Іздену ұйымдастырушылық | Балалар қазір қай мезгіл?Қыс мезгілі.Қыс мезгілінің алдында қандай мезгіл болды? Күз мезгілі.Ендеше күз мезгілін есімізге түсірейікші. Қараңыздар күзде нелер өседі?Күзде қырманға толы дақылдар,бидай,арпа,күріш.Айнала сап-сары. «Алтын дән»суретін көрсетіп балаларға әңгімелетіп болған соң үлгіні талдау. Қанеки бәріміз топқа бөлініп,алтын дәнді әдемілеп құрастырайық. Блингвальды кампонент: Алтын дән-золотой колос,астық-зерно,дәнді-дақылдар-крупа Жасалу жолдары: Балалар алдымен дақылдарды дайындап аламыз. Суреттерді қараймыз,суреттерді қарындашпен салып аламыз. Салынған суреттерге сәйкес,дәнді-дақылдардан:күріш,қарақұмық,тары,бидайды аламыз. Қатты картонға ПВА желімін жаға отырып,әр бөлігіне дәндә-дақылдарды сеуіп орналастырамыз.Орналастырып болғаннан кейін,әшекейлеп бояймыз. Сергіту сәті: Бас бармағым - әкем, Балаң үйрек – шешем, Ортақ тірек – ағам, Шылдыр шүмек апам, Кішкентай бөбек – мен. Бір үйде біз нешеуміз? Бір үйде біз бесеуміз. Балалардың өз бетіндік жұмысы: Жасап болғаннан кейін,гуашпен әдемілеп бояймыз. Көптілділік: алтын дән-золотой колос,астық-зерно,дәнді-дақылдар-крупа | Балалар қазір қыс мезгілі,оның алдында күз мезгілі болғанын айтады.
Алтын дән-золотой колос,астық-зерно,дәнді-дақылдар-крупа Жасалу жолдарын тыңдайды.
Сергіту сәтін орындайды. Балалар топқа бөлініп сурет салады да,дәндідақылдарды орналастырады. Балалар жұмыстарын аяқтайды. |
Рефлексивті түзетушілік | -Балалар біз нені құрастырдық? Балалар Қырманшы атай қуанып, жасаған жұмыстарын көрмеге қояды. Дайын болған жұмыстардан көрме ұйымдастырылып, балалардың еңбектерін мадақтаймын. | Балалар жауабы.Балалар өздері жасаған «алтын астық» қалай жасағаны туралы әңгімелеп береді. Қырманшы атаймен қоштасады. |