kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Мектепке дейіңгі білім беруде тәрбие мен оқыту мазмұнын жобалау технологиясы

Нажмите, чтобы узнать подробности

Бүгінгі егеменді еліміздің болашақ тұлғасын тәрбиелеу мен білім беру жолында - жаңашылдыққа жаны құмар, ізденімпаз, бәсекеге қабілетті, дені сау білім алушының  бейнесін жасауға әр тәрбиеші өз үлесін қосуда. Олар жаңаша форматтағы сабақтар өткізу арқылы тәрбиеленушілердің сабаққа деген қызығушылықтарын одан әрі оята түсуде!

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Мектепке дейіңгі білім беруде тәрбие мен оқыту мазмұнын жобалау технологиясы»

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ

БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

БІЛІКТІЛІК-АРТТЫРУДЫҢ-ҰЛТТЫҚ-ОРТАЛЫҒЫ«ӨРЛЕУ»-АҚ

Шығыс Қазақстан облысы-филиалы



















ЖОБА ЖҰМЫСЫ


Тақырыбы: «Мектепке дейіңгі білім беруде тәрбие мен оқыту

мазмұнын жобалау технологиясы»

























Өскемен қаласы, 2019 жыл





ЖОБА ЖҰМЫСЫНЫҢ ЖАЗЫЛУ ҚҰРЫЛЫМЫ

МАЗМҰНЫ:

КІРІСПЕ .........................................................................................................................3

НЕГІЗГІ БӨЛІМ

1.1 Мектепке дейінгі білім беру мазмұнын жаңарту.................................................4

1.2. Білім саласына жаңа технологияларды енгізу.....................................................9

1.3. Дидактикалық ойындардың түрлері...................................................................12

ҚОРЫТЫНДЫ.............................................................................................................15

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР........................................................................16



КІРІСПЕ

Өзектілігі: Бала – біздің болашағымыз. Балабақшадағы тәрбиелеу мен оқыту баланың ғана емес, еліміздің де жарқын болашағының кепілі. Ол-үздіксіз білім берудің алғашқы деңгейі. Сондықтан, мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытудың негізгі мақсаты-баланың жеке басының қалыптасуы мен дамуы болуы тиіс. Сондықтан қазіргі қоғамның балабақша тәрбиешілерінің алдына қойып отырған басты міндеті, артар жүгі – сапалы білім берумен қатар жан-жақты дамыған, өзіндік ой-пікірі қалыптасқан, өмірде ойын жүзеге асыра алатын тұлға қалыптастыру. Тұлға қалыптастыруда – оның тәні мен жанын қатар дамыту, танымдық қызығушылығын дамытудың әдіс-тәсілдерін іздеу, анықтау, жүйелеу, қолдану.

«Ұстаздың биігі ойлана қарасаң биіктей береді, үңіле қарасаң, тереңдей береді, қол созсаң қарсы алдыңда, айналсаң артыңда тұрғандай» - деп Сократ айтқандай Егеменді еліміздің білім саласында өзгерістер енгізіп, жаңа талаптар қойылып отыр.

Бүгінгі егеменді еліміздің болашақ тұлғасын тәрбиелеу мен білім беру жолында - жаңашылдыққа жаны құмар, ізденімпаз, бәсекеге қабілетті, дені сау білім алушының бейнесін жасауға әр тәрбиеші өз үлесін қосуда. Олар жаңаша форматтағы сабақтар өткізу арқылы тәрбиеленушілердің сабаққа деген қызығушылықтарын одан әрі оята түсуде.

Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы бүгінгі басты міндеттерінің бірі - білім саласына жаңа технологияларды енгізу болып табылады.

Оқу - тәрбие үрдісіне жаңа инновациялық әдіс-тәсілдерді енгізу білім алушылардың білімге деген қызығушылығын, талпынысын арттырып өз бетімен ізденуге шығармашылық еңбек етуге жол салады. Мектепке дейінгі оқытуда тиімді әдіс-тәсілдерді пайдалана отырып, сабақты қызғылықты да тартымды өткізу мұғалімнің шеберлігіне байланысты екені баршамызға мәлім.

Ол бүгінгі білім беру кеңістігіндегі ауадай қажет жаңару тәрбиешінің қажымас ізденімпаздығы мен шығармашылық жемісімен келмек. Сондықтан да әрбір баланың қабілетіне қарай білім беруді, оны дербестікке, ізденімпаздыққа, шығармашылыққа тәрбиелеуді жүзеге асыратын жаңартылған педагогикалық технологияны меңгеруге үлкен бетбұрыс жасалуы қажет. Өйткені мемлекеттік білім стандарты деңгейінде оқу үрдісін ұйымдастыру жаңа педагогикалық технологияны ендіруді міндеттейді.

Балабақшада жаңа педагогикалық технологияларды пайдалану - оқыту мен тәрбиелеуде инновациялық ойын технологиясының элементтерін пайдалана отырып, жан-жақты, білімді, құзыретті тұлға тәрбиелеу.

Мақсаты: Мектеп жасына дейінгі білім алушылардың оқу - тәрбие үрдісінің мазмұнын жобалауға жаңа инновациялық әдіс-тәсілдердің тиімді екендігін көрсетіп беру.

Міндеттері:

  • Мектепке дейінгі ұйым қызметін ұйымдастырып оның тиімділігін анықтау;

  • Атқаруға қиындық келтіретін іс-шараларды жоспарлау;

  • Жобалау технологиясы арқылы белгілі индикаторларға қол жеткізу;

Негізгі бөлім:

Қазақ халқы қай уақытта болмасын, «Ұрпақ тәрбиесі – ұлттың тағдыры, ұлттың болашағы» - деп білген. Бүгінгі таңда Республикамызда білім берудің негізгі мақсаты – бұл біртұтас біліми орта құру арқылы Қазақстандық білім сапасын арттыру болып табылады. «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың» мақсаты: мектепке дейінгі сапалы тәрбиемен және оқытумен толық қамтуды,оларды мектепке даярлау үшін мектепке дейінгі тәрбиелеудің және оқытудың әртүрлі бағдарламаларына тең қол жеткізуді қамтамасыз етуді жүктейді.

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауында: «Біздің жұмыстарымыздың білім беру саласындағы басымдықтарында бүкіл әлемдегі сияқты Қазақстан мектепке дейінгі білім берудің жаңа әдістеріне көшу керек»,- деген болатын.
Білім беру үрдісін технологияландыру педагогтардың балалар әрекеттерін ұйымдастыру мен мектепке дейінгі білім берудің сапасына оң әсер етеді.

Ғұлама ғалым Әбу Насыр Әл-Фараби «Адамға ең бірінші білім емес, тәрбие берілуі керек, тәрбиесіз берілген білім адамзаттың қас жауы, тәрбиесіз берілген білім адамға апат әкеледі» - деген. Баланың қуат қоры мол болғандықтан оның өмірді танып білуге ұмтылысы зор екенін мойындап, соған орай баланың сезімін тәрбиелеуге, сұлулықты сезінуге, көңіл-күйін реттеп отыруға жағдай туғызатын - баланы ерте жастан тәрбиелейтін мектепке дейінгі мекемелер. Бұл - мекемелер баланың бойына рухани-адамгершіліктің қайнар көзін сіңіріп, мінез-құлқын тәрбиелеуге, білімін жетілдіруге, адамзатқа тән құндылықтарды баланың бойына сіңіруге еңбек етіп келеді.

Мектепке дейінгі білім беру мазмұнын жаңартуда білімділік, дамытушылық, психологиялық даму, қарым-қатынас жасау мәдениеті, балалардың жас ерекшелігіне сәйкестік, қажеттілікке қарай білім беру мен ата-ана сұраныстарын қанағаттандыруға қол жеткіздік.

Мектепке дейінгі ұйымда оқу-тәрбие жұмысының басты шарты – пәндік дамыту ортасын құру болып табылады. Даму ортасын құра отырып таңдаған білім бағдарламасын іске асыру мақсатына жетуге болады. Жаңа заман баласын қалыптастырып, дамыту үшін тұлғаның ішкі дүниесі мен оның қыр-сырын анықтап, мүмкіншіліктері мен қабілетінің дамуына жағдай туғызу қажет. Біз «Білім-ғылым-инновациялар» үштігі билеген постиндустриялық әлемге қарай жылжып келеміз. Басты ұстаным-инновациялық технологияларды пайдаланып тәрбие формаларын түрлендіріп отыру.

Стандартпен мектеп жасына дейінгі балалардың дайындық деңгейіне, мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту мазмұнына, оқу жүктемесінің ең жоғарғы көлеміне қойылатын талаптар айқындалған.

Мектепке дейінгі білім беру мазмұнын жаңарту

Жаңартылған Стандарт негізінде мектепке дейінгі білім беру саласындағы ғылым мен практиканың жетістіктері, отандық және шетелдік тәжірибелер ескеріліп,  «Алғашқы қадам», «Зерек бала», «Біз мектепке барамыз» үш білім беру бағдарламаларының орнына Бағдарлама әзірленді.

Әдістемелік-нұсқаулық хат жаңартылған мазмұнды іске асырудың негізгі бағыттарын, мектепке дейінгі ұйымдарда білім беру процесін ұйымдастырудың әдістемелік тәсілдерін, Стандарт  талаптарына сәйкес балаларды  дамыту мен тәрбиелеу үшін жағдайлар жасауды, мектепке дейінгі ұйымдар қызметкерлерінің қызметін ұйымдастыруды, тәрбиешілердің педагогикалық шеберліктерін арттырудың негізгі тәсілдерін қарастырады.

Аталған хат мектепке дейінгі ұйымдарда білім беру процесін тиімді ұйымдастыруға мүмкіндік береді және мектепке дейінгі ұйымдардың басшылары, әдіскерлері,педагогтары мен мамандарына, сондай-ақ ата-аналар қауымдастығы үшін әдістемелік нұсқаулық болып табылады.

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту мазмұнын іске асыру Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында, Мектепке дейінгі тәрбиемен оқытудың жалпыға міндетті мемлекеттік стандартында айқындалған міндеттерді орындауды талап етеді.

Бағдарламаның мақсаты: балалардың жас ерекшеліктері мен жеке мүмкіндіктеріне, қабілеттері мен қажеттіліктеріне сәйкес білім, білік және дағдыларын қалыптастыру, рухани-адамгершілік құндылықтарын, «Мәңгілік ел» жалпы ұлттық идеясына негізделген сәйкес жалпы адамзаттық  құндылықтарды, патриотизм мен төзімділікті  тәрбиелеу.

Міндеттері:

  • баланың өмірін қорғау және денсаулығын нығайтуды қамтамасыз ететін заттық-кеңістіктік дамытушы ортаны құру;

  • мектепке дейінгі білім берудің сабақтастық және үздіксіз ұстанымдарын қамтамасыз ету;

  • балалардың дене, зияткерлік, адамгершілік, эстетикалық, коммуникативтік дамуына бағытталған білім беру салаларын кіріктіру;

  • әр жас топтарында бағдарлама материалының мазмұнын игеру бойынша мониторингті ұйымдастыру;

  • мектепке дейінгі ұйым мен отбасының өзара ықпалдастығы.

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың оқу бағдарламасы:

  • мектепке дейінгі жастағы балалардың денесін және психологиялық саулығын нығайтуға,оларды салауатты өмір салтының құндылықтарына баулуға;

  • баланы тұлғалық және әлеуметтік, зияткерлік дамытуда тәрбие мен оқытудың инновациялық әдістері мен технологияларын қолдануға;

  • балаларды тәрбиелеу мен оқытудың тәрбиелік, дамытушылық, оқыту міндеттерінің бірлігін қамтамасыз етуге;

  • мектепке дейінгі жастағы балаларды тәрбиелеуде ата-аналар қауымдастығының   қажеттілігін қанағаттандыруға ықпал етеді.

Бағдарлама  балалардың жас және жеке ерекшеліктерін ескеріп, оларды жан-жақты дамытуға бағытталған «Денсаулық», «Қатынас», «Таным», «Шығармашылық», «Әлеумет»  бес білім беру саласы және білім беру салаларының мазмұнын кіріктіру  арқылы іске асырылады.

Бағдарлама мазмұнын іске асыру жас ерекшелігі психологиясы мен мектепке дейінгі педагогика  және білім беру салаларын кіріктіру негізінде жүзеге асырылады. Барлық білім беру салалары бір-бірімен байланысты: бала оқи отырып таниды; тани отырып не білгені туралы айтады; зерттеу және пайымдау барысында құрбыларымен бірлесіп  әрекет етеді. Осылай білім беру салаларының өзара кірігуі және өзара байланысы балада қоршаған ортаның тұтас бейнесін қалыптастыруды қамтамасыз етеді.

Білім беру  үдерісін тиімді ұйымдастыру және балаларды мектепке

дейінгі  ұйымдарда сапалы тәрбие мен және оқытумен қамтамасыз ету үшін келесі ұстанымдар және тәсілдер қарастырылуы қажет:

  • тәрбие мен оқытудың барлық қатысушылары — педагогтар, психологтар, ата-аналар мен баланың тұлғасын қалыптастыру мен оның қабілеттерін дамытуда  кешенді тәсіл;

  • балалардың жас ерекшеліктеріне сәйкес оларды дамыту да әрекеттік тәсіл;

  • баланың дамуы мен мектепке дейінгі ұйымның қызметінің деңгейлеріне (мектеп жасына дейінгі балалардың дамуына мониторинг жүргізу үшін автоматтандыру жүйесі) мониторинг жүргізуде инновациялық тәсіл;

  • тәрбие мен оқыту мазмұны мен әдістерінің бірлігі, сабақтастығы, үздіксіздігі;

Мемлекет басшысы бала тәрбиесіне, оларды ғаламдық өзгерістерге дайын етіп өсірудің қаншалықты маңызды екеніне біздің назарымызды үнемі аударып келеді. Оның айғағы мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың негізгі ережелеріндегі 1 жастан 6 жасқа дейінгі баланың бес білім беру салаларының үйлесімді бірігуі арқылы ерте жастан дамуын қарастырады. Практикалық жүйе көрсеткендей бала ерте жастан, яғни туылғаннан бастап 3 жасқа дейінгі аралықта қандай тәлім, тәрбие алса бала соған икемді болады. Сондықтан балаға қандай тәлім – тәрбие мен білім берсек те оларға ерте жастан, яғни бала туылғаннан бастап 3 жасқа дейін толық жағдай жасауымыз керек екен. Тәрбие мен оқу – бір-бірінен бөлек алынып қаралмайтын күрделі процесс. Сондықтан тәрбие мәселесіне көңіл бөліп,оған тиімді әдіс-тәсілдерді қолданып, қарастыру – әрбір тәрбиешінің тапқырлығы мен шығармашылығын талап етеді.

Тәрбиеші – бала бойына білім нәрін себетін басты тұлға. Бүгінгі таңда ауданымыздағы мектепке дейінгі мекемелерде кәсіби білімді, біліктілігі жоғары мамандар еңбек етуде. Қазіргі уақытта мектепке дейінгі білім беруде қол жеткізген жетістіктеріміз - балабақша типтерінің түрленуі мен желісінің қарқындап көбеюі, материалдық базаның нығайтылуы, ақпараттық технологиялық құралдарды пайдалануға мол мүмкіндіктердің туындауы.

«Балалар–бүкіл әлемдегі жақсылықтың бастауы, олар біздің болашағымыз. Сондықтан да біз, ересектер, жас ұрпақтың өмірі мен игілікті дамуы үшін барынша жағдай жасауға тиіспіз.........»-деген Н.Ә.Назарбаевтың сөзін әрбір адам қағида ретінде ұстанса, нұр үстіне нұр болары сөзсіз.

Қазақстан Республикасының мектепке дейінгі білім беру жүйесін жетілдіру стратегиясы мектеп жасына дейінгі балаларды жеке тұлға ретінде жан-жақты қалыптастыру мәселелерінің ұлттық даму стратегиясымен үздіксіз байланысты екендігін және мемлекеттік саясаттың ажырамас бөлігі болып табылатындығын

ескере отырып, басты қажеттілік ретінде қабылданған еді. 

Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту стандарты мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуды қадағалауды ұйымдастырып, педагогикалық кадрларға қойылатын талаптармен, олардың біліктілігін арттырып және қайта даярлап, бала дамуының деңгейін жүйелі бағалауды қамтамасыз етуде.

- Мектепке дейінгі білім беру стандарты мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдары мен мектеп алды даярлық топтарында педагогикалық процесті ұйымдастыруда жаңашыл тәсілдерді пайдалануда; 
- Білім беру мазмұнын, оның деңгейі мен сапасын іріктеуге қойылатын талаптарды реттеп; 
- Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдары мен мектепалды даярлық топтарының қызметін баланың денсаулығы мен физикалық дамуын сақтауды бағдарлап; 
- Баланың дамуының әрбір жас кезеңінде әлеуметтік ахуалды іске асыру үшін жағдайларды қамтамасыз етіп; 
- Баланың жас кезеңдері сабақтастығы негізінде біріңғай білім беру кеңістігі сақталып; 
- Мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқыту ұйымдары және бастауыш мектеп арасында сабақтас байланыс реттеліп; 
- Отбасы әлеуетін және мектеп жасына дейінгі тұлғаның толық қанды дамуына мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарының дамыту ортасының психологиялық-педагогикалық негізін пайдаланып; 
- Әлеуметтік – мәдени міндеттер шешу - мектеп жасына дейінгі балаларға білім берудің жаңа үлгісін қалыптастыруда мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдары, отбасы, әлеуметтік орта бірігіп; 
- Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарының тәжірибесіне инклюзивті білім беруді қамтамасыз етілуде.

Кішкентай бүлдіршіндердің дамуына ықпал ететін үздіксіз білім берудің алғашқы сатысы ретіндегі мектепке дейінгі білім беруге баса назар аударған жөн. Әрі балалардың білім алуға, еңбекке және қоршаған ортаға бейімі, қарым-қатынасы нақ осы кезеңде қаланатынын естен шығармауымыз керек. Қазіргі таңда ауыл балабақшалары жаңа заман талабына сай жабдықталған, балабақшаның әр тобында балалардың жатын, ойын, киім шешетін, жуынатын, әжетхана, спорттық зал, үйірме бөлмелері қамтылған.

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартын басшылыққа алған балабақша ұжымдары «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту» жүйесін жүзеге асыруда. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту үздіксіз білім беру жүйесінің алғашқы деңгейі ретінде қазіргі тұрақты өзгеріп тұрған әлемде табысты бейімделуге қабілетті бала тұлғасының қалыптасуы мен дамуы үшін жағдай жасайды. 

Мектепке дейінгі балалық шақ-баланың моральдық-адамгершілік бейнесін қалыптастырудағы маңызды кезең. Дәл осы кезеңде баланың жеке тұлғасының дамуын анықтайтын құнды бағыттар, алғашқы адамгершілік түсініктері, сезімдері, әдеттері, қарым-қатынасы қалыптасады. Мектепке дейінгі білім беру үздіксіз тәрбие берудің алғашқы сатысының және балаларды ерте шақтан әлеуметтендірудің әлемдік үлгісі болып қала береді, өйткені тәрбиелік үдерістің үздіксіздігі бала өмірінің мектепке дейінгі, мектептегі және кейінгі жылдарын байланыстырады. Сондықтан да мектепке дейінгі мекемедегі баланы дамытушылық және жеке тұлға ретінде қарай отыра оның қызығушылықтары мен құқықтарын түсінуде және құрметтеуде қажет гуманитарлық жаңа жолына бағыттайтын жүйесін қалыптастыру. Балабақшаларға баратын балалар аз ауырады, білім берудің барлық деңгейлерінде білімді тез қабылдайды, жалпы өмірде табысты болып келеді. Мектепке дейінгі білім беру уақыты бала дамуының анағұрлым белсенді кезеңі болып табылады. Бұл кезеңде мектепке дейінгі жастағы балалардың ұлттық рухани-мәдени құндылықтар негізінде дене, жүйке-психикалық, ой-өрісі сияқты өмірлік дағдылары қалыптасады. Сапалы мектепке дейінгі тәрбие және оқыту балалардың әлеуметтік жағдайы мен тұратын орнына қарамастан барлық балаларға берілуі тиіс. Қазақстан Республикасындағы мемлекет басшылығының адам капиталын дамытудың маңыздылығы мен қажеттілігін және білім беру жүйесін реформалауды бастау мен жүргізуге жан-жақты қолдау көрсетуінің нәтижесінде білім беруді прогрессивті дамыту мен модернизациялау мүмкін болып отыр. Білім беру ұзақ мерзімді «Қазақстан - 2030» Стратегиясының негізгі приоритеттерінің бірі болып отыр. Қазақстандағы білім беру реформаларының ортақ мақсаты білім беру жүйесінің жаңа әлеуметтік-экономикалық ортаға бейімделуі болып табылады.

«Бала естігенін айтады, көргенін істейді» - деп қазақ халқы бекер айтпаған. Мектеп жасына дейінгі балаларды адамгершілікке тәрбиелеудің маңызы зор. Кішкентай сәбилеріміз ата - анасының, тәрбиешісінің, достарының мінезінен, жүріс-тұрысынан, сөйлеген сөзінен, істеген ісінен үлгі алуға тырысады. Балабақша–баланың жүйелі түрде білім–тәрбие алатын ең алғашқы қоғамдық ошағы. Балабақшаның балаға беретін тәлім – тәрбиесінің қаншалықты мықты болуы, сол балабақшада қызмет ететін педагогикалық ұжымға, нақтырақ айтар болсақ, ұстазға байланысты. 

Инновациялық технологиялардың ерекшеліктері бір уақыттағы әрекет барысында  бірнеше әрекеттің қатар жүргізілуінен тұрады:

— мәтінді кәсіби дикторлардың айтуы;

— мультимедиялық анимациялық материалдарды көрсету;

— балалардың  білім беру әрекетіне қатысуында.

Қазіргі заманғы педагогтардың инновациялық технологияларды білуі уақыт талабы. Алайда мектепке дейінгі білім беру жүйесінде технологияларды

пайдалануда бірқатар қиындықтар байқалады, олар:

  • Педагогтардың технологиялардың құрамдас құрауыштарын жеткіліксіз білуі;

  • Тәжірибе барысында тұтас технологияны емес, оның элементтерін пайдалануы;

  • Педагогикалық жүйені тұтас көру дағдысының жоқтығы;

  • Жұмыс тәжірибесіне сапа енгізуді бастамалайтын технология идеяларын қате түсіну;

Ең бастысы: алдыңғы қатарлы әр технологияда қарастырылған, баланы қоғамның ең негізгі құндылығы ретінде тану, оның рухани жан- дүниесінің баюына және әр баланы жеке даму ерекшеліктеріне сәйкес өзіндік дамуына жағдай жасау мәселесі ескерілмейді.

Осындай мәселелер тек әдістер, формалар мен құралдар түрінде ғана қолданылатын педагогикалық, білім беру жағдаяттарын тудырады.

Балабақшадағы инновацияға не жатады?
Инновациялық іс - әрекеттің үш кезеңін атап көрсетуге болады.

Бірінші кезеңде педагог жаңалықтың қажеттілігін дәлелдеу арқылы жаңалық туралы ақпарат жинайды, одан кейін әртүрлі жаңалықтың ішінен қажетті жаңалықты таңдап алып, оны қолдану туралы шешім қабылдайды.

Тәрбиеші инновациялық іс-әрекеттің екінші кезеңіне көшеді, яғни іске асыру кезеңдерін зерттеп, енгізу жоспарын құрып, жаңалықты қолданады.

Бұл кезеңде педагог оқу–тәрбие процесіне, жаңалықты енгізуіне кедергі жасап отырған факторларды ескере отырып, өзгерістер енгізеді, жаңалықты уақыты мерзіміне байланысты жұмыстарды өткізеді.

Жаңалықты енгізу уақыты аяқталғаннан кейін инновациялық іс-әрекет үшінші кезеңіне өтеді. Бұл кезеңде тәрбиеші жаңашыл тұрғыда ұйымдастырылған оқу-тәрбие жұмысының нәтижесін көтеруге жасаған ықпалын анықтайды, жаңалықтың оқу-тәрбие жұмысына нәтижелі енгізу  шарттарын белгілеп, оны таратуға ұсынады. Оқытудың инновациялық жүйесі білім, оқыту процесінде жаңа технологияларды пайдалана білу іскерлігі қалыптасуы керек.

Қазақстанның бүгінгі білім беру жүйесінде жаңа инновациялық бағытты игерген, нақты тәжірибелік іс-әрекетте өзіндік даңғыл жол салуға икемді, шығармашыл, зерттеуші педагогтар аса қажет.

Білім саласына жаңа технологияларды енгізу

Дәл осы сипаттағы педагогтың ең алдымен инновация туралы түсінігі болуы қажет.

Тәрбиеші инновациялық іс – әрекетін іске асыру кезеңдерін зерттеп, оқу-тәрбие үрдісіне енгізу жоспарын құрып, жаңалықтарды қолданады. Оқытудың инновалиялық жүйесі білім, оқыту процесінде жаңа технологияларды пайдалана білу іскерлігі қалыптасуы керек. Қазақстанның бүгінгі білім беру жүйесі - жаңа инновациялық бағытты игерген. Мысалға айтатын болсақ :

  • Жобалау технологиясы;

  • ТРИЗ технологиясы;

  • Ойын технологиясы;

  • Дамыта оқыту

  • Ақпараттық технологиясы.

  • Зайцев технологиясы

  • Ізденіс шығармашылық технологиясы

  • Тәй-тәй технологиясы

  • Монтессори технологиясы

  • Денсаулықты сақтау технологиялары

  • Фитбол-ертегілер.

Зайцев технологиясы.

Зайцев технологиясы бойынша оқыту бұл ойын арқылы оқыту.

Технологияның негізгі мақсаттары:

Мектепке дейінгі жастағы баланы санауға, оқуға үйрету;

Балаларға оқыту мен санаудың қатар жүргізілуі   арқылы дұрыс сөйлеу мәдениетін қалыптастыру;

Бүктеу арқылы оқыту;

Өлең айту арқылы оқыту;

Балаларды оқу арқылы жазуға үйрету;

Балалардың барлық есте сақтау түрлерін қолдану-дыбыстық, моторлық, кинестикалық, түстік дағдыларын қалыптастыру;

Көрнекіліктерді кеңінен пайдалану;

Баланың білімді барлық сезім мүшелерімен қабылдауы.

Ізденіс шығармашылық технологиясы.

Ізденіс шығармашылық технологиясының мақсаты:

Балалардың ізденіс құзіреттілігін дамыту ТРИЗ технологиясы міндетті түрде қолданылады.

Экспериментті-ізденіс әдіс-тәсілдерін ұйымдастыру

шығармашылық

- эвристикалық әңгімелер

- қиындық туғызатын сұрақтардың шешімі мен құрылымы

- бақылау

- модульдік (жансыз табиғаттың өзгерістерінің модулін құру)

- тәжірибелер

- қорытындысына баға беру, бақылау, тәжірибе, эксперименттер, еңбек іс-шаралары-жүктеу- бояуға, дыбыстауға, табиғаттың бейнесі және иістер

- табиғаттың дыбыстарына, дауыстарына еліктеу - көркем сөздерді қолдану

- дидактиқалық ойындар, үйретуші ойындар және шығармашылық даму жағдайлары

- еңбек ету.

Ойын арқылы оқыту технологиясы

Ойын арқылы оқыту технологиясының мақсаты: дидактикалық, тәрбиелік, дамытушылық, әлеуметтендірушілік мақсатқа жету.

Ойын технологиясының ерекшелігі: ойындық іс-әрекеттің психологиялық механизмі жеке бастың өзіндік талап-талғамдарына сүйенеді. Баланың бойындағы білімділік, танымдық, шығармашылық қасиеттерін аша түсуді көздейді. Ойын - балалар үшін оқу да, еңбек те. Ойын айналадағы дүниені танудың тәсілі. Сонымен қатар, ойын балаларға өмірде кездескен қиыншылықтарды жеңу жолын үйретіп қана қоймайды, олардың ұйымдастырушылық қабілеттерін де қалыптастырады. Ойын-әлеуметтік қызмет. Ол баланың жасына қарай өзін қоршаған ортаны танып білуге құштарлығын арттырады.

Ақпараттық қатынастық технологиясы.

Ата-аналарының өскен ортасынан заманауи бала түбегейлі бөлініп тұрады (қазіргі кездегі компьютерлерді қолдану технологиясы). Қоғамдық ақпарат педагогтар мен балалар алдында мынандай міндеттер қояды.

Міндеттері:

Жаңа заманға қадам басу;

Жаңа технология әлеміне балаға жол серік болу;

Компьютерлік бағдарламаға тәлімгерді таңдау;

Ақпараттық мәдениетті жеке тұлға қалыптастыру;

Педагогтардың профессионалдық деңгейін, ата-аналардың құзыреттілігін көтеру;

Ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыту;

Шет тілінде сөйлейтін сөздік;

Ойын-саяхаттар;

Тәй-тәй технологиясы

Негізін қалаған: Джорж Сорос

Мақсаты: Балалардың шығармашылық және интеллектуалдық қабілеттерін дамыту.

Монтессори технологиясы

Негізін қалаған: М.Монтессори.

Мақсаты: Балалардың қоршаған әлемге қызығушылығын туғызу және оны зерттеуге ұмтылдыру. Сауалдар қою және оларға жауап іздеу.

ТРИЗ технологиясы  

ТРИЗ-дің мақсаты тек қана балалардың қиялын ғана емес, сонымен қатар шынайылықты түсініп жүйелі ойлауға, өзін - өзі тануға, қоршаған ортаның қиындығын байқауға және де өздерінің шағын қиындықтарын шешуге баулу болып табылады. Тризшылардың ұраны - “Барлығын айтуға болады!” Балалық шақтағы ТРИЗ-баланың ойлау процесімен, тілі, қиялы, есте сақтау қабілеті, зейінінің белсенді және бірлесіп дамуды тұспалдайтын ТРИЗ элементтерін және шығармашылық қиялды дамыту әдістері мен компьютерлік үйрету бағдарламаларын қолдану арқылы қоршаған орта туралы білімдерін кеңейтетін, игерген біліммен білікті өзіндік әрекет кезінде, көркем әдебиет, тілдік, ойын зерттеу, қатынас т.б әрекетте қолданатын адамның ойлауын дамытып, тәрбиелеудің белгілі бір жүйесі. ТРИЗ (ӨТШТ өнертапқыштық тапсырмаларды шешу теориясы) технологиясын өткен ғасырдың 70 жылдары Г.С.Альтшулер ойлап тапқан. Мектепке дейінгі балаларға бейімделген ТРИЗ (ӨТШТ) технологиясы баланы шығармашылық тапсырмаларды орындауға үйретеді және оның бойында шығармашылық қажеттіліктерді дамыта отырып, оның қызығушылығына сүйене отырып шығармашылыққа баулиды.

Дамыта оқыту технологиясы

Негізін салушылар мен зерттеушілер: В.Давыдов, В.Занков, В.Эльконин, П.Эрдниев.    

Мақсаты: Баланың жалпы жан дүниесін және оның сезіміне әсер етіп логикалық ойлауын дамыту. Сөздік қоры мен сөйлеу мәдениетін қалыптастыру. Дамыта оқытуда тәрбиешінің басты міндеті оқу материалдарын балаға дайын күйінде емес, баламен бірлесіп, жалпы іс-әрекетті ұйымдастыра отырып, алға қойған міндеттерді түсіндіру, сөздік қоры мен тілдің арасындағы байланыстылыққа аса көңіл бөлу.

Дамыта оқыту технологиясының балабақша жағдайында қолдануға болатын тиімді әдістері:

  1. Ой толғаныс әдісі немесе психология тілінде «Миға шабуыл» деп те атайды. Бұл әдіс көбіне ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің тақырыбын ашуда қолданылады. Мысалы: жұмбақ шешу, сөз жұмбақ, суретті ребустар арқылы.

  2. Ассоциация әдісі. Бұл әдісте берілген тақырып бойынша балаларда қандай ой туады соның барлығы сол сөздің жан-жағына жазылады. Мысалы:

жалпы отбасы: ата, әже, әке, ана, аға, әпке, ін.

  1. Салыстыру әдісі. Бұл әдісте балалар объектілер арасындағы ұқсастық пен айырмашылықты анықтайды.

Мысалы: алма мен қызанақтың ұқсастығы мен айырмашылығы

  1. Раунд-Робин әдісі. Бұл әдіс өткен немесе жаңа тақырыпты бекіту үшін қолайлы тәсілдердің бірі. Мұнда әр бала берілген тақырып туралы не біледі. Бір сөйлем немесе сөз тіркесі арқылы бірінің айтқанын бірі қайталамай түгел айтып шығуы тиіс. Мысалы:

-Гүлді жұлуға болмайды-Анамызға сыйлаймыз-Достарымызға сыйлаймыз т.б.

  1. Топтау әдісі. Топтау әдісінде балаларды деңгейлеріне қарай бірнеше топқа бөледі де, өздері орындай алатындай топтық тапсырма беріледі.

Мысалы: «Пішіндер» тақырыбын өткенде І топ – үлестірмелі картадағы бейнеленген суреттерден геометриялық пішіндерді тауып, көрсету, атын атау. ІІ топ – жіпті пайдалана отырып әртүрлі пішіндерді жасау.

Ақпараттық технологиялар

Ақпараттық технологиялар – анимацияларды, фильмдерді тұсаукесерлер слайдтарын қолдану үйретілетін құбылыстарға балалардың белсенді танымдық қызығушылықтарын танытуға мүмкіндік береді. Танымдық ертегілер балаларды қоршаған ортамен таныстыруға, айнала қоршаған шындыққа белсенді танымдық қарым-қатынасты туындатуға және құбылыстардың мәніне жетуге мүмкіндік беретін білім қорын жинақтауға бағытталған.

Жобалау технологиялары

Жобалау технологиялары – бала мен педагогтың бірлесіп жүзеге асыратын эксперименттік әрекетін құру. Жобалық іс-әрекет – бұл білім беру мазмұнының кез келген бағыты бойынша іздеу, зерттеу, практикалық тапсырмаларын шешу үшін белгілі бір жоспарлар, белгілі бір мақсаттары бар мақсаттылық іс-әрекет. Жобалық іс-әрекет негізінде ересектер мен балалардың белгілі бір практикалық проблеманы бірлесе жұмыс істеу үдерісінде қол жеткізілетін іс-әрекеттің нәтижеге бағыттылығы (оның барысында бала өзі үшін көптеген жаңа және бұрын білмегенді ашады) туралы идея жатыр. Бұл нәтижені шынайы практикалық іс-әрекетте көруге, зерделеуге, қолдануға болады. Кіші мектепке дейінгі жастағылармен мынадай тақырыптарда: «Пішін, түс, көлем»; «Жыл мезгілдері», «Су», «Қар», «Құм», «Жарық пен жылу» жұмыстарды өткізуге болады.

Зерттеу әрекеті үшін келесі міндеттердің алдын алу қажет:

- жағдайлар жасау;

- бақылаушылықты дамыту;

- салыстыру, талдау, жалпылау;

-эксперимент жасау барысында танымдық қызығушылықты дамыту;

- назар салуды, көруді, естуді дамыту.

Денсаулықты сақтау технологиялары – өзінің денсаулығын қолдауға қажетті білім, білік дағдыларды қалыптастыру мен дамыту. Денсаулық сақтау технологиялары – мектепке дейінгі жастағы балалардың қимыл әрекетін дамытудың күшті факторы.

Фитбол-ертегілер. Мектепке дейінгі кіші жастағы балаларға педагог ертегі мазмұнын бұрыннан таныс балалардың білетін қимылдарымен сүйемелдей отырып айтады.

Анималотерапия – бұл балаларды тәрбиелеу мен оқытуда жануарларды қолдану болып табылады. Жануарлармен өзара әрекет ету арқылы балаларда айналасындағыларды түсіну, сезіну және жанашырлық таныту қабілеттері қалыптасады. Жануарларды бақылау және олармен өзара әрекет ету баланың әлеуметтік ортада табысты бейімделуі үшін қажетті интелектуалдық қабілеттерін дамытуға жағымды әсер етеді.

Жоғарыда аталған технологияларды қолдану арқылы білім беру процесін интерактивті құру және білім беру процесін іске асырудың инновациялық тәсілі  мақсатында балалардың шығармашылық және интелектуалдық қабілеттерін арттыратын, эмоционалды-күштік саласын дамытатын, баланың танымдық қабілеттерін белсендіретін мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың жаңа, заманауи технологиялары мен әдістері енгізіледі. Олар:

Заттық дидактикалық ойындар. Заттық дидактикалық ойындарда ойыншықтар мен нақты заттар қолданылады. Олармен ойнап, балалар салыстыруды үйренеді, заттардың ұқсастығы мен айырмашылығын белгілейді. Бұл ойындардың құндылығы сонда, балалар олардың көмегімен заттардың қасиеттерімен, олардың белгілерімен: түсі, көлемі, пішіні, сапасымен танысады. Ойындарда салыстыруға, классификациялауға тапсырмаларды шешеді, тапсырмаларды шешуде реттілікті белгілейді. Балалармен заттық орта туралы жаңа білімді меңгеру шамасы бойынша ойындарда тапсырмалар күрделенеді: балалар қандай да бір қасиетімен затты анықтауға жаттығады, дерексіз, логикалық ойлауды дамыту үшін маңызды, заттарды осы қасиеті бойынша (түсі, пішіні, сапасы, міндеті және т. б.) біріктіреді.

Дидактикалық ойындар әртүрлі ойыншықтардың кеңінен қолданылуымен жүзеге асырылады. Олардың түсі, пішіні, міндеті, көлемі, жасалған материалы ашық көрсетіледі. Бұл балаларға белгілі дидактикалық тапсырмаларды шешуге, мысалы ағаштан жасалған заттарды (темір, пластмасса, қыш) немесе әртүрлі шығармашылық ойындарына қажетті ойыншықтар: отбасы, құрылыс, дүкен және т. б. жинақтауды жаттықтыруға ерік береді. Осы сияқты мазмұндағы ойындарды қолдану, тәрбиешінің таңдалған ойыншықтардың көмегімен ойынның мәнін айтып беруге, өзбетінше ойынға қызығушылық танытуға мүмкіндік береді. Тәрбиеші табиғи материалдарды (өсімдіктердің тұқымдары, жапырақтары, гүлдері, тастар, бақалшықтар және т.б.) мынадай ойындар: «Бұл ненің тұқымы?», «Бұл қандай ағаштың жапырағы?», «Күзгі жапырақтардан гүл шоғын жина» және т.б. өткізуде қолданады. Тәрбиеші бұл ойындарды табиғатпен жанасып серуен мезгілінде ұйымдастырады.

Осы технологиялардың бүгінгі мектепке дейінгі мекемелер үшін өте тиімді болмақ.

Үстел үстінде ойналатын дидактикалық ойындар. Үстел үстінде ойналатын дидактикалық ойындар – балаларға арналған қызық сабақ. Түрлері бойынша олар әртүрлі: сыңар суреттер, лото, домино. Ойындарды ойнаған кезде шешілетін тапсырмалар да әртүрлі.

Суреттер сыңарын табу ойындары. Мұндай ойындағы ең қарапайым тапсырма – алуан түрлі суреттерден бірдей сыңарларын: түстері, үлгілері және т. б. бірдейлерін табу. Содан соң тапсырма күрделенеді: бала суреттерді тек қана сыртқы белгілерімен ғана емес, сонымен бірге мағынасы бойынша да біріктіреді, мысалы: барлық суреттердің ішінен екі ұшақты табу. Суретте бейнеленген ұшақтар, түсі, пішіні бойынша әртүрлі болуы мүмкін, бірақ оларды ұқсатып заттардың бір түріне жатқызып, біріктіреді.

Жалпы белгісі бойынша суреттерді таңдау ойындары. Мұнда кейбір жалпылау, заттардың арасындағы байланысты белгілеу талап етіледі. Мысалы, «Бақта (орманда, қалада) не өседі?» ойынында суреттердегі бейнеленген өсімдіктерге сәйкес, олардың өсетін жерлеріне қатысты, суреттердің бір белгісі бойынша біріктіріп, таңдайды. Немесе «Сосын не болды?» ойынында, балалар қандай да бір ертегі сюжетінің реттілігіне сәйкес, иллюстрацияларды таңдайды.

Суреттердің құрамын, санын, орналасуын есте сақтау ойындары. Мысалы, «Тапшы,қандай суретті жасырдық?» ойынында балалар суреттердің мазмұнын есте сақтауы керек, ал содан соң қай суреттің жоқ екенін анықтау керек. Мұндай ойындардың дидактикалық тапсырмалары: балаларда заттардың санын және реттілік есебі туралы, үстел үстіндегі суреттердің кеңістікте орналасуы туралы, суреттермен болған өзгерістерге байланысты айта білу, олардың мазмұндары туралы білімін бекіту болып табылады.

Сөздік ойындар. Сөздік ойындар ойнаушылардың сөздері мен әрекетінен тұрады. Мұндай ойындарда балалар заттар туралы түсініктеріне сүйеніп, олар туралы білімдерін тереңдетіп үйренеді. Балалар өздігінен түрлі ойлау тапсырмаларын шешеді: олардың сипаттамалық қасиеттерін бөліп, заттарды суреттейді; суреттеу бойынша табады; ұқсастық және айырмашылық белгілерін табады; әртүрлі қасиеттері, белгілері бойынша заттарды топтайды.

Сөздік ойындарды педагогикалық үдерісте қолдануға қолайлы болу үшін төрт топқа біріктіруге болады.

  1. топ: заттар мен құбылыстардың маңызды белгілерін бөліп қалыптастыра білуде көмектесетін ойындар: «Тапшы?», «Дүкен», «Иә – жоқ» және басқалар кіреді.

  2. топ: балалардың салыстыру, беттестіру, дұрыс ақыл қорытындысын жасауын дамытуда қолданылатын: «Ұқсайды–ұқсамайды», «Кім өтірікті көбірек аңғарады?» және т. б. ойындар құрайды.

  3. топ: әртүрлі белгілері 10 бойынша заттарды жалпылау және топтастыра білуді дамытатын «Кімге не керек?», «Үш затты ата», «Бір сөзбен ата» және басқа ойындар біріктірілген.

  4. топ: зейінді, аңғарымпаздықты, ой ұшқырлығын, байсалдылықты, әзіл оспақты түсіне білуін дамытатын: «Бұзылған телефон», «Түстер», «Ұшады– ұшпайды» және басқа ойындар жатады.



Қорытынды

Қорыта  келгенде  жаңартылған мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту мазмұнын іске асырудың негізгі бағыттары ол жаңартылған Стандарт және Бағдарламадағы мектеп жасына дейінгі балалардың дайындық деңгейіне қойылған талаптарды жүзеге асыру болып табылады, жаңа инновациялық технологияларды оқу және іс-әрекет барысында қолдануымыз қажет.

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мазмұнын жобалау әдісі арқылы төмендегідей нәтижеге қол жеткізуге болады: Педагогтардың ақпараттық коммуникациялық технологиялар туралы білімдері анықталады, балаларды, ата - аналар мен мұғалімдерді кешенді сүйемелдеу қалыптары дайындалады. әр бір педагог жеке кішігірім жобалар жасап, ақпараттық коммуникациялық технологиялар   пайдалану сабақтарының конспектілері дайындалады, балабақшада даму ортасы жетіледі және кеңестер өткізіліп, педагогтарға  практикалық кеңестер, ал ата- аналарға жобаны жүзеге асыру бойынша кеңестер беріледі.

Еліміздің білім саласында  жүргізіліп  жатқан реформаның  басты мақсаты - ой-өрісі  жаңашыл, шығармашылық  деңгейде  қызмет атқара алатын, дүниетанымы жоғары,  жан-жақты қалыптасқан  жеке тұлға тәрбиелеу. Мектеп жасына дейінгі балаларды дамыту мәселесі қазіргі таңда мемлекеттік саясаттың ажырамас бөлігі болып отыр.

Бала болашағымыз десек, сол балаға жүйелі білім беріп, ынта-ықыласын дұрыс бағыттауды, қабілет-қасиеттерін дамытуды балабақшадан бастауымыз керек. Мектепке дейінгі білім беру стандарты мектепке дейінгі тәрбие мен мектепалды даярлық топтарында педагогикалық үрдісті ұйымдастыруда жаңашыл әдіс-тәсілдерді пайдалануға мүмкіндік береді.



Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:


  1. Ф.Н. Жұмабекова. «Мектепке дейінгі педагогика» [100-108 беттер].

2012 жылы

  1. Н.Е.Веракса. «Проектная деятельность дошкольников» 2006 жыл

  2. О.И Давыдова, А.А. Майер , Л.Г. Богословец  «Проекты в работе с семьей» 2000 жыл

  3. Л.С.Киселёвой, Т.А.Данилиной, Т.С.Лагоды, М.Б.Зуйковой «Проектный метод в деятельности дошкольного учреждения» 2001 жыл

  4. «Жаңа технологияларды сабақта қолдану» Ұ.Төлепова «Бастауыш мектеп»  №7, 2015 жыл

  5. «Отбасы және балабақша» журналдары 2014 жыл, 2017 жыл

  6. «Отбасы және балабақша» журналы №4, 2015 жыл

  7. Дамыта оқыту технологиясы.  Бисенбаева Әлия.

  8. Бала мен балабақша. Республикалық педагогикалық журнал № 12, 2013

  9. Мектепке дейінгі білім –тәрбие әдістемесі.

Республикалық ғылыми-әдістемелік педагогикалық журнал  № 12, 2014

  1. Раджерс Э. «Инновация туралы түсінік»

  2. Жүнісбек Ә. «Жаңа технология негізі – сапалы білім»

  3. Джон  Дьюи «Жобалау технологиясы».

  4. Г.С.Алтьшуллер. «ТРИЗ технологиясы»





Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Дошкольное образование

Категория: Прочее

Целевая аудитория: Дошкольникам

Скачать
Мектепке дейіңгі білім беруде тәрбие мен оқыту мазмұнын жобалау технологиясы

Автор: Кабдыкаримова Асель Кабдылмуратовна

Дата: 15.02.2020

Номер свидетельства: 539726

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(173) "Жаңартылған білім беру мазмұнын жүзеге асыру жағдайында білім сапасын арттырудағы үлесі үшін"
    ["seo_title"] => string(80) "zhan_artylg_an_bilim_bieru_mazmu_nyn_zhuzieghie_asyru_zhag_daiynda_bilim_sapasyn"
    ["file_id"] => string(6) "437582"
    ["category_seo"] => string(8) "istoriya"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "planirovanie"
    ["date"] => string(10) "1510110292"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(94) "ШЕТ ТІЛІ САБА?ЫНДА ЖОБАЛАУ ТЕХНОЛОГИЯСЫН ПАЙДАЛАНУ"
    ["seo_title"] => string(51) "shiettilisabagyndazhobalautiekhnologiiasynpaidalanu"
    ["file_id"] => string(6) "323679"
    ["category_seo"] => string(15) "angliiskiyYazik"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1462037390"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(174) "Инновациялы? педагогикалы? технологиялары? ?олдану ар?ылы білім арттыруды ж?зеге асыру жолдары "
    ["seo_title"] => string(110) "innovatsiialyk-piedaghoghikalyk-tiekhnologhiialaryn-k-oldanu-ark-yly-bilim-arttyrudy-zhuzieghie-asyru-zholdary"
    ["file_id"] => string(6) "224095"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1438482381"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства