Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей
«Ханталапай» интеллектуалдық ойыны
Мақсаты: қазақтың ұлттық ойыны арқылы
балалардың логикалық ойлауын, дағдыларын,
танымдық белсенділігін арттыру.
Топпен жұмыс істеу дағдысын дамыту.
Балаларды ойын ережесіне бағынуға,
бірлесе мақсатқа жетуге, табандылыққа
тәрбиелеу.
Интеллектуалдық ойынға қатысушылар:
қазақ тілі мұғалімі, ересек немесе ортаңғы топтың балалары (10 бала)
Ойынды өткізетін орын: қазақ тілі кабинеті
Ойынға қажетті заттар: ұлттық нақышта безендірілген қазақ тілі кабинеті (оюлы текемет, сырмақ), жалпы саны 60-тан аспайтын қой малының асықтары, қоржын, тапсырмалар.
Ойынды ұйымдастыруға бөлінетін уақыт – 3 мин.
Ойынды жүргізуге бөлінетін уақыт – 25 мин.
Ойын ережесі:
Ойын жүргізуші (қазақ тілі мұғалімі) «Талапай-ау, талапай, табылды ойын алақай!» деп балалармен бірге қайталап, олардың көңілін өзіне қаратады және қоржындағы асықтарды отырған балалардың алдына шашады. Балалар жарыса «ханталапай» деп дауыстап, асықтарды таласып бөліп алып, жинаған асықтарын санайды. Әр бала ойынға 4 асықтан тігіп, ойынға қатысады. Хан асығы қолына тиген бала алғашқы болып ойынды бастап, асықтарды атады. Тигізген асықтарын ұтып алады. Тигізе алмаған жағдайда ойын жүргізушісінің тапсырмасына жауап береді. Тапсырмаға дұрыс жауап берген бала асық атуға мүмкіндік алады. Екінші рет тигізе алмағанда өз кезегін асығы көп келесі балаға береді. Егер бала тапсырмаға жауап бере алмаса, басқа балалардың жауап беруіне болады. Бұл жағдайда асық ату кезегі дұрыс жауап берген балаға беріледі. Осылайша ойын жалғаса береді. Ойын соңында әр бала ұтқан асықтарын санайды.
Ойын тапсырмалары:
№1 тапсырма: «Кім жылдам?» сұрақтарға жауап беру
№2 тапсырма: Жұмбақтар
№3 тапсырма: Саусақтардың амандасуын сұрау
-Сәлеметсіз бе, балаң үйрек!
- Сәлем, ортан терек!
-Қалыңыз қалай, шылдыр шүмек?
- Амансың ба, кішкентай бөбек!
№4 тапсырма: Гүлдерді түсі бойынша дұрыс ата:
№5 тапсырма: Тірек суреттер арқылы сөйлем құрастыр:
№6 тапсырма: Қазақ тілінде бір тақпақ айт.
№7 тапсырма: «Қане, қане.» сұрағына (дене мүшелері туралы) дұрыс жауап айтып, дене мүшесін дұрыс көрсете білу.
* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт