Дәлелдеу ояту | -Балалар, маған қараңдаршы менің қолымдағы не? - қардың түсі қандай ? - қар қатты ма, әлде жұмсақ па? -балалар бүгінгі көңіл – күйлерің осы қардай аппақ болсын.(балалар бір – бірлеріне ақ тілектерін ұлпа қарды беріп тұрып айтады) Көрдіңдер ме балалар? Жылы сөздер айтып едік қолымыздың жылуынан қарда еріп кетті.Енді бізге қонаққа апайлар келіп жатыр, барлығымыз амандасайық. | -қар - аппақ -қар жұмсақ -Денсаулығымыз мықты болсын - заманымыз тыныш болсын - білімді болайық - аспанымыз ашық болсын - барлығымыз тату – тәтті болайық. |
Ұйымдастыру – іздену | Бүгінгі ұйымдастырылған оқу іс - әрекетінде «Алақай, қыс келді!» деген тақырыпты өтеміз. Балалар жылдың неше мезгілі бар? Жыл мезгілдерін атайық? Қазір жылдың қай мезгілі? Желтоқсан қыс айларының бірі, осы айда қандай мерекелерді тойлаймыз? -Жаңа жылда бізге кім келеді? - не әкеліп береді? - қыста қандай өзгерістер болады, қандай ойындар ойнаймыз? - балалар қыста біздер қалай киініп жүреміз? - сырт киімдерді атайық? Ойын: « Сәйкестендір» қыс жыл мезгілдерінің ішіндегі суық мезгіл, қыста барлық дала құстары жылы жаққа ұшып кетпейді, кейбір суыққа төзімді құстар қыстап қалады.Бұлар сауысқан,қарға, торғай.Қыста құстардысуықтан қорғануға сыртқы жүндері де көмектеседі. -балалар қыс мезгілі сендерге ұнай ма? -қыс туралы қандай тақпақтар білеміз? | жылдың төрт мезгілі бар қыс, көктем, жаз, күз қыс мезгілі -Тәуелсіздігіміздің 20 –жылдығы, Жаңа жыл мерекесін тойлаймыз. - Аяз ата келеді - сыйлық әкеледі - қар жауып жердің беті ақ болады, шанамен сырғанаймыз,шаңғы тебеміз, аққала жасаймыз. - жылы киініп жүреміз - малақай,тон, етік, қолқап, шәлі. - балалар ойын барысында қолқаптың ,етіктің түр – түсіне, ондағы өрнектердің орналасуына қарай сыңарын табады. |