Просмотр содержимого документа
«"Алыс -жақын" қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті»
Ортаңғы «Қуыршақ» тобындағы ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі
Өткізілу күні: 12.03.2019 ж
Тәрбиеші: Берік А.Б
Білім беру саласы: Таным
Пән: Қарапайым математикалық ұғымдарын қалыптастыру
Өтпелі тақырып: «Жер Ана»
Тақырыбы: Алыс-жақын
Мақсаты:
Тәрбиелеу: Ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Дамыту: Логикалық ойлауын , есте сақтау қабілеттерін дамыту.
Оқыту: Өзінің айналасындағы заттарды орналасуын (жақын-алыс, биік, аласа, жоғары-төмен, алда, артта) анықтауға үйретуді жалғастыру. Заттың саны оның көлеміне, орналасуына байланысты емес екені туралы түсініктерді қалыптастыру.Үлгі мен атау бойынша ойыншықты санап алуға жаттықтыру.
Педагогикалық технологиялар: дамыту, оқыту
Ресурстармен қамтамасыз ету: қуыршақ театрының кейіпкерлері,
Билингвалдық компонент: үш – три, төрт – четыре, ағаш – дерево, қоян – заяц.
1. Ұйымдастыру кезеңі.
-Жыл мезгілерін атайықшы?
-Қанша жыл мезгілі болды?
Ал, қазір жылдың қай мезгілі?
-Көктем мезгілінеде неше ай болады?
- Далада қандай өзгерістер болып жатыр?
– Балалар, үстелдеріңде сандар жатыр. Сандарды ретімен орналастырамыз.
Негізгі бөлім. 1-тапсырма. Қуыршақ театрының кейіпкерлері – қоян, түлкі және қасқыр балаларға қонаққа келеді. Олар бір нәрсеге келісе алмай қалыпты. Сөйтсе, достар кімнің қайда және қалай баратынын шеше алмай отыр екен. Тәрбиеші қонақтарға басу айтады және балалардан көмек сұрап көрелік деген ұсыныс жасайды. Тәрбиеші балалардан сұрайды:
– Суреттегі көліктердің аты қандай және неше дөңгелегі бар?:
– Кейіпкерлердің киімдеріндегі цифрлар ойыншықтың дөңгелегінің санымен сәйкес болу керек. Ендеше сан нешені көрсетсе, олар сонша дөңгелегі бар көлікті мініп кетеді.
– Бағыт сызығымен кімнің ойыншығы қайда екенін көрсетіңдер. Машине кімдікі?
– Самокат кімдікі? Педагог балалардан: – Велосипед кімдікі? – деп сұрайды. Аңдар балаларға алғыс айтып, кетіп қалады. Қоян балалармен бірге қалады. 2-тапсырма. Суретте неше қоян болса, сонша дөңгелек салуға тапсырма береді. Сергіту сәті:
«Сұр қоян».
Ұзын құлақ сұр қоян
Естіп қалып сыбдырды.
Ойлы-қырлы жерлермен
Ытқып-ытқып жүгірді
Қарап еді артына Қиығын сап көзінің, Келе жатқан томпаңдап, Көжегі екен өзінің.
3-тапсырма. Қоян айтады: – Менің үйім тиін мен кірпінің үйлерінің арасында. Кәне, балалар, айтыңдаршы, біздің қайсымыз тиіннен алыс тұрамыз: мен бе, әлде кірпі ме? Кәне, жауабын тауып көріңдер. Қоян бәріне рақмет айтып, кетіп қалады.
4-тапсырма. Тәрбиеші екі суретті мұқият қарап шығып, олардың айырмашылығын табуды сұрайды. – Неше айырмашылық тапсаңдар, сонша дөңгелекті бояңдар. Жұмысты аяқтағаннан кейін тәрбиеші балалардан сұрайды: – Неше дөңгелек боядыңдар? – Қандай айырмашылық таптыңдар?
Қорытынды: Өзін-өзі бақылау және өзі атқарған жұмысқа баға беру. Педагог балаларды оқу қызметінде белсенділік танытқаны үшін мадақтайды. Балалардан қорытынды шығаруды сұрайды: 4 артық па, 5 артық па?