kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Аквариумдағы балық

Нажмите, чтобы узнать подробности

Білім беру саласы : "Әлеуметтік орта"

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекет түрі :"Экология негіздері"

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Аквариумдағы балық»



Шамаяқова Манчук Орынбайқызы. «Қарлығаш» тобы тәрбиешісі

«Ертегі» бөбекжайы. Казталов ауданы, Жалпақтал ауылы.


Білім беру саласы: «Әлеуметтік орта»

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекет түрі: Экология негіздері

Тақырыбы: «Аквариумдағы балық»

Мақсаты: Аквариум балығымен таныстыру. Балықтардың өзара ұқсастықтары мен айырмашылығын көре білу, тірішілігі басқа балықтарға қарағандағы айырмашылығын көре білуге үйрету. Балықтың да жанды табиғатқа жататындығы туралы түсінігін кеңейту. Аквариумдағы балықтарға қамқорлық, қарым-қатынас қажет екендігін түсініп, оларды күтіп-баптауға тәрбиелеу.Бейнелеу барысында дәстүрден тыс тәсілдерді пайдалануға үйрету.

Көрнекіліктер: аквариум, шыны ыдысқа салынған қызыл қанат балығы, суреттер, теледидар, диск.


Әдіс-тәсілдер: сөздік, көрнекілік, ойын, практикалық.


Билингвальды компонент: балық – рыба.


Әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық

қозғаушы











Есік қағылып хат және алтын сандық әкелінеді. Хатпен бірге дискі де бар екен. Оны бізге Айсұлу атты қуыршақ, су патшалығы елінен жіберген: «Сәлеметсіздер ме, балалар маған сіздердің көмектерің өте қажет. Су ханшайымы тапсырмалар берді, үлгіре алмай жатырмын. Тапсырмаларды орындасаңдар алтын сандық ашылып, тосын сыйын ұсынады»

Таңырқай қарайды.

Қуыршақ Айсұлуға көмек беретіндерін айтады.



Су ханшайымның тапсырмаларын зейін қойып тыңдайды.

Іздену-

ұйымдастырушы






-Ой, балалар мынау қандай дискі, көреміз бе?

-Бұл не болды екен, бірге отырып көріп тамашалайықшы. Балалардың видеодискіні телидидардан бірлесе отырып көруіне жағдай жасау.

-Балалар, тағам ретінде пайдаланбайтын, әсемдікке үйде асырайтын балықтарды көргілерің келе ме?

-Олай болса, телидидарға назар аударйықшы.

-Балалар суда жүзіп жүрген нелерді көріп тұрсыңдар?

-Балықтар қандай ыдыстың ішінде жүзіп жүр екен?

-Бұл шыны ыдыс «Аквариум» деп аталады.

-Балықтар суда, теңізде, көлдіктерде және аквариумда өмір сүреді екен.

-Аквариумда басқа тағы нелерді көріп тұрсыңдар?

-Дұрыс айтасыңдар.

-Балалар, бұлардың барлығы не үшін қажет?

-Сонымен қатар балықтарға да қажеті бар. Олар бұтақтардың, шөптердің арасына кіріп тығылады, жем іздейді. Аквариум техникалық құралдармен де жабдықталған. Онда суды арнайы жылытатын, ауа жіберетін, жарық түсіретін құралдар бар. Аквариумдағы балықтар үнемі адамдардың қамқорлығында болады. Балалар, қалай ойлайсыңдар балықтардың қарны ашпас үшін оларға не керек?

-Дұрыс айтасыңдар, әрине тамақ керек. Оларға арнайы дүкендерде сатылатын мынадай қалтадағы жемдерді береміз. Балалар, балықтар тағы не жейді деп ойлайсыңдар?

-Жарайсыңдар! Балалар аквариумдағы балықтар күніне таңертең , кешке екі шымшымнан ғана ас жей алады, одан артық беруге болмайды.

-Олай болса, табиғат орталығында балықтарға жем салайық.

(Балалармен бірге балықты тамақтандыру)

-Балалар, аквариумдағы балықтардың түрлері өте көп болады екен.

-Ал, енді табиғат орталығындағы

мына үлкен балықтың түсі қандай?

-Бұл балық «Қызыл қанат балық» деп аталады.

Тағы қандай балықты көріп тұрмыз?

-Балықтар суда. Теңізде, көлдіктерде және аквариумда өмір сүреді екен.

-Балалар, балықтардың дене бітімі қандай пішінге ұқсас екен?

-Балықтардың мынау несі?

-Дұрыс айтасыңдар, желбезегі болады.

-Олар осы желбезегі арқылы дем алады. Ал денесінде жалғасқан мынау не екен?

-Денесінің арқасындағы , бауырын-дағы жүзбе қанаттары екен.

Денесінде нелері бар екен?

-Балықтардың басқа жануарлардан айырмашылығы неде?

-Ал, енді тапсырмаларға кезек берейік.

-Балықтар туралы тақпақтар білесіңдер ме?








-Балалар келесі тапсырма мынадай:

Ақ қағаз бетіндегі балықтың бейнесіне не жетіспейді?

-Олай болса жұмысымызға кіріспестен бұрын қол саусақ жаттығуын жасаймыз.

Балық жүзеді,

Балық қанаттарын желпиді.

Балық тамақ жейді,

Балықтар дем алады.

Ақ қағаз бетіндегі балықтың бейнесіне дөңгелектеп қиылған сұр түсті қағазды желімдеп жапсырамыз.

Ынтымақпен телидидарды қызығы отырып, сүйіспеншілікпен көреді.








-Көргіміз келеді.




-Балықтарды.


-Шыны ыдыста.





-Тастар, шөптер, бақалшақтар, бұтақтар.


-Әдемілікке.




-Тамақ керек.





-Құрттар, жасыл шөптер.-













-Қызыл.



-Семсер балық.




-Сопақша.

-Желбезегі.

(Балалар қайталайды)


-Құйрығы.


-Жүзбе қанаттары.

(Балалар қайталайды)

-Қабыршақтары.


-Балықтар суда жүзе алады.


Ақгүлім:

Білем десең біліп көр.

Жайын үшін сөз бе екен,

Бақа, шаян, сүліктер.


Гүлназ

Айқайлама, ұрыспа,

Тіпті ақырын тыныста.

Сазан нағыз сақ балық,

Жоламайды дыбысқа.



-Қабыршақтары



Балалар саусақтары арқылы балықтың қалай жүзетінін, қанаттарын желпитінін, тамақты қармап жейтінін т.б. көрсетеді.

Рефлексивті коррекциялаушы






-Балалар, бізге қандай оқу іс-әрекеті болды?

-Онда біз нелермен таныстық?

-Қандай балықтарды көрдіңдер?

-Жарайсыңдар, балалар! Бүгінгі оқу-ісәрекетіне тегіс қатыстыңдар.

-Айсұлу қуыршақтың тапсырмаларын орындадыңдар.

-Айсұлу қуыршаққа жасаған жұмыстармызды сыға береміз.

-Айсұлу қуыршақпен қоштасамыз.

-Сендерге көп-көп рахмет.


-Экология негіздері.

-Балықтармен.

Балалар тәрбиешінің сұрақтарына жауап береді.






-Сау болыңыз.

Күтілетін нәтиже:

Біледі: балық түрлері, олардың тіршілігі туралы, балықтың тек қана суда өмір сүретіндігін және аквариумда тіршілік ететін балықтарға жағдай жасау керек.

Игереді: қызыл қанат балығын және семсер балығын таниды, ұқсастықтары, аквариумдағы балықтарға адам күтімінің қажеттілігін.

Меңгереді: балықтарды күтуді, қамқорлықпен қарауды.


































Шамаяқова Манчук Орынбайқызы. «Қарлығаш» тобы тәрбиешісі

«Ертегі» бөбекжайы. Батыс Қазақстан облысы Казталов ауданы, Жалпақтал ауылы

Білім беру саласы : «Коммуникация»

Бөлімі:Көркем әдебиет Тақырыбы: Оюлармен танысамыз Мақсаты:Балаларды қазақтың ұлттық әртүрлі өрнектерімен сәндей білуге үйрету. Оюларды бір-бірімен салыстыра отырып, берілген сұрақтарға нақты жауап беріп, олардың ойлау қабілетін дамыту. Өздігінен жұмыс істеуге үйрету, байқампаздығын, оқу-тәрбие ісіне қызығушылығын арттыру. Фетермен, трафарет арқылы жұмыс жасай білуге, жасаған жұмыстарын түсіне білуге, ой-өрісін дамыту. Ою-өрнектерді ажырата білуге үйрету. Әр түрлі ойындар арқылы баланың байланыстырып сөйлеу мәнерін анықтауға, алғырлыққа тәрбиелеу. Ұлттық ойынға деген сүйіспеншілігін арттыру. Құралдар мен материалдар:Қазақтың ұлттық киім суреттері, бұйымдар, және ыдыстар. Билингвалды компонент: ою-узор, өрнек-орнаменты

Іс- әрекет

кезендері

Тәрбиешінің іс- әрекеті

Балалардың іс- әрекеті

Мотивациялық қозғаушылық

Армысың, қасиетті аспан ата Армысың, шұғылалы нұрлы күн Армысың,қасиетті Жер-ана! Армысыздар апайлар, Армысыңдар менің достарым.

Балалар шаттық шеңберге тұрып бірі-біріне қайырлы күн тілейді.

Ұйымдастыру-шылық -ізденушілік



















Балалар таңертең көзімізді ашып оянғанда терезеге қарасақ біз ең алдымен нені көреміз?

Олай болса, бәріміз бірігіп жаңа күнді қарсы алып, алдымен алақанымызды бірі-бірімен түйістіріп көрейікші.

Не сезіп тұрсыңдар?

Осы алақан жылулары арқылы бір-бірімізге игі тілектер жылы лебіздер айтып амандасайықшы.

-Күніміз жарқын болсын!

-Аспанымыз ашық болсын!

-Деніміз сау болсын!

-Енді, орнымызға отырайық. –Балалар, қазір жылдың қай мезгілі? Табиғатта қандай өзгерістер болады? -Жарайсыңдар. – Балалар, қазір біз сендермен «Оюлармен танысамыз». Балалар, әр халықтың өзіне тән ұлттық белгілері бар. Қазақ халқының өзіне тән ерекшеліктерінің бірі-ұлттық ою өрнектері. Ертеде ою-өрнек арқылы бір нәрсені біліп, үйренетін болған, ол бір мағына ұғымды берген. –Ою-өрнектер жануарлар әлемінде, өсімдіктер әлеміне, геометриялық пішіндермен байланысты дамыған. –Қане, балалар қандай ою-өрнек түрлерін білесіңдер?



-Ою-өрнектер орысша қалай айтылады? -Балалар, біз бүгін көрмеге саяхат жасаймыз. Біз, көрмеге келдік. Көрмені таныстырамын. Бұрынғы кезде ата-бабаларымыз киіз үйде өмір сүрген. Сол киіз үйдің ішінде қазақтың ұлттық тұрмыстық бұйымдарына сандық, көрпе, жастық, киіз, торсық, киім-кешектерге-кимешек, кажекей, мәсі, сырмақ жатады.Қазақтың қай ұлттық бұйымы болмасын, ою-өрнексіз болмаған.-Міне, балалар көрмеден көп нәрсені білдік, енді тобымызға оралайық.

-Енді, балалар, ою-өрнек туралы қандай мақал- мәтелдер, тақпақтар білесіңдер? Жайна Ою-ойғанның ойы ұшқыр.

Айбану Шебердің саусағы-алтын.

Айзере Өнерлі бала-сүйкімді

-Жарайсыңдар, балалар бәріміз жаңылтпаш айтып көрейікші. Ойналмаған ойын бар, Ойылмаған ою бар. Ою-ою керек, Бояуы қою болу керек. Сергіту сәті: Әжем сырмақ сырады Әдетімен күндегі Сырмақтағы оюы Кең даланың гүлдері

Балалар, қазір біз екі орталыққа бөлінеміз.

1-тапсырма: «Қошқар мүйіз» оюының шаршы тәріздес пішіндерге ойылған трафареттер үлестіріледі. Трафаретті таза қағаздың бетіне қойып, ойылған жеріне губкамен бояуды бастырған кезде шетіне бояуды шығарып жібермеу қажет.

2-тапсырма: Алдарыңызда тұрған тұс киізге фетерден ойылған қошқар мүйіз оюын жапсыру.

Балалардың жұмыстарын тексеру.








Ойын: «Тақия тастамақ»

Ойын барысы: Балалар дөңгеленіп, шеңбер құрап отырады. Балалардың арасынан бір бала таңдалады да қалғандары көздерін жұмып отырулары тиіс. Таңдалған бала дөңгеленіп отырған балалар сыртымен ақырын жүріп, бір балаың артына тақияны білдірмей тастап кетеді. Тәрбиеші белгісінен кейін балалар көздерін ашады. Жан-жағына жылдам қарап, тақияны өзінде екенін білсе, сезсе жылдам орнынан тұруы керек. Егер орнынан дер кезінде тұра алмаса онда өз өнерін көрсетеді: тақпақ, өлең, би және т.б. Орнынан тез тұрып үлгірген балаға ұлттық об өрнек бейнесі беріледі. Көп ою жинаған бала жеңімпаз.

-Күнді



-Жылылық


Бір-біріне жылы лебіздерін білдіреді.Орындарына жайғасады.

-Күз мезгілі

-Күн суытады, жапырақтар сарғайып жерге түседі. Құстар жылы жаққа ұшып кетеді. Адамдар қалың киінеді.





Қошқар мүйіз, сынық мүйіз, Сұқ саусақ, гүл, үзілмес, түйе табан, жұлдыз, құс қанат, қаз мойын.


Ою-узор. Өрнек-орнамен .


Мадина Таңдайымыз тақылдап. Сөйлегенде сөз бермей Шешен болар ма екенсің. Бармақтарың майысып Түрлі ою ойысып, Шебер боларма екенсің. Сая Шай ішетін, қоюлап. Жақсы көрем атамды Сырмақ ойған оюлап, Жақсы көрем апамды. Көйлек киіп әдемі, Тамсандырам елімді. Түрлі-түсті сән көйлек, Көз тартады не керек. Назерке Гүл өсірсең терлеп, Мұның аты-еңбек. Кесте тіксең зерлеп, Мұның аты-еңбек.

Айбеге Маған арнап жекелеп, Әжем басты текемет.



Балалар сергіту сәтін қимылмен орындайды.


Балалар екі орталыққа бөлініп жұмыс жасайды.


Балалар ұқыпты губканы бояуға малып трафаретке бастырады.

Фетерден ойылған оюды тұс киізге жапсырады.

Ойын шартын мұқият орындайды.

Балаларды ойынды қызығушылықпен ойнайды. Жеңімпаз бала ою өрнектерге ие болады.

Рефлексивті-

түзетушілік

-Қане, балалар сонымен оқу қызметінде нені үйрендік?

-Ою өрнектердің атауларын атаңдар.

-Балалар шаршы тәріздес пішіндерге ойылған трафаретпен жұмыстандыңдар.

-Тұс киізімізді ою-өрнекпен әсемдедік. -Өнерлерің өрге жүзсін, үлкен өнерлі аззамат, азаматша болыңдар!

Қоштасу рәсімі:

Біздің топта ұл-қыздар.

Тату-тәтті ойнаймыз,

Әлемдегі бар адамға, Тек жақсылық ойлаймыз.

-Ою-өрнекпен таныстық.


-Қошқар мүйіз, сынық мүйіз, сұқ саусақ. Гүл. Үзілмес, түйе табан, жұлдыз, құс қанат, қаз мойын.


Күтілетін нəтиже: Қайталайды: Ұлттық ою-өрнек түрлерін ажырата алуды; Түсінеді: Ою-өрнек үлгілері туралы түсінігі болуы керек. Қолданады: Көз мөлшерінмен ою-өрнекті фетер бетіне жапсыруды, тарфарет арқылы губкамен бояу тәсілдерін біледі.












Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Дошкольное образование

Категория: Уроки

Целевая аудитория: Дошкольникам.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Аквариумдағы балық

Автор: Шамаяқова Манчук Орынбайқызы

Дата: 24.02.2020

Номер свидетельства: 540958

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(47) "“Аквариумдағы балықтар”"
    ["seo_title"] => string(21) "akvariumdagy_balyktar"
    ["file_id"] => string(6) "491132"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1545015063"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(186) "Е?бекке баулу п?нінен " Аквариумда?ы балы?тар композициясын ??растыру" та?ырыбына арнал?ан саба? жоспары"
    ["seo_title"] => string(115) "ien-biekkie-baulu-p-ninien-akvariumdag-y-balyk-tar-kompozitsiiasyn-k-u-rastyru-tak-yrybyna-arnalg-an-sabak-zhospary"
    ["file_id"] => string(6) "288147"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1454589980"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(186) "Е?бекке баулу п?нінен " Аквариумда?ы балы?тар композициясын ??растыру" та?ырыбына арнал?ан саба? жоспары"
    ["seo_title"] => string(117) "ien-biekkie-baulu-p-ninien-akvariumdag-y-balyk-tar-kompozitsiiasyn-k-u-rastyru-tak-yrybyna-arnalg-an-sabak-zhospary-1"
    ["file_id"] => string(6) "288150"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1454589989"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(45) "«Аквариумдағы балықтар»"
    ["seo_title"] => string(23) "akvariumdag_y_balyk_tar"
    ["file_id"] => string(6) "394944"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1487849939"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(39) "аквариумда?ы балы?тар"
    ["seo_title"] => string(20) "akvariumdagybalyktar"
    ["file_id"] => string(6) "255995"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1448031440"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства