«Тәрбие басы тал бесіктен», - дегендей, адам баласы дүниеге келген күннен бастап ана сүтімен қоректеніп, ес кіріп, есейген сайын жарық әлем сырын, әлем құпиясын білуге құштар бола бастайды. Осы құштарлық таза жан, пәк сезімді ластамай, дұрыс бағыт-бағдар алуда ата-ананың ықпалы зор екені айтпаса да анық.
Бала тәрбиесінің алғашқы бастамасын отбасынан алса, жалғасы балабақшада жалғасады, яғни бала тәрбиелене отырып, білім алады, мүмкіндіктері ашылып, қабілеттері дамиды.
Қазіргі таңда мектеп жасына дейінгі балаларды жас ерекшелігіне сай өсіп, жетілуіне, біліммен сусындауына, жан-жақты дамуына балабақшаның берер пайдасы зор. Балабақша есігін енді ғана ашқан балалардың бөтен орта, бөтен адамдарға тез үйренісіп, балалабақшаның ішкі тәртібі мен күн режиміне қалыптасуда тәрбиешілердің рөлі басым. Әртүрлі тәрбиеленген балалар мен олардың түрлі мінезді ата-аналаларының тілін тауып, психологиясын зерттеп, жүрегінен орын алу кез келген адамның қолынан келе бермейтін аса күрделі жұмыс. Балабақшаға келген балаланың күн режимі тұрақталып, бір уақытта тамақтанып, бір уақытта ұйықтауға үйретенді. Сонымен қатар, екі мезгіл таза ауада серуендеп қана қоймай, табиғат құбылыстары мен айнала қоршаған ортамен танысып, еңбекке араласып, табиғат анамен жақын қарым-қатынас орнатады. Әртүрлі дидактикалық, қимылды және сюжетті-рөлді ойындарда балалардың ақыл –ойы, денесі, логикасы, танымы дамиды. Сонымен қатар, балабақша балалардың салауатты өмір сүріп, денсаулығын нығайтуға, денелерін шынықытыруға, би билеп, ән салуға, өзгелермен дұрыс қарым-қатынас орнатуға, сахнада өзін еркін ұстауға, әртістік қабілетін дамытуға, сөйлеу тілін дамытуға және тағы да басқа шығармашылық қабілеттерін дамытуға жұмыс жасайды. Балармен ғана емес, ата-аналармен де жұмыс жасайтын балабақша ұжымы түрлі сайыстар, тренингтер, ашық есік күндерін ұйымдастырып, бала тәрбиесіне ата-аналардың қызығушылығын арттырып, ата-ана мен бала арасындағы қарым-қатынасты мейлінше нығайтуға атсалысады. Үйінде ата-анасы ертегі оқып беруге уақыты жоқ балаларға тәрбиеші әртүрлі театр түрлерін ұйымдастырып, тәлімі мол әңгімелер оқып береді. Осындай жағдай жасап, мол мүмкінідік ашатын балалабақшаларда тәрбие мен білім алып жатқан балалар бақытты. Себебі, оларға тәрбиеші таң атқаннан күн батқанға дейін көңіл бөліп, олардың жанжақты жетілген, дені сау, бақытты ұрпақ болуына бар күш-жігерін салып жатыр.
Біздің шағын орталыққа балалар асыға келіп, қуанып қайтады. Балалар өздерін үйлеріндегідей еркін сезініп, еркеліктерін көрсетеді. Күнделікті балалармен өткізіліп жатқан жұмыстар ата-аналармен бірлескен топқа жіберіліп отырады. Жұмысымыздың күрделі де қиын екеніне қарамастан ұрпағымыздың болашағы үшін бар жақсыны көрсетуге, барынша жан-жақты дамытуға тырысып, еңбектенудеміз. 25 баланы игеріп, олардың түрлі мінез-құлқын танып, тілін табу, білім мен тәрбиені ұштастыра отырып, дамыту, олардың денсаулығы мен қауіпсіздігіне жауапты болу төзімділік пен табандылықты, мейірімділікті, жұмысқа деген құштарлықты қажет етеді. Осынша күш-жігерді ата-аналардың алғысынан алып, бар қиындықты ұмытып, алға қарай адымдай түсеміз.
Өзінің ұрпағының болашағына алаңдап, ұрпағының дамып, жетілуі мен денсаулығын нығайтуды міндет етіп алған елде және өз жұмысына жауапкершілікпен қарап, өзгенің баласын өз баласынан да артық қарайтын балабақшада тәрбиеленіп жатқан балалар ең бақытты ұрпақ дер едім. Сөз соңын өзімнің шығарған «Тәрбиеші» атты өлеңіммен аяқтауды жөн көрдім.
Қазіргі заман баласы кітаптарды сүймейді
Ноутбук пен планшеттен бар керегін іздейді.
Қанша ғажап болса да
Ата менен әженің тәрбиесін бермейді,
Ана менен әкенінің мейірімін бермейді.
Ана орнына ана боп мейірім төккен тәрбиеші,
Әке орына әке боп тәлім берген тәрбиеші,
Өлең, тақпақ үйретіп, би билеткен тәрбиеші
Әріп, жазу үйретіп, білім берген тәрбиеші.
Мамандығыммен мақтанам теңдесі жоқ теңдесі!
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
««Балабақша – бақыт баспалдағы»»
Қызылорда облысы, Арал қаласы,
№262 мектеп-гимназия жанындағы
«Айгөлек» шағын орталық
тәрбиешісі Қаныбетова Бибінұр
«Балабақша – бақыт баспалдағы»
(эссе)
«Тәрбие басы тал бесіктен», - дегендей, адам баласы дүниеге келген күннен бастап ана сүтімен қоректеніп, ес кіріп, есейген сайын жарық әлем сырын, әлем құпиясын білуге құштар бола бастайды. Осы құштарлық таза жан, пәк сезімді ластамай, дұрыс бағыт-бағдар алуда ата-ананың ықпалы зор екені айтпаса да анық.
Бала тәрбиесінің алғашқы бастамасын отбасынан алса, жалғасы балабақшада жалғасады, яғни бала тәрбиелене отырып, білім алады, мүмкіндіктері ашылып, қабілеттері дамиды.
Қазіргі таңда мектеп жасына дейінгі балаларды жас ерекшелігіне сай өсіп, жетілуіне, біліммен сусындауына, жан-жақты дамуына балабақшаның берер пайдасы зор. Балабақша есігін енді ғана ашқан балалардың бөтен орта, бөтен адамдарға тез үйренісіп, балалабақшаның ішкі тәртібі мен күн режиміне қалыптасуда тәрбиешілердің рөлі басым. Әртүрлі тәрбиеленген балалар мен олардың түрлі мінезді ата-аналаларының тілін тауып, психологиясын зерттеп, жүрегінен орын алу кез келген адамның қолынан келе бермейтін аса күрделі жұмыс. Балабақшаға келген балаланың күн режимі тұрақталып, бір уақытта тамақтанып, бір уақытта ұйықтауға үйретенді. Сонымен қатар, екі мезгіл таза ауада серуендеп қана қоймай, табиғат құбылыстары мен айнала қоршаған ортамен танысып, еңбекке араласып, табиғат анамен жақын қарым-қатынас орнатады. Әртүрлі дидактикалық, қимылды және сюжетті-рөлді ойындарда балалардың ақыл –ойы, денесі, логикасы, танымы дамиды. Сонымен қатар, балабақша балалардың салауатты өмір сүріп, денсаулығын нығайтуға, денелерін шынықытыруға, би билеп, ән салуға, өзгелермен дұрыс қарым-қатынас орнатуға, сахнада өзін еркін ұстауға, әртістік қабілетін дамытуға, сөйлеу тілін дамытуға және тағы да басқа шығармашылық қабілеттерін дамытуға жұмыс жасайды. Балармен ғана емес, ата-аналармен де жұмыс жасайтын балабақша ұжымы түрлі сайыстар , тренингтер, ашық есік күндерін ұйымдастырып, бала тәрбиесіне ата-аналардың қызығушылығын арттырып, ата-ана мен бала арасындағы қарым-қатынасты мейлінше нығайтуға атсалысады. Үйінде ата-анасы ертегі оқып беруге уақыты жоқ балаларға тәрбиеші әртүрлі театр түрлерін ұйымдастырып, тәлімі мол әңгімелер оқып береді. Осындай жағдай жасап, мол мүмкінідік ашатын балалабақшаларда тәрбие мен білім алып жатқан балалар бақытты. Себебі, оларға тәрбиеші таң атқаннан күн батқанға дейін көңіл бөліп, олардың жанжақты жетілген, дені сау, бақытты ұрпақ болуына бар күш-жігерін салып жатыр.