kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

"Баланың өзін-өзі тануы" кеңес

Нажмите, чтобы узнать подробности

Ата-аналарға арналған кеңес. Балабақша балаларының жасына сай жасақталған кеңес.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«"Баланың өзін-өзі тануы" кеңес»

Баланың өзін-өзі тануы.



Баланың өзін-өзі тануы, бағалауы, «мен» деген болмысының қалыптасуын зерттегенде бала өзін өзгелермен салыстырғанда ғана, өзін-өзі танитыны байқалды.Мұндай тоқтамға балалардың өзіндік сана-сезімінің дамуын бақылағанда нақтылауға көз жеткіздік.Баланың заттарды өзгерту ойын үстіндегі құрастыру, бұзу, біріктіру, өзгерту әрекеттері кезінде өзіндік сана-сезімінің жетілуі дамиды.Оның үлкен мәні бар.

Ал баланың жеке тұлға ретінде өзіндік сана-сезімінің қалыптасуына оның құрдастарымен үнемі араласуы және бірге болуы шешуші рөл атқарады. Өйткені бала басқа балалар: қалай жазады, қалай санайды, қалай сөйлеседі, сұраққа қалай жауап береді, жіптен қалай секіреді, суретті қалай салады,бір-бірімен қалай сөйлеседі және ересектер мен құрбы-құрдастары, үлкендер мен кішілер қалай тіл қатады деген әрекеттердің бәріне өте қырағылықпен үңіледі. Сондайда өз басының жеке қасиеттерін, өз табыстарын, жетістіктері мен сәтсіздіктерін өзге балалардың да іс әрекетімен үнемі еріксіз салыстырады да өзін-өзі бағалап, тани бастайды. Бірақ баланың өзін бағалауы жеткілікті деуге келмейді, өз бағасы оған тәрбиешінің қатынасының әсерімен пайда болады.Өзіне деген қатынастар баланың жеке бастың талаптану деңгейіне байланысты деп жүрген тұрғыда көрінеді.

Әдетте баланың өзіне мұндай қатынас, яғни көтермелеген, адекватты немесе төмендетілген өзіне деген бағасы мектепке дейінгі жаста-ақ қалыптаса бастайды.Демек, өзіндік баға балаға ата-аналар мен тәрбиешілер тарапынан болатын, әрі өзі көріп жүрген қатынастардың нәтижесі ретінде қалыптасады.

Баланың өзін көрсетуге барынша ұмтылуы, оның «мені», өз қасиеттеріне зор ынта қоюы жиі байқалады. Балалардың өзіндік санасы мен өзін-өзі бағалауы, әдетте ата-аналарынан және басқа да беделді үлкендерден алған бағаны қайталайды. Бірақ бала неғұрлым есейген сайын оның мінез-құлқы дайын бағалардан гөрі өзін-өзі бағалауға соғұрлым бағдар ала түседі.

Өз «менінің» бейнелері күрделі, әрі бір тектес болмайтыны белгілі. Мұнда нақты «мен» де, қиялдағы «мен» де, динамикалық «мен» де, көз алдына елестететін басқа да толып жатқан «мендер» бар.

Өзін-өзі бағалаудың екі тәсілі бар. Біреуі, өз талаптарының деңгейін өзінің жеке мүмкіндігімен өлшемдестіру.Бірақ баланың өмірлік тәжірибесінің аздығы мұндай өлшемді қыйындатады.Ересектердің көзқарасы тұрғысымен қарағанда баланың қыйсынсыз көптеген қылықтары қауіпті сотқарлығы, даңғойлығы,-көзге түсіп, айналасына танылғысы келгеннен көрі өзінің батылдығын, өжеттігін тағы да басқа ерекшеліктерін көрсеткісі келеді.

Өзін-өзі бағалаудың екінші жолы-әлеуметтік жарыс, өзі туралы төңірегіндегілердің пікірлерін салыстыру.Төңірегіндегілердің өзі туралы пікіріне сезімтал қарайтын баланың өзі-ақ әркімнің бағалары ғана емес, бағалайтын өлшемдерінің өзі әр қыйлы болатынына көзі жетеді.

Өзіне-өзі талдау жасауды өзін-өзі мақсатсыз байқаумен шатастыруға болмайды.

Қайталанбас дара адам ретінде өзін-өзі ашу осы адам өмір сүріге тиісті әлеуметтік дүниені ашумен ажрағысыз байланыста.Өзін-өзі талдауды қажетсінудің өзі дамыған адамның қажетті белгісі және нысаналы түрде өзін-өзі тәрбиелеулің алғы шарты.

Баланың «мен өзім» деген бейнесіндегі жағымды жағдайларды сезініп,өз-өзіне ризашылықпен және сын көзбен қарауға тәрбиелеу қажет екені айтпаса да белгілі.Балалардың рухани және тәндік психологиялық дамуы кеңейтіп отыруымыз қажет. Мектепке дейінгі алты-жеті жастағы балалар өзінің ақыл-ойын, күш-жігерін жинақтайды.Бұл жастағы балалардың ұжыммен жұмыс жасауды, бірге болуды, өзінің және жолдастарының пікірлерімен санаса білуге мүмкіндіктері болады. Кейбір жағдайларда бұл жастағы балаларға тәрбиеші оның өз ойын білдіруге тырысқаны үшін іс- әрекетіне қажетті баға беріп отыруы қажет.

Мектепке дейінгі кезең – ересек жас баланың жеке басының дамуындағы ең маңызды кезең.Дәл осы кезеңде балада «өзіне» деген және «айнала қоршаған ортаға» деген көзқарасы қалыптаса бастайды.Сондықтан тәрбиешілер мына міндеттерді шешу мүмкіндіктеріне ие болуы керек:

  1. Баланың өзі жайында көз қарасының қалыптасуы.

  2. Балада «мен», «өзім» деген өзіндік түсініктерінің (өзіндік қабылдау және өзіндік бақылау) қалыптасуы.

  3. «Қоршаған орта» және «өзіне» деген жағымды қатынастарды дамыту.Өзіне, өзінің күш жігеріне деген сүйіспеншілігін, сенімділігін білу.

  4. Қоршаған ортамен бірге қарым-қатынаста болғанда адамдарға қамқор болу, шыдамдылық, ұқыптылық сапаларын байыту.

Балалардың өзін-өзі тануы, бағалауы, «мен» деген бейнесінің қалыптасуы көптеген жағдайда қоршаған ортаның ықпалы мен тәрбиеге байланысты.

Сол себепті бұл мәселеге тәрбиешілер мен ата-аналардың рөлі орасан зор болғандықтан өте сезімталдықпен мән бере қарағандары абзал.
























Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Дошкольное образование

Категория: Прочее

Целевая аудитория: Дошкольникам

Скачать
"Баланың өзін-өзі тануы" кеңес

Автор: Лиясанова Самал Жаналықовна

Дата: 19.10.2017

Номер свидетельства: 433379

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(86) "Ойын арқылы бала тілін дамытуға арналған сабақ"
    ["seo_title"] => string(49) "oiyn_ark_yly_bala_tilin_damytug_a_arnalg_an_sabak"
    ["file_id"] => string(6) "468121"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1525161703"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(80) "Балабақшадағы бала тілін дамытудағы маңызы"
    ["seo_title"] => string(47) "balabak_shadag_y_bala_tilin_damytudag_y_man_yzy"
    ["file_id"] => string(6) "384211"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "planirovanie"
    ["date"] => string(10) "1485449899"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(85) "Ойын ар?ылы баланы ?абілеттерін танымын дамыту"
    ["seo_title"] => string(43) "oiynarkylybalanykabiliettierintanymyndamytu"
    ["file_id"] => string(6) "296917"
    ["category_seo"] => string(13) "vsemUchitelam"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1456122003"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(87) "Ойын ар?ылы баланы? танымды? ?абілеттерін дамыту"
    ["seo_title"] => string(45) "oiynarkylybalanyntanymdykkabiliettierindamytu"
    ["file_id"] => string(6) "297511"
    ["category_seo"] => string(13) "vsemUchitelam"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1456210469"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(107) "Сыныптан тыс ж?мыс "Ата салтын са?таймыз ел ?мітін а?таймыз" "
    ["seo_title"] => string(63) "synyptan-tys-zhu-mys-ata-saltyn-sak-taimyz-iel-umitin-ak-taimyz"
    ["file_id"] => string(6) "181672"
    ["category_seo"] => string(10) "literatura"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1425383913"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства