Просмотр содержимого документа
«Аквариумдағы балықтар»
Білім беру саласы: Таным
Бөлімі: Жаратылыстану
Тақырыбы: Аквариумдағы алтын балықтар
Мақсаты: Аквариум және балықтар туралы түсінік беру. Ұсақ қол қимылдарын, ойлауын, сөздік қорын дамыту. Балықтарға қамқорлық жасауға, сүйіспеншілік сезімдерін оятып, адамгершілікке тәрбиелеу.
Әдіс-тәсілдері: әңгімелеу, түсіндіру, көрсету, сұрақ-жауап, алақанмен сурет салу.
Көрнекілігі: видеоролик, аквариумдағы балықтар, балық суреттері, магнитті қармақ, бояулар, ақ қағаз,
Сөздік жұмыс: балық, су
Билингвиальді компонент: балық –рыба, су-вода
Қолданылған технология: ойын технологиясы, ТРИЗ технологиясы
- Қайырлы таң, апай. Көңіл-күйіміз көтеріңкі, жақсы
- Ендеше, шаттық шеңберіне тұрайық.
Арайлап таң атты,
Алтын сәуле таратты
Жарқырайды қаламыз.
Жайнай түсті даламыз.
ІІ. Ұйымдастырушы-ізденістік
Жарайсыңдар, балалар. Ал сендер айтыңдаршы, қазір жылдың қай мезгілі?
Көктем мезгілі.
Дұрыс айтасыңдар. Көктем мезгілінің ерекшелігін айтайықшы
Көктемде қар еріп, табиғат оянады. Біздің өлкемізга құстар келеді. Ағаштар бүр жарып, гүлдер шыға бастайды.
Балалар, олай болса біз суретке қарап «Көктем» мезгілі туралы тақпақ шығарып көрейікші.
Мнемокесте.
Көктем, көктем, көктемде,
Құстар келіп жеткенде.
Қуанып бір қаламыз
Әнмен қарсы аламыз.
Жарайсыңдар, балалар. Сендер ақын екенсіңдер.
Балалар, мен сендерге жұмбақ жасырайын. Жауабын тауып көріңдер.
Аяғы жоқ жүрмейді,
Қанаты жоқ ұшпайды
(балық)
Ал, балалар, бүгінгі оқу қызметімізде балықтар туралы білетін боламыз.
Ал сендер, балықтың қандай түрлерін білесіңдер?
(Балалар өздері білетін балық түрлерін айтады)
Балалар, сендер балықтар туралы білгілерің келе ме? Ендеше, видеоролик тамашалайық.
Видеоролик. «Балықтар»
Балықтар- негізінен суда тіршілік етеді. Жүзу жағынан олар өзге жануарлардан асып түседі. Балықтар өкпе арқылы емес, желбезек арқылы тыныс алады.
Сендер балық аулап көрдіңдер ме?
Бүгін біз балық аулайық. Ол үшін бізге не керек?
Қармақ.
Дұрыс айтасыңдар балық аулау үшін қармақ қажет.
«Балық аулау» ойыны.
Енді мен сендерге аквариум туралы айтып берейін.
Балалар, мына шыны ыдыс аквариум деп аталады. Мұнда балықтың түрі көп. Олар үнемі адамның қамқорлығында болады. Аквариум техникалық құралдармен жабдықталған. Онда арнайы жылытып, жарық түсіретін құрал болады. Балықтарға адамдар жем береді. Оны арнайы дүкендерден сатып аламыз. Аквариумдағы балықтардың дене бітімі кіші болады. Оны адамдар тағам ретінде қолданбайды. Аквариумдағы балықтардың түсі әртүрлі болады.
Ал, сендер балық туралы тақпақ білесіңдер ме?
Қармақ салсаң қазанға,
Бар өзенге азанда
Оңайлықпен сазанның.
Түскісі жоқ қазанға.
Айқайлама, ұрыспа
Тіпті ақырын тыныста
Сазан нағыз сақ балық,
Жоламайды дыбысқа.
Сергіту сәті:
Біз жүреміз көл астында,
Біз жүреміз көл үстінде
Жүземіз оңға, жүземіз солға
Шоршимыз анда-санда.
Балалар, біз бүгін аквариумдағы балықтарды өзіміз салып көрейік.
-Алтын балықтың түсі қандай?
-Сары
Алдымызда тұрған табақшадағы бояуға алақанымызды батырып, ақ қағазға алақанымызды қоямыз. Енді жасыл бояуға саусағымызды батырып, жасыл шөптердің бейнесін жасаймыз. Біздің алақанамыз неге ұқсады?
Балыққа.
Жарайсыңдар.
Балаларға көмек беру. Жеке баламен жұмыс
ІІІ. Рефлекциялық коррекциялық.
Балалар бүгін біз қандай жануармен таныстық?
Балықпен
Екеуі де суда өмір сүреді. Судағы балық теңізде , көлде өмір сүреді. Ал аквариумдағы балық адамдардың қамқорлығында болады. Шыны ыдыста өмір сүреді.
Жарайсыңдар, балалар. Сендер бүгін өте жақсы жұмыс жасадыңдар. Сендерге көп рақмет.
Күтілетін нәтиже:
Біледі: Балық түрлерін, адамға пайдасы туралы;
Түсінеді: балық суда өмір сүреді. Аквариумдағы балыққа қамқорлық жасау қажеттігін;
Қолданады: балықты бейнелеуде алақанмен сурет салуға дағдыланады.