kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Ойнайы? та ойлайы?

Нажмите, чтобы узнать подробности

Занятие прошло в очень интересной, увлекательной форме – конкурс между двумя командами: «тюльпан» и «подснежник». Две команды, соревнуясь между собой, показали хорошие знания о цифрах, о прямом и  обратном счете, показали силу и ловкость, отгадывали загадки, делали звуковой анализ слова, играли в народные игры. Использование разных игровых приемов пробудило у детей большой интерес к конкурсу. Они с большим увлечением принимали участие во всех заданиях, с нетерпением ждали итогов.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Ойнайы? та ойлайы? »









Ойнайық та ойлайық













Орындаған Жакупбекова Р.С.

«Балдырған» балабақшасы



































Осакаровка 2014

Мақсаты: Балалардың жыл мезгілдері жайлы білімін арттыру олардың ойын арқылы логиқалық ойлау қабілетін жан-жақты дамыту, тіл байлығын, танымын, өнерлерін, сөздік қарым-қатынастары дамыту.

Тәрбиеші: Көлдің мұзын күн тесті

Аппақ тонын жер шешті.

Жан-жақтан күн күркіреп,

Жаңбыр жауды сіркіреп.

Жерді жапты көк кілем

Ондай кілем, жоқ білем.

  • Балалар, осы өленнен жылдың қай мезгілін байқап тұрсындар?

Балалар: - Көктем мезгілі.

Тәрбиеші: - Дұрыс айтасындар. Көктем мезгілінің қандай ерекшелік терін байқадындар?

Балалар: - Көктемде күн біресе жылып, біресе суыйды, жаңбыр жауа- ды. Ауа райы құбылып тұрады. Жерге қаулап көк шөптер, гүлдер шыға бастайды.

Тәрбиеші: - Өте жақсы. Ал, олай болса көктем айларын кім атап береді?

Балалар: - Көктем айлары – Наурыз, Сәуір, Мамыр.

Тәрбиеші: - Көктем мезгілі туралы қандай тақпақ білесіндер?

1-ші бала: Көктем күні күркіреп,

Жаңбыр жауды сіркіреп.

Бәйшешектер дүркіреп:

Шыға келді қыр түлеп.

2-ші бала: Жыршы құстар көп келді,

Гүлдер жапты бөктерді.

Кел, балалар, әнменен,

Қарсы алайық көктемді.

3-ші бала: Көктем қандай көңілді

Күміс жаңбыр төгілді.

Мөлдір аспан ашылып,

Күн пердесі сөгіліді.

4-ші бала: Ақ қар еріп, су көбейіп,

Сай-салаға қашады.

Ағаш басы бүршік жарып,

Гүл бәйшешек ашады.

Тәрбиеші: - Балалар, бүгінгі біздің сабағымыз «Ойлайық та ойнайық» тақырыбында өтеді. Ол үшін біз екі топқа бөлінуіміз керек.

І топ «Қызғалдақ», жетекшісі

ІІ топ «Бәшешек», жетекшісі

Алдымен «Қызғалдақ» тобы сәлем береді:

Қызғалдақтай гүл жайнаған,

Бақытты біз баламыз.

Өлең айтып, жұмбақ шешіп,

Сайысып та аламыз.

Енді «Бәйшешек» тобы сәлем береді:

Бәйшешектей бүршік атқан,

Бүлдіршіндір біздерміз.

Ойын ойнап, тіл дамытып,э

Сайысуға әзірміз.

Тәрбиеші: Ал, тыңдаңдар, тыңдаңдар,

Асығыстық қылмандар.

Асықпайық дегенге,

Бөгеліп көп тұрмаңдар.

Бірінші сайыс ойын түрінде: «Сандарды тура жән кері санау». Бұл екі топқа да қатысты.

2-ші ойын түріндегі сайыс: «Сандарды атау». Ойынның шарты: Шеңбер ішіндегі сандарға доппен дәлдеп тигізу. Сандардың артында сұрақ жазылған. Егер, санға доп тисе, сол санның артындағы сұрақтарға бала жауап береді.

«Қызғалдақ» тобына 1-ші сұрақ:

А) Көктем мезгіліне жататын айларды ата?

Ә) Көктемде ұшып келетін құстарды ата?

2-ші сурақ:

А) Көктем туралы қандай тақпақ білесін?

Ә) Көктем мезгілінің ерекшелігін ата?

«Бәйшешек» тобына 1-ші сұрақ:

А) Алғашқы шығатын гүл қандай?

Ә) Көктем туралы қандай жұмбақ білесің?

2-ші сұрақ:

А) Көктемдегі мерекелерді ата?

Ә) Биыл қандай жылды қарсы алдық?

Келесі сайыс-жұмбақ есеп.

І-топқа: а) Бір алманы 4-ке бөлдім,

Бір бөлігін жеп те көрдім.

Қалған үлкен 3 бөлігін,

Қасымдағы 3 досыма бердім

Қолымда менің не қалды. (0)

ә) Бір-бірімен жарысқан,

2 аю, 1 арыстан.

4 қоян, 3 түлкі,

Бәрі нешеу ойлан сен. (10)

ІІ-топқа: а) Көлден ұшты 7 қаз,

Қайтып келді 2 қаз.

Қонбай кетті қанша қаз,

Шешуін таптшы кәне тез.(5)

ә) Дүкеннен сабын алдым,

Және оның қабын алдым.

2 дәптер, қарындаш,

Тіс ысқышты тағы алдым,

Қанша болды қолда бары? (6)

Сергіту сәті «Шанырақ» ойыны арқылы өтеді. Ойынның мақсаты: Шанырақты биік, түзу ұстауға баулу.

Көтеріліп шанырақ,

Керегелер керіліп.

Өрімдей боп өріліп,

Бәріміз жүрсек айналып,

Киіз үй боп көрініп.

Тәрбиеші:

Жұмбақ сайсын бастайық,

Ойланайық, саспайық.

Қандай жұмбақ болса да,

Шешпей оны қоймайық.

Жұмбақ сайысы:

І-топқа:

1. Барма жоқ па, оны білмейсің

Ол жоқ жерде өмір сүре алмайсың. (ауа)

2. Аспандағы алып доп,

Жарқырайды жарық боп. (Күн)

3. Қар астында қыстады,

Ақпен бөркін тыстады. (Бәйшешек)

ІІ-топқа:

1. Жасыл болып жыпырлап өнеді,

Сары болып үзіліп түседі. (Жапырақ)

2. Аспаннан домалап,

Көп моншақ төгілді.

Бусанып жон-алан,

Терледі, керілді. (Жаңбыр)

3. Күн нұрымен піседі,

Уылжып қолға түседі. (Жеміс)

Бұдан кейін тіл ұстарту мақсатымен топ аттарына сай «Қызғалдақ» пен «Бәйшешек» деген сөздірге дыбыстық талдау жасалады.

Кеспе әріптерден «Қызғалдақ» - деп жазып алып, дыбыстарға талдау жасау, санау.

1. «Қызғалдақ» з,ғ,л,д,қ – дауыссыз дыбыстар, ы,а – дауысты дыбыстар.

2. Буынға бөлу, санау. Буынға бөлгенде дауысты дыбыстан соң бөлінетінін айтып ескертеді. Қыз-ғал-дақ.

1. «Бәйшешек» б,ш,к,й – дауыссыз дыбыстар, ә,е – дауысты дыбыстар.

2. Буынға бөлу, санау. Бәй-ше-шек.

4-ші «Көрші-көрші» - ойыны ойналады. Мұнда 1-ден 10-ға дейінгі сандар қамтылуы керек. Ойынның шарты: Тәрбиеші бір санды айтады, сол санның алдыңғы және артқы көршілерін дәл тауып, ондық бірліктерін айтады.

5-ші «Хан талапай» ойыны.

Ойынның шарты: Ал, балақай балақай,

Кел ойнайық алақай.

Қызыл асықты кім ұстаса,

Хан болады сол бала.

6-ші «Құстың ұясы» ойыны.

Тәрбиеші: - Балалар, мына жұмбақтың шешуін табыңдар.

Талдың басында,

Там тұр саялы.

Балалар: - Құстың ұясы.

Тәрбиеші: Өте дұрыс. Құстың ұясы қандай пішіндерден тұрады.

Балалар: Ұшбұрыштан, дөңгелектен, тік төртбұрыш.

Тәрбиеші: Олай болса, осы құстың ұясын геометриялық пішіндерден құрастырайық.

Құрастырған құстың ұяларына бақылау жасап, күйтабақтан құстардың дауысы тындалады.

Құстардың дауыстарын ажыратып, көктемде ең алғаш қандай құс ұшып келетіні сұралады.

Бұдан кейін екі топ қосылып «Құстар» әнін шырқайды.

Тәрбиеші екі топ балаларының еңбегін бағалап, мадақтау сөздерін айтып, сабақты қорытындылап аяқтайды.








































































Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Дошкольное образование

Категория: Прочее

Целевая аудитория: Прочее

Скачать
Ойнайы? та ойлайы?

Автор: Жакупбекова Райхан Сагитовна

Дата: 15.01.2015

Номер свидетельства: 155954

Похожие файлы

object(ArrayObject)#866 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(36) ""Ойнайы? та, ойлайы?"."
    ["seo_title"] => string(17) "oinaiyktaoilaiyk2"
    ["file_id"] => string(6) "319275"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1460792451"
  }
}
object(ArrayObject)#888 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(82) "" Ойнайық та, ойлайық " ашық сабақ балабақшада"
    ["seo_title"] => string(44) "oinaiyk_ta_oilaiyk_ashyk_sabak_balabak_shada"
    ["file_id"] => string(6) "464416"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1522489326"
  }
}
object(ArrayObject)#866 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(67) "Іс-тәжірибе. "Ойнау отырып тәрбиелеу""
    ["seo_title"] => string(38) "is_t_zhiribie_oinau_otyryp_t_rbiielieu"
    ["file_id"] => string(6) "365282"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1480760342"
  }
}
object(ArrayObject)#888 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(60) "Сыныптан тыс жұмыс "Кел, ойнайық!""
    ["seo_title"] => string(33) "synyptan_tys_zhu_mys_kiel_oinaiyk"
    ["file_id"] => string(6) "388777"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1486431338"
  }
}
object(ArrayObject)#866 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(61) "Т?рбие са?аты: "ойнайы? та, ойлайы?" "
    ["seo_title"] => string(34) "t-rbiie-sag-aty-oinaiyk-ta-oilaiyk"
    ["file_id"] => string(6) "169162"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1423380366"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства