені!

Әрқашанда жанымнан

Табылатын менің анашым!

Айбар

Менің анам ардақты,

Алтыннан да салмақты

Жақсы көріп баласын,

Мәпелейді анашым.

Жүргізуші: - Балалар бүгін біздің әдемі қыздарымыздың да мерекесі. Олай болса қыздарымызға гүл сыйлау ойынын ойнайық.

Ойын: «Гүл сыйлау»

Жүргізуші: - Бүгінгі мереке күні асыл әжелерімізді де мерекелерімен құттықтаймыз. «Қариясы бар үйдің, қазынасы бар» деп бекер айтылмаған. Келесі әніміз әжелерімізге арналады.

Ән: «Әже»

Жаншырай

Ақ сүт берген анашым

Ақылды менің данашым

Өзіңдей жанды әлемнен

Қайдан табамын аншым?!

Ханшайым

Жақсылыққа шақырып,

Жамандықтан тыяды.

Мейіріммен тәрбиелеп

Иман нұрын құяды.

Сайын Жан

Аналарды сүйеміз

Ақылын ойға түйеміз

Әжені де ардақтап

Әдеппен бас иеміз

Аружан

Ақ қабақты анашым

Күн сәулелі анашым

Әлпештеген баласын

Айналайын анашым

Дильназ

С праздником, мамуля!
Я тебя люблю.
И всегда с тобою
Рядом быть хочу.

Ақгүлім

Мамочка красивая
Добрая и милая.
С 8 Марта, мамочка
Самая любимая!

Ойын: «Топ-топ»

Жүргізуші: - Келесі кезекті балаларымыздың әжелерімізге арнаған көңілді биіне береміз.

Би: «Әжелер»

Жүргізуші: - Адам барма ана сүтін татпаған,

Алуан-алуан ауыр сынды аттаған.

Адалдықты ар-намысты сақтаған,

Мен ананың сонысына мақтанам.

Ән: «Анашым»

Жүргізуші: - Аналар қалқып бақыт аралына,

Ләйім мұң қонбасын жанарыңа.

Осымен ертеңгілігімізді аяқтайық,

Гүл бітсін бәріңіздің қадамыңызға

-дей отырып бүгінгі мерекемізді аяқтайық. Ардақты аналар мейрамдарың құтты болсын!







































11 «Шағала» балабақшасы МКҚК

























Тәрбиешілер: Маденова Ұ.

Өтеева Ж.

Өткізген күні: 6.03.2018ж.













Мұнайлы ауданы – 2018ж.

«Ана – өмірдің гүлі» атты мерекесіндегі суреттер


















Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Дошкольное образование

Категория: Уроки

Целевая аудитория: Дошкольникам

Скачать
"Ана - өмірдің гүлі!"

Автор: Маденова Ұлжалғас Айдарбекқызы

Дата: 05.04.2018

Номер свидетельства: 465187

Похожие файлы

object(ArrayObject)#863 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(76) "Сынып са?атыны? та?ырыбы: "Ана-?мірді? шуа?ы""
    ["seo_title"] => string(46) "synyp-sag-atynyn-tak-yryby-ana-omirdin-shuag-y"
    ["file_id"] => string(6) "312974"
    ["category_seo"] => string(22) "klassnomuRukovoditeliu"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1459422167"
  }
}
object(ArrayObject)#885 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(74) ""Ана- ?мірді? г?лі" ерте?гілігіні? сценариі"
    ["seo_title"] => string(48) "ana-omirdin-ghuli-iertien-ghilighinin-stsienarii"
    ["file_id"] => string(6) "305961"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1458032109"
  }
}
object(ArrayObject)#863 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(35) "Ана - ?мірді? шуа?ы!!! "
    ["seo_title"] => string(21) "ana-omirdin-shuag-y-2"
    ["file_id"] => string(6) "182059"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1425459725"
  }
}
object(ArrayObject)#885 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(48) "Ана-?мірді? ?уанышы, тірегі "
    ["seo_title"] => string(30) "ana-omirdin-k-uanyshy-tirieghi"
    ["file_id"] => string(6) "213798"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "planirovanie"
    ["date"] => string(10) "1432140929"
  }
}
object(ArrayObject)#863 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(34) "Ана – ?мірді? шуа?ы."
    ["seo_title"] => string(17) "anaomirdinshuagy1"
    ["file_id"] => string(6) "320806"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1461149890"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства