Монтессори шеңбері -Көңіл – күйлерің қалай? -Қазір жылдың қай мезгілі? -Көктем мезгілінде неше ай бар? -Осы ай қалай деп аталады? Иә, бұл сәуір айында бір үлкен мереке бар. Ол ғарышкерлер мерекесі. -Қандай мереке? -Ғарышкер дегеніміз кімдер? Ғарышкер дегеніміз – олар ғарышқа, аспан әлеміне ұшатын адамдар. -Балалар, сендер қандай әуе көліктерін білесіндер? Ұшақ, тікұшақ, зымыран. Иә, ғарышкер ағаларымыз ғарышқа немен ұшады? Зымыранмен ұшады екен. -Қане балалар зымыранның дауысын салып көрейікші Ш-ш-ш Ал енді осы «ш» дыбысын әдемі айтып үйренуіміз үшін айнаға қарап «ш» дыбысының артикуляциялық жаттығуын жасайық. Тісті көрсетіп шарбақ жасау. -Ал енді тілімізді астынғы ерінге қойып ұстап тұрамыз. Слайдтан шарбақ, күрекше көрсету. -«Ш» дыбысынан келетін сөздерді айтайықшы? Ғажайып сәт: -Ғарыш кемесінің дауысы шығады. -Балалар бұл ненің дауысы екен? -Ғарыш кемесі қайда ұшып барады? -Ғарыш кемесімен кімдер ғарышқа ұшады? -Сендердің ғарышкер болғыларын келеме? Ал онда балалар сендер ғарышкер болу үшін алдымен ғарыш туралы білулерің қажет. Ғарыш кемесімен адамдар ертеректе аспан әлеміне ұшуға қорқып, алдымен Белка және Стрелка деген иттерді ұшырған. Иттер аман есен жерге оралған соң орыс елінің азаматы Юрий Гагарин, одан кейін Валентина Терешкова ұшты. Қазақ елінен Тоқтар Әубәкіров және талғат Мұсабаев деген ағаларымыз ғарышқа ұшып, ұлы ғарышкер атанды. Ғарыш кемесі Байқоңыр қаласынан ұшырылады. Ғарыш кемесінің ұшырылатын жерін – ғарыш айлағы деп атаймыз. Билингвизм: Ғарыш – космос Ғарышкер – космонавт «Мен өскенде ғарышкер боламын» Нұркелдінің слайды көрсетіледі. Монтессори материалдарымен жұмыс Балалар өздерінің қалаған монтессори материалдарымен Дьенеш блоктарымен жұмыс жасайды. Қоңырау дыбысынан балалар жұмыстарын аяқтап ортаға шеңберге жиналады. Сергіту сәті. Зу-зу-зу ұшады, Оңға қарай ұшады, Солға қарай ұшады. Алақанды жаямыз. Зымыранды қондырамыз, Уф-уф деп зымыранды ұшырамыз. «Таңғажайып үшбұрыш» Дедактикалық ойын Мақсаты: Балалардың танымдық қасиетін дамыту. Логикалық ойлау қабілетін қалыптастыру. Шарты: Тәрбиеші қандай пішін екенін сұрайды және үшбұрыштың сыртындағы сандар ұяшығын ашуды тапсырады. Тәрбиеші көрсеткен санды бала тапса жасырылған сурет ашылады. Содан соң үшбұрыштың төбесіндегі бауды шешіп, ішіндегі дүниемен танысады. Қорытынды. Ғарышкердің денсаулығы мықты, өзі батыл, әрі білімді болуы керек. Жер бетіндегі барлық тіршілік атаулының тағдырына жауаты адам. Біз өзіміз тұратын Жер планетамызға ұқыптылық – құнттылықпен қарап, қорғауымыз керек. Балалар бүгін оқу іс-әрекетіне жақсы қатастыңдар. Сендерге алғысымды білдіремін. Сау болыңдар. |