kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Этнопедагогиканың бала тәрбиесіндегі маңызы

Нажмите, чтобы узнать подробности

«Тәрбие  тал  бесіктен басталады » - деген  сөзді  басшылыққа  ала  отырып,   балаға  рухани- адамгершілік тәрбие беруде  рухани  азықтың қайнар бұлағы  халық  ауыз  әдебиеті нұсқалары десе  болады. Мектепке  дейінгі  балаға тәрбие мен білім  беруде  ауызша айтылған  ақыл-өнегені оның  зердесіне   жеткізіп,  бойына  халқының рухын  ұялататын  тәрбие  құралының  бірі  халық  даналығы, яғни этнопедагогика.  

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Этнопедагогиканың бала тәрбиесіндегі маңызы»

Этнопедагогиканың бала тәрбиесіндегі маңызы.

«Тәрбие тал бесіктен басталады » - деген сөзді басшылыққа ала отырып, балаға рухани- адамгершілік тәрбие беруде рухани азықтың қайнар бұлағы халық ауыз әдебиеті нұсқалары десе болады. Мектепке дейінгі балаға тәрбие мен білім беруде ауызша айтылған ақыл-өнегені оның зердесіне жеткізіп, бойына халқының рухын ұялататын тәрбие құралының бірі халық даналығы, яғни этнопедагогика.

Балалық шақ баланың жеке тұлға болып өзін-өзі сезінудің алғашқы сатысы. Баланың адамгершілік қасиеттерінің қалыптасуы осы мектепке дейінгі жас шағында орын алады.

Мектеп жасына дейінгі балалар естігенін , түсінгенін, қабылда-

ғанын, қиялын, ойын тіл арқылы білдіруге енді ғана машықтана бастайды. Сондықтан бала тілінің дұрыс дамуына баса назар аударған жөн. Тәрбие басы біріншіден әдептілікке үйретуден басталады. Екіншіден баланы қайырымды, мейірімді, иманды болуға үйрету. Үшіншіден, тіл алғыш, елгезек, адал, шыншыл, ата-ананы, үлкенді сыйлауды, кішіні құрметтеуге, сонымен қатар ел қорғаған батыр болып, халық алдында қызмет еуге бастайды. Өкінішке орай бұл уақыттарда ата-ананың қолы бала тәрбиесіне жұмыстан тие бермейтін кездер болады. Осы шақтарда балалар қазіргі заман жетістіктері түрлі коммуникация құралдары мен ғаламтор желісінде бос уақыттарын зая кетіреді. Ата-бабадан ұрпақтан-ұрпаққа беріліп келе жатқан халық ауыз әдебиет үлгілерін құлақтарына сіңіріп өсу қажеттігі ұмытылып бара жатқандай әсер қалдырады. Ал бала тәрбиесіне ата-анадан кейін жауапты мектепке дейінгі тәрбие мекемесі мен мектеп десек болады. Бүгінгі таңда балабақшада бала тәрбиесі заман талабына сай келе жатсада, халық ауыз әдебиті, балалар ауыз әдебиеті үлгілері өз орнын тауып тәрбие құралы ретінде қолданылуда. Мұндай шығармаларды балалар қызыға тыңдайды, тез жаттап алады. Мысалы: «Әлди- әлди», «Қуырмаш», «Торғай»,

«Санамақ», «Қаламақ», «Балақан» т.б. халық туындылары ойнақы тілімен балаларды баурап, өз өрнегіне баулиды. Жаттау арқылы баланың тілі жетіледі. Бала тілінің дамуы оның бойындағы есту, қабылдау үрдістерінің бірте-бірте қалыптасуына негіз болады. Сәби өміріндегі санамақтың да маңызы зор. Сөздерді ұйқастырып санау арқылы бала әрі сан үйренеді, оның үстіне ұйқасқан заттарды танып біледі, әрі дүниетанымын өсіреді. Бүгінгі таңда баланың өз ана тілінде еркін сөйлеуі, мемлекеттік тілді меңгеруі маңызды мәселе болып отыр. Балалар көп сөздердің мағнасын түсінбейді, сөздік қоры жұтаң. Сол себепті балалардың тілін дамыту үшін әдіс-тәсілдердің тиімді жақтарын қарастырып, пайдалану әрбір тәрбиешінің міндеті болмақ. Кішкене сәбимен сөйлесе білу, оның әр дыбысты, сөзді дұрыс айтуына үйрету үлкен табандылық пен білімді, шыдамдылықты қажет етеді. Дауыс ырғағын өзгерте отырып ертегі мазмұнын балаларға айтып берсе сүйсіне тыңдайды. Ертегі кейіпкерлерінің өмір сүру жолындағы күресі, қарым-қатынасы, ойлау тәсілдері баланы баурап, таң қалдырады, қызықтырады, қиялына шабыт бітіреді. Ертегі кейіпкерлері сүйіспеншілікті мадақтап, өтірік, жалқаулық, қулық, адамның бойындағы кемшіліктерді сынайды, шыншылдыққа, мейірімділікке, көрегендікке тәрбиелейді. Сонымен қатар ақыл-ойының өсуіне, адамгершілік қасиетінің қалыптасуына, оқиға желісін ретімен айтып, сөйлеу тілінің жетілуіне жағдай туады. Тәрбие беріп отырған бүлдіршіндердің тілі ширап, дұрыс сөйлеуі үшін оқу қызмет түрлерін де қызықты, тартымды етіп өткізу көзделген. Ертегіні айтып қана қоймай, оны сахналап достарының, ата-анасының алдында өнер көрсету жағыда шет қалмайды. Сонымен қатар қазақ этнопедагогикасын өз дәрежесінде пайдаланып, бала бойына адамгершілік, халқының әдемі-мінез құлқын сіңіру балабақшада ойын түрінде жұмбақ жарыс немесе жаңылтпаш, санамақ айту жағынан топқа бөлініп ұйымдастыруға болады. Өткізілетін іс-шараларда, ертеңгілік пен ашық оқу қызметінде түрлі ертегі кейіпкерлері мен ұлттық ойын түрлері енгізіледі. Балалар кейіпкелердің қылықтарына қызыға қарап, белсенділік танытады. Халықтың салт-дәстүрін көрсету де тыс қалмайды. Мысалы: бесік той, сүндет той, баланы қырқынан шығару, тілашар сияқты салт-дәстүрлерді дәріптеп балабақша қабырғасында бала санасына ұялатуға мүмкіншіліктер жасалды. Ең бастысы тәрбиеші өз кезегінде баланың ақыл-ойын дамытып, тілін ширатып, ұлттық салт-сананы бойына сіңіру арқылы, адами қасиетті , елдің ертеңіне жол ашатын, шуағы мол шапағат иесін тәрбиелеп, қалыптастыруға тырысуы, қызмет етуі керек. Отбасы мен балабақша бірлесе отырып, жас балдырғандарды жақсы өнегеге баулуда халық педагогикасын пайдаланып, ойлаған мақсатқа жету болашақта еліне қызмет ететін ұлтжанды, тәрбиелі азаматты өсіру болып табылады.




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Дошкольное образование

Категория: Прочее

Целевая аудитория: Дошкольникам.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Этнопедагогиканың бала тәрбиесіндегі маңызы

Автор: Батымбетова Алия Уразбековна

Дата: 08.02.2018

Номер свидетельства: 455664

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(70) "Б?гінгі жас ?рпа? – келер к?нні? егелері"
    ["seo_title"] => string(42) "bughinghizhasurpakkielierkunninieghielieri"
    ["file_id"] => string(6) "286565"
    ["category_seo"] => string(13) "vsemUchitelam"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1454350982"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(23) "?лтты? т?рбие "
    ["seo_title"] => string(15) "u-lttyk-t-rbiie"
    ["file_id"] => string(6) "184251"
    ["category_seo"] => string(7) "zavuchu"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1426010458"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(74) "Халы? педагогикасы - т?рбиені? ?айнар к?зі "
    ["seo_title"] => string(46) "khalyk-piedaghoghikasy-t-rbiienin-k-ainar-kozi"
    ["file_id"] => string(6) "120343"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1413704497"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства