«Мектеп жасына дейінгі балаларды? сенсорлы? таным процесіні? дамуы»
«Мектеп жасына дейінгі балаларды? сенсорлы? таным процесіні? дамуы»
Мектепке дейінгі ?йымдарда білім сапасын арттыру аса ма?ызды м?селе, ол ?шін жалпы ж?не негізгі жа?дайларды жа?сарту басты міндет болып табылады.
Біріншіден, білім мен т?рбие беруге арнал?ан дамытушы ортаны жабды?тау ?ажет десек, ол мектепке дейінгі кезе?ні? ?зіндік ерекшелігі мен ??ндылы?тарын са?тайтын, баланы? балалы?ына ба?ытталуы шарт.
Екіншіден, т?рбие мекемесіні? басшысы мен т?рбиеші педагогтар ?ауымы к?сіби шеберліктерін ?немі шы?дап, білімін жетілдіруге ж?йелі к??іл б?ліп, ?жымны? шы?армашылы? ба?ыт-ба?дарын ай?ындап, оны ж?зеге асыру?а белсенділікпен ат салысу?а ж?не жа?ымды психологиялы? ахуалды? т?ра?тануына ы?пал ету ?ажет. Сондай-а?, отбасыны? с?ранысы мен талап-тілектерін ?ана?аттандыру ж?не білім мен т?рбиені? бала?а берілген ?рдісі жайында ата-анамен ?немі бірлескен ынтыма?ты негізде ж?мыс істеу де ?те ма?ызды.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
««Мектеп жасына дейінгі балаларды? сенсорлы? таным процесіні? дамуы» »
«Мектеп жасына дейінгі балалардың сенсорлық таным процесінің дамуы»
Айтбекова Гульнара Тюмебаевна
Тараз қаласындағы №5 «Ақ желкен» балабақшасы педагог-психолог
Мектепке дейінгі ұйымдарда білім сапасын арттыру аса маңызды мәселе, ол үшін жалпы және негізгі жағдайларды жақсарту басты міндет болып табылады.
Біріншіден, білім мен тәрбие беруге арналған дамытушы ортаны жабдықтау қажет десек, ол мектепке дейінгі кезеңнің өзіндік ерекшелігі мен құндылықтарын сақтайтын, баланың балалығына бағытталуы шарт.
Екіншіден, тәрбие мекемесінің басшысы мен тәрбиеші педагогтар қауымы кәсіби шеберліктерін үнемі шыңдап, білімін жетілдіруге жүйелі көңіл бөліп, ұжымның шығармашылық бағыт-бағдарын айқындап, оны жүзеге асыруға белсенділікпен ат салысуға және жағымды психологиялық ахуалдың тұрақтануына ықпал ету қажет. Сондай-ақ, отбасының сұранысы мен талап-тілектерін қанағаттандыру және білім мен тәрбиенің балаға берілген үрдісі жайында ата-анамен үнемі бірлескен ынтымақты негізде жұмыс істеу де өте маңызды.
Баланың мектепке дейінгі жас кезеңі оның дамуындағы ең жауапты кезең, себебі осы кезде баланың ақыл-ой қабілеттері, сенсорлық дамуы, эстетикалық сезімдері қалыптасады. Бала тұлғасының мұндай қасиеттері қызықты да мазмұнды оқу іс-әрекеті, еңбек және ойын әрекетінде қалыптасады. Мектеп жасына дейінгі баланың бойына ақыл –ой күштерін, ойлауын дамытудағы және ақыл –ой еңбек мәдениетін дарыту ең алдымен балаға сенсорлық тәрбие беруден бастау алады.
Сенсорлық тәрбие ақыл-ой тәрбиесінің негізі болып табылады, ол баланың сезімдік тәжірибесінің дамуын және баюын қамтамасыз етеді, заттардың қасиеті мен сапасы туралы түсінігін қалыптастырады. Сенсорлық тәрбие дегеніміз бұл түйсік пен қабылдаудың дұрыс бағытта дамуы. «Сенсор» сөзі латынның «Sensus» - «сезім», «түйсік», «қабылдау», «түйсіну қабілеті» деген сөздерінен шыққан . Дүниені тану түйсінуден, қабылдаудан басталады. Түйсігі мен қабылдауы мол адамның қоршаған дүние жайлы көзқарасы кең, жан-жақты келеді. Сөйтіп, баланың сенсорлық мәдениеті, оның түйсігі мен қабылдауының даму деңгейі ойдағыдай дамыған таным қызметінің алғы шарты болып табылады Кеңес дәуіріндегі педагогика сенсорлық тәрбие мәселелерінде Мария Монтессоридің сенсорлық тәрбие жүйесінде өз бейнесін тапқан позициядан принципиалды айырмашылығы бар позицияны ұстанады. Оның пайдаланған дидактикалық материалдар өзін-өзі бақылау принципіне сәйкес жасалған, мұның өзі балаларға педагогтың катысуынсыз, өз бетімен шұғылдануына мүмкіндік береді. Ресейлік ғалым Н.М.Щелованов нәресте кезеңді сенсорлық тәрбие берудің «алтын кезеңі» деп атап көрсеткен. Сенсорлық тәрбиені іс-әрекеттің әр түрі: бейнелеу, құрастыру, музыкалық-қимыл үдерісінде, балаларды қоршаған ортамен таныстырғанда жүзеге асыру керек деп есептейді. Мәселен, Е. И. Тихеева сезім органдарын жетілдіру жұмысын бала тілінің дамуымен, қоршаған заттар дүниесімен таныстырумен байланыстырды.
Мектепке дейінгі балаларға сенсорлық тәрбие беру, заттардың формасын, түсін, көлемі мен басқа да ерекшеліктері мен қатынастарын зерттеуге бағытталған қабылдау әрекеттерінің нәтижесінде қалыптасқан кез-келген түсініктер, келешекте кейіп мәніне айналуы қажет.
Белгілі ғалым А.Меңжанова мектепке дейінгі жастағы балалардың «ақыл-ой тәрбиесінің мақсаты – балаларды табиғат пен қоғамдық өмірдің сан қилы қарапайым құбылыстары жайлы біліммен қаруландыру, сезім мен қабылдау ерекшеліктерін жетілдіру арқылы ақыл-ой қабілетін (зейін, ой, ес, қиял, тез және дұрыс шешім қабылдау, тұжырымдау, игерген әдет пен дағдыны, білімді іс-әрекет үдерісінде туған міндеттерді шешуге пайдалана білу, өз еңбегнің сапасын, оның қорытындысын, ынта-ықыласын болжай алу) дамытуды қамтамасыз ету», - деп анықтаған.
Сенсорлық тәрбиенің тағыда бір маңызды міндеті балалардың ғылыми дүниетанымын қалыптастыру болып табылады. Мұның негізінде әлем танымдылығын түсіну, табиғат пен қоғам дамуының заңдарын ұғыну. Жинақты етіп айтсақ, балалар барлық оқу іс-әрекетінде негізгі дүниетанымдық жұмысты бекітеді, баянды етуді талаптандырады.
Сенсорлық тәрбие –балалардың белсенді ойлау қызметінің дамуына ересектердің мақсатты ықпалы . Қазіргі өмірдің технологизациясы балалардың сенсорлы тәжірибесінің дефицитін құрап, оны визуальді және виртуалды образдар ауыстырған.
Сенсорлы бұрыш, тәрбиелеу-білім беру процесінде , қосымша білімнің тәрбиешілері және педагогтарының ұйымдастырушылық сабақтарында, өзіндік ойындарда, балалардың ізденіс-экспериментальды әрекеттерінде қолданылады. Сенсомоторлы бұрыш балабақшаның топтық мекемесінде бұл – қымбат құралдарсыз жабдықталған сенсорикалық бөлменің бейімделген нұсқасы.
Сенсомоторлы бұрыш негіздері:
• сенсорлы функциялардың стимуляциясы үшін (көру, сезу, есту т.б.);
• ұсақ моториканың дамуы, қозғалушы активтілік стимуляциясы;
• бұлшық ет және психоэмоционалды қауыртпалықты кетіру үшін, балалардың жақсы сезінуі және релаксацияға жетуі үшін;
• баланың еңбекқорлығын арттырып, жақсы эмоционалды жағдай қалыптастыру;
• когнитивті процестерінің белсенділігі (ойлау, көңіл бөлу, қабылдау, ес);
• Мектеп жасына дейінгі балалардың іс әрекетінің экспериментальдылығы және өзіндік жұмысқа уәжділігінің артуы.
Ортаның, топтың моделі екі қарапайым мақсатқа негізделеді:
1.Балабақша – балалар үшін екінші үй, сондықтан оның ішінде балаларға қуанышты және жайлы болу керек;
2. Балалардың толық және жан-жақты дамуы үшін, ойнауға, демалуға және оқуға арналған ұйымдастырылған орта болу керек.
Тәрбиешінің міндеті ойлау түрлерінің мәнін терең түсінуі, оларды тұтас педагогикалық процесте шебер қолдана білуі, балалардың ақыл- ой қабілетінің дамуын әсер ету тәсілдерін жете зерттеу қажет.
Кіші топтардың бағдарламаларын талдау нәтижесінде, дидактикалық және ойын материалдарының қандай болу керектігін ойластырып, балаларға олардың жас ерекшелігін ескере отырып, заттық-даму ортасын құру, әсіресе негізгі көңілді, балаларда сенсорикалық қасиеттерінің дамуына бөлу керек.
Балабақшаға алғашқы келген балаларды әдемі, ашық түсті, түрлі-түсті көмекші құралдармен, ойыншықтармен қызықтыру керек. Театр ілгіштен басталса, балабақшада шешінетін жерден басталады. Сондықтанда балаларды балабақшада қарсы алған кезде кіреберістен бастап жайлы болуы керек. Балаларға түрлі-түсті полкаларда орналасқан ашық түсті, жұмсақ, сүйікті т.б. түрлі ойыншықтарды ұсынамыз. Үйдің образын балабақшада бөлменің интерьері қалыптастырады. Үйықтайтың бөлмеге кірген кезде балалар сенсорлы-түрлі түсті жолақтан өтіп, оны дене түйсігі арқылы сезінеді.
Сенсорлы бұрышты ұйымдастыру барысында біріншіден топтық мекеме ішіндегі орналасу орнын анықтау керек. Ол балаларға ыңғайлы жерде орналасуы керек. Бұрышқа сенсомоторлы объектілерді таңдауда ерекше көңіл бөлінеді. Олар балалардың өміріне және денсаулығына қауіпсіз объектілер болуы тиіс. Бұрыш сабақ тақырыбына және қажеттіліктерге байланысты енгізілетін, негізгі және қосымша объектілерден тұрады.
Табиғат мезгілдері құбылыстарымен таныса отырып, спектр түсін атауда, көңіл көтеріп, жаттығады.
Сөйлеу қабілеттерін дамыту үшін – қуыршақтарды, қолғап қуыршақтарды қолданып театр ұйымдастырады, туған күндерде, ерекше күндерде ертегілер ойналады. Бала ерекше қызығатын заттар туралы талдау жасау керек, сонымен қатар баланың, сөздерді дұрыс айтуын, сұрақтарға жауап беруін қадағалау, үйрету.
Көру қасиеттерінің дамуы үшін: түстерді атап, анықтайтын, контрастылы өлшемдерді (үлкен, кіші), формаларды қарастыратын ойындарды ойнау.
Біз келесі дидактикалық ойындарды қолданамыз:
Түске байланысты ойындар: «Кесеге сәйкес келетін қасық таңдау», «Ойыншықты түсіне қарап тығып қой», «Қуыршақтарға моншақтар мен ойыншықтар таңдау», «Сиқырлы қапшық», «Әдемі қоршау», «Гүлді отырғыз», «Қоңыз адасты» және т.б.
Формаға байланысты ойындар: «Кез келген затты құрастыр», «Құрлысшы», «Сиқырлы мозайка», «Түрлі-түсті пішіндер» және т.б.
Өлшемге байланысты ойындар: «Шарлар», «Құрлысшы», « Затты құрастыр» және т.б.
Қолдың ұсақ моторикасының дамуы үшін және заттардың әр-түрлі қасиеттерімен таныстыру үшін келесі дидактикалық ойындарды қолданамыз: «Моншақ жаса», «Қысқышты сыйла», «Жапырақтарды қой», «Сиқырлы таяқшалар», «Түймелі алаң», «Баулар», «Баланы ора» және т.б. Құммен, сумен, қармен ойнау барысында балаларды осы материалдардың қасиеттерімен таныстырамыз (құм шашылады, сулы затты жабыстыруға болады, ыдыстағы суды шәшкелерге құямыз).
Әр-түрлі жазу құралдары арқылы түрлі-түсті және қасиеті әр-түрлі заттардың бетіне жазу.
Балалардың қозғалу белсенділігін арттыру үшін топ ішінің әр бұрышында әр түрлі материалдан жасалған ойыншықтар орналасқан. Балалар жұмсақ сырғымадан сырғанауды, әр-түрлі көлемдегі доптармен ойнауды, баспалдақтарға мініп, одан түсуді, гимнастика жасауды, тастармен ойнағанды, суарғанды, арам шөп жұлғанды, ойыншықтарды сүйрегенді жақсы көреді. Балалар бір заттың үстіне отырып жүргенді, сырғанағанды, музыкамен билегенді, қол және аяқ координациясын сақтауды да жақсы көреді.
Музыкалық қабілетін арттыру үшін, музыкалық аспаптарда ойнаймыз, музыкалы-дидактикалық ойындар ойнаймыз: «Үйде кім тұрады», «Динь-дон», «Қай аспапта ойнағанымды тап» және т.б.
Иіскеу сезімдерін дамыту керек. Иістер дене мен сана арасындағы байланыс функциясын атқарады.
Ойындар: «Менің жақсы ұнататын иісім», «Гүлдердің жұпар иісі», «Иісті таны» және т.б.
Ұстап сезіну үшін әр-түрлі фактурадағы материалдар (тері, жібек, қағаз т.б.), қолға білінетін әріптер мен сандар. Балалар формасы әр-түрлі заттармен ойнағанды жақсы көреді.
Ойындар: «Қолмен ұстап біл», «Тауып көрсет», «Затты сипатта» және т.б.
Ойынның құндылығы – баланың психикалық ерекшелігін ескеріп, оны қызықтырады, көңілін мобилизациялайды, бала берілген тапсырманы шешу жолын ойлау үрдісіне қатыстырады. Ойынның бірінші кезеңінде тек фигураларды құрастырсақ, кейін жылдан жылға үлкен сарайлар, ракеталар, космонавттар салып, толық оқиғаларды құрастыруға болады. Қолданатын ойындар: «Екі түсті квадрат», «Мөлдір квадрат», «Кавролин», «Ғажайып пішіндер».
Саусақтар, жүйке импульстары орталық жүйке жүйесіне жіберетін үлкен санды рецепторлардан тұрады және ағза жүйесінің жұмысын жақсартады.
Осы мақсатта ата-аналармен жұмыс өткізіліп, кеңестер берілді:
• «Саусақтар сөйлеуге көмектеседі»;
• «Саусақ гимнастикасы»;
• «Баланың сенсорикалық мәдениетін дамыту»;
• «Баланың сенсорикалық мәдениетін және ақыл-ойын дамыту»;
• «Қызықты гимнастика»;
• «Көзге арналған жаттығу»;
• «Кел сенімен ойнайық»;
• «Құмнан келген басқа планеталықтар»;
Берілген технологияны қолданып, бірінші сәбилер топта жақсы нәтиже алдық. Балалар түсті, форманы, өлшемдерді жақсы игере бастады. Бұл сабақтың балаларға ойын түрінде берілуіне де байланысты. Балалар ойынға баулып, сабақ үрдісіне қатысып жатқандарын аңғармайды. кіші топтан бастап білім салалары бойынша орталықтарға бөліне жұмыс жүргізілуіне балалардың бейімделуіне жақсы әсер етеді.
Біз балабақшада балаларға жайлы, жылы, қызықты болғанын қалаймыз. Cенсорлық даму еңбек өнімділігін арттыруға, еңбектің шығармашылығына зор ықпал жасайды. Ең бастысы, ол ғылым мен техниканың, мәдениеттің жедел дамуының қайнар бұлағы екендігін үнемі есте ұстағанымыз жөн.
Қорыта айтқанда, сенсорлық тәрбие – тұлғаның жан-жақты дамуының негізі.
Пайдаланған әдебиеттер
1. А.Усова. Обучение в детском саду. М.Просвщение. 1981.- 176с.
3. Дидактические игры и упражнения по сенсорному воспитанию дошкольников / Под ред. Л. А. Венгера. — М.: Просвещение, 2008. – С. 315
4. Морозова О.Е.И. Тихеева. Дошкольный возраст: сенсорное воспитание и воспитание // Дошкольное воспитание. -1993. – №5. – С. 87
5. Ә.Табылдиев. Қазақ этнопедагогикасы. Алматы:»Санат», 2001. – 320б.
6. А.Меңжанова, Г.И.Исмагулова, Е.Дайрабаев, Мектепке дейінгі педагогика. А. Мектеп, 1982 . 7. Ф.Н.Жұмабекова. Мектепке дейінгі педагогика. – Астана: Фолиант, 2008, - 336б.
8. Білім және ғылым. Энциклопедиялық сөздік .- Алматы, 2009ж.-400б.