А?т?бе облысты? арнайы (т?зетім) есту ?абілеті б?зыл?ан балалар
мектеп-интернат-колледжі
?аза?стан Республикасыны? Білім туралы За?ында: «Білім беру ж?йесіні? басты міндеті – ?лтты? ж?не жалпыадамзатты? ?азыналар, ?ылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды ?алыптастыру ?шін ?ажетті жа?дайлар жасау», - деп ерекше атап к?рсетілген. Осы за?ны? 8 – ші бабында : «Білім беру мекемелеріндегі т?рбиелеу ба?дарламалы этном?дениет элементтерімен байытылады», - делінген.
Жас ?рпа?ты т?рбиелеуде е? берекелі, е? парасаттысы – халы?ты? педагогика. Халы? педагогикасы – халы? т?йген т?жырымдар, ?асырлар бойы с?рыптал?ан т?жірибелер. Б?л туралы ?лы педагог К. Ушинский: «Т?лім – т?рбие д?рменсіз болмауы ?шін, ол халы?ты? болуы тиіс», - деп орынды айт?ан болатын.
Есту ?абілеті б?зыл?ан балаларды? ?алыптасып дамуында ?здері к?нбе – к?н к?ретін, сезінетін заттары мен ??былыстары, о?и?алалары ерекше орын алады. Оларды ??р?а? ??гімемен т?рбиелеу м?мкін емес. Арнайы педагогика мен психология да т?рбиешілерді осы?ан міндеттейді. Сонды?тан да мен ?з ж?мысыма халы? педагогикасын негіз етіп алдым:
Бізді? халы? – ?анына жомартты?, мейірімділік, дарханды? сі?ген, бас?а ?лттардан ерекшеленіп т?ратын халы?. Халы? т?жірибесі – ата-бабалардан ?ал?ан асыл с?з, салт – д?ст?р, ауыз ?дебиеті, ?лтты? ойындар. Осы ??ндылы?тарды? барлы?ын хал?ымыз ?рпа?ына т?лім-т?рбие беру ар?ылы жина?та?ан ж?не осы м?ра б?гінгі к?нге атадан бала?а мирас болып жетті. ?лтымызды? асыл ?азынасын балалар?а насихаттау ар?ылы адамгершілік асыл ?асиеттерді бала бойына сі?іру т?рбиені? т?рлі ?діс – т?сілдерін ?олдануды талап етеді.
?аза? хал?ыны? сан ?асырлар бойы жин?та?ан мол т?жірибесі, танымды? м?расы, салт -д?ст?р, ?дет-??рып, ауыз ?дебиеті, ?лтты? ойындары – ерекше т?рбиелік м?ні бар ба?а жетпес асыл ?азына. ?р халы?ты? ?з ерекшелігі бар. Сондай ерекшелікті? бірі – салт – д?ст?рлер. Хал?ымыз ежелден ?з ?рпа?ын адамгершілікке, инабаттылы??а, ізгілікке, имандылы??а т?рбиелеуді ма?сат т?т?ан. Сонды?тан олар к?шіп ?он?ан кезден – а? ?рпа? ?амын жеп, оны? болаша?ына жеткілікті м?н берген. Сонау «Жеті Жар?ыдан» бастап салт – д?ст?ріміз б??ан дейінгі талай ?рпа?ты? те?дес?і жо?, т?рбиелік ма?ызы зор адамгершілік кодексі болды. Д?ст?рімізді насихаттау «Отантану» саба?тарыны? негізгі ді?гегі деп атап к?рсеткен де арты? емес. «Т?сау кесу», «С?биге ат ?ою», «Ат?а мінгізу» та?ырыбында?ы саба?тардан балалар біраз та?ылым алды деп ойлаймын. Д?ст?рлерді? ?ай – ?айсысын да бізді? балалар ?йде к?ріп ж?ргенмен, оны? м?н – ма?ынасын, не ?шін жасалатынын жете т?сіне ?оймайды. Т?рлі ?діс – т?сілдер ар?ылы к?рген, сезген, білген о?и?аларын бала санасына шынайы жеткізуді ма?сат т?тамын. Б?л ретте сахналы? к?рініс, ойын – саба?тар ?лкен міндет ат?арады. ?лысты? ?лы к?ні – Наурыз мерекесіне арнал?ан сыныптан тыс шарада балалар наурыз к?нгі ойын-сауы?ты біліп ?ана ?оймай, ?здері де белсене араласып, ?лтты? д?ст?рден к?рініс к?рсетті.
Этнопедагогика ??ндылы?тарыны? ішінде халы?ты? ауызекі шы?армашылы?ы ерекше м?нге ие болады. Ауыз ?дебиеті – ?лтты? т?жірибе мен та?ылымдардан ту?ан бай ?азына, ?шпес ?неге, т?рбие ?рнектері. ?асырлар бойы ?алыптас?ан ?лтты? т?лім – т?рбиені? белгілі ж?йесін жас буын жадына біртіндеп сі?іріп отыратын арнаулы жолдар, тиімді т?сілдер бол?ан. Олалды? ?ай – ?айсысыны? да педагогикалы? м?мкіндіктері жо?ары, ?зіне т?н мазм?ны, ерекшеліктері бар. Адамгершілік ?асиетті? ?зекті м?селесі ?айырымдылы? пен ?айырымсызды?, жа?сылы? пен жаманды?ты бір – біріне ?арсы сипаттайды. Б?ларды ажырата білуге ?йрету ?лкен ізденісті, т?рлі т?сілдерді ?олдануды ?ажет етеді. Т?рбие ж?ргізу ісінде ?йрету, пайымдату, сендіру, ?серлендіру т?сілдері ?олданылады. ?лтты? т?рбие ?лгілерін к?рсетіп, ?йрету ?шін сахналы? т?сілдерді ?олдануды? м?ні зор. С?зді жаттау, оны сахнада м?ніне жеткізіп, м?нерлеп айта білу, ?мір ??былыстарын ?серлендіре к?рсету, кейіпкер бейнесін айнытпай к?рсету ?рбір т?рбиеленушіні? санасына сан ?ырымен ?сер ететін ??былыс.
Адами ?асиеттерге баулуда тиым с?здерді пайдалану н?тижелі болма?. Себебі, ма?ал – м?тел, ертегі, ж?ба?тардан г?рі, тыйым с?здер ?йде к?п айтылады. ?лкен кісілер, ата – аналары есту ?абілеті нашар балалар?а «олай етуге болмайды» дегенді т?сіндіре алады. Сонды?тан, баланы? ойында ?з іс - ?рекетіні? теріс екені есте ?алады да, оны? жаман н?рсе екенін жаттап ?алуы м?мкін. Мысалы, «Тыйым с?здер» та?ырыбында ?ткен т?рбие са?атында суреттерді к?ргенде, о?ушыларды? кейбірі есікті керуге, нанды ла?тыру?а, тізені ??ша?тау?а, т.б. болмайтынын білетіндіктерін к?рсетті. Ол – к?нделікті ж?ргізілген ж?мысты?, ата-ана т?рбиесіні? бір к?рінісі. Осы тіркестерді саба? барысында да, интернатта да ?айталап, балалар?а т?сінікті тілмен т?сіндіру ар?ылы оларды? санасына титтей де болса, адамгершілік, ?лкенді сыйлау, обал, ысырап туралы ??ымдарды жеткізуге к?ш салып келемін.
Ж?ргегінен бала т?рбиесіне ерекше м?н берген хал?ымыз адамды аздыратын: ?сек, ?тірік, ма?танша?ты?, жал?аулы?, ?ы?ырлы? сия?ты мінездерден са?тандырып келген.
?лт болаша?ы - жас ?рпа?ты отанс?гіштікке, патриотты??а баулу т?рбиені? е? басты міндеттері боп саналады. Атал?ан ма?сатта?ы к?ш – жігер бірінші кезекте есту ?абілеті нашар балаларды? санасына отаншылды? сезім ?алыптастыру?а ба?ытталуы тиіс. «Отан» деген ??ым бала?а жары? д?ние есігін аш?ан ?йі, ата – анасы, туыстары, достары, ту?ан жері бейнесінде ?абылданып, е? ?асиетті де ??діретті алтын бесігі ретінде са?талуы тиіс. Естімейтін балалар Отан, ту?ан жер ??ымдары халы?ты? т?рмысымен, е?бегімен, ?нерімен, тілімен, д?ст?рімен байланысты екенін білулері керек. Сол себепті апта сайын ?тетін «Отантану» саба?тарында б?ны? барлы?ын т?гел ?амтып т?рбие ж?мысын т?рлендіру ?ажет. «Киіз ?й – бабалар м?расы» та?ырыбында?ы саба?та киіз ?йді жалпы таныстырудан бастап, оны? пайдасы, ішкі ж?не сырт?ы сипатын айта келе, онда ?мір с?рген ата – бабамыз батыр, с?зге шешен, шебер, ?нерлі, адал, елін с?йген ?адірлі бол?андарын балалар ?ызы?ушылы?пен ты?дады.
Есту ?абілеті нашар балаларды? ауызша айтыл?ан н?рседен г?рі, к?збен к?ргендерін есте са?тау ?абілеттері айры?ша. Оларды елжандылы??а т?рбиелеу, этика нормаларын орындау?а да?дыландыру ма?сатында ?о?амды? ?мір ??былыстарымен жиі таныстырып отыру ?ажет. Б?л кезектегі негізгі іс - ?рекет т?рлеріне саяхат, серуен, экскурсиялар жатады. Имандылы??а т?рбиелеуді ма?сат етіп «Мешіт – діни орталы?» та?ырыбында ??гіме ?ткізіп, «Н?рд?улет» мешітіне саяхат ?йымдастыру ар?ылы ?з хал?ымызды? имандылы? д?ст?рлерін насихаттауды? ма?ызы зор. Облысты? «?лкетану» м?ражайынан балалар ерекше ?сер алып, ?з ?лкелері жайлы к?п ма?л?мат алумен ?атар, жа?а с?здерді ?йренді. М?ражайда?ы ?лтты? ерекшелігімізді д?ріптейтін б?йымдар б?дан кейінгі ??гімелерге, «Мені? елім» та?ырыбында?ы ша?ын шы?арма?а негіз бола алады.
Хал?ымызды? т?рмысына енген ?олданбалы ?ол?нер б?йымдар, оларды? ?шекейленіп жасалуы эстетикалы? т?рбиеде ?з алдына бір сала. ?лтты? ?ол?нер б?йымдарыны? ?семдігіне к?з жеткізген балалар оларды ?з ?олымен жаса?ысы келетін ниеттерін білдірді. Саба?тан тыс уа?ытта киіз ?й, санды?, ?амшы ?ру сия?ты шы?армашылы? ж?мыстарды орында?анда, о?ушыларды? тал?амды? ?асиеттеріні? ашылуына м?мкіндіктер туады.
?лтпен бірге біте ?айнасып келе жат?ан ?лтты? на?ыштар бізді? к?нделікті ?мірімізді? тірегі іспеттес. Халы?ты? педагогика аясы ?те ке? ж?не есту ?абілеті нашар балаларды? ?о?амны? бір м?шесі ретінде ?алыптасып, болаша??а деген сенімдеріні? ны?аюына тигізер септігі мол. Т?рбиені? ?ай саласында болмасын, хал?ымызды? озы? т?жірибе ?лгілерін тиімді пайдалана білу ж?не халы?ты? педагогика ?діс – т?сілдерін т?рлендіру ар?ылы бала ж?регіне жол табу ?р т?рбиешіні? ?дістемелік шеберлігіне байланысты.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«Халы? педагогикасы - т?рбиені? ?айнар к?зі »
Халық педагогикасы – тәрбиенің қайнар көзі
Мажикова Кенжегүл Қыстаубайқызы
Ақтөбе облыстық арнайы (түзетім) есту қабілеті бұзылған балалар
мектеп-интернат коллдежі
Қазақстан Республикасының Білім туралы Заңында: «Білім беру жүйесінің басты міндеті – ұлттық және жалпыадамзаттық қазыналар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыру үшін қажетті жағдайлар жасау», - деп ерекше атап көрсетілген. Осы заңның 8 – ші бабында : «Білім беру мекемелеріндегі тәрбиелеу бағдарламалы этномәдениет элементтерімен байытылады», - делінген.
Жас ұрпақты тәрбиелеуде ең берекелі, ең парасаттысы – халықтық педагогика. Халық педагогикасы – халық түйген тұжырымдар, ғасырлар бойы сұрыпталған тәжірибелер. Бұл туралы ұлы педагог К. Ушинский: «Тәлім – тәрбие дәрменсіз болмауы үшін, ол халықтық болуы тиіс», - деп орынды айтқан болатын.
Есту қабілеті бұзылған балалардың қалыптасып дамуында өздері күнбе – күн көретін, сезінетін заттары мен құбылыстары, оқиғалалары ерекше орын алады. Оларды құрғақ әңгімемен тәрбиелеу мүмкін емес. Арнайы педагогика мен психология да тәрбиешілерді осыған міндеттейді. Сондықтан да мен өз жұмысыма халық педагогикасын негіз етіп алдым:
Халық ауыз әдебиеті, салт-дәстүр, тұрмыстық заттар
Нысандар:
Тәрбие сағаты, саяхат, байқау, сауалнама
Әдістер мен тәсілдер:
әңгіме, ересектер үлгісі, сендіру, ынталандыру, тәрбиенің халықтық әдіс-тәсілдері
Біздің халық – қанына жомарттық, мейірімділік, дархандық сіңген, басқа ұлттардан ерекшеленіп тұратын халық. Халық тәжірибесі – ата-бабалардан қалған асыл сөз, салт – дәстүр, ауыз әдебиеті, ұлттық ойындар. Осы құндылықтардың барлығын халқымыз ұрпағына тәлім-тәрбие беру арқылы жинақтаған және осы мұра бүгінгі күнге атадан балаға мирас болып жетті. Ұлтымыздың асыл қазынасын балаларға насихаттау арқылы адамгершілік асыл қасиеттерді бала бойына сіңіру тәрбиенің түрлі әдіс – тәсілдерін қолдануды талап етеді.
Қазақ халқының сан ғасырлар бойы жинқтаған мол тәжірибесі, танымдық мұрасы, салт -дәстүр, әдет-ғұрып, ауыз әдебиеті, ұлттық ойындары – ерекше тәрбиелік мәні бар баға жетпес асыл қазына. Әр халықтың өз ерекшелігі бар. Сондай ерекшеліктің бірі – салт – дәстүрлер. Халқымыз ежелден өз ұрпағын адамгершілікке, инабаттылыққа, ізгілікке, имандылыққа тәрбиелеуді мақсат тұтқан. Сондықтан олар көшіп қонған кезден – ақ ұрпақ қамын жеп, оның болашағына жеткілікті мән берген. Сонау «Жеті Жарғыдан» бастап салт – дәстүріміз бұған дейінгі талай ұрпақтың теңдесңі жоқ, тәрбиелік маңызы зор адамгершілік кодексі болды. Дәстүрімізді насихаттау «Отантану» сабақтарының негізгі діңгегі деп атап көрсеткен де артық емес. «Тұсау кесу», «Сәбиге ат қою», «Атқа мінгізу» тақырыбындағы сабақтардан балалар біраз тағылым алды деп ойлаймын. Дәстүрлердің қай – қайсысын да біздің балалар үйде көріп жүргенмен, оның мән – мағынасын, не үшін жасалатынын жете түсіне қоймайды. Түрлі әдіс – тәсілдер арқылы көрген, сезген, білген оқиғаларын бала санасына шынайы жеткізуді мақсат тұтамын. Бұл ретте сахналық көрініс, ойын – сабақтар үлкен міндет атқарады. Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесіне арналған сыныптан тыс шарада балалар наурыз күнгі ойын-сауықты біліп қана қоймай, өздері де белсене араласып, ұлттық дәстүрден көрініс көрсетті.
Этнопедагогика құндылықтарының ішінде халықтың ауызекі шығармашылығы ерекше мәнге ие болады. Ауыз әдебиеті – ұлттық тәжірибе мен тағылымдардан туған бай қазына, өшпес өнеге, тәрбие өрнектері. Ғасырлар бойы қалыптасқан ұлттық тәлім – тәрбиенің белгілі жүйесін жас буын жадына біртіндеп сіңіріп отыратын арнаулы жолдар, тиімді тәсілдер болған. Олалдың қай – қайсысының да педагогикалық мүмкіндіктері жоғары, өзіне тән мазмұны, ерекшеліктері бар. Адамгершілік қасиеттің өзекті мәселесі қайырымдылық пен қайырымсыздық, жақсылық пен жамандықты бір – біріне қарсы сипаттайды. Бұларды ажырата білуге үйрету үлкен ізденісті, түрлі тәсілдерді қолдануды қажет етеді. Тәрбие жүргізу ісінде үйрету, пайымдату, сендіру, әсерлендіру тәсілдері қолданылады. Ұлттық тәрбие үлгілерін көрсетіп, үйрету үшін сахналық тәсілдерді қолданудың мәні зор. Сөзді жаттау, оны сахнада мәніне жеткізіп, мәнерлеп айта білу, өмір құбылыстарын әсерлендіре көрсету, кейіпкер бейнесін айнытпай көрсету әрбір тәрбиеленушінің санасына сан қырымен әсер ететін құбылыс.
Адами қасиеттерге баулуда тиым сөздерді пайдалану нәтижелі болмақ. Себебі, мақал – мәтел, ертегі, жұбақтардан гөрі, тыйым сөздер үйде көп айтылады. Үлкен кісілер, ата – аналары есту қабілеті нашар балаларға «олай етуге болмайды» дегенді түсіндіре алады. Сондықтан, баланың ойында өз іс - әрекетінің теріс екені есте қалады да, оның жаман нәрсе екенін жаттап қалуы мүмкін. Мысалы, «Тыйым сөздер» тақырыбында өткен тәрбие сағатында суреттерді көргенде, оқушылардың кейбірі есікті керуге, нанды лақтыруға, тізені құшақтауға, т.б. болмайтынын білетіндіктерін көрсетті. Ол – күнделікті жүргізілген жұмыстың, ата-ана тәрбиесінің бір көрінісі. Осы тіркестерді сабақ барысында да, интернатта да қайталап, балаларға түсінікті тілмен түсіндіру арқылы олардың санасына титтей де болса, адамгершілік, үлкенді сыйлау, обал, ысырап туралы ұғымдарды жеткізуге күш салып келемін.
Жөргегінен бала тәрбиесіне ерекше мән берген халқымыз адамды аздыратын: өсек, өтірік, мақтаншақтық, жалқаулық, қыңырлық сияқты мінездерден сақтандырып келген.
Ұлт болашағы - жас ұрпақты отансүгіштікке, патриоттыққа баулу тәрбиенің ең басты міндеттері боп саналады. Аталған мақсаттағы күш – жігер бірінші кезекте есту қабілеті нашар балалардың санасына отаншылдық сезім қалыптастыруға бағытталуы тиіс. «Отан» деген ұғым балаға жарық дүние есігін ашқан үйі, ата – анасы, туыстары, достары, туған жері бейнесінде қабылданып, ең қасиетті де құдіретті алтын бесігі ретінде сақталуы тиіс. Естімейтін балалар Отан, туған жер ұғымдары халықтың тұрмысымен, еңбегімен, өнерімен, тілімен, дәстүрімен байланысты екенін білулері керек. Сол себепті апта сайын өтетін «Отантану» сабақтарында бұның барлығын түгел қамтып тәрбие жұмысын түрлендіру қажет. «Киіз үй – бабалар мұрасы» тақырыбындағы сабақта киіз үйді жалпы таныстырудан бастап, оның пайдасы, ішкі және сыртқы сипатын айта келе, онда өмір сүрген ата – бабамыз батыр, сөзге шешен, шебер, өнерлі, адал, елін сүйген қадірлі болғандарын балалар қызығушылықпен тыңдады.
Есту қабілеті нашар балалардың ауызша айтылған нәрседен гөрі, көзбен көргендерін есте сақтау қабілеттері айрықша. Оларды елжандылыққа тәрбиелеу, этика нормаларын орындауға дағдыландыру мақсатында қоғамдық өмір құбылыстарымен жиі таныстырып отыру қажет. Бұл кезектегі негізгі іс - әрекет түрлеріне саяхат, серуен, экскурсиялар жатады. Имандылыққа тәрбиелеуді мақсат етіп «Мешіт – діни орталық» тақырыбында әңгіме өткізіп, «Нұрдәулет» мешітіне саяхат ұйымдастыру арқылы өз халқымыздың имандылық дәстүрлерін насихаттаудың маңызы зор. Облыстық «Өлкетану» мұражайынан балалар ерекше әсер алып, өз өлкелері жайлы көп мағлұмат алумен қатар, жаңа сөздерді үйренді. Мұражайдағы ұлттық ерекшелігімізді дәріптейтін бұйымдар бұдан кейінгі әңгімелерге, «Менің елім» тақырыбындағы шағын шығармаға негіз бола алады.
Халқымыздың тұрмысына енген қолданбалы қолөнер бұйымдар, олардың әшекейленіп жасалуы эстетикалық тәрбиеде өз алдына бір сала. Ұлттық қолөнер бұйымдарының әсемдігіне көз жеткізген балалар оларды өз қолымен жасағысы келетін ниеттерін білдірді. Сабақтан тыс уақытта киіз үй, сандық, қамшы өру сияқты шығармашылық жұмыстарды орындағанда, оқушылардың талғамдық қасиеттерінің ашылуына мүмкіндіктер туады.
Ұлтпен бірге біте қайнасып келе жатқан ұлттық нақыштар біздің күнделікті өміріміздің тірегі іспеттес. Халықтық педагогика аясы өте кең және есту қабілеті нашар балалардың қоғамның бір мүшесі ретінде қалыптасып, болашаққа деген сенімдерінің нығаюына тигізер септігі мол. Тәрбиенің қай саласында болмасын, халқымыздың озық тәжірибе үлгілерін тиімді пайдалана білу және халықтық педагогика әдіс – тәсілдерін түрлендіру арқылы бала жүрегіне жол табу әр тәрбиешінің әдістемелік шеберлігіне байланысты.