kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Мерекеңмен анашым оқу қызметі

Нажмите, чтобы узнать подробности

8-Наурыз мерекесіне арналған концерттік бағдарлама! Ұжым ішінде ұйымдастырылған

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Мерекеңмен анашым оқу қызметі»

Тақырыбы: Мерекеңмен анашым!

Мақсаты: Балалаларға 8 наурыз әйел-қыздар мерекесі, көктемнің алғашқы шуақты мерекесімен бірге келетінін түсіндіру. Әжелерді, аналарды, апа-қарындастарды құрметтеуге тәрбиелеу,ән және тақпақ арқылы тілдерін дамыту.


Жүргізуші: Қымбатты балалар, сүйікті аналар, құрметті әріптестер! Бүгін біз көктемнің алғашқы мерекесі күні әсем залға 8-наурыз аналар мерекесін тойлауға жиналып отырмыз. Мерекелеріңіз құтты болсын аналар!

Көктем келсе табиғат құлпырады,

Жүректерге ғажайып жыр тұнады.

Гүлге толып айнала күн жарқырап

Жанарларда қуаныш нұр тұрады - деп бүгін балаларымыздың

аналарына деген өз өнерлерін ұсынбақшы, қабыл алаңыздар.

Ортаға №10 «Балдәурен» тобынын балаларын шақырамыз.

Жүргізуші: Ана дегеніміз – өмірдің бастауы мен таусылмайтын жалғасы.

Ана тіршілік көзі, махаббат пен шабыт нәрі.

Ардақты ана, аяулы ана, қымбаттым,

Тәтті ұйқыңды бөліп маған тіл қаттың.

Өміріме нәрін берді ақ сүтің,

Кең құшағың – аясындай гүл бақтың.

Балалар бір дауыс естілетін сияқты.

(Найзағай ойнап, жаңбырдың жауған дауысы естіледі)

(Әуенмен Көктем келеді)


Көктем: Сәлеметсіз бе, балалар!
Мен көңілді көктеммін,
Былтыр келіп кеткенмін.
Көзін ашып бұлақтын,
Түбіне тал еккенмін.
Гүл боп қырда егілем,
Дән боп жерге себілем.
Жаңбыр болып жауам да,
Нұр боп көктен төгілем.
Шуағын төгіп әлемге.Жылуын күннің әкелем.

Табиғаттың төсіне тіршілігін сыйлаймын.


Жүргізуші:Амансың ба, Ару көктем? Ұлан - байтақ жерімізге қош келдіңіз. Шуағыңды шаттандырып, нұрыңды мол төге бер. Біздің балалардың өнерлерін тамашалаңыз.


Көктем: Мына менің құшағым толы қыр гүлін, гүлдей жайнаған қыздарға сыйлағым келіп отыр,- деп гүлдерді таратады. Осы гүлдей, құлпыра беріңдер, аяулы аналар, әжелер, мерекелеріңіз құтты болсын!


Ән: «Әжетайым».

Би: «Қуыршақтар»


Арсен: Бал бөбегін баптаған,

Анам үшін мақтанам.

Аялайтын біздерді,

Көп жасасын ақ анам!

Әр сөзіңді жаттағам,

Жүрегімде сақтағам.

Анашым деп мақтанам,

Айналайын ақ анам!

Аналарды сүйеміз,

Сөзін ойға түйеміз.

Аналарды ардақтап,

Әдеппен бас иеміз.

Айару: Гүлдей болсын өміріңіз,

Нұрға толсын көңіліңіз.

Биік боп жұлдызыңыз,

Көктемдей құлпырыңыз.

Бақыт қонсын басыңызға,

Қолдап жүрсін Тәңіріңіз.


Дияс: Ана деген ақылшың,

Анаң барда батырсың.

Қасыңда кім болса да

Тек анаға жақыңсың.

Әр сөзімді жаттаған,

Жүрегімде сақтаған.

Анашым деп мақтанам,

Айналайын ақ мамам.


Ән: «Көктемде».

Көктем: Балалар ойын ойнағыларың келе ме?

Балалар: Ия.

Ойынның шарты: ортаға екі бала,екі қыз шығады,ер балдар шарды аяғымен жарып,мәреде тұрған гүлді жүгіріп әкеліп қыздарға сыйлайды. Ойын ары қарай жалғасады.

Жүргізуші: Гүл-гүл жайнап бәріміз.

Кіреді біздің сәніміз.

Аналарды тойымен,

Құттықтаймыз бәріміз - дей отырып кезекті тақпақтарға береміз.

Мерей: Ақ қабақты анашым,

Әлпештеген баласын,

Айналайын анашым.

Бәрімізге панасың

Біз үшін күн боп жанасың.

Құтты болсын мерекең,

Құттықтаймын анашым.

Өмірде ана бұлақ, ана пана,

Өмірді өркендетер ана ғана.

Өсірген талай көсем, талай шешен.

Талай ақын, талай дана!

Мәпелейді, әлдейді, бағады,

Құлыным деп құшағына алады.

Өзгеге де, өзіне де жауапты

Барлығына қалай уақыт табады?

Айназ: Ана деген, ана деген бұл өмірдің тірегі,

Аналардың мөп-мөлдір ғой тілегі.

Құлыным деп шырылдаған, ешбір тыным таппаған,

Ауырмасын, ауырмасын аналардың жүрегі.

Ардақты ана, аяулы ана қымбаттым,

Тәтті ұйқыңды бөліп талай үн қаттың.

Өміріме нәрін берді ақ сүтін

Кең құшағың аясындай гүл бақтың.

Аяна:Аналады ардақтаған бабалар,

Аруларды құрмет тұтқан даналар.

Құтты болсын мерекесі көктемнің,

Сіздер барда жүректерде жылу бар.

Көктемдегі күндей болып жайнаңдар,

Құтты болсын мерекеңіз арулар!

Құтты болсын тойларыңыз аналар!

Ән: «Анаға тілек».

Би: «Грузин».

Жүргізуші: Әлпештеген баласын,

Ана бақыт-ана күн.

Әркім сүйіп өзінің,

Мақтан етер анасын - деп балаларымыздың тақпақтарына берейік.

Аружан: Сенен өскен балалар,

Батырлар мен даналар.

Құттықтаймыз мейраммен,

Құрметті аналар.

Мен анамды сүйемін,

Құшағына енемін.

Мәпелеген анамды,

Қуантсам деп келемін.

Құтты болсын ардақты анам,

Асыл анам мерекең.

Құтты болсын ұстаздарым,

Қуанышты берекең.

Аңсар: Анам менің сүйіктім,

Тек өзіңе табынам.

Қасымда жүрсең биікпін,

Алыстасаң сағынам.

Менің әжем мейірбан,

Мені жақсы көреді.

Керегіне жарасам,

Жас балаша күледі.

Кәусар. Анаң болса қасыңда,

Басқа бақыт не керек.

Аналардың жүрегі

Мейірімді ғой керемет.

Ән: «Тәрбиеші апай».

Көктем: қоштасу

Жүргізуші: Ана десем сезім билер тым ыстық,

Жарасады адамдарға туыстық.

Бар адамға берсе ананың мейірімін,

Орнар еді бар әлемде тыныштық - дей келе ертеңгілігімізді аяқтаймыз. Аналарымыз аман болсын!







Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Дошкольное образование

Категория: Прочее

Целевая аудитория: Дошкольникам

Скачать
Мерекеңмен анашым оқу қызметі

Автор: Жакыпбекова Нурсулу Рыскулбеккызы

Дата: 15.05.2017

Номер свидетельства: 415553

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(47) "Та?ырыбы: " Аяулы анашым!!!" "
    ["seo_title"] => string(24) "tak-yryby-aiauly-anashym"
    ["file_id"] => string(6) "179207"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1424961274"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(57) "Т?рбие са?аты "Аналар?а мы? ал?ыс""
    ["seo_title"] => string(28) "trbiiesagatyanalargamynalgys"
    ["file_id"] => string(6) "310951"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1459140170"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(28) "«Ана ?мір шуа?ы»"
    ["seo_title"] => string(18) "ana-omir-shuag-y-2"
    ["file_id"] => string(6) "313764"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1459530976"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(68) "8 Наурыз мерекесіне арнал?ан сценарий"
    ["seo_title"] => string(39) "8nauryzmieriekiesiniearnalganstsienarii"
    ["file_id"] => string(6) "274390"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1452367829"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(66) "Тәрбие сағаты "Әліппе саған рахмет !""
    ["seo_title"] => string(38) "t_rbiie_sag_aty_lippie_sag_an_rakhmiet"
    ["file_id"] => string(6) "383364"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1485273982"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства