Қазіргі заман талабында отбасы баланың оқу тәрбиесіне араласу қажеттілігі айтылған. Сондықтан ата - ана мен балабақша арасындағы ынтымақтастықты дамыту өзекті мәселе боп отыр. Ата – анамен балабақша ынтымақтастығы, баланы оқыту мен тәрбиелеудегі – баршаның ісі. Отбасының да, балабақшаның да мақсат – мүддесі біреу – ол болашақ ұрпақ тәрбиесі. Болашақ азамат тәрбиеленетін алғашқы ұя – отбасы, ата - ана құшағы. Жас сәбидің алғашқы еститіні анасының мейірбан сөзі; көретіні анасының аялы алақаны. «Ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі» немесе «Әке көрген оқ жанар, ана көрген тон пішер» дегенде осының айғағы. Яғни, ата – анасының өнегесі, өнері балаға үлгі болатыны, бала үйде қандай игі істерге тәрбиеленсе ұядан ұшқанда да сол өнеге – өсиет оған сарқылмас қазына болары сөзсіз. Ғабиден Мұстафин айтқандай «ата – ана қадірін білген бала халық қадірін білер, халық қадірін білген бала ата – ананың да қадірін біледі. Ол үшін өз халқының дәстүрін мәдениетін, өнерін, тілін қадірлеуді ата – ана және ұстаз боп үйрету керек».