Просмотр содержимого документа
«Ертегі "Үйшік"»
Тақырып: «Үйшік»
Алаңда бір үйшік тұр еді. Жертесер тышқан оны көріп қалды.
-Неткен үйшік! Кімдікі бұл үйшік?
Ешкім жауап қатпады. Тышқан үйшікке кіріп, сонда тұра бастады.
Секіріп бақылдауық бақа келді:
Екеуі бірге тұра бастады.
Секектеп секек қоян келді:
-Неткен үйшік! Үйшікте кім тұрады?
-Біз –жертесер тышқан, бақылдауық бақа, ал сен кімсің?
-Мен-секек қоянмын
-Кел, бірге тұрайық.
Олар үшеу болады.
Жүгіріп жылмаң түлкі келеді:
-Неткен үйшік! Үйшікте кім тұрады?
-Біз-жертесер тышқан, бақылдауық бақа және секек қоян, ал сен кімсің?
-Мен- жылмаң, түлкімін.
-Кел,бірге тұрайық.
Олар төртеу болды.
Үйшікке аю келіп, есік қақты:
-Неткен үйшік! Үйшікте кім тұрады?
-Біз-жертесер тышқан, бақылдауық бақа,секек қоян, жылмаң түлкі, ал сен кімсің?
-Ал мен-жантайғыш аюмын. Үйшігіңе жантая кетсем-бәрің жаншылып қаласыңдар!
Қорқып кеткен аңдар үйшіктен қашып шықты!
Ал жантайғыш аю үйшіктің үстіне жантая кетіп еді, үйшік қирап қалды.
МҚКК «ақбота» бөбектер бақшасы
«Үйшік» ертегісі
ІІ сәбилер тобы
2013-2014 оқу жылы